kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Жобаны ??ру, ашу, са?тау, фильмді к?рсету

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бекітемін_____________________                             Информатика п?ні м??алім: Аманжулова А.Ж

  Сыныптар 9 «а,?,б,в,г,?»                                                   К?ні _____________________

Саба?ты? та?ырыбы: Жобаны ??ру, ашу, са?тау, фильмді к?рсету

Ма?саты:
Білімділік: Жа?а жоба(проект) ??ру, жобаны са?тау ж?не негізгі т?сініктерді аны?тау.
Т?рбиелік: компьютерлік сауаттылы??а;
Дамытушылы?: Ба?дарламалау да?дыларын жетілдіру;
Саба?ты? т?рі: Жа?а білімді ?алыптастыру
Саба?ты? типі: Лекция
Саба?ты? ?дісі: т?сіндірме, с?ра? - жауап
Ба?дарламалы? жабды?тама: Visual Basic программасы

Саба? барысы:
І. ?йымдастыру
О?ушыны саба??а бейімдеу, саба? ма?сатымен таныстыру:
Visual Basic ба?дарлама ортасымен танысу, жа?а жоба ??ру, пішін ?осу ж?не ?шіру, жобаны са?тау ?рекеттерін ?йрену
ІІ. Жа?а саба?ты баяндау

1. Visual Basic ба?дарлама ортасын ж?ктеу;
Пуск → Программы → Microsoft Visual Basic 6. 0. → Microsoft Visual Basic 6. 0.
?ш ?осымшаны к?рсететін терезе ашылады: стандартты, б?рын?ы, ?олданылыста бар
2. Сурет 1. Объект ?осу терезесі:
Б?л терезеде жа?а жоба ??ру?а немесе б?рын ??рыл?ан жобаны ашу?а болады.
1. Жа?а жоба ??ру(проект):
Новое → Стандартный EXE → Отрыть.
2. ?олданылыста бар проект:
Существующее → Открыть нужную папку → Выбрать нужный проект → Открыть.
3. Осы компьютерде б?рын ашылып ?олданыл?ан проект:
Прошлое → Выбрать нужный проект → Открыть.
2. Окно среды программирования Visual Basic
Сурет 2. Visual Basic интерфейсі.
1. Бас?ару элементтер та?тасы.
2. Жоба (проекта) сілтеуіш терезесі
3. Монитор экранына а?ымда?ы бас?ару элементі мен пішінні? ?асиеттер терезесі.
4. Команда енгізу терезесі.
5. Пішін, модуль ж?не бас?ада жоба элементтерін ??раушы терезе
Егер терезені? ?андай да элементі экранда к?рінбей т?рса, онда оны Вид(Т?р) менюі ар?ылы екпінді ету.
1. Вид → Панель инструментов.
2. Вид → Проводник проекта.
3. Вид → Окно свойств.
4. Вид → Окно Размещения Формы.
5. Вид → Окно Неотложного.
3. Жобаны са?тау(проекта)
Жобаны?(Проект) ?зі жеке файл болып ж?не жобаны? элементтері жеке файл болып са?талады.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Жобаны ??ру, ашу, са?тау, фильмді к?рсету»


Бекітемін_____________________ Информатика пәні мұғалім: Аманжулова А.Ж


Сыныптар 9 «а,ә,б,в,г,ғ» Күні _____________________


Сабақтың тақырыбы: Жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету

Мақсаты:
Білімділік: Жаңа жоба(проект) құру, жобаны сақтау және негізгі түсініктерді анықтау.
Тәрбиелік: компьютерлік сауаттылыққа;
Дамытушылық: Бағдарламалау дағдыларын жетілдіру;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың типі: Лекция
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ - жауап
Бағдарламалық жабдықтама: Visual Basic программасы

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыны сабаққа бейімдеу, сабақ мақсатымен таныстыру:
Visual Basic бағдарлама ортасымен танысу, жаңа жоба құру, пішін қосу және өшіру, жобаны сақтау әрекеттерін үйрену
ІІ. Жаңа сабақты баяндау

1. Visual Basic бағдарлама ортасын жүктеу;
Пуск → Программы → Microsoft Visual Basic 6. 0. → Microsoft Visual Basic 6. 0.
үш қосымшаны көрсететін терезе ашылады: стандартты, бұрынғы, қолданылыста бар
2. Сурет 1. Объект қосу терезесі:
Бұл терезеде жаңа жоба құруға немесе бұрын құрылған жобаны ашуға болады.
1. Жаңа жоба құру(проект):
Новое → Стандартный EXE → Отрыть.
2. Қолданылыста бар проект:
Существующее → Открыть нужную папку → Выбрать нужный проект → Открыть.
3. Осы компьютерде бұрын ашылып қолданылған проект:
Прошлое → Выбрать нужный проект → Открыть.
2. Окно среды программирования Visual Basic
Сурет 2. Visual Basic интерфейсі.
1. Басқару элементтер тақтасы.
2. Жоба (проекта) сілтеуіш терезесі
3. Монитор экранына ағымдағы басқару элементі мен пішіннің қасиеттер терезесі.
4. Команда енгізу терезесі.
5. Пішін, модуль және басқада жоба элементтерін құраушы терезе
Егер терезенің қандай да элементі экранда көрінбей тұрса, онда оны Вид(Түр) менюі арқылы екпінді ету.
1. Вид → Панель инструментов.
2. Вид → Проводник проекта.
3. Вид → Окно свойств.
4. Вид → Окно Размещения Формы.
5. Вид → Окно Неотложного.
3. Жобаны сақтау(проекта)
Жобаның(Проект) өзі жеке файл болып және жобаның элементтері жеке файл болып сақталады.


Бірінші сақтағанда жобаның барлық элементтері атаумен сақталады. Бір жобаның элементтері (мысалы 1 есептің жобасы) бірнеше(3) болу себепті жеке бума(папка) құрған ыңғайлы.

Сурет 3.
Әр жобаға жеке папка және әр папканың ішкі құрылымы
• Бір пішіннен(форма) тұратын жобаны(проект) сақтау: Файл → Сохранить как → Создание новой папки → → Enter → құрылған папканы ашу → пішін(формы) аты → → Жоба(проект) аты →.
• Құрылған жобаны ашып, өңдегеннен кейін оны қайта сақтау үшін (сохранить проект) батырмасын шертсе жеткілікті немесе Файл → Сохранить.
4. Программалау ортасында элементтермен жұмыс
Программалау ортасының элементтері – әртүрлі ақпарат беретін және жобаның құрама бөліктерін басқаратын бұл шағын терезе.
І. Проект сілтеуіші - объектілер тобын көрсетеді (мысалы: пішін(Форма), Модули). Объектілер тобы: формы, модули.
Сурет 4. Проект сілтеуіші.

Жаңа объект қосу. Проект менюінен, мысалы: добавить форму: Проект → Добавить форму → пішін(форма) шаблонын таңдау → Открыть.

Объект таңдау және оның терезесін ашу: жоба(проект) терезесінде объект атында үзбей екі шерту немесе (показать объект) батырмасында шерту.
Объект коды терезесін ашу:
• объектінің жанама менюінен Показать код таңдау;
• Проект сілтеуі терезесінде (показать код) батырмасында шерту;
Жобадан объектіні өшіру: объектінің жанама менюінен Удалить таңдау


Үйге тапсырма: бақылау сұрақтарына жауап

Бағалау: Практикалық жұмыстарына қарап бағалау






































Сабақтың тақырыбы: Кестелік процессор құралдарымен деректер

қорының кестесін құру.

Іздеу ,сұрыптау, қорытынды мәнін шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Access мәліметтер базасының негізгі объектілері

жайлы білімін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын,танымдық

белсенділігін,ұқыптылығын арттыру;

Тәрбиелік:Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Білім,іскерлік дағдыны жетілдіру

Сабақтың түрі: Интерактивті

Қолданылатын программалар:

  1. Microsoft Access программасы

  2. Microsoft Word программасы

  3. Microsoft Excel программасы

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын сұрау «Ақпараттық диктант»

  3. Жаңа сабақ

  4. Зертханалық жұмыс. Оқушылар кестесін құру.

  5. Сергіту сәті

  6. Сабақты бекіту. Сауалнама

  7. Үйге тапсырма беру

  8. Бағалау


Ақпараттық диктант.

  1. Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі

  2. Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

  3. Мәліметтер базасы (МБ) -информациялық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.

  4. Әрбір кесте бекітілген бағаналар санынан және бірнеше (айнымалы) жолдар санынан тұрады.

  5. Макет – алдын ала жасалған бағаналар сипаттамасы (ені, мәлімет типі, келісім бойынша мәні, т.с.с.).

  6. Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Жолдар рет-ретімен нөмірленіп отырады.

  7. Әрбір бағана өріс болып саналады, онда нақты мәлімет болады

  8. MS Access объектілері : кесте,форма,сұраныс,басылым,макрос және модуль

  9. Мәліметтер типтері: мәтіндік,сандық,ақшалай,санауыш,дата/уақыт,



логикалық,мемо өрісі,ole объектісі өрісі, гиперсілтеме,алмастыру шеберлері

Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті еңгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады. Әрбір өрістің атауынаң жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетілген. Ол үшін сол ұяшыққа тышқан батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.
Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері өзі алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.
Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс атауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді өріс (Ключевое поле) бөлімін таңдап алу керек.
Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қосылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту ТАВ пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны өте көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кесте, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.
Кестеге мәліметтер енгізілгеннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматты түрде сақталынады.
Кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда, оны Конструктор режимінде ашу қажет.
3. Зертханалық жұмыс.
Дербес компьютермен жұмыс
Тақырыбы: Конструктордың көмегімен негізгі кестелерді құру.
Логика - есептері
 Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?
 Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? 
 Аспанда бес туйеқұс ұшып барады. Олардың екеуін аңшы атып алды.
 Неше түйе құс ұшып кетті? 
 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді? 

Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Конструктордың көмегімен негізгі кестелерді құру.
1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз ( Пуск–Программы– Microsoft Access).
2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
3. Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файлы новой базы данных) терезесінде Мои документы бумасын таңдап алып, файлға Оқушылар деп ат беріңіз. Жаңа Оқушылар мәліметтер базасының терезесі ашылады.
4. Кестелер панелін ашыңыз.
5. Конструктор режимінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.

Сергіту сәті. Үш тілде айту – қазақ, ағылшын, орыс 
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның баллары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны 107 (пернетақта,клавиатура, keyboard,)

Жануарға ұқсас аты бар,
Бағдар көрсетер заты бар.
Кілемше үстінде тұрады.
Ең қажет құрылғы. (тінтуір,мышь,mayse)
Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (монитор,дисплей, displai)
Ақпараларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (принтер,басып шығарғыш, принтер,)
Қабат, қабат қаптама
Ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
Жақтаулар арқылы шектелген
Экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе, окно, windows)
Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін (ток, ток, energy)
6. Сабақты бекіту. 
Тест сұрақтары
1. Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасының негізгі объектілері.
А) кесте.
В) қалып.
С) сұраныс.
Д) есеп.
4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
5. Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыс параметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.
6.Деректер типі болып табылады
А) Мәліметтер 
В) Байланыс терезесінде
С) Мәтіндік, сандық, ақшалай, дата/уақыт, логикалық
Д) Өрістер, жазбалар
7. «Жаңа кесте» диалог терезесінде нұсқалар тізімі
А) кестелер режимі 
В) конструктор
С) кесте шебері
Д) барлығы дұрыс

Дұрыс жауаптар
1) А 2) В 3) В 4) В 5) А 6) С 7) Д
7. Үйге тапсырма беру. Microsoft Access кесте құру, кесеаралық байланыс. Кесте құру.
8. Сабақты қорытындылау.



















Сабақтың тақырыбы: Кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларды Microsoft Excel кестелік процессорының толық мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беру.
Тәрбиелігі: Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларды шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой - өрісін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
(сұрақ - жауап әдісі бойынша)
1. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?(бірнеше жолдардан тұрады)
2. Кесте дегеніміз не?(ақпараттық жолдар мен бағандардан тұрады)
3. Электрондық кесте дегеніміз не?(мәтіндер мен сандардың кестелік компьютерлік бейнесі)
4. Электрондық кестені қандай мақсаттарда қолданылады?
5. Ұяшық ауқымы дегеніміз не?
6. Баған, Жол, ұяшық дегеніміз не?
7. Электрондық кестедегі формула деп нені атайды?(есептеу үшін қолданған кәдімгі математикалық өрнектерді атайды)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр - түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді.
1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауды.
2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.
3. Кестеден жол, баған немесе ұяшық қосуды.
4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауды.
5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегін көшіруді немесе орын ауыстыруды.
6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.
7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды есептеп жүргізуді.
8. Кесте деректері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.
9. Кестеге графикалық объектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді.
10. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.
Microsoft Excel - ді іске қосу және жұмыс кестенің элементтері.
Microsoft Excel - ді іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск /Программы/ Microsoft Excel
Microsoft Excel іске қосылғаннан кейін экранда оған ақпарат енгізілетін жұмыс кестесі түріндегі терезе ашылады.
Жұмыс кестесінің элементтері:
1. Айналдыру жолағы.
2. Бөлудің кішкене белгісі.
3. Жол нөмірі.
4. Баған тақырыбы.
5. Кестелік меңзер.
6. таңбалар.


7. Стандартты аспаптар панелі.
8. Пішімдеу панелі.
9. Формулалар жолы.
10. Қалып - күй жолы.
11. Айналдыру батырмасы
Excel жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша 3 жұмыс бетінен тұратын дискіде 1 файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 бетке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әр - бір бет 256 бағаннан және 65, 536 жолдан тұруы мүмкін. Бағандар латынның А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді. Жолдар көмірленеді.
Кестенің жұмыс бетінің ауыстырылуы.
Кестенің қажетті бетін экранға шақыру үшін беттерді ауыстырудың екі әдісі бар.
1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шертеміз. Терезенің төменгі сол жақ бұрышына беттерін таңбаларын айналдыруға мүмкіндік беретін айналдыру батырмасы бар.
2. F5 пернесін басамыз. Переход диалогтік терезесіндегі Ссылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшық тың координаталарын енгізіп, ОК батырмасын шертеміз.
Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін, Вставка Лист командасын орындап немесе таңбаны маустың оң жақ батырмасынан шертеміз және Довавить лист белгісінде маусты екі рет шертеміз.
Кестенің бетінің таңбасымен атын өзгерту.
Таңбаның атын өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:
1. Қандай да бір таңбада маустың оң жақ батырмасын шертіңдер.
2. Переименовать командасын таңдаймыз. Сонда таңба қара түспен ерекшеленеді
3. Жаңа атауын енгіземіз.
4. Кестенің кез - келген ұяшығына шертіңдер.
Microsoft Excel - дегі деректермен жұмыс істеу.
Деректерді Excel - де енгізу.
IV. Практикалық жұмыс
1 - тапсырма
Жұмыс бетінің таңбаларының атын өзгертіңдер. Мыс: Табл1, План сведения (1 - кесте, Жоспар, мәлімет)
2 - тапсырма
1. Пуск/Программы/ Microsoft Excel командасын орындаңдар.
2. А1, В1, С1, Д1 ұяшықтарына баған аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.
3. А1 ұяшықтан А8 ұяшығын қоса жол аттарын, яғни мәтін енгізіңдер.
4. А, В және Д бағандарының енін маус көмегімен өзгертіңдер.
3 - тапсырма
Кітаптарыңа пароль қойыңдар.
V. Қорытынды бөлім.
1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға мүмкіндік береді?
2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар
3. Жұмыс кітабы немесе жұмыс беті дегеніміз не?
4. бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?
5. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?
VI. Үйге тапсырма
Microsoft Excel кестелік процессоры.
Excel – дегі деректермен жұмыс істеу тақырыбын оқып келу.
VII. Бағалау.













Сабақтың тақырыбы: Көпөлшемді жиымдар.

Сабақтың мақсаттары:

а) білімдік: Көпөлшемді жиымдарды түсіндіру және қолдануды үйрету.

ә) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін және логикасын дамыту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын құрал: компьютер, кітаппен жұмыс.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру

Өткен сабақты пысықтау

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақ

Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиын бірөлшемді(а1), ал екі индекс болса – екіөлшемді және т,с,с. n - өлшемді жиын дейді. Бірөлшемді(а1) жиын вектор элементтері, ал екіөлшемді жиын матрица болып табылады. Сәйкес жиым элеметтерін былай белгілейді: A[i], B[i, j], C[i, j, k] және т.б.

Мыс: A[i] – бірөлшемді жиымның i – ші элементі, оны математикада аi белгіленген, B[i, j] – екіөлшемді жиымның (кестенің) i – жолы мен j – бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуді; C[i, j, k] – үшөлшемді жиым, оның элементін кеңістікте орналасқан нүкте координаталары (i, j, k) деп қарауға болады.

Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай сипатталады:

TYPE atau = array[1..n, 1 . . m] of элементтер типі;


VAR A, B:atay;


. . .

var C, D, T;

Мұнда индекстер әр типте сипатталап, одан соң жиым элементтерінің базалық типі көрсетілген. Сипаттаудың басқа түрі: TYPE atau = array[1..n] of array [1 . . m] of ;

мысалы

type T = array[1..4] of array [1 ..3] of real;

. . .

VAR A, B;

Мұнда алдымен жол индекстерінің [1..n] типі, одан соң күрделі базалық тип көрсетілген:

array [1 . . m] of ;

Егер көпөлшемді жиым құратын кезде базалық тип ретінде басқа жиым алынса, онда сипаттау бөлігі былай жазылады: type vector = array[1..4] of integer

massiv = array[1..4] of vector;

var matr: massiv;

Мұнда: massiv және matr жиындары екіөлшемді, яғни massiv[4,4], matr[4,4] – олар 4 жол және 4 бағанадан тұратын кесте элементтерін бейнелейді.

Егер программада жиымның бағанасы мен жолын бөліп жазу қажет болса, онда оны былай сипаттау қолайлы:

TYPE T1 = array[1..M] of элементтер типі;

T = array[1..N] of T1;

VAR B:T; A:T1;

Мұндағы: T1 – бағана типі, Т – матрицаның типі. В – айнымалылар бөлігінде екіөлшемді жиым, А – бірөлшемді жиым.

Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторлары болуы мүмкін.

Мысалы: жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса қайталау үш рет және т.с.с. орындалады. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:

for i:=1 to n do

for j:=1 to m do

read (B[i, j]);

немесе экранға мәлімет шығару үшін:

for i:=1 to n do

begin

writeln;

for j:=1 to m do

write (B[i, j]:8:3);

end.

Индекстері мен элементтерінің типтері бірдей жиымдардың бірінің мәндерін екіншісіне көшіру үшін, мысалыА:= D; менщіктеу операторын немесе цикл операторы арқылы былай орындау мүмкіндігі бар:

For i:=1 to 4 do A[i]:=D[i];

Жиым элементтері компьютер жадында тізбектеле орналасады. Төменгі индексті жиым элементі кіші адрестерде, жоғарғы адрестерде сақталады. Көпөлшемді жиымдардың оң жақ шеткі индекстері бірінші болып өсіп отырады.

Мысалы, А: аттау [1... 5,1..5] of integer жиымы берілсе, ол компьютер жадында адрестерінң өсуі бойынша былай орналасады:

A[1,1]

A[1,2]

. . .

A[1,5]

A[2,1]

A[2,2]

. . .

A[5,5]

Күнделікті тұрмыста екі – үш өлшемді жиымдар жиі қолданылады. Алгоритмдік тілдерде жиым өлшеміне шек қойылмайды. Жоғарыда айтылғандай жиым бір, екі, үш, төрт, тіпті одан да көпөлшемді болуы мүмкін. Бірөлшемді жиымдарды сызықты жиымдар десек, екіөлшемді жиымдарды математикада матрица немесе кесте деп атайды. Біз мұнда екіөлшемді жиымдарды ғана қарастырамыз. Екіөлшемді жиымға мысал ретінде оқушылардың әр сабақтан алған бағалары толтырылған кестені алуға болады.

Мәселен, мектепте 9 – сыныптан үш топ бар екен делік: 9а, 9б және 9в топтары. Топ оқушыларының бес сабақтан алған орташа бағалары төмендегі кесте түрінде көрсетілген.


Пәндер

1-топ

2-топ

3-топ

1

Информатика

4,1

4,7

4,2

2

Алгебра

4,4

4,3

4,0

3

Геометрия

4,5

4,6

4,7

4

Қазақ тілі

4,2

4,0

3,9

5

Орыс тілі

4,3

4,5

4,6


Егер қарастырылатын жиым атауы В болса, онда оны былай жазады:

мұндағы цифрлар В жиымының құраушылары немесе элементтері, олар да сол атаумен белгіленіп, оның төменгі шетіне элементтің орналасқан орындары көрсетіледі:




Мұндағы жалпы түрде жиым элементтері – bi,j деп белгіленеді, ал i – жол, j – бағана нөмірлері.

program baga;

const n=5; m=3;

var k,i,j:integer;

s:real;

b:array[1..n,1..m] of real;

a:array[1..m] of real;

begin

s:=0;

writeln('ziim elementterin boc orin arkili engizu');

for i:=1 to n do

for j:=1 to m do read(b[i,j]);

for j:=1 to m do

begin



for i:=1 to n do s:=s+b[i,j];

a[j]:=s/n; s:=0; writeln

end;

k:=1; s:=a[1];

for j:=2 to m do

if a[j]s then

begin

s:=a[j]; k:=j

end;

writeln('':4,k,' - toptin bagaci sogari, ol',s:4:3,' -ge ten');

end.



Сабақты бекіту

Берілген мысалдарды компьютерде орындау.

Үйге тапсырма 5.5 – 133-139 беттер .


















































Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә) дамытушылығы: оқушылардың ақыл-ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, оқу-құралдарының дайындығын қадағалау.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 10 мин

1. Алгоритмнің берілу формаларын атаңыздар.

2. Блок-сызбаның элементтерін сипаттаңыздар.

3. Алгоритм түрлерін атаңыздар.

4.Тармақталған алгоритмнің толық емес формасына мысал келтіріңіздер.

3. Негізгі бөлім.

а) Жаңа материалды меңгерту. 15 мин

«Мәтінмен жұмыс стратегиясы» бойынша 1 оқушы оқиды, 2-ші оқушы оған сұрақ қояды. Сосын жұптасып қорытынды жасап, конспект жазады.

А бөлімі

Модель – кез-келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың модель. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық.

Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады. Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз.

Б бөлімі

  1. Презентация Модель түрлері.


1-слайд 2-слайд


3-слайд 4-слайд


  1. «ЕХРО-2017» қалашығының компьютерлік моделінің бейне ролигі.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

Модельдеу кезеңдері





Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен амалдар орындау.
Мақсаты:

1. Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амал түрлерін
пайдалана отырып, есептер шығаруға, прогрмма құруға дағдыландыру.
2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық,, практикум, тақта.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар тізбегінен тұрады. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады. Символдар жолы немесе жолдық тұрақты деп символдарының саны 256 - дан аспайтын апострофтар ішіне алынған символдар тізбегін айтады.
Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді. Оның айнымалы бөлімінде сипатталуы:
Var
; string [жолдың ұзындығы];
Мысал:
Var
Tex1: string[29];
Atj: string[40];
Atau: string[200];
A: string;
Егер жолдың ұзындығы (символ саны) сипаттау кезінде көрсетілмесе (А айнымалысы), онда оның ұзындығы 256 символ деп қабылданады.
Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдары пайдаланады. Біріктіру немесе конкатенация амалы, ол қарапайым «+» белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады. Мысалы:
‘Ауыл’ + ‘шаруашылығы’ = ‘Ауыл шаруашылығы’
S1:=’Ас’; S2:=’тана’; S3:= S1+S2;
Нәтижесі: S3:=’Астана’;
Салыстыру амалдары, олар: +, , , =,
өрнек нәтиже
‘MS - DOS’ ‘program’ ‘SAM’ true
‘BBB’ ‘TAM2’ false
‘100’ Мәтін ұзындығын анықтайтын операциясы – LENGTH (x).
Length (‘ABCD’) = 4. Length (‘a f 5 1’) = 7.
Copy (St, Poz, N) – St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St – тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сандар. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N артық болса, нәтиже бос символ болады.
Concat(s1, s2,…, sn) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді.
Upcase(ch) – латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады.
Delete(S, Poz, N) – S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда PozInsert(S1, S2, Poz) – S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.
Str(I, S) – I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I: 2) көрсетуге болады.
Val(S, I, god) – S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да, нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. God – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болмаса, сod = 0 – нәтиже дұрыс, ал cod 0 болса, онда нәтиже қате, оның мәні алғашқы қате кеткен орын нөмірін көрсететін санға тең болады да, мұндайда I – дің мәні анықталмаған болып саналады.

ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары.
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Символдық мәліметтермен амалдар орындау.

Кері қайту





















І.Сабақтың тақырыбы:

Жазулар, жиектер, деректер типі

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын құру

деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Кестелер деректер қоймаңыздың негізгі болып табылады, нақ соларда барлық деректер сақталады. Пішімді немесе есеп беруді құру алдында әуелі кестені құрып алуыңыз қажет.

Ассеss-те «кесте» термині нені білдіреді?

Кесте – бұл деректеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Мысалы : мекен-жай,аты немесе телефон нөмірі. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы : әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон нөмірін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.

Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, МS Ассеssте оны құруға кірісеміз. МS Ассеss-те кестені құру деректер қоймасы терезесінде жүзеге асырылады:

  1. Өзіңіз құрған деректер қоймасының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдаңыз.

  2. Деректер қоймасының терезесінде Создать батырмасын басыңыз.

  3. «Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:

Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.

Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік

береді.

Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.

Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қоймасына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



Деректер типтері.

Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде еңгізіледі. МS Ассеss-те келесі типтердің деректері мүмкін болып табылады:

Мәтіндік ● Логикалық

Сандық ● МЕМО өрісі

Ақшалай ● ОLЕ объектісінің өрісі

Санауыш ● Гиперсілтеме

Даталар/уақыттар ● Ауыстырулар шебері

Кесте құрылымының модификациясы.

Егер бірде-бір қате жібермей, кесте құрылымын сипаттаған болсаңыз, онда құрылған кестенің құрылымын сақтау қажет.Алайда құрылымды берерде қате жіберіп қоюыңыз мүмкін. МS Ассеss қателерді жөндеуге арналған құралдарды сізге ұсынады. Оларға жататындар:

Өріс атауын және /немесе оның типін өзгерту.

Қалып қойған өрісті қою.

Қате енгізілген өрісті жою

Кестедегі өрістердің жол тәртібін өзгерту.

Деректер қоймасына кіретін кестенің құрылымын модификациялау үшін деректер қоймасының терезесінде модификацияланатын кестені таңдап,

Конструктор батырмасын басыңыз.Экранда таңдалған кестенің құрылымынан тұратын конструктор терезесі ашылды.

Өрістер жолының тәртібін өзгерту

Айталық, бір өрісті қазіргі тұрған орнынан бірнеше өріске жоғары не төмен апарғыңыз келді. Мұны жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Өрістер аттарының сол жағында өрісті таңдау аймағы бар. Орын ауыстырғыңыз келген өріске сипаттама берілген жолға көшіп, осы аймаққа басыңыз. Бұл кезде жол түгелімен ерекшеленеді.

  2. Енді өрісті таңдау аймағына тағы да басып, мауысты жібермеңіз. Мауыс меңзерінің астында, кішкентай үзік сызықпен сызылған тікбұрыш пайда болғанына көңіл аударыңыз.

Үйге тапсырма

Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы

Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Жобаны ??ру, ашу, са?тау, фильмді к?рсету

Автор: Аманжулова Акгул жеткеншековна

Дата: 07.04.2016

Номер свидетельства: 316123


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства