kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Озық ойлы информатиктер әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Вне класный урок по информатике на тему "Озық ойлы информатиктер әлемі"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Озық ойлы информатиктер әлемі»
























































Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы информатиктер әлемі.

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына қызықтыру.

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, суреттер

Қатысушылар: 8 сынып оқушылары.

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Озық ойлы информатиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілседе қалма жасып.


Алдымен саяхатымызға асығып отырған талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 2 топтан тұратын 8 сынып оқушылары қатысқалы отыр. Бүгінгі ойынымыз 7 кезеңнен тұрады.

1-ші кезең – «Таныстыру»

2-ші кезең – «Ескіден жаңа жасау»

3-ші кезең - «Бәйге»

4-ші кезең – «Ой толғаныс»

5-ші кезең – «Тіл-өнер»

6-ші кезең – «Логикалық ойлау»

7-ші кезең – «Марапаттау»


Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

1 ші кезең – «Таныстыру». Саяхатымызға қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып. «Таныстыру» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде топ басшылары өз тобын таныстырады. (Жоғары бағаға 5 ұпай беріледі).

2 ші кезең – «Ескіден жаңа жасау».

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

- дей келе біз «Ескіден жаңа жасау атты» 2-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде оқушылар компьютердің ескі заттарынан жасаған өз туындыларын таныстырады. Ортада «Сұңқарлар» тобы. Келесі кезекте «Тұлпарлар» тобы.


Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп келесі кезеңді бастайық.


3 ші кезең – «Бәйге». Бұл кезеңде оқушылар Ақылды үкінің жасырған сөз жұмбақтарына жауап береді.

  1. Зиянкес бағдарлама (вирус)

  2. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)

  3. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)

  4. Компьютердің миы, ең басты бөлігі (процессор)

  5. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  6. Компьютер теледидары (монитор)

  7. Қағаздағы кескінді компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

  8. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  9. Вирусты жоятын программа (антивирус)

  10. Ақпараттық процесті жүзеге асыратын құрылғы (компьютер)

  11. Файлдар жиыны (бума)



Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса

4 ші кезең – «Ой толғаныс». Бұнда оқушылар орман сақшысы Бабай атаға жолда өсіп жатқан сиқырлы саңырау құлақтарды теруге көмектеседі. Бұл саңырауқұлақтарды алу үшін онда жасырылған сөздің мағынасын ашып, өз ойларымен түсіндірулері қажет

  1. Ақпарат.

  2. Алгоритм.

  3. Программалау тілі.

  4. Операциялық жүйе.

  5. Шеткері құрылғылар.

  6. Интернет.







Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

3 ұпай, шәкіртім саған несібе,


5-ші кезең – «Тіл-өнер». Оқушылар бақта өсіп тұрған алмалардың жұмбақтарына жауап береді.

(Жұмбақталып 12 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).


  • Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (тікенекгүл – кактус - cactus)


  • Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші

Қалай деп аталады аты оның .....

(тышқан – мышка - mouse)


  • Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

(принтер – рrinter )


  • Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер- scanner)


  • Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер – курсор - cursor)


  • Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор - monitor)


  • Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит - bit)


  • Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта – клавиатура - keyboard)


  • Пернетақта ауылында тұратын

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы

Есімдері де өздерінің бір қызық

Тек қана «F» әріптерінен басталады.

(функционалды пернелер – функциональные клавиши - function keys)


  • Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын, пробел, space)

  • Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан (жүйелік блок – системный блок - system unit)

  • Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш – линейка - ruler )


Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Тапсырманы орындап берейік

6-ші кезең – «логикалық ойлау».





Жарысайық сайыста,

Кімнің ойымықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шықты екен деп,


7-ші кезең – «Марапаттау» Әділқазы мүшелері оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз топты аяқтап, ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Озық ойлы информатиктер әлемі

Автор: Коблашева Жансия Калиевна

Дата: 28.03.2018

Номер свидетельства: 463944


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства