Орта мерзімді жоспар информатикадан 5 сынып?а арнал?ан
Орта мерзімді жоспар информатикадан 5 сынып?а арнал?ан
WordPad м?тіндік редактор тарауына арнал?ан Орта мерзімді жоспарлау. 4 cаба??а арнал?ан. 5 сыныптар ?шін. 3 де?гейлі ты?даушылар?а к?мекші ??рал ретінде керек боп ?алар деген ?мітпен салып отырмын.
Оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау бойынша жазба.
Мен «Мектептегі тәжірибе» кезеңін 02-28.03.2015ж. аралығында өткіздім. Оқу ісінің меңгерушісімен және әріптестермен кеңесе отырып, өзімнің сабақ беріп жүрген 5г-сыныбын алдым. Бұл сыныптағы оқушыларды информатика сабағында зерттеуді жоспарладым. Бағдарламаның «Бетпе-бет» кезеңінде оқып-үйренген 7 модульдің ықпалдасуына әсер ететін әдіс-тәсілдерді кіріктіруге тырыстым. Осы бағдарламаны оқу барысында мен көп нәрсені үйрендім. Балаларды ең алдымен оқып үйренуге қызықтыру, ынталандыру, талпындыру қажет екен. Көп нәрсені естігеннен гөрі, көріп қолмен жасаса есте ұзақ сақталады.
Мақсатым оқушыларға топтық, жұптық жұмыстар жасай отырып, сыни ойлау арқылы қалай оқу керектігін үйретіп, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру. Бірін-бірі тыңдай білуге, ойларын еркін айта білуге, флипчартта жұмыс жасауды, бағалауды үйрете отырып нәтиже күту. Орта мерзімдік жоспарда қамтылған сабақтар барысында барлық модуль түрлерін ықпалдастыра қолдану.
Әрбір тізбектелген сабақтарыма тақырыптардың мақсатын, табыс нәтижелерін нақтылап алдым, өз сабағымды жаңаша жүйеледім.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу үшін сабақта ынтымақтастық атмосфера орнайды. Стикер, кәмпиттер, жемістер, 1 2 3 сандар әдісі арқылы топқа бөлдім. Танысу ойсергегі «Қар көшкіні» шеңберін құрды. АКТ арқылы бейне роликке қарап, жаттығу жасады. Смайликтер арқылы көңіл - күйді білдіру, әр сабақ бойынша рефлексия жазу баланың қызығушылығын арттырды, өз ойын ғылыми негізде, жүйелі түрде, сауатты жеткізуіне жол ашты.
Әрбір сабағымда АКТ-ны тиімді пайдалану үшін, интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін, слайдтарды демонстрациялау, Activote құралы, электронды журнал, интернет арқылы байланысқа шығып бейнесабақтарды пайдаланамын. Оқытуда жаңа тәсілдерді пайдалану модулі бойынша сабақтарымда «Үш қадамды сұхбат», «Ыстық орындық», әдісін пайдаланамын. Ол оқушылардың диалогқа түсуіне, бір-біріне сұрақ қоюға дағды қалыптастырады деп ойлаймын.
Бұл әдіс оқушылардың сыни тұрғыдан ойланып, не білу керектігі жөнінде ойлануына, ойлау арқылы ізденуіне деген құлшынысын тудырады, өздігінен оқуын дамытуға ықпал етеді деп сенемін.