Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында «Ойынды дыбыспен сүйемелдеу» таныстырылымын көрсетемін. Жаңа сабақты түсіндіру барысында көрсетілген видеороликтен Sound effect - сөзі латын тілінен аударғанда, «дыбыстық әсер» деген мағынаны білдіреді. Voiceover - сөзі латын тілінен аударғанда, «дыбыстау» деген мағынаны білдіреді. 1-тапсырма: Топтық жұмыс. «Автобус аялдамасы» әдісі байланысты оқушылардың білетін мәліметтерін әр топтың топбасшысы, өз тобының атауын басқа топ мүшелеріне барып баяндап, түсіндіріп кетеді. Бұл әдіс екі топтың өз ара білімдерін алмасуын, топтардың аузбіршілік қатынастарын күшейтеді. Дескриптор: -тірек сөздерді біледі. -ойын ортасын дыбыспен сүйемелдеу туралы түсінік алады. -командалар қызметін түсінеді. Сергіту сәті «Танграм » әдісін қолданамын. Берілген геометриялық қиындыларды құрастырып, бір мүсін шығару. 2- тапсырма. Жұптық жұмыс. Дыбысты кітапхана қорынан таңдап алып, ойынды дыбыспен сүйемелдеңдер. Жаңа дыбыс жазу батырмасын қолданыңдар. Дыбысты файлдан еңгізіңдер. Дескриптор: - Дыбысты кітапхана қорымен жұмыс жасай алады. - Жаңа дыбысты жазу батырмасын қолданып дыбыс жаза алады. - Дыбысты файлдан еңгізе алады. 3- тапсырма. Топтық жұмыс 1. А)Компьютерлік ойынды дыбыспен сүйемелдеу сипаттамасын келтіріп, кестені толтырыңдар. Дыбыстық әсер | Музыка | Дыбыстау | | | | Ә)Стикерледің тағайындауларын сипаттаңдар. Кітапханадан дыбысты таңдау | Жаңа дыбысты жазу | Дыбысты файлдан жүктеу | | | | Дескриптор. - Керекті дыбыстық сүйемелдеу сипаттамасын таңдай алады. - Жапсырмаларды тағайындауды сипаттай алады. 2. Мына батырмалар не үшін қолданылады? Дескриптор. - Скриптілердің қажетті сипаттамаларын таңдай алады. - Скриптілерді қолдана алады. 3.Ойындарыңды дыбыспен сүйемелдеуді жүзеге асырғаннан кейін скриптілердің жұмысын тексеріңдер. Орындалған жұмысты талдаңдар. Дескриптор. - Скриптілердің жұмысын тексере алады. - Орындалған жұмысты талдай алады. 4. Өздеріңнің компьютерлік ойындарыңның дыбыстық сүйемелдеуіне сәйкес сызбаны дәптерлеріңе толтырыңдар. Дескриптор: өз бетінше компьютерлік ойын құра алады; дыбыстық сүймелдеу жасай алады; дыбыстық сүйемелдеу сызбасын құра алады Сабақты бекіту. 1.Ойындарыңа қажет дыбыстық әсерлерді қосыңдар (программалаудың ойын ортасындағы кітапхананы пайдаланыңдар). Дескриптор: -ойынға қажетті дыбыстық әсерлерін қоса алады. - ойын ортасында кітапханадан пайдалана алады. 2. Дыбыстық сахна қосыңдар (дайын музыкалық композицияны пайдаланыңдар немесе интернеттен жүктеп алыңдар). Дескриптор: -дыбыстық сахнаға дайын музыкалық композиция қоса алады. - дыбыстық сахнаға интернеттен музыкалық композиция жүктей алады. |