MS Word-мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері
MS Word-мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері
Құжатты сәнді безендіру үшін оған графикалық элементтерді (суреттерді, диаграммаларды, стандарттық каптинкаларды) өте жиі кірістіруге тура келеді.
Барлық осы элементтерді құжатқа кірістіру үшін Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы (7.1 сурет) немесе Кірістіру→Сурет (Вставка → Рисунок) (7.2 сурет) пайдаланылады.
7.1. Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі
Көрнекі құралдар: компьютер
Әдебиеттер: В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»
«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW» Питер. 2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»
10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.
Сабақтың барысы мен мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң баларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру
Құжатты сәнді безендіру үшін оған графикалық элементтерді (суреттерді, диаграммаларды, стандарттық каптинкаларды) өте жиі кірістіруге тура келеді.
Барлық осы элементтерді құжатқа кірістіру үшін Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы (7.1 сурет) немесе Кірістіру→Сурет (Вставка → Рисунок) (7.2 сурет)пайдаланылады.
7.1. Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы
7.2 сурет. Кірістіру менюі
Мәтінге суретті кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:
1. Суретті кірістіретін орынды шертіңдер.
Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок)командасын, ал содан кейін Файлдан (Из файла) командасын таңдаңдар немесе Сурет салу (Рисования) тақтасының Суретті үстемелеу (Добавить рисунок) батырмасын басыңдар.
2. Кірістіруге қажетті суретті табыңдар.
3. Кірістіруге қажетті суретті екі рет шертіңдер.
7.3 сурет.Суретті үстемелеу терезесі
Картинкалардың жинағын (Microsoft-тың) үстемелеуге, ретке келтіруге немесе Microsoft Office-тің кез келген қосымшасынан мультимедиа клиптерін қарап шығуға болады.
Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок)командасын, ал содан кейін Картинкалар командасын таңдаңдар немесе Сурет салу (Рисования) тақтасының Картинканы үстемелеу (Добавить картинку) батырмасы бойынша шертіңдер.
Клиптер жинағы (Коллекция клипов) тапсырмалар аймағының төменгі бөлігіндегі Картинкаларды реттеу (Упорядочить картинки) сілтемесін шертіңдер (7.4 сурет).
7.4 сурет.Клиптер жинағы тапсырмалар аймағы
7.2. «Кескінді баптау» тақтасы
Суреттің жарықтылығын, оның қанықтылығы, мөлшерін, мәтінді орағытуды және т.б. өзгерту үшін Кескінді баптау (Настройка изображения) аспаптар тақтасы пайдаланылады (7.5 сурет).
7.5 сурет. Кескінді баптау аспаптар тақтасы
Онда келесі батырмалар орналасқан:
Суретті үстемелеу (Добавить рисунок) - Құжатқа сурет кірістіру үшін қызмет етеді
Кескін менюі (Меню Изображение) - суретті ақ-қара, сұр түске және астарға түрлендіреді
батырмалары - сәйкес түрде кескіннің тұнықтығын арттырады және азайтады
батырмалары - сәйкес түрде кескіннің жарықтылығын арттырады және азайтады
Кесіні (Обрезка) - суреттің шекараларын кесуге арналған
Бұрылыс (Поворот) - суретті айналдыру үшін қызмет етеді
Сызықтар типі (Типы линии) - сурет шекарасы сызықтарының қалыңдығын береді
Суреттерді қысу (Сжатие рисунков)- суретті қысу үшін қызмет етеді
Параметрлерді бастапқы қалпына келтіру (Сброс параметров) - суретті бастапқы параметрлеріне қайтарады
7.6. Сурет форматы терезесі
7.3 Автофигуралар мен WordArt объектілерін кірістіру
Microsoft Word-та векторлық графика негізінде суретті дайындау мүмкіндігі бар, ол үшін құрамдас дайын объектілер (Автофигуралар) мен графикалық мәтін (WordArt) пайдаланылады.
Құжатқа Автофигураларды үстемелеу үшін:
1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін Автофигуралар командасын (7.2 сурет) немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының Автофигуралар менюін (7.7 сурет) таңдаңдар.
2. Тізімнен керекті фигураны таңдаңдар
3. Оны құжаттың керекті орнына алып барыңдар.
7.7 сурет. Сурет салу тақтасының Автофигуралар менюі
Құжатқа WordArt объектілерін үстемелеу үшін:
Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын (7.2 сурет) немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының WordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект WordArt) батырмасын таңдаңдар.
1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын (7.2 сурет) немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының WordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект WordArt) батырмасын таңдаңдар.
2. WordArt жинағы сұқбаттық терезесінен (7.8 сурет) мауспен екі рет шертіп керек мәнерді таңдайсыңдар
3. WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) терезесіне(7.9 сурет) керек мәтінді енгізіңдер
4. OK батырмасын басыңдар
7.8 сурет. WordArt жинағының терезесі.
7.9 сурет. WordArt мәтінін өзгерту терезесі
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: жоғарыда келтірілген кестелер көмегімен мысалдар құрастыру.