kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

MS Excel кестелік процессорында м?ліметтерді енгізу ж?не пішімдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

MS Excel – санды? кестелермен ж?мыс істеуге арнал?ан ба?дарлама. Бас м?зірі бас?а Microsoft Office ба?дарламалары сия?ты б?лімдерден ??рыл?ан. Ж?мыс кітабы жол мен ба?аннан т?рады. Жол мен ба?анны? ?иылысуын ?яшы? деп атаймыз. Ж?мыс пара?ы 255 ба?аннан, 65536 жолдан т?рады. Жолдар сандармен, ал ба?андар латын ?ріптермен белгіленеді. ?рбір ?яшы?ты? ?з мекен (адресі) болады. Мысалы,: А1, В3, С3 т.с.с.

Кестені? бір ?яшы?ы ?р уа?ытта істеп т?рады. Формула жолыны? сол жа?ында, аспаптар та?тасыны? астында ж?мыс ?яшы?ыны? мекені к?рініп т?рады.  

Жа?а ж?мыс кітабын ??ру ?шін Office батырмасы  – ??ру; Ж?мыс кітабын са?тау ?шін Office батырмасы  - Са?тау; Ж?мыс кітабын ашу ?шін Office батырмасы – Ашу командалары орындалады.

М?ліметті ?яшы??а енгізу ?шін ?яшы?ты белгілеп, о?ан пернета?та к?мегімен берілгендерді енгізу керек. Кез келген электронды? кестені? ?яшы?ына сан, формула, м?тіндік а?параттарды енгізуге болады.

Осы ал?ан білімдері?ді практикалы? тапсырмада тексерейік. Практикалы? тапсырманы орындамас б?рын, о?ушылар б?гінгі ал?ан білідерімізді кішкентай ?ана г?л ?скінімен салыстырайы?.

  • Осы кезде суы бар ста?анда?ы г?л ?скінін к?рсетемін. Осы г?ліміз ?лкен болып ?су ?шін, біз не істеуіміз керек?
  • Д?рыс айтасы?дар балалар, жа?сы о?уымыз керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«MS Excel кестелік процессорында м?ліметтерді енгізу ж?не пішімдеу »

Күні: 28.02.2015

Сыныбы: 8 (І топ)

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу және пішімдеу.

Білімділік: Оқушыларды электрондық кестелермен (MS Excel-мен), кестелік редактордың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Редактор терезелерінің барлық құраушыларын қарастырып, кестелік редакторда мәліметтерді енгізуге және пішімдеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Таным белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыпты болуға, тереңнен ойлауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық тапсырма орындау, сөзжұмбақ шешу, өз ойын жеткізу

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, А1 қағазы, ноутбуктер, үлестірмелі карточкалар, гүлдер

Пәнаралық байланыс: математика, биология пәндері

Қолданылатын технология: Караев технологиясы

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Сабақтың тақырыбын ашу

4. Сабақтың мақсатын ашу

5. Жаңа сабақ

6. Сабақты бекіту

7. Сабақты қорытындылау

8. Үй тапсырмасын беру

9. Бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкестікті тап:

Р/с

Сұрақтары

Дұрыс жауабы

1

MS EXCEL қалай қосылады?

Office батырмасы - Құру

2

MS EXCEL-дің жұмыс парағы дегеніміз не?

Office батырмасы - Сақтау

3

MS EXCEL-дің жұмыс кітабы дегеніміз не?

Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағында аттары таңбаша арқылы берілген

4

MS EXCEL-де жаңа құжатты қалай құрады?

Бастау – MS Office – MS Excel

5

MS EXCEL-де құжатты қалай сақтайды?

Бағдарламаны жүктегеннен кейін экранда бос құжаттың терезесі

Жаңа сабағымды келесі сөздерден бастағым келеді:

«Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді - меңгеремін»

Конфуций

  1. І кезең. Жаңа сабақ.

  • Электрондық оқулықты қоямын. Содан кейін өзім оқушыларға қысқаша түсіндіріп өтемін.

MS Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Бас мәзірі басқа Microsoft Office бағдарламалары сияқты бөлімдерден құрылған. Жұмыс кітабы жол мен бағаннан тұрады. Жол мен бағанның қиылысуын ұяшық деп атаймыз. Жұмыс парағы 255 бағаннан, 65536 жолдан тұрады. Жолдар сандармен, ал бағандар латын әріптермен белгіленеді. Әрбір ұяшықтың өз мекен (адресі) болады. Мысалы,: А1, В3, С3 т.с.с.

Кестенің бір ұяшығы әр уақытта істеп тұрады. Формула жолының сол жағында, аспаптар тақтасының астында жұмыс ұяшығының мекені көрініп тұрады.

Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Office батырмасы – Құру; Жұмыс кітабын сақтау үшін Office батырмасы - Сақтау; Жұмыс кітабын ашу үшін Office батырмасы – Ашу командалары орындалады.

Мәліметті ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған пернетақта көмегімен берілгендерді енгізу керек. Кез келген электрондық кестенің ұяшығына сан, формула, мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.

Осы алған білімдеріңді практикалық тапсырмада тексерейік. Практикалық тапсырманы орындамас бұрын, оқушылар бүгінгі алған білідерімізді кішкентай ғана гүл өскінімен салыстырайық.

  • Осы кезде суы бар стақандағы гүл өскінін көрсетемін. Осы гүліміз үлкен болып өсу үшін, біз не істеуіміз керек?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, жақсы оқуымыз керек.

  • Ал ендеше Гүл өскінінің гүл болып өсуіне ат салысайық.

ІІ кезең. Гүл өскінін отырғызу.

1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Жол мен баған қиылысқанда ... орналасады.

2. Ұяшық ... мен ... тұрады.

3. Электрондық кестенің қай ұяшығы белсенді деп аталады?

4. Ұяшыққа енгізілген мәлімет ... ... көрсетіледі.

5. Электрондық кесте ... жолдан, ... бағаннан тұрады.

6. Жолдар ..., бағандар ... ... белгіленеді.


ІІІ кезең: “Гүлімізді суару”.

І деңгей: 8-сынып оқушыларының І тобының тізімін кестеге енгіз.


А

В

1

8-сынып оқушыларының тізімі

2

Аты-жөні:

Туған жылы

3

Абдуллина Акжан


4

Какимова Махаббат


5

Күлен Әкежан


6

Манарбекова Құндыз


7

Мейрам Айерке


8

Сарбасова Айжанар


9

Шакен Гауһартас



ІІ деңгей: Оқулықпен жұмыс. Банк қызметкерлерінің 2015 жылдың І кварталы бойынша алған еңбекақылары.


А

В

С

D

E

1

Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)

2

Аты-жөні:

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Барлығы

3

Сәлімжанов А.К.

65 971

67 854

65 436


4

Михайлов Е.В.

68 230

65 125

69 142


5

Әубәкіров А.Т.

78 265

77 964

78 632



ІІІ деңгей: Оқушылардың қорытынды бағаларын шығару


А

В

С

D

E

F

1

8-сынып оқушыларының информатика пәні бойынша тоқсандық бақылау жұмысының қорытындысы

2

Аты-жөні:

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

IV тоқсан

Жылдық

3

Аканов А.

4

5

4

4


4

Досымбеков Ә.

4

4

3

4


5

Сакенов Р.

4

4

5

4


6

Серикпаев Р.

5

5

4

5


7

Хасенов Н.

5

5

5

5


Сабақты бекіту: “Гүлімізді органикалық заттармен тыңайту”
ІV кезең: 1-тапсырма: “
Қайталау - оқу анасы”


1. MS Excel қандай процессор?

2. Ұяшық сөзінің орысша аудармасы.

3. Дэн Бриклин және Боб Френкстонның қай мамандықтың студенттері болған?

4. MS Excel процессорын қосқан кезде MS Excel-дің ... ашылады?

5. Әрбір ұяшықтың өз ... болады.


2- тапсырма: “Кім көп біледі?” Информатикалық терминдер кестесі.

  • Берілген кестеден информатикаға байланысты сөздерді тауып алу қажет.


К

Б

А

И

Н

З

Е

Е

С

Ғ

А

Ф

О

Ұ

Ж

Т

Е

Н

С

Р

Я

О

Л

Ф

О

Р

М

А

Ұ

Я

Ш

Ы

М

А

Т

Я

М

Ә

Қ

У

К

И

Н

І

Т

Р

Л

А

Ұ


V кезең: Сабақты қорытындылау

1-тапсырма: Қақпаға допты сал.

  • Бұл кезеңде әрбір допта сұрақ бар,егер де оқушылар дұрыс жауап берсе, доп қақпаға кіреді.

2-тапсырма: Білгенін қағаз бетіне түсіру.

Бүгінгі алған білімдеріңді сызба түрінде мына А1 ақ қағазында көрсетіңдер. (Оқушыларға А1 қағазы мен түрлі түсті фломастерлер беріледі, қысқаша сабақта түсінгендерін қағаз бетіне түсіру).

VI кезең: Үйге тапсырма беру:

§26, 27 оқып келу. А4 қағазына «Кестелік процессор» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

  • Ал енді бүгінгі сабағымды келесі мақалмен аяқтағым келіп отыр:

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі – дей келе біздің алған білімдерімізге байланысты гүліміздің қаншалықты өскенін көрейік.

  • Осы кезде өскен гүлімізді көреміз. Алдағы уақытта осы гүлдей жайнап, бет жүздеріңнен күлкі кетпесін.


VII кезең: Бағалау.

  • Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты тиісті бағаларын қою.


Осымен сабақ аяқталды, Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
MS Excel кестелік процессорында м?ліметтерді енгізу ж?не пішімдеу

Автор: Каримова Самал Елмуратовна

Дата: 08.10.2015

Номер свидетельства: 237291


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства