kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

MS Excel-ді? графиктік м?мкіндіктері. Диаграмма ??ру, редакциялау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-ді? графиктік м?мкіндіктері  туралы о?ушылар?а т?сінік беріп, диаграмма шеберіні? к?мегімен диаграммалар т?р?ызуды ж?не ?рт?рлі типті диаграммалар ??руды ?йрету;

?) дамытушылы?: о?ушыларды? MS Excel программасы м?мкіндіктерін пайдалана отырып, диаграмма т?р?ызу да?дыларын ?алыптастыру, шы?армашылы? ?абілеттерін жетілдіру ж?не оларды? компьютерлік сауаттылы?тарын даыту  ;

б) т?рбиелiк: о?ушыларды адамгершілікке, имандылы??а,  азаматты? пен жауапкершілікке т?рбиелеу ж?не ??ыптылы? пен тияна?тылы??а баулу.

 

Саба?ты? типі: Аралас саба?.

Саба?ты? т?рі:   зертханалы?-т?жірибелік

П?наралы? байланыс: геометрия,сызу.

Саба?ты? к?рнекiлiгi:МS Exсel терезесі, электронды? о?улы?, мультемедиялы? проектор, таратпа материалдар, компьютерде тест тапсырмасы.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«MS Excel-ді? графиктік м?мкіндіктері. Диаграмма ??ру, редакциялау »











Тақырыбы:MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма құру, редакциялау







Өткізуші оқытушы: Сатыбалдинова Айгерим Еркеновна

Өткізілетін топ: 31 ПГС тобы


















Сабақтың тақырыбы:MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма құру, редакциялау

Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту ;

б) тәрбиелiк: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.


Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: зертханалық-тәжірибелік

Пәнаралық байланыс: геометрия,сызу.

Сабақтың көрнекiлiгi:МS Exсel терезесі, электрондық оқулық, мультемедиялық проектор, таратпа материалдар, компьютерде тест тапсырмасы.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі - 3'

  2. Үй тапсырмасын сұрау - 15'

  3. Жаңа сабақты түсiндiру - 20'

  4. Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма №1 (деңгейлік тапсырма) – 10'

Тапсырма №2 (Куббизм(сәйкестендіру)) – 7'

  1. Сергіту сәті (жұмбақ шешу) - 5'

  2. Сабақты қорытындылау (тест орындау) - 15'

  3. Оқушыларды бағалау - 3'

  4. Үйге тапсырма беру - 2'


І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігін қайталау;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойып және семантикалық карта таратып, алдыңғы сабақтарда танысқан материалдарды қайталап өтемін.

  1. MS Excel бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  2. Excel-дің қызметі қандай?

  3. Excel бағдарламасында формула жазу тәртібі.

  4. Ұяшықтардың абсолют немесе салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады?

  5. Автоформат командасы не үшін арналған және ол қалай қолданылады?

  6. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?

  7. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?


Семантикалық карта



Жолдар


Бағандар


Ұяшық


Аудан

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі


=






Латын әріптерімен






Араб цифрларымен






В13:С19






Жол мен бағанның қиылысуы








IІІ. Жаңа сабақты түсiндiру:


Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік.

Қазіргі заманғы кестелік процессорлар суретсіз статистикалық мәліметтерді бояулы диаграммалармен, графиктермен және графикалық объектілермен (суреттермен, схемалармен) түрлендіруге мүмкіндік береді. Диаграммалар мәліметтерді графикалық ұсыну үшін арналған.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.




Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:

Дөңгелек

Пирамидалық

Жапырақшалық

Сақиналық

Гистограммалар


Цилиндрлік

Көпіршіген

Нүктелік

Конустық

Сызықтық


ДИАГРАММАЛАР













Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі өсі бар: горизонталь немесе санаттар осі және вертикаль немесе мәндер осі. Көлемдік диаграммаларды әзірлеу кезінде үшінші ось – қатарлар осі үстемеленеді. Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар.

Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін пайдаланылады.

Аңыз (легенда) диаграммада ұсынылған мәліметтердің қатарын айырып тануға көмектеседі. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен диаграмманы құру керек.

Диаграмманың кейбір типтерін мысалда қарастырайық:


















































Диаграмманы орналастыру үшін:

  • Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу қажет.

  • Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеу;

  • Вставка (Қою) менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе Стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;

  • «Мастер диаграмм» (Диаграмма шебері) диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдау қажет;

  • Келесі қадамға өту үшін Далее (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;

  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Готово(Дайын) батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды.

  • Соңғы терезесіндегі Готово(Дайын) батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа объектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тінтуірді шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюіндегі қажет команданы таңдау керек. Диаграмманы жою үшін оған тінтуірді бір рет шертіп, Delete пернесін басамыз.

ІV.Бекіту кезеңі


Компьютермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.


1-міндетті деңгей

Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.


х

у

2

4

4

16

6

36

8

64

10

100

12

144


2- лайықты деңгей

Төмендегі кестені толтырып, гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.


Еуропажәне ТМД елдері

Елдер

Жеркөлемі, мыңкв.км

Халқы, млн. Адам

Қазақстан

2717,3

16,7

Ұлыбритания

244,1

557,1

Германия

356

80

Италия

301,2

57,5

Молдава

33,7

4,4

Польша

313

38

Франция

552

56,5

Ресей

17075,4

148



Кубизм: Сәйкестендіру





Формула қандай символмен басталады


Автоформат

Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау командасы

Жалпы қосындыны анықтау

Диаграмма шебері батырмасы

Диаграмма элементтрі

Ұяшықтар деп ....

=, + белгілерінен кейін

Диаграмма түрлері

Диаграмма бейнесі

Автомсумма деген не?

Қою -

Аңыз, тақырып, тор

Гистограмма,сызықтық

Функцияларды енгізу жолы

Кестенің ең аз құраушысы

V. Сергіту сәті жұмбақ шешу

  1. Ақпарттықағаздағы,

Компьютергеенгізеді.

Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы.   (сканер)

  1. Ұзынтұражалқаубек, 

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.     (Бос орын пернесі   (пробел))

  1. Саусақтарды ойнатып, 

Ой жүйесін түсінген.

Саналыны ойлантып, 

Ақ қағазға түсірген. (Жазу машинкасы) 



















VI. Сабақты қорытындылау. Тест орындау.

1.Microsoft Excel дегеніміз не?

  1. Операциялық жүйе

  2. Текстік редактор

  3. Антивирустық программа

  4. Электрондық кесте

  1. 2.Microsoft Excel жолдар саны

  1. 65536

  2. 256

  3. 125

  4. 1256

  1. 3.Microsoft Excel бағандар саны

  1. 65636

  2. 256

  3. 125

  4. 1256

  1. 4.Диаграмма дегеніміз не ?

  1. Бірнеше ұяшықтар тобы

  2. Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект

  3. Мәтіндік редакторда қолданылытын жазу түрі

  4. Жол мен бағанның қиылысуы

  1. 5.Диаграмманың неше түрі бар ?

  1. 20

  2. 16

  3. 14

  4. 12

  1. 6.Аңыз, тақырып, тор дегеніміз не?

  1. Диаграмма тақырыбы

  2. Диаграмма түрі

  3. Диаграмма дизайны

  4. Диаграмма элементтері

  1. 7.Диаграмманы құру қанша қадамнан тұрады?

  1. 4

  2. 5

  3. 6

  4. 7

  1. 8.Электрондық кестеде төмендегі мәліметтерді автоматты түрде толтыруға болады

  1. Айлар, апта күндері, диаграмма аттары

  2. Апта күндері , сандар , диаграмма аттары

  3. Айлар , апта күндері, сандар

  4. Формулалар диаграммалар

  1. 9.Электрондық кестеде мәлімет енгізетін кестенің ең кіші бөлшегі

  1. Жол

  2. Ұяшық

  3. Баған

  4. Кесте

  1. 10.Диаграммаға өзгертулерді қалай енгіземіз?

  1. Дайын диаграмма өзгермейді

  2. Түзету ­­ диаграмма - диаграмма парамертлері

  3. Диаграмманы бір рет шерту - Диаграмма - Диаграмма параметрлері

  4. Формат - Диаграмма - диаграмма парамертлері

  1. VІІ. Оқушыларды бағалау.

  2. Сонымен балалар , біз

  3. Нені білеміз?: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.

  4. Осы сабақтан нені білдік?: Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын.

  5. Келесіде нені білуіміз қажет?: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.

  6. VІІІ .Үйге тапсырма

    1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. «Информатикадан 30 сабақ» §25 (283-296 бет) оқу;

    2. Microsoft Excel бағдарламасы туралы қосымша материалдар іздеп келу;

    3. Ребус, кроссворд құрастыру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
MS Excel-ді? графиктік м?мкіндіктері. Диаграмма ??ру, редакциялау

Автор: Сатыбалдинова Айгерим Еркеновна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168424


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства