Microsoft Word м?тіндік редакторында ??жат?а диаграммаларды ж?не математикалы? формулаларды кірістіру.
Microsoft Word м?тіндік редакторында ??жат?а диаграммаларды ж?не математикалы? формулаларды кірістіру.
Саба?ты? ма?саты: Microsoft Word м?тіндік редакторыны? ?рт?рлі м?мкіндіктерін пайдалана отырып, о?ушыларды? ?з бетінше ж?мыс істей білу іскерліктерін ?алыптастыру Саба?ты? міндеттері:
1. Microsoft Word м?тіндік редакторыны? ?рт?рлі м?мкіндіктерін пайдалана білу
2. Microsoft Word - тан ал?ан білімдерін практикада ?олдана білу білігін дамыту.
3. Компьютерлік сауаттылы? пен м?дениеттілікке, ?з бетінше е?бек ?рекетіне т?рбиелеу. Саба?ты? типі: о?ушыларды? білімін, шеберлігін ж?не да?дыларын тексеру саба?ы Саба?ты? т?рі: аралас.
Саба?ты? к?рнекілігі: ДК, мультимедиа проекторы, плакаттар, карточкалар Программалы? ?амсыздандыру: Microsoft Word , Excel программалары
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Microsoft Word м?тіндік редакторында ??жат?а диаграммаларды ж?не математикалы? формулаларды кірістіру. »
"Темір жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Оразбекова Күлайшаның 10 "А" қоғамдық-гуманитарлық сыныпта өткізілген сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Microsoft Word мәтіндік редакторында Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру. Сабақтың мақсаты: Microsoft Word мәтіндік редакторының әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктерін қалыптастыру Сабақтың міндеттері: 1. Microsoft Word мәтіндік редакторының әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалана білу 2. Microsoft Word - тан алған білімдерін практикада қолдана білу білігін дамыту. 3. Компьютерлік сауаттылық пен мәдениеттілікке, өз бетінше еңбек әрекетіне тәрбиелеу. Сабақтың типі: оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, мультимедиа проекторы, плакаттар, карточкалар Программалық қамсыздандыру: Microsoft Word , Excel программалары Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) 1. оқушылармен сәлемдесу 2. оқушылардың зейінін сабаққа аудару 3. сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды екі топқа санамақ әдісі бойынша екі топқа бөліп алу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(5 мин)
Тапсырма1 1. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. 1. Microsoft Word қандай редактор? 2. Бұл программаның қандай мүмкіндіктерін білесіңдер? 3. Мәтін деген не? 4. Мәтінге қандай әрекеттер жасауға болады? 5. Баған дегеніміз не? 6. Кесте деген не?
7. Колонтитулдардың стилі қандай?
8. Сканерленген мәтіндердің қандай ерекшелігі бар?
9. Қатемен қай тілде автоматты жұмыс істеуге болады?
10.Мәтінге сілтемелер қалай қойылады? Тапсырма 2
Жұмбақты шешіп, Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндігін, автофигураларды пайдаланып, шыққан жауабының суретін сал.
1 – нұсқа 2 - нұсқа Үстінде есігі, Өзі орындық, әрі үстел, Оқушылар бесігі (Парта)
Ағаштардың көркемі, Мәңгі жасыл бұтағы. Мекен ғып тау - өлкені, Кәусар ауа жұтады. (Шырша)
Екі тапсырманың бағасы бағалау парағына енгізіледі. Ал енді оқушылар сендер білесіңдер компьютерді пайдаланушылар мен программисттердің ең негізгі әлсіз мүшесі - көру мүшесі болып табылады. Сондықтан қазір көзге арналған бірнеше жаттығуларды жасайық. 1. көздің қарау бағытын өзгерту: сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау; 2. басты кезекпен екі жаққа бұру; 3. саусақтарды жұдырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту; 3. Компьютерде орындалатын 2 тапсырма (ол тапсырма үлестірмелі парақшамен беріледі) Бұл тапсырмалар біріншіден, оқушылардың логикалық ойлауын, тапқырлығын танытса, екіншіден, тақырып бойынша компьютерлік сауаттылығын анықтайды. Ал енді оқушылар осы Microsoft Word редакторындағы кесте дегеніміз не? Қатар деген не? Бағана деген не? Ал ондай болса, оқушылар қазір біз тапсырмалармен жұмыс жасаймыз. Дербес компьютерде жұмыс.