kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Microsoft Excel программасы. Жобалы? ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

МS Excel программасын ?мірмен байланыстыра о?ытуды? тиімділігі ?те зор. К?нтізбелік жоспары бойынша МS Excel программасын о?ыту?а 10 са?ат б?лінген. Аптасына 1 са?ат болатын саба?та МS Excel программасында о?ушыларды? компьютерлік сауаттылы? де?гейін арттыру ?те ?иын. Б?л дегеніміз МS Excel программасына берілген 10 са?атты о?ушылар 2,5 ай ішінде о?ып бітіреді. Осы уа?ытты тиімді пайдалану ?шін МS Excel программасын ?мірмен байланыстыра отырып о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып аптасына 1 рет емес апта бойы ж?мыс жасауына жа?ыдай жасалады. Ол ?шін МS Excel программасын ?мірмен байланыстыра о?ытып,  о?ушылар?а зертханалы? ж?мысты тере?детіп зерттеу ар?ылы орындауларын талап етіледі. Мысалы, ?з к?нтізбесін ??ру, ая? киім бутигінні?, киімдер бутигіні?, тама? бутигіні? т.б. тауарларына программа ??ру ар?ылы зетханалы? ж?мыс жасайды. О?ушылар ізденіс жасап, программасын ??рып н?тижесіне жетеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Microsoft Excel программасы. Жобалы? ж?мыс»

Петровка орта мектебі












ТАҚЫРЫБЫ:

Информатика сабағында Ms Exсel программасын өмірмен байланыстыра оқыту









Жұмыс авторы: Нурдуллаев Е.Г.

Петровка орта мектебінің

информатика пән мұғалімі



















2015-2016 оқу жылы

Мазмұны



Кіріспе. 3

І бөлім

MS Excel программасы

ІІ бөлім

MS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқыту

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымша






















Кіріспе


«Қоғамда өмір сүре отырып,қоғамнан тысқары бола алмайсың».

В.И. Ленин

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Казақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы анықтап берген және Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру жүйесінің алдында тұрған келешектегі жауапты міндеттердің бірі- еліміздің гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар жоғары білімді, мәдениетті жастар тәрбиелеу. Білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «ЮНЕСКО-ның және өзге де зерттеулер оқушылардың білім деңгейлерінің жылдан- жылға төмендеп келе жатқандығын анықтайды»- деп атап көрсетілді.

Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңістігіне бағыт алуда. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адам арасындағы қарым- қатынас құралдарының ғарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы- 12 жылдық білім беруге көшуге жаңа бастама болып отыр. Сондықтан мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейімі, жеке қабілеті және әлеументтік- психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Орта мектепте оқытылатын оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кездегі жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселесінің бірі- оқушылардың «дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру». Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.

Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігі информатика сабағында оқушының дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін сабақта арттырудың, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландырудың тиімді жолдарын қарастырылумен анықталады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің бірі оқу болғандықтан бұл заңды.

Қоғам жеке оқушыдан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан- жақты болуды талап етеді. Қазіргі кезде ұстаздар алдындағы маңызды міндеттердің бірі – оқушының жеке басының ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген қызығушылығы мен іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс -әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу- ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс - әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында тұрған міндет. Оқу жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті - күрделі әрі жан – жақты үрдіс.

Оқушының ақыл -ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады.










Зерттеудің болжамы: Егер оқушылардың таным белсенділігін арттырып қалыптастыратын болсақ, онда шығармашылыққа қабілетті жеке тұлғаны дамытуға да болар еді.

Зерттеу нысаны:- орта мектептің 8-сынып оқушылары.

Зерттеу пәні - информатика

Зерттеудің мақсаты- Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылық деңгейін өмірмен байланыстыра отырып дамыту.

Зерттеу мақсаты төмендегідей негізгі міндеттермен нақтыланады:

  1. Теориялық тұжырымдарды практикада іске асыру, сабақ барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыруды зерттеу, оны іске асыру жолдарын көрсету.

  2. Оқушыларды өзін өзі бағалауға, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.

Зерттеу міндеттері мен мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері: бақылау; сабақтар жүргізу және нәтижелерін өңдеу қолданылды.


















І бөлім.

1979 жылы екі экономист студент Dэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Еxcel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. 1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызады. Бірінші болып VisiCalc кестелік процессоры жасалды. Осыдан кейін-ақ электрондық кестелер (ЭК) тұжырымдамасын бірқатар фирмалар іліп алып кетті. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 дестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Ins фирмасының SuperCalc-3-4-5 кестелік процессорлары кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестілері жасалынды. Осы күнге дейін қуаты аз компьютерлерде SuperCals-4.5 нұсқасы қолданылады.

Қазіргі компьютерлерде Мicrosoft Excel кестелік процессоры кең таралған. Мicrosoft Excel электрондық кестесімен танысамыз. «Электрондық кесте» деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Оптимизация (тиімді ету) есептерін шығару.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу (табу).

  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Мicrosoft Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. Мicrosoft Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа емес, ол көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп әр адамға түсінікті түрде жүргізе алады. Ол кестедегі мәліметтерді пайдаланып, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент өткізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.














ІІ бөлім.

Бірінші зертханалық жұмыс.

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»

Абай

«Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Осы ұлы адамдардың сөздері әр адамды ойландыратыны сөзсіз. Оқушыларға да осындай ой сала отырып өздерінің бір күніне есеп беруін сұраған жөн. «Күн тәртібі» зертханалық жұмысының басталуы оқушының өз бір күнін қалай өткізгені туралы өзіне есеп беруден басталады. Өзіне есеп бере отырып бір күнінің кеткен уақытын жазып шығады. Яғни, бір күндегі немесе 24 сағаттағы өз өмірінің немен өткенін төмендегідей MS Excel программасына енгізеді.
















MS Excel программасына енгізіп болғаннан кейін, осы күн тәртібін диаграммаға салады да пайызын көрсетеді. Бұл мысалы төменегідей болып шығады.



Екінші зертханалық жұмыс

Төменде ұсынылып отырған бұл зертханалық жұмыс - Excel программасында қазіргі өмір талабымен байланыстыра отырып программаларды құру арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін және шығармашылық жұмысын арттыруға негізделген.

Зертханалық жұмыста мұғалім банкир, оқушылар сол банкінің клиенттері болып саналады. Банкир өз клиенттерінің сұраныстарын ескеріп несие береді. Ол үшін банкир несие алушы клиенттерге несие алу, қайтару мысалын көрсетіп түсіндіреі.

Мысалы, несие алушы Ернұр мырза 250 000 теңгені 1 жылға 13% жылдық пайызымен (процент) 2009 жылдың қаңтарында банкіден алды. Ол 2010 жылдың қаңтарына дейін несиені және қосымша пайызын қоса банкіге қайтарып беруі тиіс. Несие алушы несиені 1 жылға алғандықтан және ай сайын

сол несиенің белгілі бөлігін қосымша айлық пайызымен қайтаруы тиіс болғандықтан жылды айларға бөліп тастаймыз.

  1. Банк шарты бойынша несиеге беріген ақша қанша жылға берілсе, сол жылдарға шағып бөлінеі, мысалда несие алушы несиені 1 жылға алғандықтан берілген екі жүз мыңды он екі айға бөлеміз. Сонда беріген несиенің қаншадан ай сайын (20833) қайтарылатынын білеміз.

  2. Енді берілген несиенің жылдық 13% пайызын есептейік. Ол үшін пайызды есептеу формасы бойынша 250 мыңды 13% ке көбейтіп, 100 ге бөлеміз. Осы жылдық пайыз арқылы, айлық пайызды табу үшін 1 жылда 12 ай болғандықтан, 12 ге бөлеміз. Нәтижесінде ай сайын беретін пайызымыз анықталады.


  1. Банкі шарты бойынша беріл-ген несиені несие алушы ай сайын айға шағып бөлінген ақшасы мен пайызын қоса банкіге қайтарып отыруы керек.


  1. Айға шағып бөлінген несиені (208333) берілген несиеден немесе несиенің қалдығынан әр айда банкіге қайтарып берген сайын, алып тастап отырады. Сонда несие алушының банкіден алған несиесі азаяды. Алынған несие азайған сайын айлық пайызы да (%) азаяды. Айлық пайызы ай сайын азайып отыратындықтан банкіге қайтарылатын ақша да азайып отырады.


Ескерту: Осы әрекеттерді орындап болғаннан кейін «+» белгісімен ұяшықтарды тарта саламыз. Есептеу программада автоматты түрде өзі жүргізіледі.


Сонымен Ернұр мырза 250 мың теңге алып 1 жылдың ішінде 266250 теңге қылып қайтарып берген. Бұдан үстеме пайызы 16250 теңге болып шыққанын көреміз. Бұл программаның тиімді жағы бір рет бір несиеге құрып алған программадан кейін, несиенің мөлшерін өзгертуге болады. Енді клиенттерге (оқушыларға) банкир (мұғалім) таратпа материал арқылы несиелерін береді. Бірақ программа күрделірек болу үшін несиені 3 жылға береміз және 1 жыл өткеннен кейін несиенің қалдығына жылы ұзартылғандықтан 0,8% өсімше (2-жылға – 0,8%, 3-жылға – 1,2%) қойып отырамыз. Сонымен қатар әр несие алушыға жылдық % (пайызы) өзгертіліп беріледі. Несиені доллармен де беруге болады. Ол үшін ұяшықтарды белгілеп «Ұяшық пішімі» терезесіне кіріп «Сан» батырмасынан «Ақшалай» ды таңдап алып «$» Ағылшынның (АҚШ)» таңбасын таңдап алсақ болғаны.

Таратпа материалдар:

1-карточка

850 мың теңгені 3 жылға 14% жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,9% ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.

2-карточка

1500 долларды 3 жылға 12% жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,3% ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.

3-карточка

10200 мың теңгені 3 жылға 11% жылдық пайызбен және жыл өткен сайын өсімшесі 0,9% ке өсіп отыратын болсын. Банкінің шарты: берілген несие жылына (айларға) шағып бөлінеді және бөлінген айлық несие мен айлық пайызы қоса ай сайын банкіге қайтарылып берілуі тиіс.


Ескерту: Негізінен банкілерде жылдық өсімше деген жоқ, біз программа күрделірек болсын деп қана қосамыз, оны сынып деңгейіне байланысты қоспауға да болады.









Үшінші зертханалық жұмыс.

Келесі зертханалық жұмыстың қызықшылығы сол, оқушылар бір-бір дүкеннің иесі болады. Мысалы төмендегідей көрсетіп отырған «Аромат» дүкені. Бұл дүкенде парфюмериялық иіс су, шампун т.б. заттары сатылады. Дүкен иесі (оқушы) 15 күн сайын сатушыларын ауыстырады, сол кезде дүкеніне тіркеу (учет) жасап, келесі сатушыға өткізіп беру керек. Осыған дүкен иесі МS Excel программасында өзіне тиімді программа құруы керек. Мысал ретінде «Аромат» дүкенін көрсетейік, ол үшін «тауар атауы», «қанша дана», «бағасы», «барлығының бағасы», «сатылғаны (дана)», «сатылған бағасы (кассадағы ақша)», «сатылмай қалғаны (дана)», «сатылмай қалғанның бағасы (тауар болып тұрғаны)». Кестедегі қара түспен «қанша дана», «бағасы» ұяшықтарын дүкен иесі қолмен толтырады. Ал барлығының бағасын автоматты түрде есепке қояды, ол үшін «қанша дана» ұяшығы мен «бағасы» ұяшығын көбейтеді. (=С7*D7) Нәтижесінде бір тауар атауының барлық бағасы және барлық тауар атауының жалпы бағасын білуге болады. Яғни, «Аромат» дүкенінде тауар айналысында жалпы қанша ақша жүргенін білуге болады.















Сатушы күнделікті сатылған тауарын «Сатылғаны (дана)» бағанындағы сатылған әр тауардың данасын енгізіп отырады. Ал «Сатылған бағасы (кассадағы ақша)» автоматты түрде сатылған тауарлардың құнын енгізіп тұрады, мұның арқасында дүкен иесі қаншаға сауда жасағанын біліп отырады. (= D7*F7)

«Сатылмай қалғаны (дана)» бағаны автоматты түрде сатылмай қалған тауардың данасын көрсетіп тұрады. (= C7-F7) Яғни, 15 күнде бір қабылдайтын сатушы тек сатылмай қалған тауар санын алып, олардың дүкенде барлығына көзін жеткізсе болғаны.


Дүкен иесі «Сатылмай қалғанның бағасы (тауар болып тұрғаны)» бағаны арқылы автоматты түрде есептелген ақшадан да хабардар болады. Осы баған арқылы тауар айналысында қанша ақшасы қалғанын біліп отырады.















Қортынды

МS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқытудың тиімділігі өте зор. Күнтізбелік жоспары бойынша МS Excel программасын оқытуға 10 сағат бөлінген. Аптасына 1 сағат болатын сабақта МS Excel программасында оқушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру өте қиын. Бұл дегеніміз МS Excel программасына берілген 10 сағатты оқушылар 2,5 ай ішінде оқып бітіреді. Осы уақытты тиімді пайдалану үшін МS Excel программасын өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып аптасына 1 рет емес апта бойы жұмыс жасауына жағыдай жасалады. Ол үшін МS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқытып, оқушыларға зертханалық жұмысты тереңдетіп зерттеу арқылы орындауларын талап етіледі. Мысалы, Өз күнтізбесін құру, аяқ киім бутигіннің, киімдер бутигінің, тамақ бутигінің т.б. тауарларына программа құру арқылы зетханалық жұмыс жасайды. Оқушылар ізденіс жасап, программасын құрып нәтижесіне жетеді.

Бұл зертханалық жұмыстар жай алына салған жоқ. Бұл зертханалық жұмыстардың тәрбиелік маңызы зор. Мысалы; Күнтізбелік зертханалық жұмыста оқушы өзін-өзі тәрбиелеуге баулыйды.

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»

Абай

«Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Осы ұлы адамдар айтып кеткендей оушылар МS Excel программасын пайдалана отырып өзінен өзі есеп алуға, ұқыптылыққа, өз уақытын тиімді пайдалануға қалыптасады.

Ал келесі зертханада дүкен иесі бола отырып оқушылар бұл программаны меңгеру арқылы келешек өмірде керек кезінде қолдана алады немесе сол саланың қызметкерлерін үйрету арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп өз қоғамымыздың дамуына себепкер болатынына сенемін. Осылай МS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқытудың тиімділігінің тағы бір жағы оқушылар бұл программаға берілген 10 сағатқа қарап қалмайды, олардың қызығушылығы артып келешекте де осы программамен үнемі жұмыс жасайтынына сенемін. Бұл программаның тиімділігі сол қазіргі өмір талабына өте қажет программалардың бірі. Дүние жүзінде МS Excel программасының мүмкіндіктерін тек экономика саласында ғана емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.






















Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Информатика негіздері. Ғылыми әдістемелік журнал. 2004/2 36-37-бет. MS Ecxel программасындағы зертханалық жұмыс

  2. Білімдегі жаңалықтар. 2008/4(24) 27-бет. Мектеп тәрбие үрдісінде

оқушыларды ғылыми зерттеу ізденіісіне баулу

  1. Қазақстан мұғалімі. 2006/1-3. 4-б. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері.

  2. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов «30 информатикадан сабақ» 2006 жыл. Алматы.


http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/informatika/8-klass/file/23835-microsoft-excel-programmasy.html



http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/certificates/?dae8340d8d2a102cb8481f32b70d4ba6#Gold



https://edupres.ru/certificates/?2df5fde726df8b163745315ecd25f77d#openModal
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Microsoft Excel программасы. Жобалы? ж?мыс

Автор: Нурдуллаев Ерлан Габибуллаевич

Дата: 21.02.2016

Номер свидетельства: 296555


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства