kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Компьютерді? ?осымша ??рыл?ыларын орнату. Драйверлер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:
Білімділігі: ?осымша ??рыл?ылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы м?лімет беру, компьютерді? ?осымша ??рыл?ылары туралы білімдерін ?алыптастыру.
Т?рбиелігі: Жауапкершілікке баулу, д?лдікке ?йрету.
Дамытушылы?ы: О?ушыны? ?рбір саба??а ынтасы мен ?абілетін біріктіріп, есте са?тау ж?не зейіндік ?абілеттерін дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру

Саба?ты? т?рі: практикалы? саба?
Саба?ты? типі:
?дістері: Практикум, баяндау ар?ылы т?сіндіру.
К?рнекіліктер: Компьютер, электронды о?улы?, интерактивті та?та, презентация
П?наралы? байланыс: а?ылшын тілі, орыс тілі

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Компьютерді? ?осымша ??рыл?ыларын орнату. Драйверлер »

Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қосымша құрылғылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың типі:
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
Процессор дегеніміз не?
Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз?
Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
Мониторлардың қандай типтері бар?
Тасымал компьютерлер дегеніміз не?
Қалта компьютерлер жайлы не білесіздер?
Планшеттік дербес компьютерлер қандай болады?
ІІІ. Жаңа сабақ

Біз 7 – сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК - дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
ДК - дің минимум тізіміне мыналар жатады:
Жүйелік блок;
Монитор
Пернетақта

Қосымша құрылғылар - компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.
Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы.
Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Модем дегеніміз - компьютерді интернетпен қосып тұратын құрылғы.
Жұмыс жасауы принципі - модем модулятор және демодуляторлардан тұрады, компьютерден шыққан ақпарат модем ішінде модуляциядан өтіп келесі модемге жетеді, ол жерде қайта демодуляция орындалады

Компакт – дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD - R компакт – дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD - RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт - 8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB – портқа қосады, секундына 1 - 10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Драйвер - компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірақ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.
Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек:
1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетін көрінеді, мәселен видео карта жады 16 - 128 мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек.
2. Құрылығын ІД арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез - келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІД жазылып тұрады.

Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www. drp. su
Сонымен қатар, driver. ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар.
Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер - қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда.
Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады.
Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде Бағдарламаларды орнату және өшіру категориясында көрініп тұрады.

Тапсырма
Веб - камераны компьютерге қосып, орнату
ІҮ. Практикалық жұмыс.
Компьютерде орнатылған электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
1 - тапсырма. Компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды
2 - тапсырма. Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз
3 - тапсырма. Компьютерді қосу
4 - тапсырма. Компьютерді өшіру
9 - тапсырма. Ақпаратты тасымалдауыштарды өз орналастыру
Ү. Сабақты бекіту: Тест тапсырмалары
1. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:
А) негізгі құрылғылар
Б) қосымша құрылғылар
В) екі жауап та дұрыс
2. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы
А) принтер
Б) сканер
В) модем
3. Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
А) принтер
Б) модем
В) сканер
4. Драйвер дегеніміз не?
А) компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар
Б) өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
В) мәліметтер типі
5. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғылар:
А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар
Б) негізгі құрылғылар
В) басып шығару құрылғысы
6. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?
А) принтер
Б) сканер
В) модем
7. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің кең тараған түрлері:
А) матрицалық, бүріккіш және лазерлік
Б) планшеттік, сенсорлық
В) антивирустық, операциялық
8. Компьютердің негізгі құрылғылары:
А) сканер, модем, монитор
Б) монитор, пернетақта, жүйелік блок
В) принтер, монитор, жүйелік блок
9. Пернетақтаның жұмысын жеңілдететін құрылғы
А) монитор
Б) тышқан (тінтуір)
В) принтер
10. Дыбыс шығаратын құрылғы
А) колонка Б) модем В) микрофон
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

Кері қайту

Ілмек сөздер: Қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Компьютерді? ?осымша ??рыл?ыларын орнату. Драйверлер

Автор: Бектенова Айгерім М?сахан?ызы

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 180956


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства