Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және
біріктіруге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.
Сабақта қолданылатын
көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада
дайындалған слайдтар,
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест).
Қорытындылау
ІҮ. Жаңа тақырып.
Ү. Практикалық жұмыс.
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлемін.Топтың аты Мәтін тобы және Кесте тобы.
Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.
Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша тест алу.
ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.
Жауап жоспарының үлгісі:
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
Тағайындалған орынға отыру керек.
ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т.с.с.
Жарайсыңдар!
Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Тақтада оқушыларға алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысының дұрыс жауабы шығады.Сол бойынша үй тапсырмасын өзара тексереді.Оқушылар бір-бірін бағалайды.
Тест сұрақтары
Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
А) Жіберу - Программалар - Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы*
9. MS Word программасында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?
А) Қою – Беттің нөмірлері – Орналасу – ОК*
В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке - ОК
С) Файл – Беттің параметрлері
10. Абзацтық шегініс түрлері:
А) нөлдік, оң, теріс*
В) абзацты сол жақ шеті бойынша туралау.
С) абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.
ІҮ.Сұрақ - жауап. Әр оқушыдан бір сұрақтан қойып өткен тақырыптарды қайталаймыз.
Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Мәтіндік процессор интерфейсі
Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
Ж КЧ- батырмаларының қызметі
- батырмаларының қызметі ата?
- батырмаларының қызметі ата?
Алдын ала қарау бұйрығы не үшін керек?
Құжатты қалай басып шығарудың неше түрі бар?
Тез басып шығару бұйрығы қайда орналасқан?
Құжатты қалай сақтаймыз?
Сақталған құжатты қалай ашамыз?
Microsoft Office Word 2007 мәтіндік
Мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
Ү. Жаңа сабақ
Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.
Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сендер кесте дегеніміз не және кесте құру әдістерін үйренулерің керек.
Ал , балалар сендер §22 Кестелер.Кестелерді құру тақырыбын ашып оқыңдар.
Мәтін тобына :
Кесте деген не?
Кестелер қалай құрылады?
Кесте тобына:
Кесте элементтері (баған,ұяшық қатар)
2. Оларға қандай амалдар қолдануға болады?
Деген сұрақтарға жауап іздеңдер.
Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.
Кесте құрудың үш әдісі бар:(мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді)
Осы үш әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 10 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. 3-ші әдісі қолмен салуды көрсетеді. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.
Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Жол– көршілес ұяшықтардың бірлестігі
Баған — көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады.
Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:
Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:
Контектстік мәзірден-Удалить строки немесе Удалить столбцы
Макет- Удалить строки немесе Удалить столбцы
Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.
Мен қазір сіздерге бірнеше мысал көрсетемін, сендерде қандай кесте құрылуы мүмкін.
Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып
келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки(бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.
Сергіту кезеңі: жұмбақ шешу
Тұрады ол жолдармен бағандардан, Және тұрар ұяшықтар ағымынан. Кәне ойланып көрейік ол не екен, Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(Ұяшық)
Кестенің бір негізгі элементі, Көлденең ұяшық құру қызметі. Ұяшық емес, баған емес ол не екен? Кестенің негізгі болған қызметі.
(Жол)
Маған айтып берсең ұмытып қалармын,
Көрсетіп берсең есте сақтармын,
Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.
деп айтқандай әрқайсыңның партаңда тапсырмалардың жоспары жатыр. Жоспар бойынша MS Word мәтіндік процессорын жібереміз.
ҮІ. Практикалық жұмыс
Берілген кестені 2 әдіс бойынша құр.
Достарың туралы мәліметтер жаз.
«Туған жылы» бағанының сол жағына 1 баған қос. Оған «сыныбы» деп жаз.
Кестеге тағы 1 жол қос. Оған өзің туралы мәлімет қос.
Р/с
Оқушының аты-жөні
Туған жылы
Мекен-жайы
Телефоны
1
2
3
4
5
Кестені 1 әдіс бойынша құр.
Tab пернесін басып 1 жол қос, 4-ші ұяшықты біріктір.
Кестенің соңынан тағы 1 баған қос оң жағына, оған Қолы деген мәлімет енгіз.
Мұғалімге көрсетіңіз.
«Менің күнделігім»
Күні
№
Пәндер
Үйге тапсырма
бағасы
31.10.09Сенбі
1
2
3
4
Тарих
География
Математика
Информатика
Кестемен жұмыс
5
Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.
Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.
Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.
Практикалық жұмысты бағалау.
ҮІІ. Сабақты бекіту үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)
Кестені даярлау үшін.... Кесте Кесте қосу
Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте Біріктіру
Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан?Стандартты
Ұяшық дегеніміз не?.......Баған мен қатардың қиылысуы
Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат Шекара және Құю Шекара
Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне.......tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы...........Бөлу
8. Жолдарды кірістіру...............Кесте Кірістіру Жол қосу
Сабақтың қорытындысы.
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды.