kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ИНФОРМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА?Ы КЛАСТАН ТЫС Ж?МЫСТЫ? Т?РЛЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кластан тыс ж?мыс ??ымы ке?. Ол мазм?ны, ба?ыты, ?дісі, та?айындалуы, формасы мен жолдары жа?ынан білімділікті ?ажет етеді. Мысалы, ?йірмелер отырысы, кластан тыс о?у, мерекелік шаралар мен кештер ?ткізу осы кластан тыс ж?мыстар?а жатады. Біра? кей жа?дайларда (о?улар, ?йірмелер т.б.) м??алімдер басшылы? жасаса, кей жа?дайда (бай?ау, кеш т.б.) о?ушы белсенділігі мен бас?аруында болады.

         Информатикадан кластан тыс ж?мыстар компьютер мен а?паратты? технологияларды ?олдану м?мкіндіктерін беретін п?наралы? байланыс іспеттес. Компьютерді ?олданып бас?а п?ндерін кластан тыс шаралар ?ткізу о?ушыларды? д?ниетанымы мен ?ызы?ушылы?тарын арттыра т?седі.

         Кластан тыс ж?мыс- б?л педагогтарды? мектеп о?ушыларыны? саба?тан тыс уа?ытта?ы ?рт?рлі «іс-?рекеттері мен іс-шараларын» ?йымдастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ИНФОРМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА?Ы КЛАСТАН ТЫС Ж?МЫСТЫ? Т?РЛЕРІ»

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ КЛАСТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ


Кластан тыс жұмыстың формалары мен түрлері


Кластан тыс жұмыс ұғымы кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, кластан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы кластан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайда (байқау, кеш т.б.) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.

Информатикадан кластан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерін кластан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.

Кластан тыс жұмыс- бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру.

Кластан тыс жұмыс- сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу- тәрбиелік іс- шаралар.

Кластан тыс жұмыс – баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін оқушылардың кластан тыс уақыттағы іс-әрекетінің сан алуан түрлерін педагогтің ұйымдастыруы.

Кластан тыс жұмыс – міндетті оқу бағдарламалары шеңберінен шығатын және сабақтан тыс уақытта мектеп өткізетін түрлі тәрбие-білім беру іс-шаралары.

Кластан тыс жұмыс ұғымы кең әрі бір мағыналы емес, мазмұны, мақсаты, өткізу әдісі, сабақтарды басшылыққа алу түрі мен амалы бойынша түрлі болып келеді. Мысалы, пәндік үйірмелер бойынша отырыстар, кластан тыс оқулар, мектеп мерекелері мен кештерін өткізу кластан тыс жұмысқа жатады. Бір жағдайларда оны мұғалім басқарады, бір жағдайларда оқушылардың іс-әрекеті өзін-өзі басқару негізіндегі сипатқа ие болады. Осыған байланысты «кластан тыс жұмыс» ұғымын дифференцияциялау қажеттілігі туындайды, педагогикалық әдебиеттерде және тәжірибеде «сабақтан тыс жұмыс» және «оқудан тыс жұмыс» терминдері қолданылады.

Сабақтан тыс жұмыс мақсаты, мазмұны мен әдісі бойынша оқу процесіне қосылып, сабақтан тыс уақыттыға оның жалғасы болып табылады ерікті және өз күштерімен әрекет етуші сипатқа үнемі ие бола қоймайды.

Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы рөл педагогтың қолында болады.

Оқудан тыс жұмыс – оқушылардың өзін өзі басқаруы, белсенділігі мен өз күштерімен әрекет етуі негізінде оқушылар ұжымында мұғалімдердің, клас жетекшілерінің бағыттауымен басты түрде жүргізілетін кластан тыс сабақтар.

Кластан тыс жұмыс іс-әрекеттің бірнеше түрін жинақтайды, оқушыларға оң әсер етудің кең мүмкіндіктеріне ие болады және мұғалімнің сабақта жұмыстың өзара байланысын жүзеге асыратын оқу-тәрбие жұмысының өзіндік саласы болып табылады.

Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын кластан тыс жұмыстар- баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды кластан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу қажет.

Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізі бөлігі болып саналатын кластан тыс жұмыстар баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Кластан тыс жұмыс мектептегі тәрбие жұмысының құрамды түрін құрай отырып, оқыту мен тәрбие беру – баланың құндылық жүйесін бұқаралық қабылдайтын қоғамға қажетті әлеуметтік тәжірибе мен қалыптастыруды игеру жалпы мақсатына қол жеткізуге бағытталады.

Кластан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

  1. Балада жағымды Мен тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:

а) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;

б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;

в) өзінің маңызды орын алатынын сезінуі.

Жағымды Мен тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.

Түрлі формадағы кластан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Кластан тыс жұмыстың әр түрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс әрекетн бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі жұмыстар баланың іс тәжірибесі мен дағдсын, адамдарқызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.

  1. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде кластан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Кластан тыс жұмыстарда оқушылар бір бірімен барлық жағынан қарым қатынаста болады. Әр түрлі кластан тыс жұмыстарда оқушылар өздерінің жаңа қабілеттерін ашып қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді. Ұжымдық өмір тәжірибесін, ынтымақтастық дағдыларын жинақтау үшін әсерлі жағдайлар жасау. Оқу еңбегі ұжымның бірігуне оң әсерін тигізеді. Ал кластан тыс жұмыстарда оқушылар өзара сан қырлы қарым-қатынастарға түседі. Кластан тыс жұмыстардың сан алуан түрлерінде оқушылар өздерінің айырмашылықтарын байқатады, сондай-ақ ұжымда тіршілік етуге үйренеді. Сонымен қатар кластан тыс іс-әрекет оқушылардың ұжымдық өзара іс қимылы тәжірибесін белгілі бір қырынан байытып, оқу-тәрбиеге үлкен әсер етеді.

  2. Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей әр түрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Кластан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкаголь, нашақорлық, тәртіп бұзушылық т.б) көбеюімен көкейтесті болып тұр. Өнімді, әлеуметтік-мақұлдау іс-әрекетінде іс-әрекеттің сан алуан түрлерімен тікелей танысу арқылы қажеттілікті қалыптастыру, оларға қажетті икемдер мен дағдыларға қызығушылықтарының жеке бейімділіктеріне сәйкес қалыптастыру.

  3. Әлеуметтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру. Кластан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады. Дүниетаным адамгершілік, көңіл-күй, ерік-жігер сияқты компоненттерін қалыптастыру. Кластан тыс жұмыста адамгершілік ұғымға ие болу арқылы мінез-құлықтың моральдық нормалары игеріледі. Эмоционалдық сала шығармашылық іс-әрекетте эстетикалық түсініктер арқылы қалыптастырады.

  4. Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Кластан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс әрекеттердің біртұтам екендігін білдіреді, өйткені кластан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Кластан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.

  5. Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру. Қазіргі кездегі келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет. Оқушылардың тәртібі олардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктеріне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды кластан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына көмектесу қажет.

Жоғарыда аталған міндеттер кластан тыс жұмысты оның негізгі мақсатына қол жеткізуде негізгі мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтайды және жалпы ережелер сипатына ие болады. Нақты тәрбие жұмысында кластың, педагогтің ерекшелігіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмысқа сәйкес нақтыланады.

Кластан тыс жұмыстың мақсаты мен міндетін оның оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметтері анықтайды.

Оқыту қызметі оқу іс-әрекетіндегідей басымдыққа ие бола алмайды. Кластан тыс жұмыста ол тәрбие және дамыту қызметтерін мейлінше тиімді іске асыру үшін қосалқы болып табылады да ғылыми білімдерін, оқу икемдері мен дағдылары жүйесін қалыптастыруда емес, мінез-құлық, ұжымдық өмірдің белгілі бір дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын үйретеді.

Кластан тыс жұмыс пен оқу жұмысын дұрыс ыңғайластыру оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесінде үлкен табыстар әкеледі. Кластан тыс жұмыс бірыңғай және міндетті оқу жоспарын сақтай отырып оқу мен тәрбиені дифференцияциялауда тиімді құрал бола алады. Оқу әрекеті шеңберінде оның міндетті тапсырмалармен шамадан тыс көптігіннен қиын қабылданау сияқты кейбір жетіспеушіліктердің орнын кластан тыс жұмысы толтырып отырады.

Кластан тыс жұмыста оқушылардың жеке қабылеттерін, бейімділіктері мен қызығушылықтарын оларға сәйкесінше әрекеттер арқылы айқындауда және дамытуда үлкен рөл атқаратын дамытушылық қызметі зор маңызға ие болады. Мысалы, әртістік қабілеті бар оқушыны мектеп мерекелеріне, КТК және т.б. шараларға, информатикаға қабілеті барларды пайдалы бағдарламалар әзірлейтін, дидактикалық материалдар жасайтын олимпиадаларға қатысуға тартуға болады.

Кластан тыс жұмыс оның бағытын, мазмұнын, түрі мен әдісін анықтауда бастапқы негізді құрайтын жалпы ұстанымдар негәзәнде жүргізіледі. Мақсаттық құрылғы ұстанымы оқу-тәрбие міндеттерін айқын жоспарлауды, қол жетімді нәтижелерді бағалауды, өткізілген жұмыстың жан-жақты талдауын талап етеді.

Кластан тыс жұмысты ұйымдастыру мен өткізудегі мақсаттың жоқтығы педагог пен оқушының қарым-қатынасын бұзатын формализмді туындатады. Нәтижесінде кластан тыс жұмыстың тиімділігі теріс нәтижелер береді не тіптен нәтиже болмайды.

Алдымен күтілетін нәтижелерді анықтап алған абзал. Бұл әлеуметтік тәжірибені игеру және құндылықтардың оң жүйесін қалыптастыру болып табылатын жалпы мақсатқа қол жеткізуге жағдай жасайтын міндеттерді айқындауға көмегін тигізеді. Әрбір жоспарланып отырған іс-шараның мақсаты мен тәрбиелік міндеті нақты анықталуы тиіс. Осы жағдайда ғана кез келген істің маңыздылығы оқушыға түсінікті болады. Кластан тыс жұмыстың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен байланыстылығы ұстанымының болмысы оны өткізу барысында оқу ұжымы мен әрбір оқушының қалыптасуы қоғамдық өмірге белсенді араласа отырып, нақты шынайы өмірдің әсерімен жүргізілуі тиіс. Сондықтан да кластан тыс жұмыс қоғамға пайдалы бағытқа ие болуы қажет. Бұл төменгі клас оқушыларымен жұмысты ұйымдастыру, информатика және басқа да мектеп пәндерін оқытуға арналған педагогикалық бағдарламалық құралдарды әзірлеу кезінде информатика кабинетіне арналған көрнекі құралдар мен аспаптарды жасап шығару мен жетілдіруде көрініс табуы қажет.

Оқу-тәрбие процестерінің бірлігі мен тұтастығы ұстанымы оқу және кластан тыс жұмыстардың бірігуін білдіреді. Оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық процестің бұл тұсының бір-бірімен байланыстылығы оның нәтижелілілігн арттырудың маңызды шарты. Оқу-тәрбие процестерінің бірлігі мен тұтастығы ұстанымы оқытудың ғылымилығы, қол жетімділігі мен көрнектілігі дидактикалық ұстанымдары мен теория мен практиканың байланысын іске асыруға жағдай жасайды.

Кластан тыс жұмыс сан алуан ұжымжық әрекеттерге үнемі қатысуға кең мүмкіндіктер ашады. Оны ұжымның қалыптасу заңдылығы мен оның дамуында қол жеткізілген деңгейін ескере отырып ұйымдастырған жөн. Ұжымның даму деңгейі педагогтің оларды сырттан басқарып отыру сипатын да анықтайды. Ол жоғары болған сайын, оқушылардың өздерінің өз бетінше жұмыс жасауы жоғары болып, ұжымда оқушының басқаруы маңыздырақ рөлге ие болады.

Кластан тыс жұмыс өз табиғатында оқушылардың белсенділігін талап етеді және олардың өз бетінше жұмыс жасауының байқалуына мүмкіндіктер береді. Бұл жерде олар ерікті түрде өздеріне жұмыстарды таңдап ала алады, оны жоспарлауға, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру жолдары мен құралдарын анықтауға қатыса алады. Сондықтан да бұл әрекет тәрби процессінде белсенділік пен өздігінен істеушілік ұстанымдарын іске асыруда мол мүмкіндіктерге жол ашады. Белсенділік оқушы дамуының барлық сатыларында органикалық қажеттілікті құрайды. Сондықтан да тәрбиелеу процесі оны қанағаттандыратындай етіп құрылуы қажет. Оқушының барлық мүмкіндіктері пайдаланылған жағдайда ғана тәрбие табысты бола алмақ.

Кластан тыс жұмыстар оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу икемін тәрбилеуде орасан қызмет етеді. Егер де кластан тыс жұмыс оқушының өз ниетімен туындап, оны орындауға өзіне мүмкіндік берілсе оқушы өзін дербес санайды. Сонымен қатар оқушылар жұмысты біз ойлағаннан нашар орындауы да мүмкін. Алайда ең бастысы оқушы өз бетінше, дербес жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан да алдын ала сақтанып, оларға қол ұшын созуға даяр болу қажет, алайда бұл күні бұрын дайындалған іс-шараға айналып кетпеуі тиіс.

Кластан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, кластан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы кластан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.

Дидактикалық жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы– сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;

Тəрбиелік– үлкен жүйе бола тұрып, келесідей кластан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады.

Оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: кластағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер); мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады. Əкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі, яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады. Басқаруға тəн жəне бір сипат- бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс. Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог – тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, ане жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, класс басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне кластан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – ане басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі.

Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады. Мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.

Кластан тыс жұмыстың мазмұны адам өмірінің сан алуан қырларында баланың өз тәжірибесінде эмоционалды түрде бастан өткізілген және іске асырылған, бейімделген әлеуметтік тәжірибені білдіреді. Кластан тыс жұмыстың ерекшілігі мына факторлармен сипатталады:

  • Хабарға эмоционалдық қырынан ие болу: нәтижелі тәрбиелік әсер ету үшін баланың сезіміне, оның басынан өткен нәрселерге, яғни ақылға эмоция арқылы әсер ету талап етіледі.

  • Кластан тыс жұмыстың мазмұнында білімнің тәжірибелік жағына көңіл аударылады, яғни кластан тыс жұмыстың мазмұны ең алдымен әр түрлі икемдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталады.

Кластан тыс жұмыста таным әрекеті оқудың танымдық қызығушылығын, оң дәлелін қалыптастыруға, оқу дағдыларын жетілдіруге арналған. Ол оқу әрекетін басқа түрде жалғастыру болып келеді. Бұл «Білімділер турнирі», «Не? Қайда? Қашан?» үйірмелері, есептеу орталығына экскурсия болуы мүмкін.

Кластан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарлама материалдары аумағында білімдерін тереңдету, олардың логикалық ойлауларын, дүниетанымдарын, зерттеу дағдыларын дамыту, информатика тілін игеру, оқушыларға информатика тарихынан мәліметтер беру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Оқушыларды тәрбиелеуде қосымша әдебиеттерді оқуға мектептің ұйымдасқан түрде бағыттауының рөлі орасан зор.Бұл жұмыстың міндеті оқушылардың кітапқа білім көзі ретінде қарауына және оқу мәдениетін игеруіне үйрету болып табылады.

Жоғары клас оқушыларының кітап оқу шеңбері тек қана әдеби емес, сонымен қатар ғылыми-бұқаралық, анықтамалық әдебиеттерді, кәсіби бағдарына сәйкес қызығушылықтарына байланысты кітаптарды оқуға көңіл аударуы қажет. Оқығаны бойынша конференциялар мен пікірталастар, библиография бойынша жұмыстар жүргізген де пайдалы. Әрекеттің бұл түрі баяндама, реферат дайындау барысында іске асырыла алады.

Демалыс (ойын-сауық) әрекеті оқушылардың толыққанды демалуын ұйымдастыру, оң эмоцияларды жасау, ұжымжа жылы да достық қарым-қатынас орнату үшін қажет. Көңілді тапқыштар клубы, «Жалын», «Компьютерлік әзіл» сияқты түрлері мол нәтиже береді.

Кластан тыс жұмыстағы еңбек әрекеті еңбектің сан алуан түрін құрайды. Педагог үшін кластан тыс жұмыста еңбек әрекетін ұйымдастыру біршама қиындықтар туындатуы мүмкін, алайда оқушылардың сан түрлі жүйелі еңбек әрекеті тәрбие нәтижесін береді. Кластан тыс жұмыста көрнекі құралдар даярлау, кабинетті ретке келтіру, педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады.

Шығармашылық әрекет оқушыларда олардың шығармашылық әлеуетінің ашылып, бейімділігі мен қызығушылықтарының дамуына жол береді. Шығармашылық әрекет бағдарламашылар сайысы, компьютерлік графика, шығармашылық жобалар байқауы сияқты шаралардан көрініс табады.

Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің барлығы үшін дүниетанудың адамгершілік, эмоционалдық және ерік-жігерлік бөліктерін қалыптастыру міндеттердің бірі болып табылады. Кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарда алдыңғы орындарға адамгершілікке тәрбиелеу ие болуы қажет. Оқушыларда қоғамдық парызға саналы қарым-қатынасты орнату, сөз бен істің бірлігін күнделікті мінез-құлыққа айналдыру басты міндеттердің бірі. Информатика бойынша кластан тыс жұмыс кезінде оқушыларды ақпараттар мен бағдарламалық құралдарды пайдаланудың құқықтық нормаларымен таныстыру қажет.

Эстетикалық тәрбие бойынша кластан тыс жұмыс жеке тұлғаның жан-жақты дамуына маңызы зор болып табылады. Информатика бойынша кластан тыс жұмыс шеңберінде бұл эстетикалық, бейнелеу бағытындағы компьютерлік графика, анимация және музыка, мультимедиялық және гипермәтіндік жобалар бойынша сабақтар болуы мүмкін. Оқушылар Web-графика және дизайн, Ғаламтор-шығармашылығының басқа да түрлері бойынша сабақтарға үлкен қызығушылықпен қатысады. Шығармашылық әрекеттің қызық түрінің бірі болып компьютер көмегімен әзірленген немесе электронды түрде, оның ішінде Ғаламтор желісінде ұсынылған оқу журналдары не газеттері болуы мүмкін. Мультипликациялық фильмдер жасауда тек қана оқушыларды емес, сондай-ақ жас көрермендерді де тәрбиелейтін компьютерлік анимациялардың мектеп студиялары эстетикалық дамытуда шексіз мүмкіндіктер береді. Кластан тыс жұмыс үшін үлкен қызығушылық мектеп бейнестудияларына аударылады. Мұғалімдер компьютерлік технологиялар көмегімен оқу және көркем бейнефильмдері мен мультипликацияларды жасауға, оқушыларды эстетикалық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу үшін үздік фильмдерді пайдалануға мүмкіндік алады. Мәселен, әйгілі «Дисней анимациясының он екі ұстанымын» пайдалануын талдау мақсатында мультфильмдерді қарау оқушылардың қызығушылығын тудырады.

Кластан тыс жұмыстың мазмұны барлық мектептерде бірдей емес. Оған мына факторлар әсер етеді:

  1. Мектептің дәстүрлері мен ерекшеліктері.

  2. Оқушылардың жас, клас, жеке тұлғалық ерекшеліктері.

  3. Қолда бар компьютерлік техниканың, информатика кабинетінің мүмкіндіктері мен айырмашылықтары.

  4. Мұғалімнің өзінің ерекшеліктері, оның қызығушылығы, бейімділігі.

Кластан тыс жұмыс сабақтан тыс кезде өткізілетін, арнайы белгіленген пәндік мазмұны болмайтын, дәстүрден тыс жұмыс түрі болып саналады. Кластан тыс жұмысты мектеп қабырғасында немесе одан тыс жерлерде мектеп қызметкерлері ұйымдастырып, жиналыс, клас сағаты, саотанатты жиын, шығармашылық кеш, көрме, саяхат – серуен т.б. түрінде өткізеді.

Кластан тыс жұмыстың формасы әр түрлі. Сондай– ақ мектеп қабырғасында туындаған ой – пікірлер кластан тыс жұмысты өткізу, жүргізуді одан әрі байып, отыруына әсер етеді. Барлық жинақталған формаларды тәрбие мазмұны мен шешімдеріне байланысты үш топқа бөлуге болады.

  1. Мектеп өміріндегі басқару және өзін - өзі басқару. ( жиналыс, клас сағаты, мектептердегі өзің- өзі басқару өкілдерінің отырысы т.б. )

  2. Танымның формасы ( саяхат, фестиьфал, хабарлама, ауызша журналдар, көрмелер, секциялар т.б.)

  3. Ойын – сауық формасы (мерекелік кештер, шығармашылық кештер т.б.)

Кластан тыс жұмыстың басты құралы ұжымдық қарым – қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Кластан тыс жұмыс түрлері көп. Оның көптігі оны жіктеуде біршама қиындықтар туындатады, бірыңғай жіктелуі жоқ, Оқыту мен тәрбиелеудің әсер ету нысандары мен бағыттары, міндеттері бойынша жіктеу бар. Кластан тыс жұмыстың кез келген түрі адамгершілік, ақыл-ой, дене, экологиялық, экономикалық, эстетикалық және т.б. оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Кластан тыс жұмыс жеке, топтық, біріккен және бұқаралық болып бөлінеді.

Жеке жұмыс – жекелеген оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуге, оқу бағдарламаларының шеңберінен шығатын мұғалімнің тапсырмасы мен ұжымның тілегін орындауға бағытталған өз бетінше әрекеті. Жеке жұмыстың нәтижелілігі қойылған мақсатқа сәйкес түрді нақты таңдауға қатысты ғана емес, сонымен қатар баланың әрекеттің бірнеше түріне қатысуына байланысты. Жеке әрекет оқушылар мен жасөспірімдердің араласу қажеттілігін шектемейді, бірақ ортақ істе әрқайсының өз орнын табуына мүмкіндік береді. Ол үйірмелер жұмыстарының қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушының мақсатты бағытталған жеке жұмысы оның әрқайсысының өзінің толық түрда ашылуына, өз қабілетін дамытуға, өзінің жеке тұлға екендігін көрсетуге қажет болып табылады.

Кластан тыс жұмыс түрін таңдай отырып, оның мақсаттары, міндеттері, қызметтері жағынан оқу-тәрбиелік маңызын бағалаған дұрыс. Кластан тыс жұмыстың бұқаралық түрі педагогтің оқушыға ұжым арқылы әсер етуіне мүмкіндік береді. Ол басқаны түсінуге, ұжымда әсер етуге, құрдастармен және ересектермен ынтымақтасуға жағдай жасайды, Үйірмелік (топтық) кластан тыс жұмыс оқушылардың ғылымның, техниканың, өнердің, спорттың белгілі бір салаларында қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін айқындауға және дамытуға, олардың бағдарламалық материалдарды терең білуге жағдай жасайды, жаңа мәліметтер береді, икемдер мен дағдыларды қалыптастырады.

Үйірме – информатика бойынша оқудан тыс әрекеттің негізгі түрлерінің бірі. Оның жұмысының мазмұны негізінен оқушылардың қызығушылығы мен дайындығын анықтайды. Информатика бойынша үйірмелер компьютердің сан алуан мүмкіндіктеріне: компьютерлік графика, бағдарламалау, компьютерлік модельдеу т.б. сәйкес әр түрлі бағытқа ие бола алады. Үйірменің жұмысы күнделікте жазылады. Есеп кеш, конференция, көрме, байқау түрінде жүргізілуі мүмкін.

Кейбір мектептер виртуалды мұражайлар, көрмелер мен галереялар жасаумен айналысып жүр. Соңғы уақыттарда информатиканы зерделеуге жоғары қызығушылық танытатын оқушылар арасында кластан тыс жұмысқа қабысып жататын тереңдетілген даярлықтар сияқты информатиканың жасөспірімдер мектебі, сырттай физика-математикалық мектептер, информатикаға тереңдетілген мектептер мен кластар, жазғы компьютерлік лагерьлер аса танымал болып барады. Мұғаліммен – клас жетекшісінің басқаруымен оқушылармен жүзеге асырылатын бұқаралық жұмыс түрі класс сағаты болып табылады. Ол класс ұжымында тәрбие әрекеті жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және кесте бойынша жүргізіледі.

Информатика кеші- бұл кластың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы. Жеке адамды қалыптастыруға ықпал ете отырып, дүниетанымның интелектуалдық сферасын, ақыл – ойын кеңейту, адамгершілік тұрғыда ойлау қабілетін дамыту, жаңа идеялар қалыптастыруға негіздеу. Тәрбие жұмысы – іркіліссіз әрі кешенді түрде жүргізілетін іс. Сондықтан баланы қазіргі әлемдік мәдениеттің рухымен де қоректендірген абзал.

Информатикадан викториналар- бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмысы кезінде немесе кластар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Жаңа тақырыпты өтудің алдында оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және жаңа оқу материалына байланысты тақырыптарды еске түсіру мақсатында төмендегі ойын түрлерін ойнатып,викториналық сұрақтар дайындап келген дұрыс.

Іскерлік ойындар- оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады.

Ребус- кең тараған ойын түрлері. «Ребус» сөзі латын сөзі (латын мақалынан «Non verbis sed rebus»- «Сөзбен емес затпен түсіндіру») дегенді білдіреді. Ребуста мақалдарды, жаңылтпаштарды, тақпақтардан үзінді шифрлап жазуға болады. XV ғасырда ол Францияда пайда болды. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді.

Информатикадан диспуттар- бұл кластар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны. Бұл класта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Бұл оқушылардың арнайы әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады. Бір-біріне сұрақ қою арқылы, өздеріне қызықты деген сұрақтарына достарынан жауап алып, оған жауап берудің жақсы тиімді жолдарын іздестіруге, оқушы деңгейлік тапсырмалар бойынша құрылған сұрақтарға жауап беру арқылы, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етеді.

Класс сағаты- информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген класс жетекшісі ретінде де жиі кездеседі. Ол тек информатика саласында ғана емес, басқа кластан тыс қызықты да, мәнді, оқушыларға тәлім-тәрбие беретін тақырыпта өткізілетін, жоспарда әр мұғалімге бөлініп қойылатын тәрбие сағаты.

Жас өспірімдердің ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп, дүниеге көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын ғылым мен практиканың жетістіктері арқылы қалыптастыру, дамыту және кәсіби жетілдіру үшін жағдайлар жасау қажеттілігі атап көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” “Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында жүйелі дайындықтан өткізіледі.

Клубтық қызметтер- оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді. Жаңа заман талабына орай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды сабақ бағдарламасында дұрыс қолдана білу оқушы санасын жете қалыптастырып, білімдерін шыңдап, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелейді.

Байқау- бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымжық үздіктерді анықтау үшін тиімді. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Пәнге қызығушылығын арттыруда, сайыс сабақтардың тигізер пайдасы зор.

Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау- бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі болып саналады. Мектеп бағдарламасындағы оқушылардың сабақта өткен Power Point- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы арқылы сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы көрмені ұсынуға болады. Paint қалыпталған бағдарламаларда оқушылар түрлі суреттерін және әр оқушының өзінің, икемділігі, біліміне қарай, өз ойы бойынша түрлі суреттерін өздерінің жұмыстарын дайындап информатика- математика апталықтарында өз жұмыстарын көрме кезінде ұсына алады.

Үйірме- бұл кластан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.

Сөзжұмбақтар құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялары өзіндік бақылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және нәтиежелі білім алуға жетелейді.

Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсаттарында өткізіледі.

Пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар- бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.

Ауызша журнал- оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды (ғылым, техника, өнер салалары бойынша) безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін кластан тыс жұмыс формасы.

Информатикадан факультатив жұмыстары мектепте көбіне 8-кластан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін тереңдету, кеңіту, пәнге деген қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.

Ауызша журнал оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды (ғылым ,техника, өнер салалары бойынша) безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін кластан тыс жұмыс формасы.

Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынптан тыс жұмыс формасы барын білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.

Танымжорықтар (Саяхаттар, экскурсия). Оқыту-тәрбиелеу жұмысындағы табиғи жағдайдағы, музейлер, көрмелер, есептеу орталықтарындағы әртүрлі заттар мен құбылыстарды зерттеу мен бақылауға мүмкіндік беретін әдіс пен форма. Мектеп практикасында компьютер көмегімен Интернет желісінде виртуальды саяхаттар мен танымжорықтар ұйымдастыруға да болады.

Әрбір мемлекеттің ақыл-ой, экономикалық, адамгершілік және мәдени әлеуеті білім беру саласына, оның қарқынды даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Орта білімді реформалау жаңа ұлттық мектеп моделін жасауды қажет етеді, ол ескі үлгіден әдістемелік жүйесімен, білім мазмұны жаңалығымен, бір сипатты мектептен бөлектігімен, саралап білім беруді және кәсіптік бағдарды күшейтумен ерекшеленбек.

Информатика мазмұның жинақтаушы рөлі оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге жан-жақты даярлау, дербес танымдық белсенділігін дамытуға дағдыландыру және ізденіске жетелеу тәрізді маңызды міндетті атқарады. Бұл талаптарды орындаудың бір үлгісі мектепті ақпараттандыру жағдайына арнайы үйірме жұмыстарын жолға қою болып табылады.

Үйірме жұмыстары балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысының қосымша түріне жатады. Оларда да сабақтағыдай мақсат көзделеді. Бірақ, жүйелі сабақтардан айырмашылығы, үйірме жұмысында арнайы бағдарлама болмайды. Мектептің және балалардың қызығуы негізінде құрылады. Үйірме жұмыстары балалардың белсенділігінің, дербес еңбегінің, шығармашылығының байқалуына кең жол ашады. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме жұмысы мектеп сабақтарын алмастырмайды, толықтырады, тиімді меңгертеді. Үйірме жұмысының дамытушы жағы ақпараттандыру жағдайында маңызды іс-әрекетті, оның ішінде ақыл-ойды қалыптастыруға бағыттылады.

Үйірме жұмысының курсы пайдалы, дамытушы әрі қызықты болуы тиіс. Курсқа негіз болатын принциптер – дамыта оқыту, даралап және саралап оқыту, ақпараттың оңай және көрнекі берілуі, ойын элементтерін пайдалану әр үйірменің міндетті түрде ескеретін нәрселері. Оқушының белсенділігі мен дербестігі ынталандырлып, оған жадын, зейінін, логикалық ойлауын дамытатын тапсырмалар беріледі. Үйірме жұмыстары оқушының тәртібін, жауапкершілігін, пәнге деген қызығуын жақсартады. Оқушылар орындауға міндетті бағдарламаға байланған сабақ жұмысынан бұл жұмыстың айырмашылығы сол, ол қызығуға, бастамаға және еріктілікке табан тірейді. Оның мазмұны бағдарлама шеңберінен шығып, өткізу барысында мұғалім оған өзгерту, түзету енгізуі мүмкін. Сонымен қоса, оқушылардың өздері де жұмыс тақырыбын ұсына алады, бұл оларды іс-әрекетке жетелеп, әр түрлі қызығуларын қанағаттандырады. Балалардың үйірмедегі жұмысы пәнді терең, әрі жан-жақты оқуға, нәтиежсін сабақта пайдалануға, пәнге қызығуын дамытуға жол ашады. Үйірме оқушыларды негізгі сабақ жұмысынан бөлектемейді, керісінше олардың қажетті білім алуына, белгілі бір білік пен дағды қалыптастыруына көмектеседі. Кластағы сабақ үйірмеде өз бетімен жұмыс істеуге теориялық негіз болса, үйірмедегі өз бетімен жұмыс істеуге теориялық негіз болса, үйірмедегі жұмыс сабақ жұмысына жан бітіреді.

Үйірме жұмыстары әдетте сабақтың аяғында, оны ұйымдастырушы, бағыттаушы мұғалімнің қатысуымен өткізіледі. Мұғалімнің міндеті- сабақтан тыс орындалатын жұмыстардың кластағы жұмыстарды қайталамауын ескеру. Осыған байланысты, оқушыларға жұмыс істеуге берілетін материалды ғана түрлендіріп қоймай, алда тұрған жұмыс мақсатын да өзгертіп отыру керек.

Үздік жаңашыл ұстаздар оқушылардың зерттеу, ойлау және жинақтау тұрғысындағы дағдыларын қалыптастыруға ұмтылады. Олар оқушылардың бәрін жаттап, есте сақтай бергенінен гөрі, қажетті ақпаратты тауып, оны тиімді пайдалана білуі маңызды есептейді.

Үйірме жұмыстарына компьютерді пайдалану оқыту тиімділігін арттыруға, білімді есептеу мен бағалауды жақсартуға мүмкіндік береді. Оқушылардың есеп шығаруына көмектесуге, жаңа сабақтар жасауға, өздігінен білім алуға ынталандырып, жетекшілік етуге жұмсайтын мұғалімдердің уақыты көбейді. Үйірме жұмыстарында даралап әрі белсенді оқыту барысында көптеген мәселенің шешімі оңайланады. Оқыту әдістері мен мазмұнын тиімді өзгертуге болады, мұғалім мен оқушының тапсырманы орындай алмауы немесе сәтсіздікті сезінуі сирей түседі. Мұғалімдер пікіріне сүйенсек, компьютерлер оқытудың аса тиімді құралы болып табылады. Компьютерлер оқытудың жаңа көкжиектерін ашатынын информатика мұғалімдері әріптестері алдында көрсете білді. Осыдан кейін бұл іске сенімсіз қарайтындардың көбі қызығып, компьютердің тарих, әдебиет, химия, география , сызу т.б. сабақтарда қолдану мүмкіндіктерін іздей бастады.

Үйірме жұмысында компьютерді пайдаланудың мынадай ерекшеліктерін бөліп айтуға болады.

Мұғалім үшін:

  • үйірме жұмысында дайындалғанда уақытты үнемді бөлу;

  • үйірме жұмысын ұйымдастыруды жақсарту;

  • компьютермен жұмыс барысында оқушы әрекетін бақылау;

  • оқушы ұсынған материалды кез-келген уақытта редакциялау мүмкіндігі;

  • оқушыларды екіден, үштен ұжымдық жұмысқа тарту мүмкіндігі.

Оқушы үшін:

  • әркім өз бетімен, өзіне лайық жылдамдықпен жұмыс істей алады;

  • компьютерлік ойынның баланың компьютермен байланысын дамытуға жағдай жасайтын сюжеттік желісі болады;

  • оқушы әрекеті материалданады, ол өз жұмысының барысы мен нәтиежесін көрнекі түрде арта түседі;

Информатика бойынша үйірме жұмыстарының негізі болатын ұстанымдар- дамыта оқыту, даралау, саралау, ақпарат берудің көрнекілігі мен жеңілдігі ойын кезеңдерін енгізу болып табылады.

Сабақтарда компьютерлердің пайдаланылуына байланысты біздің көрнекіліктің дидактикалық принципін іске асыру жөніндегі түсінігіміз өзгерді. Бәрінен бұрын компьютердің өзі экранда кез келген процесс пен құбылысты бейнелі және әсерлі түрде модельдейтін көрнекті құрал ретінде қатысады.

Компьютерде модельдеудің өте тамаша мүмкіндігі бар, компьютерлер жасалатын және «ойналатын» математикалық модельдер (формулалар, таблицалар, графиктер, диаграммалар т.с.с) таңырқарлықтай көрнекі болып келеді және зерттелетін процестер мен объектілерді талдау мен тексеру үшін мол мүмкіндіктер ашады. Педагогикалық тұрғыда негізделген модельдеудің қолданылу салалары оқушылардың ойлау қабілетін арттырады, оқу материалын түсіну мен меңгерудің дидактикалық мүмкіндіктерін жақсартады әрі кеңейтеді. Компьютер аралық мүмкіндіктерін жақсартады әрі кеңейтеді. Компьютер арқылы динамика негіздерін зерттеудің мүлдем тиімді болатынын ЭЕМ-нің осы оқу материалын зерттеудің дәстүрлі методикасын едәуір өзгертетінің мысалы ретінде көрсете аламыз. ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі орны мен маңызын жүйелі түрде ашық көрсетіп отыру көзделген.

Олимпиада мақсаты:

  • білімді, дамыған, дарынды мектеп оқушыларын іздеу;

  • мектепте информатиканы оқыту деңгейін бағалау;

  • информатиканы оқыту барысындағы ең жоғарғы деңгейге қойылатын талапты ашу;

  • мектеп, жоғарғы оқу орындар буынындағы кері байланысты жүзеге асыру.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушының қабілетін ашуды ескере отырып, логикалық-алгоритмдік және жүйелі комбинаторикалық ойлауы дамыған оқушыларды табу қажет. Бұл әртүрлі дайын программалық құралдар мен командаларды пайдалану іскерлігінде пайда болады.

Олимпиадаға дайындау әдістемесі – қарастырылып отырған тәсілде оқушыларды олимпиадаға дайындау информатиканың базалық курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі – сабақты олимпиада түрінде жүргізу. Стандартты емес есептерді шешу үшін мәліметтерді ұйымдастыру мен программалаудың қазіргі әдістерін олимпиададағы нәтижесі – мұғалімдердің жетістіктерінің белгісі.

Экскурсия- бұл қарастырылып отырған сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байлынысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады. Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу піндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесінде бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалдарын өмірімен байланыстырады алуға үйретеді.

Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады. Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтілі фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерімен кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:

Біріншісі кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта кластарда алдын – ала өткізсе олар үшін сабақ өте қызықты болмақ.

Екіншісі ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.

Үшіншісі- қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйәсінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатында көзделеді.

Экскурсия сабағының нәтежелі өтуі негізінен ммұғалімнің алдын – ала дайындық жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім экскурсия болатын нысанына алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіріледі. Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына мәселер қарастырылады:

  1. Экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;

  2. маршруты, қамтитын нысанасы;

  3. экскурсияға қажетті құрал- жабдықтар;

  4. экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары;

  5. жеке және топ болып атқарылатын жұмыстардың түрлері;

  6. экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.

Экскурсия өткізу тыңғылықты дайындықты талап етеді. Мұғалім алдымен оның мазмұны мен міндеттерін анықтап, есептеу орталығын таңдап, онымен танысып, пайда болуы ықтимал қиындықтарды болжап, онымен күресу жолдарын қарастырады. Экскурсияға дайындық: оқушылар алдын-ала тапсырма алып, олардың әрқайсысы қандай бақылаулар жүргізіп, қандай сұрақтарға өз бетімен жауап беруі, материалды қандай түрде жинақтауы (ауызша хабарлама, реферат, коллекция, альбом) және экскурсия жайлы есепті қай мезгілге дайындау қажетін білуі тиіс.

Экскурсияның қорытынды кезеңі экскурсия барысында оқушылардың алған жалпы білімдерін тұжырымдайтын қорытынды әңгімені қамтиды. Экскурсия материалдарын көрме ұйымдастыруда, арнайы сабақтар өткізуде тарату материалдары ретінде пайдалануға болады.

Қоғамдағы болып жатқан соңғы түрленулер, экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның жылдам ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды өзгертуге мәжбүр етті. Білім берудегі негізгі мақсат – білімдер, біліктер мен дағдылардылардың жәй бірігуі ғана емес, оларға негізделген жеке, әлеуметтік және кәсіби компетенттігін – ақпаратты өз бетінше іздеуге, талдауға және тиімді қолдануға үйрету болып табылады.

Қазіргі таңда әр адам нақты және логикалық ойлап, өз ойларын дәл жеткізе білуі керек. Білім берудің ұлттық моделін құрудың негізгі бағыттарының бірі интеллектуалдық элитаны дайындау болып табылады. Ал интеллектуалық элита дегеніміз – мемлекетті, экономиканы, ғылымды, мәдениетті және өнерді басқаруда өзекті орынды алуға қабілетті жастар болып табылады. Сондықтан мектеп табалдырығында оқушыларды өз бетімен ойлануға үйрету үшін, оларға кездескен қиындықтарды жеңуде өз күшіне ғана сену дағдысын қалыптастыру үшін, олардың қабілеттерінің шектелмегендігіне сендіру үшін оларды белгілі бір қиындық сатыларынан өткізу керек. Яғни оқушылардың қабілеттерін анықтап, дамыту – мектептің негізгі міндеті болып табылады. Осыған орай, оқытуда жетістікке жетудің негізгі факторы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің бірден-бір парызы. Ендеше, ойынға негізделген сабақтар біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды, керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамытушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б. Сабақ барысында ойындық тәсілдерді жүзеге асыру келесі негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: оқушылардың алдына ойындық есеп түрінде дидактикалық мақсат қойылады; оқу іс-әрекеті ойын шартына бағынады; оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады; оқу әрекетіне бәсекелестік элементі енгізіліп, дидактикалық есепті ойындыққа айналдырады; дидактикалық тапсырманың орындалуы ойын нәтижесімен байланыстырылады.

Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес оқушының білуге, білімге деген кұштарлығын ояту. Педагогикалық ойынның айрықша белгісі – оқытудың нақты қойылған мақсаты мен оған сәйкес педагогикалық нәтиже болуында. Дидактикалық тұрғыдан алғанда ойынның қандай қасиеттері құнды болатынын анықтап алайық: Ойын арқылы оқушы білімді қажеттілік бойынша емес, өздерінің қалауы бойынша меңгереді. Ойын арқылы оқушы басқа оқушылар арасында өзін-өзі бағалауына мүмкіндік алады. Ойын барлық ұжымның қарым-қатынасқа түсуін талап етеді. Ол бәсекелестік атмосферасын тудырады, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері шыңдалады, оқушы жеке өзінің бағасы үшін емес, команданың жеңіске жетуі үшін ұжым алдында жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді.

Ойынның функциясы өте көп: дидактикалык, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.

«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:

1) заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қатынастарды т. Б. Зерттеп таниды.

2) шығармашылық, сюжеттік-рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы. – Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялык, тарихи, өлкетанушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жатады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.

3) дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте, оқушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы – пәнді білуді талап етеді.

4) еңбек, техникалық, конструкторлык, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби кызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында окушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және баскалардың жұмысына сын көзбен карауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек бел-сенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5) баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.

Осы аталған топтардың ішінде 4-ші және 5-ші топ ойындары біздің сабақтарымызда жиі қолданылып жүр. Яғни 4-ші топқа жататын ойынның бір түрі – іскерлік ойындар болып табылады.

Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету. Іскерлік ойын технологиясын толығырақ қарастырсақ, ол жаңа тақырыпты меңгеру үшін кешенді есептерді шешуде, материалды бекітуде, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жиі қолданылады және оқу материалын әр тұрғыдан түсінуге және үйренуге мүмкіндік береді.

Теориялық білімдер мен практикалық біліктіліктердің біріктірілуін қамтамасыз ете отырып, іскерлік ойын белгілі бір ситуацияда өмір сүруге және білім алуды кәсіби іс-әрекетке бұруға мүмкіндік береді. Оқытудың белгілі бір циклының қорытынды қадамы бола тұрып, ойын теориялық білімдерге негізделіп, оларды пайдалануға және проблемаларды нақты сезінуге мүмкіндік береді.

Келесі іскерлік ойын түрлерін көрсетуге болады:

  1. конференция-сабақтар;

  2. диспуты-сабақтар;

  3. аукционы-сабақтар;

  4. емтихан-сабақтар;

  5. конкурс-сабақтар;

  6. саяхат-сабақтар;

  7. КВН-сабақтар;

  8. семинар-сабақтар; т.б.

Барлық мүмкін ойындарды қолдану үшін келесі қағидаларды ұстану керек:

  1. ойындық іс-әрекеттің мақсат бағыттылығын ескеру керек;

  2. ойын құрылымының қатысушылардың білім деңгейлеріне сәйкес келуі;

  3. қатысушылардың нақты нәтижелерге емес, ойын процесіне бағытталуы;

  4. қатысушылардың ойындық күйге ауысуы;

  5. әр қатысушының шығармашылық шешімдер қабылдау мүмкіндігі мен қажеттілігі;

  6. индивидуалдық және топтық ойын ірекетінің бірігуі.

Іскерлік ойын келесі алгоритм бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:

1) мақсаттардың қойылуы мен ойын тапсырмаларының құрылуы;

2) ойынға дайындық;

3) ойынға психологиялық бағыт негізін құру;

4) ойын барысы;

5) қорытындылау.

Ұйымдастырушылар үшін ойын мақсаты – педагогикалық тапсырма беру, әрине бұл тапсырмалар қатысушылардан жасырын түрде байындалады. Бұл ойындық тапсырмалар ерекше шешім табуға, конфликттік жағдайдан шыға білуге, өз ұстанымын ортаға салу және оны қорғай білуге бағытталуы керек.

Интеллектуалдық ойындардың танымдық нәтижесі өте жоғары болып келеді. Мұндай ойындар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, интеллектуалдық іс-әрекетті қызық жарысқа айналдырады.

Интеллектуалдық ойындардың мәні:

1. Ерекше талантты, жан-жақты оқушыларға одан әрі ашылуына мүмкіндік береді.

2. Оқушының үйлесімді дамуына, өмірде және білі алуда қажетті дағдылардың қалыптасуына септігін тигізеді.

3. Ақыл-ой қабілеттерін дамытады, жадыны, ойлауды машықтандырады, білімді жақсы меңгеруге және бекітуге көмектеседі.

4. Болашақ өмірлік ситуацияларға психологиялық дайындық ретінде оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда және дамуында маңызды мәнге ие.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ИНФОРМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА?Ы КЛАСТАН ТЫС Ж?МЫСТЫ? Т?РЛЕРІ

Автор: Таскимбаева А?н?р ?ази?ызы

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 254029


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства