Жаңа сабақ. Білу және түсіну. Қызығушылықты ояту. «Он сұрақ» әдісі Жаңа сабаққа ену үшін білім алушыларға бірінші суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады. 1.Петроглифте дегеніміз не? (тасқа салынған суреттер) 2. Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? (сурет салу арқылы) 3.Қандай суреттер салған? (таңбалар) 4.Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған? (папирусқа) 5.Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге) Оқушылар өз ойларын айтады. Бір-бірін «мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеруге, онлайн ресурстан бейне қарайды. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor Қ.Б.: Stop-кадр бейнекөріністің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Топтық жұмыс. Оқушыларға оқулықты оқуға ұсынылады. Paint редакторын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Барлық программалар (Все программы) – Стандартты (Стандартные) – Paint командасын орындау қажет. Paint –та сурет салу үшін терезенің ортасында тұрған ақ түсті төртбұрышты алаңды пайдаланамыз. Ол-сурет салуға арналған аймақ. 1-тапсырма Материалды түсінгеннен кейін графикалық сызбалармен жұмыс істеу үшін «ВЕНГР» сөзжұмбағын шешу ұсынылады. Дескриптор: графика терминімен танысады компьютерлік графиканың түрлерін біледі. пиксель ұғымымен танысады Қ.Б.: Қ.Б.: «Пайыздық әдіс» (білім алушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, сабақты қанша пайыз түсінгенін ұғыну мақсатында пайыздық үлестерін көрсетеді) 0%-мүлдем түсінбедім 50%-орта деңгейде түсіндім 75%- жақсы түсіндім 100% -керемет Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=SCvZLP26q0E 2-тапсырма «Миға шабуыл» әдісі арқылы 3 топқа қорапша беріледі. Қорапшаны ашып, ішінде жасырылған қағазды алады. Оны ашып, бүгінгі өткен тақырыпқа байланысты сұраққа жауап береді. (сөйлемді аяқтау) Сұрақтар: 1.Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? 2.Қарандаштың көмегімен....? 3.Масштаб құралының көмегі арқылы....? 4.Құю (заливка) құрылғысы....? 5.Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш бұл құрылғының көмегі арқылы....? 6.Қылқалам (кисть) көмегімен...? 7.Фигуралар дегеніміз? 8.Өшіргіш құралын қалай пайдаланамыз? Жауаптары: 2.Қарындаш-бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандықта сызықта сызуға арналған 3.Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді. 4.Құю (заливка)құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды. 5. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттердің белгілі ір бөліктерін өшіруге арналған. 6. Қылқалам, ерікті сызықтарды салуға арналған. Қылқаламның қажетті түсін таңдап алуға болады. 7. фигуралар арқылы бірнеше сурет ала аламыз. 8. Өшіргіш құралын басып, оның өлшемін таңдап, өшіретін сызықтың үстінен жүргізсе сызық өшеді. Дескриптор: Paint графикалық редактор терезесінің элементтерінің және сурет салу құралдарының қызметін біледі. Қ.Б.: «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау 3-тапсырма Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар «Галереяны шарлау» әдісі Әр топқа түрлі түсті қағаздан қиылған, графикалық редактордың құрал-жабдықтар жолағындағы фигуралар секілді топтамасын, желім және А3 парақшасын дайындап, 3 топқа таратып, қалай жасау керектігін түсіндіреді. Сол суреттер бойынша компьютерде және А3 парақшасында дайындалған жұмыстарын ұсынып, қорғайды 1-деңгей Әр түрлі типті дөңгеленген тік төртбұрыш құралын пайдаланып, Пирамида сал. 2-деңгей «Бөгде планеталықтар» геометриялық фигуралардан (шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, эллипс) композияция құрып, суретке мәтін енгіз. 3-деңгей Берілген заттардың суреттерін компьютерде салып, жанына аттарын жазыңдар. Қолданған құралдарыңды ата. Қ.Б.:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір бірін бағалайды Дескриптор: Paint графикалық редакторын іске қосады. Құрал саймандар тақтасындағы құрал-жабдықтарын қолдана отырып, сурет сала алады. Фигуралармен жұмыс жасайды. Фигураларды түрлі түске бояйды. Суретке мәтін енгізе алады. Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көз жаттығуларын қайталайды. https://www.youtube.com/watch?v=-2g_Buoxzmc 4-тапсырма: «Дұрыс және бұрыс» әдісі Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Орындауға болатын ережелерді – жасыл түспен, орындауға болмайтын ережелерді қызыл түспен бояу. Дескриптор: Қ.Б.: «Ауызша мадақтау» әдісі Оқушылар алдына жасыл қағазшалар таратылады. Сабаққа қатысты алған ой, пікірлерін жазып, тақтада ілінген «Білім сандығына» іледі. |