Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезімге, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ көрнекілігі: презентация, тест.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткенді қайталау.
А) сұрақ-жауап
Жаңа сабақ(демалыс сәті).
Бекіту.
Үй тапсырмасы.
Сабақты қорытындылау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатынасын түгендеп, назарын сабаққа аудару. Сабақ ойын түрінде өтеді. Оқушылар алдын ала үш топқа бөлінді. Әр сұраққа кемінде 1 минут беріледі.
1-топ сұрақтары:
Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)
Баспаға шығару құрылғысы (принтер)
Бос орын қалдыру пернесі (пробел)
Функционалды пернелер нешеу? (12)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2-топ сұрақтары:
Компьютердің негізгі негізгі құрылғыларын ата (пернетақта, монитор, жүйелік блок)
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
Қағаздағы кескінді түсіріп, мониторға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы? (сканер)
Компакт дискіні басқаша қалай атайды? (лазерлік диск)
Ақпараттық процесстерді қандай әрекеттер жатады? (жеткізу, өңдеу, сақтау)
ЭЕМ даму тарихы
10. Әлемдегі ең бірінші механикалық есеп машинасы қалай аталады, оны қашан және кім құрастырды? (1642 ж. Блез Паскаль Паскаль машинасын құрастырды)
20. Ең бірінші ЭЕМ қалай аталды және оның мүмкіндіктері қандай? (1946 ж. АҚШ-ң Пенсильван университетінде қосу, азайту, көбейту амалдары)
30. Дүние жүзі бойынша алғаш рет 1846 жылы программа құрған оқымысты (Ада Лавлейс)
Дербес компьютер
10. Компьютердегі мәліметтерді уақытша сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? (жедел жад)
20. Принтер дегеніміз не және қандай түрлері бар? (Принтер – ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Оның үш түрі бар: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш)
30. Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңдар (Жедел жад – ақпараттарды уақытша сақтайды)
Жалпы
10. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болуы керек? (60-70 см)
20. Ақпарат сөзі қай тілден шықты? (латын)
30. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын қандай стандартты код болып табылады? (ASCII коды)
Жаңа сабақ.
§6. Операциялық жүйелер(30-35 бет).
Операциялық жүйелер қашан пайда болды?
Бірінші ОЖ-нің пайда болуы, ІІІ буынды ЭЕМ-ның жасалуымен байланысты. Магнитті дискілердің пайда болуымен компьютердің ресурстарын басқаруға арналған программаларды жасау қажеттілігі туындады. Мұндай программалар операциялық жүйелер деп аталатын болды. Кез-келген есептеуіш құрылғы ОЖ-мен басқарылады.
ОЖ міндеті мен қызметі. ОЖ не істей алады?
ОЖ-нің қызметтері:
Windows ОЖ.
Мәліметтердің енгізілу-шығарылуын жабдыөтау, оларды басқару;
Қолданушымен сұхбат жүргізу;
Программаларді өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру;
Компьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программалар арасында үйлестіру;
Қолданбалы программаларды орындап, олардың жұмысын жабдықтау;
Компьютерге қызмет жасау;
Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларын басқару.
«ОЖ» түсінігіне анықтама беріңдер.
(ОЖ – компьютердің барлық жүйелерінің, программалық жабдықтаманың жұмыстарын басқару үшін және адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін қажет).
Бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының арасындағы өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа.
Төзімділік-ОЖ компьютердің әртүрлі аппараттық қамтамасыздығында жұмыс істеу керек.
Сенімділік және беркітік-ОЖ еш іркіліссіз және кемшіліксіз жұмыс істеу керек.
Қауіпсіздік-заманауи ОЖ-де бір қолданушының мәліметтері басқа қолданушылардан қорғалуы керек.
Кеңеюшілік-ОЖ компьютерде ұзақ уақыт қызмет ететіндіктен оған жұмысының жақсаруы үшін әртүрлі толықтыруды енгізу мүмкіндігін білу керек.
Өнімділік-кез-келген қолданушы ОЖ-нің тез жұмыс істегенін қалайды.
Қызықты ақпарат-қосымша оқу, 32-33 бет.
20. Терезе дегеніміз не? Терезе неше және қандай түрге бөлінеді? (Терезе – экранның жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймағы. Терезе төрт түрге бөлінеді: қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама)
30. Таңбаша дегеніміз не және ол қалай жасалынады? (Таңбаша – нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. 1. Тышқанның оң жақ батырманың көмегімен; 2. Alt пернесінің көмегімен)
«Демалыс сәті».
Ал енді кішкене демалайық. Яғни экранда берілген жаттығуларды орындайық.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жаса.
«Синонимдер» сәйкестендіру. Бір синоним сөз – 5 ұпай.
Берілген сөз
Синоним сөз
Байт
8 бит
Алфавит
Бір белгі тобы
Символ
Белгі
Монитор
Дисплей
Қатқыл диск
Винчестер
Компакт диск
Лазерлік диск
Дербес компьютер
ЭЕМ
Тышқан
Маус
Тест жұмысы. Оқушыларға 5 сұрақтан тұратын 4 нұсқалы тест беріледі. Яғни әрбір оқушыны бағалау үшін беріледі. 5 дұрыс – «5» 4 дұрыс – «4» 3 дұрыс – «3»