kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Байланыс арналары. Хаттамалар ТСР/ІР деректерін жіберу хаттамасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Байланыс арналары ж?не оларды? сипаттамалары
  2. Жергілікті желіні баптау
  3. Интернетте ба?ыттау

Ма?сат:

Жа?а білім

• Байланыс желісі ж?не оны? т?рлері.

Жа?а т?сінік

• Байланыс деген не екенін т?сіну, ж?не оларды? сипаттамаларын ажырата білу

?олданым ?рекеті

• Теориялы? білімді пайдаланып к?нделікті пайдаланатын желілерді ажырата білу

Талдау ?рекеті

• Мысалдар ар?ылы

Шы?армашылы? ?рекет

• Белгілі желілерді талдау ар?ылы

Ба?амдау ?рекеті

• С?ра?тар?а жауап беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Байланыс арналары. Хаттамалар ТСР/ІР деректерін жіберу хаттамасы»

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы:


  1. Байланыс арналары және олардың сипаттамалары

  2. Жергілікті желіні баптау

  3. Интернетте бағыттау

Мақсат:

Білімдік

Жаңа білім

• Байланыс желісі және оның түрлері.

Жаңа түсінік

• Байланыс деген не екенін түсіну, және олардың сипаттамаларын ажырата білу

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Теориялық білімді пайдаланып күнделікті пайдаланатын желілерді ажырата білу

Талдау әрекеті

• Мысалдар арқылы

Шығармашылық әрекет

• Белгілі желілерді талдау арқылы

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• Сұрақтарға жауап беру

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (8 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (7 мин.).

Сабақ типі:


• Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі:


• Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


• Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

• Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

• Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

• Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


• Байланыс арнасы, байланыс арнасының негізгі мінездемелері, желі түрлері, Интернетте бағыттау, IP адрес

Оқушыда дағды қалыптастыру:


• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:


1. http://en.wikipedia.org/wiki/Channel_(communications)

Оқушы жетістігін бағалау:


• Үй тапсырмасын орындау арқылы

• Жаттығуларды орындау арқылы


Үй тапсырмасы:


• LTE байланыс арнасы туралы оқып презентация жаса. Бұл арна неге кең дамып келе жатыр, оның қандай артықшылықтары немесе кемшіліктері бар?


• RJ45 crossover кабелі арқылы 2 компьютерді қосып жергілікті желі жаса.




САБАҚ БЛОКТАРЫ



і. аҚПАРАТ алмасу



Тақырып жоспары:

  1. Байланыс арналары және олардың сипаттамалары

  2. Жергілікті желіні баптау

  3. Интернетте бағыттау


Слайдтар:

1-слайд

Титул


2-слайд Байланыс арналары және олардың негізгі мінездемелері

  • Байланыс арнасы – қашықтықта ақпарат аумасуға мүмкіндік беретін техникалық құрал.

  • Ақпарат өткізу қабілеті – байланыс арнасы арқылы ақпарат аумасу жылдамдығы (Кбит/сек.)

  • Кедергілерге тұрақтылық – ақпараттың бұрмалау деңгейің көрсетеді.


3-слайд

  • Біз байланыс арналарың жергілікті және Интернет желілері мысалдарыңда оқимыз

  • Байланыс арналарының пайданушылары бағдарламалар және компьютерлер

  • Байланыс арналының қызметін пайдаланушыларға беретін Wifi, GPRS, кабельдық технологиялар

  • Байланыс арналарының жүрегі раутерлер және желілер



4-слайд Байланыс арналарының пайданушылары

  • Негізгі пайданушылар:

    • Web, email

  • Клиент-серверлық модель пайданушылары

  • Peer-to-peer («достан досқа» деп түсінсе болады). Клиент-серверлік модельге ұқсайды, бірақ серверлар пайдалымы өте аз.

    • Bit torrent, skype


5-слайд Байланыс арналары келесі категорияларға бөлінеді

  • Кодтау тәсілі бойынша:

    • аналогтық

    • цифрлық

  • Коммуникация тәсілі бойынша:

    • тұрақты қосылу (Megaline, Beeline)

    • уақытша қосылу (коммутативтық қосылу, DSL)

  • Сигнал жіберу тәсілі бойынша:

    • кабель

    • телефон

    • радио


6-слайд Уақытша қосылым - Коммутативтық қосылым

  • Телефондық инфрақұрылымды пайдаланады

  • Ақпарат ауысу жылдамдығы 56Кбит/сек барады

  • Телефонмен бір уақытта пайдалану мүмкін емес







7-слайд Уақытша қосылым - DSL (Digital Subscriber Line)

  • DSL – Цифрлық жазушы желісі

  • Телефондық инфрақұрылымды пайдаланады

  • Ақпарат ауысу жылдамдығы 1Мбит/сек барады

  • Телефонмен бір уақытта пайдалану мүмкін өйткені телефондық жүйенің орталық офисына жеке желі бөлінеді


8-слайд Тұрақты қосылым – Кабельдік қосылым

  • Теледидарларға арналған кабельдық инфрақұрылымды пайдаланады

  • Коаксиалдық кабель қолданылады

  • Жылдамдық 30 Мбит/сек барады

  • Кабель үйлерді ISP (Internet Service Provider, Интернет Сервис Провайдері) роутерына қосады


9-слайд Кабельдық желі архитектурасы


  • 500 – 5000 үй қосуға болады


10-слайд Үйдегі желінің типтілік компонеттері

  • DSL немесе кабельдық модем

  • Роутер (Dlink, TP-Link)

  • Ethernet кабель

  • Wifi қосылым нүктесі


11-слайд

Байлыныс арналары

  • Симплекстық – ақпарат бір бағытта ғана жіберіледі

Жіберуші Алушы

  • Дуплекстық – ақпарат екі бағытта жіберіледі

Жіберуші Алушы



12-слайд Кедергілер түрі

  • Өзіндік кедергілер

  • Өзара кедергілер

  • Сыртқы кедергілер:

    • өнеркәсіптік

    • радио

    • атмосфералық

    • ғарыштық




13-слайд Ақпарат бүтіндігің қорғау

Ақпарат жіберу барысында қателерден ақпарат бүтіндігін қорғау үшін келесі тәсілдер қолданылады:

  • Қателерді табу

    • Ең жеңіл тәсіл parity check деп аталады

    • Мысалы А Б-ға 1001 деген биттарды жібергісі келеді

    • 1001 ақпаратына А тағы бір бит қосады (parity bit)

    • Parity bit ақпараттағы бірлер саны жұпты болса 0 болады, тақ болса 1 болады


14-слайд Ақпарат бүтіндігің қорғау

  • Қателерді табу үшін repetition (ақпаратты қайталау) да қоладнылады

  • Мысалы, А Б-ға 1 деген битты жібергісі келеді

  • Ақпаратты қайталау әдісін пайдаланған кезде 1-дің орнына 111 биттерін жібереді (яғни артық ақпарат береді)



  • Егер Б алған ақпаратта сандар бірдей болмаса қате бар екенін білеміз


15-слайд Жергілікті желіні баптау

  • Жергілікті желі немесе LAN (Local Area Network) – шектеулі жердегі компьютерледі қосатын желі.

  • Мысалы: офис, үй, мектеп желілері LAN болып есептеледі

  • LAN-да Ethernet (IEEE 802.3) технологиясы қолданылады


16-слайд LAN топологиялары

  • Топология – желінің физикалық және логикалық орналасуы (макеті)

    • Физикалық – компьютерлердің және желілік технологиялардың нақты орналасуы

    • Логикалық – желіні пайдаланатын құралдарға желі қалай көрінетіні

    • Белгілі топологиялар:

    • Bus, ring, star, wireless


17-слайд Bus (жалпы шина)

  • Ethernet пайдаланылады

  • Артықшылықтары:

    • Іске асыруға оңай және арзан

    • Аз көлемде кабель қажет етеді

    • Арнайы желілік құрал қажет етпейді

  • Жетіспеушіліктері:

    • Компьютерлер желіге қосылғанда немесе алынғанда желіні баптау керек

    • Кабель үзілуі бүкіл желі жұмысын тоқтатады

    • Қателерді табу қиын


18-слайд Ring (шығыршық)

  • Логикалық шығыршық – яғни ақпарат компьютерден компьютерге айналып барады

  • Token Ring технологиясы пайдаланылады

  • Артықшылықтары:

    • Кабель үзілімдері өте оңай табылады

    • Іске асыруға жеңіл

  • Жетіспеушіліктері:

    • Компьютерлер желіні үлкейту желі жұмысын бұзу мүмкін

    • Кабель үзілуі бүкіл желі жұмысын тоқтатады



19-слайд Star (жұлдыз)

  • Барлық компьютерлер мен құралдар орталық hub/switch деген құралға қосылады

  • Әрбір құрал/компьютер жеке кабель қажет етеді

  • Құрал/компьютер hub-қа тұра қосылады

  • Кеңінен пайдаланатын топология

  • Hub желі бұзулуының жалғыз ғана нүктесі



20-слайд Star (жұлдыз)

  • Артықшылықтары:

    • Желіні үлкейту жұмысқа кедергі жасамайды

    • Кабель үзілуі тек қана бір пайдаланушыға әсер етеді

    • Проблемаларды табу жеңіл

  • Жетіспеушіліктері:

    • Көбірек кабель қажет етеді

    • Орталық hub/switch сынса бүкіл желі жұмысы тоқтатылады

    • Іске асыру қиындау


21-слайд Wireless (кабельсыз/сымсыз желі)

  • Физикалық кабель қажет етпейді

  • Сигнал кедергілері және ақпараттық қауіпсіздік




22-слайд Windows 7 - Жергілікті желіні баптау мысалы

  • LAN параметрларын өзгерту үшін Пуск - Панель управления – Сеть и Интернет - Центр управления сетями и общим доступом басыңыз

  • Экрандағы ақпарат төменгі сүреттегідей болады (немесе ұқсас)

  • Изменение параметров адаптера батырмасын басыңыз


23-слайд Windows 7 - Жергілікті желіні баптау мысалы

  • Тышқанның оң жақтағы батырмасымен Подключение по локальной сети басыңыз және Свойства таңдаңыз


24-слайд Windows 7 - Жергілікті желіні баптау мысалы

  • Келесі батырмалардаң таңдауды алыңыз:

    • Клиент для сетей Microsoft

    • Служба доступа к файлам и принтерам сетей Microsoft

    • Протокол Интернета версии 6(TCP/IPv6)

  • Содан соң Протокол Интернета версии 4(TCP/IPv4) таңдап Свойства батырмасын басыңыз


25-слайд Windows 7 - Жергілікті желіні баптау мысалы

  • IP адресты автоматты түрде алған абзал


  • Егер провайдер сізге арнайы IP адрес берсе оңы еңгізіңіз

  • Толық ақпаратты провайдерден сұраңыз


26-слайд Интернетте бағыттау

  • Интернетте бағыттау IP (Internet Protocol) адресы арқылы іске асады.

  • Қазіргі кезде кеңінен IPv4 қолданылады (IP протоколдын 4 нұсқасы)

  • IP адрес 32 биттан тұратын интерфейс, компьютер идентификаторы

  • Интерфейс – компьютер/роутер және физакалық кабель арасындағы байланыс

    • Роутерда бірнеше интерфейс болады

    • Компьютерде көбінесе 1 интерфейс

    • Әрбір интерфейсте 1 IP адрес болады


27-слайд Subnets («Ықшам желі»)

  • IPv4 адрестар саны 4,294,967,296 (2^32)

  • 2011 жылда бос IPv4 адрестар саны бітуге жақындады

  • Subnet не үшін керек?

    • Көбірек компьютерлерді желіге қосып азырақ IP адрес жарату үшін

  • IP адрес:

    • Subnet адресі – жоғарғы (сол жақтағы) биттар

    • Компьютер адресі – төменгі (оң жақтағы биттар)


28-слайд IP адрес компьютерге қалай беріледі?

  • Администратор қолмен еңгізеді

    • Панель управления - Cети - ...

  • DHCP протоколы арқылы (Dynamic Host Configuration Protocol)

    • Компьютер (DHCP клиент) желіге қосылғанда оған DHCP сервер желідегі бос IP адресті береді



29-слайд IP адрес желіге қалай беріледі?

  • Желі адресті өзінің провайдерінен алады

  • Провайдер адрестерді ICANN деген мекемеден алады

  • ICANN – Internet Corporation for Assigned Names and Numbers

    • Адрестер береді

    • Домендық атаулар менеджментімен айналысады

    • Домендік атаулармен адрестерге байланысты дауларды шешеді




іі. алғашқы бекіту



Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.







Қорытынды:___________________________________________________________



ііі. құзырлылық қалыптастыру



Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Байланыс арнасы деген не? Оның мінездемелері қандай?

2. Байланыс арнасының қандай пайдаланушылары болуы мүмкін?

3. Клиент-серверлік модельде сервердін атқаратын жұмысы қандай?

4. Байланыс арналары қандай принцип бойынша бөлінеді? Категорияларды ата?

5. Коммутативтық қосылымның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Коммутативтық қосылыммен DSL және тұрақты қосылымдарды салыстыр.

2. Информатика сыныпындағы желіге қосылу үшін пайдаланатын компонеттерді анықта.

3. Байланыс сапасына қандай кедергі әсер етеді? Көптеген лифттерге кіргенде ұялы телефон байланысы жұмыс істемейді. Неліктен?

4. Ақпарат бүтіндігін қорғау неге маңызды?

5. Ақпарат бүтіндігін қорғау үшін қандай тәсілдер пайдаланды? Мысал келтір.


ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Интернетте бағыттау қалай іске асады?

2. Subnet не үшін қажет?

3. Информатика сыныпындағы компьютерлер топологиясын сал және оны басқа топологияларға салыстыр? Неге осындай топология таңдалды?


іV. шығармашылық әрекет



Топтық жұмыс.

Интернет қауіпсіздігі қандай факторларға тәуелді? Осы мәселеде байланыс арнасының ролі қандай?



V. бағамдау-бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Байланыс арналары. Хаттамалар ТСР/ІР деректерін жіберу хаттамасы

Автор: Жундибаев Мереке Тулеукожиевич

Дата: 19.12.2015

Номер свидетельства: 268011

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Электрондық пошта. 11 класс"
    ["seo_title"] => string(28) "eliektrondyk_poshta_11_klass"
    ["file_id"] => string(6) "456261"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518262073"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства