Күні: 19.02.2016 | Пәні Информатика | Мұғалім аты-жөні Сабирова Қ. | №33Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі | Сынып: 6 |
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді түзету. |
Сілтеме: | 6-сынып оқулығы; Оқу жоспары; Күнтізбелік жоспар. |
Сабақтың мақсаты: | Кестелермен және мәтіндік процессор құралдары арқылы оларды құрудың ережелерімен танысады. |
Түйінді идеялар: | MS WORD редакторында кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруді білу. |
Оқыту нәтижелері: | Компьютердің даму бағыттарын түсінеді. Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді. Компьютердің сәулеті және компоненттерін біледі. |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ |
Ресурстар: | Компьютерлер, түрлі-түсті бағалау парағы, кеспе қағаздар, стикер, АКТ-ны қолдану. |
Ұйымдастыру кезеңі |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сәлемдесу. Ұйымдастыру. Топқа бөлу. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлу. Сабақ барысымен таныстыру. Бағалау парағын таныстыру. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру | Сәлемдесу Өздерін ретке келтіру Топқа бөліну топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. |
Үй тапсырмасын тексеру (Кеспе қағазда әр топқа 2 сұрақтан берілген) |
Кесте ұяшықтарын дайын шаблон бойынша әдемілеп әрлеу бұйрығы қандай? Ұяшықтар бойымен жылжу үшін қай батырма қолданамыз? Жаңа кесте құру үшін қандай бұйрық орындалады? Меңзерді алдыңғы ұяшыққа ауыстыру үшін қай команда орындалады? Кесте құрамындағы бағандардың ең үлкен саны? Кесте соңына жаңа жолды қалай қосуға болады? Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болады? Кестені қалай салуға болады? | Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындайды. Жауап бергеннен кейін қалған топтар бағалайды. |
Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) |
Сабақтың негізгі бөлімі |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
6-сынып оқулығында Кестелерді түзету тақырыбын АКТ-ны қолдану арқылы кестенің бағандарының енін қалай өзгертуге, жол мен бағанды ерекшелеуді, оларды біріктіруді, кесте құрылымын түсіндіреді. | Оқушылар топ болып өздеріне берілген жаңа тақырыптан мәлімет жинақтайды. |
Ой толғаныс |
«Теңбіл доп» ойыны. Слайдта сұрақтар беріледі. | Оқушылар сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап бере отырып, допты қақпаға кіргізеді. |
Практикалық жұмыс |
Қима- қағаздағы тапсырмаларды таратады. Әр топқа әр түрлі кесте үлгісі беріледі. | Компьютерде топ болып орындайды. |
Сергіту сәті |
«Көзбен сыйлық сыйлау»әдісі арқылы оқушылар бір-біріне қарап отырып көз бен сыйлық салып сыйлайды. | Оқушылар бір-біріне қарап көзбен сыйлық салып сыйлайды. |
Қорыту. Күтілетін нәтиже |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Кері байланыс: «Сабақта өзіңді бағалай біл» | Қажетті сөздің астын сызады |
Бағалау |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. |
Үйге тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Үйге 146-154 беттердегі §23. «Кестелерді түзету» тақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. |