Тексерген Ж.Н.Оразбекова
Күні «21» қараша 2015 жыл.
Сыныбы: 5 «ә».
Тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар.
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды файл, бума, жарлық нысаналарымен таныстыру, оларды құру, атын өзгеру әрекеттерін орындауға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, қызығушылық қасиеттерін қалыптастыру. Шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізуін дамыту. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік. Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу, адамгершілікке, мәдениеттілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ - жауап, жеке және топтық жұмыс.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, слайд, жеке тапсырмалар.
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) сабақта тәртіп сақтау ережесімен таныстыру;
в) бағалау парағын тарату.
2) Өткен тақырыптарды қайталау кезеңі.
2.1) Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ(жұмбақтар слайды).
2.1.1) алғашқы 2 жұмбақтың жауабын тапқан оқушыларға сары түсті қағаз қиығын беру және бағалау парағына(осы бөлімдегі) өздеріне 1 ұпай қосқызу, 3-мақалды тапқан оқушы топ басшысы болып сайланады. 1-слайд.
2.1.2) 4,5 жұмбақтың жауабын тапқан оқушыларға сары түсті қағаз қиығын беру және бағалау парағына(осы бөлімдегі) өздеріне 1 ұпай қосқызу, 6-мақалды тапқан оқушы топ басшысы болып сайланады. 2-слайд.
2.1.3) 7,8 жұмбақтың жауабын тапқан оқушыларға сары түсті қағаз қиығын беру және бағалау парағына(осы бөлімдегі) өздеріне 1 ұпай қосқызу, 9-мақалды тапқан оқушы топ басшысы болып сайланады. 3- слайд.
2.2) Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап. Венн диаграмм.асын пайдаланып, өздерінің салып келген суреттерін қорғайды:4-слайд.
2.2.1) 1-ші және 2-ші жұмбақтың жауабына сәйкес, монитор мен жүйелі блоктың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып көрсету. Толық жауап 3 ұпай(айырмашылықтары-1 ұпайдан, ұқсастықтары-1 ұпаймен есептелінеді).
2.2.2) 4-ші және 5-ші жұмбақтың жауабына сәйкес, тышқан мен пернетақтаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып көрсету.
2.2.3) 7-ші және 8-ші жұмбақтың жауабына сәйкес, сканер мен принтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып көрсету.
2.3) Өзіңді тексер! Оқулықпен жұмыс, 83-84 беттердегі тест жұмысын орындау. 7 дұрыс жауап, 7 ұпай болып есептелінеді.
2.4. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында ребусты шешкізу. 5-7-слайдтар, дұрыс жауап 1 ұпай.
3) Жаңа тақырыпты(1-слайд) түсіндіру.
Жаңа сабақты презентация арқылы көрсетіп, сұрақ қоя отырып түсіндіру(2-слайд).
Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. (3-4 слайд). Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрадыжәне оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады(5-слайд).
Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген: 6- слайд.
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне — клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Бумалар екі түрлі болады:
- жүйелік бума - каталогтар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.) ;
- жұмысшы бумалар (7-слайд).
Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows ОЖ-дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. (8-9 слайд). Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады. 10-слайд.
Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Буманы бос жерде Создать - Папка командасын орындайды. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі пайда болады(11-12 слайд). Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:
Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.
Создать - Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.
Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз.
Таңбаша(жарлық) - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.
Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету.
Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.
Бірінші жолы:
• Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.
• Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.
Екінші жолы:
• Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.
• Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту.
4) Сабақты бекіту. КТЖ-ты орындау:
А-деңгейі.
1. Кез келген файлдар үшін(өз қалауларың бойынша) жарлық/ярлык құрыңдар;
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеп қойыңдар;
3. Құрған жарлықтарыңның аттарын ауыстырыңдар(переименовать);
4. Құрған жарлықтарыңның белгішелерін ауыстырыңдар;
5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға(себет/корзина) апарыңдар;
6. Қоржыннан қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
В деңгейі
1. Жұмыс үстелінде бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңдар. Бумалар атауы мына реттілікпен орналасатын болсын: 1Бума2Файл3Жарлық.
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар. Мәтіндік құжаттың атауы- КТЖ болсын.
3. Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаларын үшін жарлық құрыңдар
4. Құрылған жарлықтардың ішіне басқа да файлдарды орналастырыңдар: мысалы, графикалық(Изображение бумасында), бейнелік(видео бумасында), дыбыстық файлдар(Музыки бумасында болады).
С деңгейі
1. Мәтіндік редакторды(Пусквсе программыстандартныеWordPad)ашып, жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.
2. Құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар.
3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар.
4. Осы 2 файлды өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.
5. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.
5) Бағалау.
6) Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Тест тапсырмасы 95-97 беттер.
7) Сабақты қорытындылау.