kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Activstudio ба?дарламасында тест с?ра?тарын дайындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Activote тестілеу ??рыл?ыларын дайындау.

 

Екінші кезе?.

Activote ??рыл?ыларын дайындау.

Activote тестілеу ??рыл?ылары чемоданынан ?лі алынба?ан жа?дайдан бастап ?арастырайы?. Чемодан?а - 32 (отыз екі) ??рыл?ы, USB-кабель, екі кілт ж?не ??рыл?ыларды ж?йелік блокпен байланысуын ?амтамасыз ететін Flash дискі салын?ан. Чемоданнан тестілеу ??рыл?ыларын бірме-бір алып Activote жазуы жо?арыда деп есептесек т?менгі жа?ында please pull out tab before use с?здері жазыл?ан клеенка немесе скотчты жаймен ж?лып аламыз. Жо?арыда орналас?ан ?ызыл ж?не жасыл стрелкалы конверт белгішелері (б?дан кейін - индикаторлар) жанып ?шеді – б?л ??рыл?ы батареялары жарамды екендігін білдіреді. Абай болы?ыз. Скотч жыртылып ?алды?тары ??рыл?ы ішінде ?алып кетсе онда б?ра?ыш (отвертка) к?мегімен ??рыл?ыны ашып ?алды?тарды шы?аруымыз?а тура келеді. Ж?не де бір аш?анда барлы? ??рыл?ыларды? скотчатарын алып тастау?а асы?па?ыз – м?мкін Сізге 20-25 данасыда жеткілікті болатын шы?ар ?ал?андарын істетуге асы?па?ыз. ??рыл?ы батареялары «отырып» ?ал?ан жа?дайда оларды ауыстыру?а болады.

     Activote тестілеу ??рыл?ыларын тіркеу.

     Тестілеу ??рыл?ысын тіркеу ?шін е? алдымен чемоданнан алын?ан флеш-дискіні ж?йелік блокта?ы USB порт?а орнатамыз.

Activstudio ба?дарламасыны? ал?аш?ы бетінен Конфигурировать  ішкі бетін ашамыз. (№5 с?рет).

 

 

№5 с?рет. Добро пожаловать в Activstudio с??бат терезесіні? Конфигурировать ішкі беті.

     Осы терезедегі Установить Activote ?атарында?ы Регистрация устройств  командасын шертеміз. №6 суреттегі Регистрация устройств с??бат терезесі экран?а шы?ады. (терезе ??деліп берілген, ?зынды?ы кішірейтілген).

 

 

№6 с?рет. Регистрация устройств с??бат терезесі.

 

Б?л с??бат терезесінде Зарегистрировать  батырмасын шертеміз. Шерткен кезде экран?а т?мендегі №7а с?ретте к?рсетілген Зарегистрированные устройства терезесі пайда болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Activstudio ба?дарламасында тест с?ра?тарын дайындау»












Activstudio бағдарламасында тест сұрақтарын дайындау.

Activote тестілеу құрылғылары көмегімен тест қабылдау нұсқаулығы


















Activote тестілеу құрылғыларын дайындау.


Екінші кезең.

Activote құрылғыларын дайындау.

Activote тестілеу құрылғылары чемоданынан әлі алынбаған жағдайдан бастап қарастырайық. Чемоданға - 32 (отыз екі) құрылғы, USB-кабель, екі кілт және құрылғыларды жүйелік блокпен байланысуын қамтамасыз ететін Flash дискі салынған. Чемоданнан тестілеу құрылғыларын бірме-бір алып Activote жазуы жоғарыда деп есептесек төменгі жағында please pull out tab before use сөздері жазылған клеенка немесе скотчты жаймен жұлып аламыз. Жоғарыда орналасқан қызыл және жасыл стрелкалы конверт белгішелері (бұдан кейін - индикаторлар) жанып өшеді – бұл құрылғы батареялары жарамды екендігін білдіреді. Абай болыңыз. Скотч жыртылып қалдықтары құрылғы ішінде қалып кетсе онда бұрағыш (отвертка) көмегімен құрылғыны ашып қалдықтарды шығаруымызға тура келеді. Және де бір ашқанда барлық құрылғылардың скотчатарын алып тастауға асықпаңыз – мүмкін Сізге 20-25 данасыда жеткілікті болатын шығар қалғандарын істетуге асықпаңыз. Құрылғы батареялары «отырып» қалған жағдайда оларды ауыстыруға болады.

Activote тестілеу құрылғыларын тіркеу.

Тестілеу құрылғысын тіркеу үшін ең алдымен чемоданнан алынған флеш-дискіні жүйелік блоктағы USB портқа орнатамыз.

Activstudio бағдарламасының алғашқы бетінен Конфигурировать ішкі бетін ашамыз. (№5 сүрет).


№5 сүрет. Добро пожаловать в Activstudio сұқбат терезесінің Конфигурировать ішкі беті.

Осы терезедегі Установить Activote қатарындағы Регистрация устройств командасын шертеміз. №6 суреттегі Регистрация устройств сұқбат терезесі экранға шығады. (терезе өңделіп берілген, ұзындығы кішірейтілген).


№6 сүрет. Регистрация устройств сұқбат терезесі.


Бұл сұқбат терезесінде Зарегистрировать батырмасын шертеміз. Шерткен кезде экранға төмендегі №7а сүретте көрсетілген Зарегистрированные устройства терезесі пайда болады.


№7а сүрет. Зарегистрированные устройства сұқбат терезесі.


Бұл терезеге біз неше құрылғы тіркемекшіміз соның санын енгізуіміз қажет. Бірақ бірден 20 немесе одан да көп құрылғыны жазбастан бірме-бір тіркегеніміз дұрыс болады. Яғни бұл терезеге оң жақтағы цифрлардан шерту арқылы 1 санын енгізіп ОК батырмасын шертеміз. №7ә сүретте көрсетілген терезе пайда болады.


№7ә сүрет. Зарегистрированные устройства сұқбат терезесі екінші бет.


Бұл терезеде жазылған үш қадамды бірме-бір орындап шығамыз.

  1. Алау сүреті салынған сары түсті ортаңғы батырманы басулы күйде ұстап тұрамыз.

  2. Қызыл және жасыл индикаторлар жанғанға дейін ол батырманы басулы күйде ұстаймыз.

  3. Индикаторлар жанған соң сұқбат терезесінің төменгі оң жағында бейнеленіп тұрған әріптер қатарын құрылғыдағы сәйкес индикаторларды басамыз. Әр әріпті басқан кезде құрылғыдағы қызыл индикатор жанған күйі ал жасыл индикатор жанып, өшіп тұрады. №7ә сүреті бойынша біз ABF қаріптерін теруіміз керек.

Егер барлығын дұрыс орындасақ бұл терезе жауылып №6 сүретте көрсетілген терезе ағымдағы болып шығады. Тек енді терезенің оң жақ бетіндегі Устройства қатарының астында 1 саны, ал Имя устройства қатарының астында А 1 сөздері пайда болады.

Енді екінші құрылғыны тіркеу үшін осы амалдарды басынан қайталаймыз – Регистрация устройств сұқбат терезесінде Зарегистрировать батырмасын басамыз ашылған терезеде 1 санын енгіземіз, кейінгі терезе ашылғанда құрылғыны алып ортаңғы индикаторды басулы күйде ұстап индикаторлар жанғанша күтеміз, индикаторлар жанған соң терезеде көрсетілген латын қаріптерін құрылғы көмегімен тереміз. Осылайша келесі және келесі құрылғыны, қаншауы қажет болса сонша рет қайталаймыз. Әр құрылғы тіркелгенде осы әріптер өзгеріп тұрады.


№8 сүретте 10 құрылғы тіркелгеннен кейінгі көрініс көрсетілген.




№8 сүрет. 10 Activote құрылғысы тіркелгеннен кейінгі Регистрация устройства терезесінің көрінісі.


Тіркеу біткен соң Регистрация устройства терезесіндегі Тест батырмасын шертіп әрбір құрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріп шығамыз. Тест батырмасы басылғанда Устройство және Имя устройства бағаналарындағы жазулар қызғыш түске боялады. Осы кезде біз әр бір құрылғыны кезекпен алып A, B, C, D, E, F индикаторларын кезегімен басып шығамыз (ортаңғы, қызыл және жасыл индикаторларды баспаймыз). Индикаторлар басылғанда жасыл және қызыл индикаторларлар жанып өшіп тұрады. Соңғы F индикаторы басылған соң сол құрылғыға сәйкес қатардың түсі алдыңғы қалыпқа келеді. Егер барлық құрылғы дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көзіміз жетсе енді ОК батырмасын шертіп бұл терезеден шығып кетуімізге болады.

10 құрылғыны тіркедік (бұл қалауыңызша 15, 20 құрылғы да болуы мүмкін - сынып оқушылары санына қарай).

Әрбір оқушыға тестілеу құрылғысын бекітуді екі жолмен орындауға болады:

1 жол – тестілеу бастардын алдында оқушылардын аты-жөнін енгізу арқылы;

2 жол – сынып тізімін пайдалану арқылы.

Бұл екі жолдын екіншісі тиімді – мұнда сынып журналын алып барлық оқушыларды алдын ала енгізіп, сақтап қоямыз. Және тестілеу бастарда сабаққа қатысып отырған оқушыларды ғана тіркеуден өткіземіз.

Бірінші жолды таңдағанда біз уақыттан ұтыламыз - әр оқушының аты-жөнін жазып шығу – сабақта тиімсіз пайданылған уақыт есебіне қосылып кететін болады.

Сонымен, сынып тізімдерін алдын ала қалай жасап аламыз:


Сынып тізімдерін жасау:

  1. №5 сүретте көрсетілген терезеден – Управление группами пользователей командасын таңдаймыз. Экранға төмендегі терезе шығады:


9 сүрет. База данных пользователей Activote жұмыс терезесі.

Бұл терезе екі бөліктен тұрады: оң жақ бөлік – оқушылар тізімін енгізу бөлігі, сол жақ – Енгізілген оқушылардың жалпы тізімі.

Оң жақ бөліктің жоғарғы бетінде орналасқан Ішкі беттердің атын өзіміз қалауымызша өзгертуімізге болады. Мысалы: Папка 1, Папка 2 ішкі беттерін тестілеу құрылғыларын пайдаланатын мұғалімдер атымен өзгертеміз, ал Подпапка 1, Подпапка 2 ішкі беттерді сол мұғалім сабақ өтетін сыныптардын атымен (7А, 8Б,.., т.с.с) өзгертіп қоямыз.

Әрбір папканың ішінде бірнеше подпапка бар.

Папка немесе Подпапка атын өзгерту стандартты түрде өткізіледі – мәтінмәндік мәзірден Переименовать командасын таңдаймыз.


  1. Оқушылар тізімін жазып болған соң Файл = Сохранить как ... командасын орындап өзімізге белгілі болатын атпен сақтап қоямыз.


Тестілеу құрылғаларын пайдаланушы оқушылардың деректер базасын осылай құрамыз. Және мұны алдын ала дайындап қойсақ өзімізге көп жеңілдіктер береді.


Тест қабылдау.

Енді алдын ала құрып, сақтап қойған тест сұрақтары жазылған құжатымызды ашамыз. Құжат ашылғанда Activstudio бағдарламасы іске қосылады. Экранда Тест сұрақтарын құрастырғанда Титул беті деп сақтаған бетіміз ашылады.

Егер алғаш рет тестілеу өткізіп жатқан болсаңыз Сіздің бағдарламаңыздың Құрал-саймандары қатарында Activote құрылғысы бейнеленген құрал - болмауы мүмкін. Оны Құрал-саймандар панеліне шығаруды төмендегіше іске асырамыз.



10 сүрет. Activstudio бағдарламасының құрал-саймандар панелі.


  1. Құрал-саймандар қоймасы (Хранилище инструментов) батырмасын басамыз. Ол батырма Құрал-саймандар панелінде мына түрде беріледі - , немесе Добро пожаловать в Activstudio терезесінің Настройка профиля қатарында - командасы ретінде берілген. Осы командалардың бірін орындағанда экранға №11 сүретте көрсетілген терезе пайда болады.



11 сүрет. Хранилище инструментов терезесі.


Хранилище инструментов көмегімен өзімізге қажет болған құралды Activstudio бағдарламасында Құрал-саймандар панеліне орналастырып қоюға болады.

  1. Хранилище инструментов терезесінің Специальные инструменты бөлімінен құралын тауып оны тышқан көмегімен іліп алып №10 сүретте көрсетілген Құрал-саймандар панеліне алып барып орналастырамыз.


Тест сұрақтары сақталған файлымызды жүктеген кезімізде экран бетіне №12 сүреттегі терезе пайда болады.



12 сүрет. Сеанс Activote терезесі.


Бұл терезе көмегімен тестілеу жүргізудің екі түрін таңдауымызға болады. Именованный режим – бұл режимді әр бір құрылғыға ат беріледі, яғни оны қолданып отырған оқушының атын енгізіп қоюымызға болады. Анонимный режим – бұл режимді құрылғылар А1, А2,...А10 түрінде сақталып тұрады. Режим демонстрации – пунктін таңдасақ компьютер автоматты түрде тестілеуді қосып демонстрация түрінде көрсетіп береді. Қазірде Activote тестілеу құрылғылары А1, А2,,,, А10 түрінде сақталып тұр. Енді оларды әр оқушының атымен өзгертіп қоюымызға болады. Ол үшін осы терезеде біз Именованнй режим қатарына белгіше орналастырып Пользователи батырмасын шертеміз. Бұл батырманы шерткен кезде экранға №13 сүретте көрсетілген терезе шығады.


13 сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесі.


Бұл терезе екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік (жиі қолданамыз) – жоғарғы. Біз бұл бөлікті таңдап әрбір оқушыға өз құрылғысын бекітіп береміз. Назначьте устройства. ... сүр түсті қатарын шерткенде №14 сүретте көрсетілген терезе пайда болады:



14 сүрет. Распределение устройств между пользователями 2 терезесі. (терезе өңделіп, кішірейтіліп берілген).

Бұл терезенің оң жақ бетіндегі Устройства қатарының төменгі жағында қазір неше құрылғы тіркелгендігі көрсетіліпп тұр. Енді осы құрылғылардың әрбірін жеке оқушыға бекітіп шығуымыз қажет.


14а сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесінің көрінісі.

Құрылғыларды әрбір оқушыға бекітіп шығу үшін – Открыть командасын шертеміз. Осы кезде Распределение устройств между пользователями терезесі үстінен Загрузите файл базы данных пользователей Activote сұқбат терезесі ашылады (№14ә сүрет). Бұл терезені біз Отмена батырмасын басу арқылы жауып тастаймыз және алдыңғы Распределение устройств между пользователями терезесінде екінші рет Открыть батырмасын шертеміз. Осы кезде алдын ала сынып тізімдерін жазып, белгілі атпен сақтап қойған файлдарымыздың аты шығады (№14б сүрет).

14ә сүрет. Загрузите базу данных пользователей Activote сұқбат терезесі (1)


14б сүрет. Загрузите базу данных пользователей Activote

сұқбат терезесі (2)


Қажет сыныптың тізімі ашылған соң тіркеген құрылғылар санына қарай (ол сабақта қатысып отырған оқушылардың санына сәйкес болатындығы анық) терезенің сол жақ бетіндегі оқушылар аты-жөнін шертіп батырмасын басып тіркеуді жүргіземіз. Бұл №14в сүретте көрсетілген.



14в сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесі. (Оқушыларға құрылғыларды бекіту кезеңі).



Барлық қатысып отырған оқушыларды таңдап болған соң Распределение устройств батырмасын шертеміз. Шерткен кезімізде экранға кесте шығады бұл кестеде өзіміз енгізген оқушылардың аты-жөні және 3 әріпті код көрсетілген. Олар қызғыш түспен боялып тұр. Енді әрбір оқушы өз аты қатарында жазылған 3 әріпті кодты құрылғысы көмегімен тереді. (Ескерту – 3 әріпті кодты оқушы бірден тере береді, тіркеу жүргізгендегідей ортаңғы батырманы басып ұстап тұрудың қажеті жоқ.). Әр оқушы өз кодын тергіп болғанда ол жазылған қатардың қызғыш түсі өшіп жасыл түске боялады. Бұл – құрылғы сол оқушыға тіркелді деген сөз. Барлық оқушылар орындап болған соң терезенің төменгі жағындағы батырмасын шертеміз. Жоғарыдағының барлығы дұрыс орындалса Распределение устройств между пользователями терезесінің көрінісі №14г сүреттегідей болып өзгереді.



14г сүрет. Распределение устройств между пользователями терезесінің құрылғыларды әр оқушыға бекіткен соңғы көрінісі.



Құрылғыларды әр оқушыға бекітіп болған соң және де олардың дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеріп шығуымызға болады. Ол үшін осы терезедегі Тест батырмасын шертеміз. Тексеруді жүргізу үшін жоғарыда айтылғандай әр бір әріп жазылған индикаторларды А әрпінен бастап бірме-бір кезегімен басып шығамыз. Тексеріп болған соң Выход батырмасын шертеміз.

Экрандағы Сеанс Activote терезесі мына көрініске ие болады. (№15 сүрет).


15 сүрет. Сеанс Activote терезесі оқушылар тіркелгеннен соң көрінісі.


Бұл терезеде ОК батырмасын шертеміз. Оны шерткен кезде терезе бетін Добро пожаловать в Activstudio терезесі жауып қалуы мүмкін. Оны тышқан көмегімен экранның төменгі жағына сырып қоямыз.


Енді тестілеуді де бастасақ болады. Әр тест сұрағы бөлек бетте ашылады. Келесі бетке ауысу үшін Құрал-саймандар панелінің астыңғы жағында - бағыттағыштары бар. Олардың ішінен жоғарғысын шертіп отырамыз. Бағыттағышты бір рет шертеміз – экранға сұрақ шығады. Жылдам түрде құралдар ішінен - белгішесін шертеміз – осы белгіше шертілген соң ғана оқушылар Activote құрылғыларын іске қосулары мүмкін, яғни дұрыс деп тапқан нұсқаларын құрылғыдағы индикатор арасынан басады. Соңғы оқушы жауап берген соң экранның жоғарғы сол жақ бұрышына орналасқан - батырмалардан Стоп (қара түсті төртбұрыш) батырмасын шертеміз. Экранға оқушылар көрсеткен нәтиже шығарылады.


16 сүрет. Оқушылар көрсеткен нәтижелер терезесі.


Бұл терезенің жоғарығы қатарында нұсқалардың дұрысы жасыл түске боялып тұрады. Терезедегі сәйкес қатарды шерту арқылы мынадай мәліметтердің тізімін көре аламыз.

  1. Ответы А-Ғ – неше оқушы қай нұсқаны дұрыс деп белгілеген (график түрінде);

  2. Кто-что ответил – қай оқушы қай нұсқаны таңдаған (кесте түрінде);

  3. Правильно Неправильно - №16 сүретте көрсетілген көрініс;

  4. Общий счет - әр оқушы қанша дұрыс жауап берген (кесте түрінде);

  5. Краткий обзор – оқушылардың жауаптары (тізім түрінде);

  6. Время ответов - әр оқушы жауап беруге қанша уақыт жұмсаған (кесте тізім түрінде);

  7. Показать проценты - әр оқушы неше пайыз дұрыс жауаптар бергені (кесте тізім түрінде);


Айта кететін жайт: тест жауаптары 4 нұсқадан тұрады, ал оқушы индикаторлардан Е немесе F әріптерін басса онда оның аты жазылған қатар қара түске боялады және біз Стоп батырмасын басқан кезімізде Бір немесе бірнеше оқушы жауап берген жоқ. Оларға мүмкіндік береміз бе? тақырыбында сұраныс терезесі шығады. Егер Ия деп жауап берсек – ол оқушы қайта жауап бере алады, егер Жоқ десек оның жауабы Белгісіз (Неизвестно) тізіміне қосылып кетеді.

Бұл тест құрастыру уақытында Тайм-аут орнатпағандағы жағдай. Ал егер біз Тайм-аут орнатып, белгілі уақыт енгізген болсақ – сол уақыт біткен соң тестілеу тоқтатылады да егер үлгермеген немесе жоқ нұсқаны басып қойған оқушылар бар болса жоғарыда көрсетілген тақырыпта сұраныс терезесі шығады. Ол терезеге өз қалауымызбен жауап береміз.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Activstudio ба?дарламасында тест с?ра?тарын дайындау

Автор: Баймаханов Кайрат Байзакович

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322750


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства