kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ACTIVote2 тестілеу жүйесімен жұмыс жасау қадамдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

тест жасауга арналган багдарлама. тест жүйесиин жасауга болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ACTIVote2 тестілеу жүйесімен жұмыс жасау қадамдары»

ACTIVote2 тестілеу жүйесінің рөлі


ACTIVote2 тестілеу және дауыс беру жүйесі әр оқушыға ұсынылған бірнеше жауаптардың бірін сымсыз радио-пульттардың батырмаларына басу арқылы жауап беруге мүмкіндік береді. Радио-пульттан шыққан ақпарат ACTIVboard интерактивті тақтасына орнатылған радио-портқа қабылданып, өңделеді. Бұл мұғалімге оқушылардың оқу материалын түсіну деңгейін үздіксіз бағалап отыруға мүмкіндік береді.

ACTIVote2 тестілеу және дауыс беру жүйесі мұғаліммен байланысты орната отырып оқушылардың сабаққа түгелдей қатысуын қамтамасыз етеді. Оқушылар қағаз бен қалам орнына радио-пульттарды қызыға және нәтижелі қолданады.

Кез-келген тест бірнеше жауаптарымен (6 нұсқаға дейін) ACTIVboard интерактивті тақтасында ұсынылып, жауаптары ACTIVstudio2 программалық жабдықтамасының көмегімен көрініп отырады.

ACTIVote2 тестілеу және дауыс беру жүйесін қолданудың жетістіктері:

  • Оқушылар сабаққа қызыға қатысады және ақпаратты жақсы қабылдайды.

  • Әр оқушы өз білімінің бағасын көріп отырады.

  • Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара байланыс құралы болып табылады.

  • Мұғалім білімді бекіту, үй тапсырмасын тексеру тәрізді сабақ бөлімдеріне аз уақыт кетіреді.

  • Нашар оқушыдан да жауап алуға негізделген.

  • Мұғалім нақты жауап алғысы келген жағдайда сұрауды жасырын өткізе алады.

  • Мультимедиялық технологияны сабақта қолдану мұғалімге қиын тақырыптарды түсіндіруге жеңілдіктер жасайды.


ACTIVote2 тестілеу жүйесімен жұмыс жасау қадамдары


1-қадам. Тест құру


Бас мәзір – ACTIVote – Мастер вопросов.

Сұрақтарды теріп және олардың түрін таңдайсыз. Дұрыс жауапты таңдайсыз. Келесі сұрақты қосу үшін «Новый вопрос» батырмасына басасыз. Егерде бұрыннан әзірленген тест сұрақтары бар болса «Показать библиотеку» батырмасына басу арқылы соларды пайдалануға болады. Тайм – аут жанына жалауша қойып, уақытын көрсетесіз. Тест сұрақтарының жазылу түрін таңдайсыз. «Әрі қарай» батырмасын басып, келесі терезеден бет түрін, сұрақтардың өлшемі мен қаріпін (шрифт) таңдайсыз.

Файл – Сохранить как арқылы флипчарт ретінде сақтайсыз. Егер өзгерту керек болатын болса «Мой мастер вопросов» немесе «Общий мастер вопросов», немесе «Другая папка» папкасына Сұрақтар шебері ретінде сақтайсыз. Файлдың кеңейтілімі .qmf болуы шарт.


2- қадам. Қолданушыларды енгізу.


Бас мәзір – ACTIVote – База данных пользователей.

Ашылған терезеден Файл – Создать командасын таңдайсыз. Пользователь – Добавить командасын таңдап қолданушылар тізімін енгізесіз. Файл – Сохранить как командасы арқылы сақтайсыз.


3 – қадам. Құрылғыларды тіркеу.

Бас мәзір – ACTIVote –Устройство.

Егер алдын ала тіркелген құрылғылар болса «Удалить всё» батырмасына басу арқылы алып тастауға болады.

«Зарегистрировать» батырмасына басып, пайда болған терезедегі шарттарды әр радио-пульт үшін орындайсыз. «Назвать все» батырмасына басу арқылы 4 символдан артпайтын ат қоясыз. «Имя» батырмасына басу арқылы әр радио-пульттің (ортасына басуға болмайды!) кез-келген әріпіне басып тексересіз. «Тест» батырмасы арқылы әр радио-пультті тестілеуден өткізесіз. Ок батырмасын басасыз.


4 – қадам. ACTIVote-ны реттеу


Бас мәзір – ACTIVote – Настройки.

Ашылған терезеден сұрақты күту уақытын көрсетесіз. «» таңбашасын «Күту уақытын дайын сұрақтарға қолдану», «Нәтижелерді жаңа флипчарт беттерге шығару», «Есімдерін көрсету», «Нәтижелерін көрсету», «Бетті автоматты түрде ауыстыру» командаларының тұсына қоясыз.

«» таңбашасын таңдауыңызша «Қолданушының тек бірінші жауабын қабылдау» немесе «Қолданушыларға өз жауаптарын өзгертуге мүмкіндік беру» командаларының тұсына қоясыз. «База пользователей» дегенге өзіңіздің сақтаған тізіміңізді көрсетесіз.


5 – қадам. Қолданушылар арасында құрылғыларды үлестіру.


Бас мәзір – ACTIVote –Пользователи.

Ашылған терезеден «Назначить имена для пользователей» батырмасын басу керек. Егер сіз алдыңғы қадамда сынып тізімін көрсеткен болсаңыз сол тізім шығып тұруы керек, болмаса Открыть батырмасына басу арқылы өзіңізге қажетті тізімді

таңдайсыз. Тізімді қолдарындағы құрылғыларға сай бекітесіз. (Сол жақтан есімін белгілеп  батырмасына басасыз). «Шығу» батырмасына басасыз.


6- қадам. Жұмыс түрін таңдау


Бас мәзір – ACTIVote – Сеанс қажетті режимді таңдайсыз. «» таңбашасын таңдауыңызша қоясыз. Именнованный – оқушылар тізімі оң жағында пайда болады да тестілеу өтеді. (Тест өткізу үшін осы режимді таңдайсыз). Анонимный режим –

оқушылардың есімінсіз жасырын тестілеу. Режим демонстрации – қалай өтетінін ғана көрсетеді. Таңдағаннан кейін Ок батырмасын шертесіз.


7 – қадам. Тесттерді орындау.


Бас мәзір – Флипчарт – Открыть из – қажетті папканы таңдау арқылы бұрын сақталған тестілеу сұрақтары бар флипчартты ашасыз. Егер барлық командалар дұрыс орындалған болса Ок батырмасын басасыз.

Тестілеу құрылғысының таңбасына басқаннан соң қолданушылар тестілеуді бастайды.

Сұрақтарға жауап беріп болғасын «Стоп» батырмасына басу арқылы тестілеу қорытындысын аласыз. (Егер 4-қадамда «Нәтижелерін көрсету» дегенді таңдаған болсаңыз тест аяқталғаннан кейін нәтиже өзі шығады.)


Екінші рет жұмыстанғанда жұмысты 5-қадамнан бастап жасауға болады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ACTIVote2 тестілеу жүйесімен жұмыс жасау қадамдары

Автор: Жумабаева Умит Жолымбетовна

Дата: 22.10.2016

Номер свидетельства: 351313


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства