kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внекласная работа "Информатика ж?не біз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

внеклассное мероприятия по информатике

о вреде и полезности компьютера

советы педиатра

советы учащихся

смешные истории о компьютерах

много чего интересного

сама я провела это мероприятие для большой публики и разработка была опубликована в нескольких методических изданиях

буду рада если оно вам чем нибудь поможет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внекласная работа "Информатика ж?не біз" »


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Оңтүстік Қазақстан облысы



Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі








атты «Винчестер» клубының кездесуі






Информатика пәнінің оқытушысы: Хасенова Айман Айбекқызы
















Сарыағаш қаласы



Кездесу тақырыбы: Информатика және біз



Мақсаты: Информатика апталығына орай клуб мүшелерінің

кездесуін ұйымдастыру, клуб мүшелерінің білімдерін ортаға салып,

бөлісу. Топ болып жұмыс істеуге,ұжымдыққа тәрбиелеу.

Шығармашылыққа жетелеу.



Жоспары:


1.Таныстыру

2. Компьютер жайлы бірер сөз

3. Компьютердің зияны қаншалықты екенін білесіз бе?

4. Арнайы жаттығулар кешені

5. Көзді шаршатпау өз қолыңызда

6. Компьютерді пайдаланушыларға арналған пайдалы кеңестер

7. Бетпе-бет айдары (дәрігер-педиатр, информатика маманымен кездесу)

8. Сіз білесіз бе?

9. Компьютер айналасындағы әзіл-қалжыңдар

10. Қорытынды































Кездесу думан залында болып өтеді. Думан зал нақыл сөздермен, шарлар мен,гүлдермен безендіріледі.

Нақыл сөздер:


  1. Программалау – екінші сауаттылық (А.П.Ершов)

  2. Адамға адамдық істі, ал есептеу машинасына машиналық істі беру керек. (Н.Виннер)

  3. Интернет- ақпараттық магистраль (Б. Гейте)

  4. Кибернетика- қоғамды басқаруға айналған ғылым (А.Н.Ампер)

  5. Ақпаратты тасымалдау,тарату,өңдеу және түрлендіру процесстері мен заңдылықтары туралы ғылым информология деп аталады. (В.И.Сифоров)

  6. Машина адам тапсырмаған жұмысты және өзі істей алмайтын жұмысты ешқашанда орындай алмайды (А.Лавлейс)

  7. Кез-келген машинаның құны онда жұмыс істейтін адамның құнымен бірдей (Н.Виннер)

  8. Көрініп тұрған бейне нақты сол затқа әрқашан да сәйкес келе бермейді (Н.Коперник)

  9. Есептеу жұмыстарына құл тәрізденіп көп уақыт жұмсау адам деген атқа сәйкес емес. (Г.Л.Лейбниц)

  10. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін- білім (М.Әуезов)


Барысы:


І. Сәлемдесу


Сәлеметсіздер ме қымбатты студенттер мен оқытушылар,қонақтар!


Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрінде

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгінде!- демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютер қыр-сырын білгеніне не жетсін. Кешімізге арнайы дайындалып кеген «Информатика және компьютер» жайында менің білетінім, айтатыным бар деп отырған «Винчестер» компьютер клубының белсенді де, білгір мүшелерін ортаға шақырайық..


1 студент: 2 студент:


Құтқарып ауыр бейнеттен Білмегенді білдірген

Техниканы үйреткен Өлшеп киім кигізген

Роботтай-адамды Барлық істі атқарып

Тіл бітіріп сөйлеткен Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене? Компьютер емей немене?


3 студент: 4 студент:


Тындыратын бәр істі, Басып қылсаң түймесін,

Көрсететін киносын. Жеңілдеткен жұмысты.

Есінде сақтап қояды, Ұнатпайтын әрдайым,

Білгеніңді жинасаң. Текке қарап тұрысты.

Компьютер емей немене? Компьютер емей немене?


5-студент: 6 студент:


Мейлі алыс,жақыннан, Керегіңді іздеген,

Лезде хабар табылған. Дүниенің кез-келген.

Хат та алмасып тұратын, Интернеттен табасың,

Достарыңмен сағынған. Сұрамай-ақ өзгеден.

Компьютер емей немене? Компьютер емей немене?

7 студент: 8 студент:

Суретте онда салатын, Сырласуды ілуде,

Әнді де тыңдай алатын. Экраннан жөн көрген.

Меңгеріп алған әр адам, Скайпты бүгінде

Білімді,білгір болатын. Ата-әжелер меңгерген.

Компьютер емей немене? Компьютер емей немене?


9 студент: 10 студент:

Ұл-қыздары елімнің, Демей-ақ көп,аз жазды,

Бір-бірімен танысқан. Шығаратын қағазды.

Мықты болған достығы, Техникада бүгінде,

Агент,чатпен танысқан. Істеген ісі маңызды.

Компьютер емей немене? Компьютер емей немене?


10 студент: 11 студент:

Сканерлеп беретін, Солай да солай достарым,

Кітапты да көшіріп. Компьютер болсын достарың.

Шығарманы көркем ететін, Меңгере алсаң сен оны,

Қажетсізін өшіріп. Өмірде озып тасқаның.

Компьютер емей немене?



«Винчестер» компьютер клубы.


Жас ұрпаққа компьютерлік сауаттылықты меңгерту мақсатымен еліміздің барлық оқу оындары компьютерленіп болды. Ендігі кезекте осы қолда бар құралдарды тиімді пайдалануымыз керек. Осы мақсатпен колледжімізге орнатылған компьютерлерді сабақ барысында да және сабақтан тыс үйірме жұмысында да қолданамыз. Колледжімізде 2008 жылы құрылған «Винчестер» компьютер клубына биыл үш жыл толып отыр. Клубта барлығы _______ студент. Олар 1,2,3 және 4 курс «Информатика» мамандығының студенттері. Клубқа қабылдау тәртібіне тоқталсақ, әрбір оқушы «Компьютер біздің өмірімізде» атты шығарма жазып оны қорғады. Сыннан сүрінбей өткен оқушылар аталмыш клубқа қабылданды. Сол уақыттан бері компьютердегі негізгі программаларды (Word,Excel,PowerPoint,Internet, программалау тілдері ж.т.б) жетік меңгеріп шықты. Ендігі кезекте бұл клубтың алдына қойылған мақсаттары өте көп. Басқа мамандықтағы студенттерді де өз қатарларына қосып алып компьютерлік сауттылықтарын кеңейту болып табылады.


ІІ. __________________________ студент: Құрметті қонақтар, достар Сіздерге «Компьютер жайлы бірер сөз» айтқымыз келіп отыр.



Жүйелік блок: ( ___________________студент)


Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған. Олар деректерді өңдеуді,электр тогының қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік блоктың ішін көру үшін оның артқы қақпағын ашу керек. Оның конструкциясында жүйелік блоктың әртүрлі типтері үшін айырмашылықтар бар. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу,өшіру батырмасы,дискіжетек компакт дисктен оқитын СD-ROM орналастырылған.







Монитор (Дисплей) ( ___________________студент):


Дисплей- компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды. Сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағы монитор деп атайды.

Монитор- компьютердің «тілі», ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.

Дисплей-электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және басқарушы электрондық блоктан тұрады.

Монитор түрлі түсті немесе монохромды болуы мүмкін. Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелерден (егер монитор түрлі түсті болса) немесе сұр нүктелердің әртүрлі реңдерінен (егер монитор монохромды болса) тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксильдер деп атайды.

Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320x200 пиксельді монитор деп атады. Қазіргі компьютерлерде VGA-640x480 немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін) мониторлары орналастырылады.




Пернетақта:( студент)



Пернетақта- компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 пернелер болады. Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады. Ұлттық алфавит символдарының пернетақтаның пернелерінде орналасуын пернетақтада таратылу (раскладка) деп атайды. Бір тілдің алфавитінен екінші тілдің алфавитіне ауысу үшін пернелердің комбинациясы пайдаланылады.


Тышқан : ( ___________________студент)


Тышқан- Тышқанның экрандағы курсорды басқару үшін қолданылатын белгі. Оны тегіс беткейде қозғалту арқылы экрандағы оның сілтемесі түріндегі курсор арқылы іске қосылып тұрған программаларды басқару мүмкіндігі бар. Тышқан қолтетегінің әртүрлі типтері бар. Олардың қозғалу жылдамдығы мен бағыттау тәсілі өзгеше болғанымен, жалпы жұмыс істеу принципі бірдей болып келеді. Олардың ең көп тарағандары- оптикалық - механикалық және оптикалық негізінде жасалған. Оптикалық-механикалық қолтетіктің төменгі жағында қозғалмалы шағын домалақ шар орналасқан, ал айналған шақта екі ұзынша дөңгелегі бар таяқшаны қозғалтады. Ал, оптикалық қолтетіктің алдыңғы шар орнында тұрған сезгіш жарықша шамы болады. Ол шағын цифрлық фотокамера сияқты жұмыс атқарады.




Қорыта келе айтқанда компьютердің жалпы құрылымы мынадай көріністерде болады:











ІІІ. Компьютердің зияны қаншалықты екенін білесізбе? ( _______________ студент)

Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:

Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек,

Пайда не залал ма ескерілмек,

Көргенің естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек,-демекші компьютерді меңгеруіміз керек деп, компьютерді білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. Сондықтан, Сіздерге құрметті қонақтарым, достарым, құрбыларым, компьютердің зияны қаншалықты екенін айтып өткім келіп отыр:

Компьютер арқылы көптеген мәселелеріміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіріп тұрғанына көпшілігіміз хабарсызбыз.Бұл қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп қолданылады. Енді зияны жөнінде..........

Компьютерден шығатын электр магниттік сәуле адам ағзасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ал,соңғы маркідегі компьютерлердің өз құрылысына қарай үш түрге бөлінеді: «Ақ», «сары», «қызыл». «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. «Сары»құрылысты компьютерлер Гангкок, Тайвань сияқты Азия елдерінде жасалынады. Бұлардың сапасы соншалықты жоғары болмайды. Ал, «қызыл» құрылысты компьютерлерді өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі.

Біз әдетте мониторды зиянды деп ойлаймыз,ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.

Компьютердің зиянын барынша азайту үшін мына кеңестерге құлақ түргеніңіз жөн:

Монитор экраны көзден 50,тіпті 70 см болғаны дұрыс. Сіз жұмыс жасайтын жерде бір емес, бірнеше компьютер тұрса бір бірімен ара қашықтығы 1 метр болуы тиіс. Компьютердің арты мүмкіндігінше қабырғаға қарап тұрғаны жөн.Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы қажет.


IV. Арнайы жаттығулар кешені (Булекова Г)


Компьютер алдында нормадан тыс отыратын болсақ денеміз, көзіміз шаршауы бәрімізге де белгілі. Сондықтан Сіздерге Арнайы жаттығулар кешенін ұсынғым келіп отыр. Менімен бірдей орындасаңыздар құба-құп болар еді. Ал, ондай болса біргелікте бастаймыз:

1 жаттығу: Тартылу.

Бастапқы жағдай- орындыққа отыру,аяқтарды тізеден бүгіп,еденді басып тұру. Қолдарды екі бүйірге қою.

  1. Қолдарды бастың сыртына қойып,саусақтарды айқастырып,еңкейю,басты артқа шалқайту,дененің барлық бұлшық еттерін қайталау- демді ішке тарту.

  2. Аздап алға қарай еңкею- демді сыртқа шығару,жаттығуды 4-5 рет қайталау.

2 жаттығу. Бүгілген аяқты көтеру.

1. Үстелден 50-60см қашықтықта тұрған отырып,қолдарды иыққа жеткізіп,аяқты түп түзу

ұстап өкшелерді жерге тигізу,демді ішке-тарту.

2. Сол немесе оң аяқты бүгіп қолдармен бастың сыртын ұстап тұрып, оны көкірекке қарай

тарту, іштің бұлшық еттерін қатайту- демді сыртқа шығару, жаттығуды 3-4 рет

қайталау.



3 жаттығу: Денені бұрып тұрып еңкейту.

1. Алға еңкейіп, оң жақ шынтақты сол жақ тізеге тигізу-демді сыртқа шығару.

2. Бастапқы жағдай- орындыққа отыру,аяқтарды тізеден бүгіп,еденді басып тұру. Жай

ырғақпен жаттығуды 4-5 рет қайталау.

4 жаттығу. Саусақтарға арналған жаттығу.

Бастапқы жағдай- орындықта отырып, қолдарды шынтақтан бүгіп,жұдырықты түю.

  1. Саусақтарды босаңсытып жазу.

  2. Жұдырықты босаң күйде түю. Жайбарақат дем ала отырып,орташа ырғақпен қайталау.

Осы көрсетілген жаттығуларды компьютерде жұмыс істеп отырып,шаршауды сезе бастаған сәттеріңізде 5-10 минуттарыңызды бөліп орындасаңыздар өз қалыптарыңызға келіп қаласыздар.


V. Көзіңізді шаршатпау өз қолыңызда (Булекова Г).

Әдетте компьютерде жарты сағаттан артық жұмыс істесек көздеріміз шаршай,бұлдырай,жас аурай бастайды. Міне,осы сәттерде «Көзімізді шаршатпау өз қолымызда». Сондықтан Сіздерге Арнайы көзге арналған жаттығулар кешенін ұсынғым келіп отыр. Менімен бірдей орындасаңыздар құба-құп болар еді. Ал, ондай болса біргелікте бастаймыз:

  1. Монитордан басқа жаққа бұрылып,көзді жұмып,кірпіктерді бір бірінен ажыратпай 10 рет жылдамдатып көзді қатты жұму керек. Соннан соң жоғары жиілікпен 10 рет көзді барынша кең ашып,қайта жұму керек. Соңында, көзді ашық ұстап,қастарыңызды қатты таң қалған секілді жоғары көтеріп, артынан ашуланғандай төмен түсіріп 10 рет қайталаймыз.

  2. Алақандарыңызды тиістіріп, саусақтарыңыздың ішкі жағында жылу пайда болғанша бір біріне қатты ысқылаңыз. Саусақтардың ұшымен көз сүйектің сыртқы жағын шекеңізді дөңгелете уқалаңыз,оң қол саусақтары кері бағытта қозғалатын болсын. Осы сәтте аздап жұмылған көздеріңізді бос ұстаңыз. Бұл жаттығулар көзге «Қызмет ететін» бұлшық еттермен қан тамырларына әсер етеді.

  3. Терезеге қарай бұрылыңыз. Сыртқа қарап, арқаңыз бен мойныңызды тік ұстап, денеңізді босаңсытып көзіңіз жеткен жердегі ең алыс нүктеге қарап тұрыңыз. Ішке дем алып,көзіңіді мұрын ұшына аударыңыз да, демді шығарып,қайтадан алыстағы нүктеге қараңыз. Одан ары қайтадан ішке қарай дем алып, қастарыңыздың ортасына қараңыз.

  4. Көзді аздап жұмып, қабақ ішінде көзді жайлап жан-жаққа айналдыру керек. Бір жақ бағытта 5 рет толық айналдырып,соннан соң екінші бағытқа ауысып, 30 секунд бойы орындаңыз.

  5. Көзді жұмып, оны саусақтар ұшымен 30 секунд уқалау керек.

  6. Басты оңға,солға,жоғары,төмен түсіріп айналдыру керек.Бір бағытта бірнеше рет айналдыру қажет.


VI. Сіз білесіз бе? ( _________________________Студенттер)


  1. Сіз білесіз бе? Microtek фирмасы ImageDeck атты сканер моделін ұсынды,ол компьютерсіз-ақ жұмыс істеп, бейнелерді бұрынғыдан да басқаша түрде белгілеп түзете алады. ImageDeck сканерінің өзіндік ішкі микропроцессоры,басқару тақтасы,жеке мәлімет жинақтауыштары және өз программалық жабдықтары да бар. Тоққа қосылысымен сканер жұмысқа дайын тұрады,оған принтер қосылса,жоғары сапалы көшірме жасау аппараты қызметін де атқара алады екен.


  1. Сіз білесіз бе? Құс фермасында таңғажайып робот бар екен. Бұл өте таңғаларлық робот. Ол бір сағат ішінде төрт мыңдай бір күндік балапандарды санап шығып,оларға дәрі егіп,тұмсықтарының ұштары егіп,дәрі дәрмектерді туман сияқты ауаға шашу жұмыстарын атқарады.Тұмсықтарының ұштарын егеу балапандарды торда сақтау кезінде олардың бір-бірін шұқылап жараламауы үшін қажет екен. Француздардың ғылым мен техника орталығы хабарлағандай осындай роботтарды пайдалану арқылы балапандардың өлімі айтарлықтай азайған көрінеді.


  1. Сіз білесіз бе алғашқы ұялы телефондар қалай пайда болды? Әлемде тұңғыш рет ұялы телефонды «Motorol1a» компаниясы ойлап тауып шығарды. Алғашқы телефондар салмағы 790 грамм болған. Оларды ойлап табу үшін 15 жыл жүз миллион доллар ақша кеткен екен. Ұялы телефондардың алғашқы легі 1984 жылы шыққан. Оның құны 4 мың доллар көлемінде болыпты.


  1. Сіз білесіз бе? Неміс инженерлері қағаз бетіндегі керексіз жерге ешқашан да сия тамшыларын жұқтырмайтын электронды автоқалам жасап шығарды. Мұны «Ғажайып қалам» деп атайды. Микромеханика және информациялық техника институтының мамандары бұл қаламды жасауға 4 жыл уақыт жұмсады. Осы жобаның жетекшісі профессор Герман Зайдмайер мұндай қаламның жасауын технологиялық озық үлгісі ретінде атап өтті. Қалам ішінде орналасқан сенсор сияның қажетті мөлшерін анықтап, оның берілуін реттеп отырады. Бұл ғажайып қалам сатуға әлі түскен жоқ және оның бағасы да анықталмаған. Осы жоба аймағында бұдан да басқа сұйық заттың өте аз көлемін өлшеп реттей алатын жаңа құрылғы- дозатор жасалынды. Ол бір литр сұйықтың миллиардтан бір бөлігін, яғни нанометрмен өлшенетін бөлігін реттеп беріп отыра алады.


  1. Сіз білесіз бе? Ұлыбританияның Мидлекс графтығындағы тату-тәтті жұбайлық өмір сүріп жатқан Гордон Грэм мен Дэбора интернет арқылы танысыпты. Екеуі жердің екі бұрышында тұрып, 4 ай хат жазысқаннан кейін, кездесіп, бір біріне деген сезімдерінің адал екендіктеріне, өздерінің ойлаған ойларының нақтылығына араларындағы қарым -қатынас нағыз махаббат екендігіне еш күмәнданбапты. 36 жасар Грэмның «Би-Би-Си»-ге берген сұқбатында: электрондық хат арқылы сөйлесе отырып, адамның ойын оның қалай ойлайтынын біліп отырасың.Кейде оның ойымен өзіңнің ойың сәйкес болып жатады. Ал, 1-2 айдан кейін ойларыңыз бірдей болып кететіндігіңе шүбә келтірмейсің,- деді.

Интернеттегі әңгімелерді зерттеп жүрген психологтар да Гордонның пікірін қуаттайды. Олардың пайымдауынша, интернет арқылы танысқан жұптардың жұбайлық өмірлерінің бақытты болуларына мүмкіндіктері мол. Психолог Адам Джонсон кездейсоқ танысқаннан горі интернеттен танысқан ыңғайлы деп есептейді.

«Интернеттегі әңгімеде сіз адамды өте жақсы танисыз. Себебі адам ауызба ауыз сөйлескенге қарағанда 4 есе ашылады. Нәтижесінде сіз танысқан адамыңыздан еш ұялмайсыз, өзіңізді көптен таныс адамдардай сезінесіз»-дейді психолог. Джонсонның айтуынша интернет арқылы танысқандардың 25%-ның бақытты отбасылық өмір сүруге мүмкіншілігі болса,олардың 1/3-і бір-бірімен ешқашан кездеспейді екен, кей жағдайда интернеттің жарға адалдыққа жау болып шығатындығы да анықталған. Мысалы, әйелінің интернетте танысқан жанымен кездесу үшін кетіп қалуын, 41 жастағы музыкант Дэвид Бэгг интернетті кіналайды. Кейде интернет арқылы танысқандар бір-бірін оңдырмай алдайды. Мысалы, өзің «минятюрная» деп сипаттаған әйелдің бойы 1 метрден сәл ғана асады екен.


VIІ. Компьютерді пайдаланушыларға берер пайдалы кеңестеріміз бар.

1-ден. Егер компьютерді себепсіз қосып/өшіре беру әрекеттері құрылғылардың тез істен шығуына әкеп соғады. Мұның басты себебі компьютердің температурасының өзгерісіне байланысты болады. Компьютерлер қатты қызған кезде бөлшектердің көлемі ұлғаяды, ал суығанда көлемі кішірееді. Сондықтан, компьютеріңіз ұзақ уақыт мінсіз қызмет атқарсын десеңіз,оны үзіліссіз бір қалыпты температурада ұстаңыз,яғни оны тұрақты түрде қосулы немесе ажыратулы күйде қалдыруға тырысыңыз. Мәселен, жұмысыңызға келгенде қосыңызда,тек жұмыстан кетер кезде ғана өшіріңіз. Ал, жұмыс арасында аз уақытқа сыртқа шыққанда немесе түскі асқа кетерде,басқа жұмыстармен айналысқанда компьютерді себепсіз өшіріп қоса бермеңіз.

2-ден. Компьютердің бүлінуінің тағы бір себебі, компьютер жалғанып тұрған немесе осы бағыттағы ток көзін жоғары кернеулі электр құрылғыларын бірге қосудан болады.Өйткені, осы құрылғыларды қосу кезінде,компьютерге қажетті кернеу мөлшері шамадан тыс артып немесе кеміп кетуі мүмкін. Мысалы, кондиционер,ток шәйнектер,шаңсорғыш ж.т.б. Сондықтан компьютеріңізді дербес,ешкім пайдалана алмайтындай, кедергі келтірмейтіндей ток көзіне қосыңыз.

3-ден. Егер компьютер саудасында мөрленген немесе пломбаланған компьютерлерді алуға асықпаңыз. Компьютерлерді сатушы фирмалар мөрді немесе пломбаны бұзсаңыз,белгілі бір уақыт ішінде тегін жөндеу құқығынан айрыласыз деген желеумен, жүйелік блокты мөрлеп тастайды.Сонымен бірге бұл компьютердің бағасы тым арзан болып келеді. Жүйелік блок бөлшектерді бұрын жұмыс істеген, айырбасталған,ескі болуы мүмкін. Сондықтан, мұндай компьютерлерді сатып алардан бұрын, сіз онымен 1-2 сағат мөлшерінде,компьютер қызғанша жұмыс істеп көріңіз және көлемі үлкенірек файлдарды көшіріп,түп нұсқамен көшірме арасындағы айырмашылықтарды байқаңыз. Сол кезде сіздің сатып алмақ болған компьютеріңіздің сыры белгілі болып шыға келеді.


VIII. Бетпе-бет айдары.

Тікелей байланыс телефон нөмірлері: 58573,87752631626.

e-mail: kgaek@mail.ru


Журналист: - Сәлеметсіздер ме, қайырлы күн,құрметті қонақтар! Бүгінгі кездесі қонақтарымен таныс болыңыздар. Дәрігер-педиатр, информатика маманы. Бетпе-бет кездесуге қош келдіңіздер!

Бұл кездесудің мақсаты - ақпараттық технология және оны пайдалану туралы толығырақ мәлімет алу. Тікелей байланыс нөмірлері және электрондық пошта адресі экранда көрсетілген,осы көрсетілген нөмірлер мен пошта адресіне өз сұрақтарыңызды жолдауға болады,сонымен қатар студия қонақтары да тікелей қонақтарға өз сұрақтарыңызды берулеріңізге болады..

Ал, ендеше студиямызға келіп түскен телефон қоңырауын тыңдайық (Телефон звоногын жіберу):

Журналист:- Телефон қоңырауының сұрағын тыңдайық,сәлеметсізбе, айта беріңіз, тыңдап отырмыз!


- Информатика маманына қояр сұрағым: Компьютерді өз бетімен үйренушілерге де оқулықты пайдалнуға бола ма?

Информатика маманы:- Әрине, оқулық мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне, информатика пәніне арналған болғанымен, жұртшылыққа ортақ, тілі түсінікті және оны пайдалануға болады деп есептеймін.


Журналист:- электрондық поштамызға ата-анадан келіп түскен сұрақ:


- қазір балалардың компьютерге қызығушылығы жоғары болғанымен,пайдалы істерге мысалы,компьютермен программа құру,әртүрлі тапсырмалар орындаудан гөрі қатыгездік ойындарға әуестенеді,ол зиянды емес пе......?


Журналист:- бұл сұраққа дәрігер-педиатр қандай жауап айтасыз?


Дәрігер-педиатр:- ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры, компьютер ғасыры деп жатырмыз ғой. Компьютер көптеген жұмыстарды жеңілдетеді, оқушылар,студенттер компьютерді меңгеру керек. Барлық нәрселерді техниканы да білудің әдіс-тәсілдері, нормасы бар. Қатыгез кино,ойындар ж.т.б. көріністер, музыканың шамадан тыс жоғары дыбысты болуы, құлаққа наушник пен ұзақ тыңдап жүруі, құлақтың есіту мембранасына пайдалы емес. Әсіресе, ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп, тез қимылдауды талап етеді. Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді. Сонымен бірге адамның әсіресе жас өспірімдерге өтпелі кезең жасындағы оқушыларына жүйке жүйелеріне әсері, тез ашуланшақ болуы, психологиялық құбылыстық әсерлері болуы мүмкін. Әсіресе, түнгі ұйқы мезгілінде компьютерді пайдалануды азайту, қорғаныш пленканы орнату, дыбысты шамалу, бөлменің ауасын тазарту, кактус гүлін отырғызуға кеңес беремін.


Журналист:- Студиямызға және қоңырау сұрағы келіп түсті. Телефон қоңырауының сұрағын тыңдайық,сәлеметсізбе, айта беріңіз, тыңдап отырмыз!

-Алло! Сәлеметсізбе!Менің сұрағым:

Қазіргі кезде оқушылар ұялы телефон арқылы интернетке шығып, агент арқылы қажетсіз мәліметтер алады, хат алысады, алаң болады. Осы жағдай қиыншылық туғызып отыр. Жауаптарыңызға алдын ала рахмет!


Информатика маманы:- Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балаға ақпарат көзін табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Дегенмен, интернеттің зияны да бар.Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы сұрағымызда осыдан туып отыр емес пе? компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір жаман көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші интернетті әрине меңгеруіміз керек, интернетті білмеген заман көшінен қалып қояды.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Журналист:- Электрондық поштаға келіп түскен сұрақ:

-Жас өспірімдер компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?

Журналист:- бұл сұраққа дәрігер-педиатр жауап берсін.


Дәрігер-педиатр:- Компьютерде аз уақыт 1 сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жас өспірімдердің 73%-ның көзі және өзі де шаршайтыны белгілі болып отыр. Компьютерге қызығып,эмоционалдық деңгейі көтерілген оқушы шаршағанын байқамай әрі қарай жұмыс істей береді. Қазіргі кезде компьютер алдында кішкентайлар да отырады. Егер ол балабақшада,мектепте болса, оларды көп отырғызбайды. Ал,үйде оларды ешкім бақыламауы мүмкін. Соның нәтижесінде кешкілік бала қызуы көтеріліп, ашуланшақ болып, ұйықтағанда жиі оянып,ата-анасын мазалай береді. Міне, осындай себептермен балалардың компьютер алдында отыру ұзақтығы қадағалануы тиіс. Монитор алдында ересек адамдар әр 1 сағат сайын, ал балалар үшін 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыруы керек. Көзге арналған жаттығулар жасап, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.


Журналист:- Рахмет! Телефон қоңыруына және электрондық поштамызға келіп түскен сұрақтар мен жауаптарды біргелікте тыңдадық. Енді, студия қонақтарының да мамандарға берер сұрақтары болса, біздің мамандарымыз жауап беруге дайын.


Журналитс: -Оқушылардың жалпы жұртшылықтың ақпараттық технологиясы мен байланысуы жылдан жылға артып келеді. Интернет арқылы көптеген мәліметтер алып, білімін толықтырады. Мұның бәрі біздің өркениетті дамуымыздың, әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкіндігіміздің мол екендігін көрсетеді. Осымен хабарымызды аяқтайық. Келесі кездесуде аман есен жүздескенше қош сау болыңыздар!



VIІІ. Компьютер айналасындағы әзіл-қалжыңдар.

(__________________________________________студенттер)


1. Баласы анасына былай деп сұрақ қойыпты:

-Мама! Неге әкем бұрынғыдай ұрысып,мені бұрышқа тұрғызбайтын болды?

-Өйткені әкең компьютеріне модем алып, интернетке қосылып кеткен.


2.Программалаушыдан былай сұрапты:

–Сіз қалай тез ағылшын тілін үйреніп алдыңыз?!

-Ой, ол оп оңай екен ғой. Ондағы барлық сөз Паскальдан алыныпты.


  1. Хабарландырудан: Барлық мүмкіндіктері бар, өз жұмысын жақсы, әрі жедел орындайтын тышқан сатамын, жүріп өткен жолы 5000 км ғана.


  1. Программалаушы әйелімен циркке барып, сиқыршының іс-әрекетін көріп отырады. Келесі бір нөмірде ол бір шағын жәшіктен бір топ қыздарды шығарыпты.

Әйелі:

    • Кішкене жәшікке сонша қыз қалай сыйған?....

Күйеуі:

- Үй, ол, ол ма! Егер сиқыршы WinRar архивтеуші программасын қолданса, онда оған

тағы сонша қыз сыяр еді.


Жүргізуші: -Әрине мұның бәрі әзіл-қалжың еді. Өмірде ойын күлкіге не жетсін. Міне, құрметті қонақтар осымен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңыз үшін үлкен рахмет! Келесі кездескенше сау саламатта болайық!





11




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Внекласная работа "Информатика ж?не біз"

Автор: Khassenova Aiman Aibekovna

Дата: 12.06.2014

Номер свидетельства: 102646


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства