kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты: "Ана тіршілікті? - тірегі" 6 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: "Ана тіршілікті? - тірегі"

Ма?саты: Ана?а деген с?йіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы ??рметтеуге, сыйлай білуге, о?ушылар бойында?ы жеке ?абілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, досты?ты ?астерлей білуге т?рбиелеу

Психологиялы? дайынды?. О?ушылар к?тері?кі к??іл к?йде болу ?шін, бір – біріне тілек айтады. 

І – топ: «Н?рлы ж?рек»

ІІ – топ: «Аялы ала?ан»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«т?рбие са?аты: "Ана тіршілікті? - тірегі" 6 сынып»

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ана тіршіліктің – тірегі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеуге, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер, шарлар, слайд

Тәрбие сағатының жүрісі:

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Ұйымдастыру:

Психологиялық дайындық. Оқушылар көтеріңкі көңіл күйде болу үшін, бір – біріне тілек айтады.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір – біріне тілек айтады.

Топқа бөлу:

І – топ: «Нұрлы жүрек»

ІІ – топ: «Аялы алақан»

Оқушылар топқа бөлініп отырады.


Ана – өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Құрметті! Ұстаздар, аналар, оқушылар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.


Шығармашылық

Оқушылар дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынады.

Оқушылар топ жаспарымен таныстырады.

Ұстаздарға, аналарға арнап құттықтауларын айтады.

Топ жоспары:

  1. Ана туралы жыр. (ән шашу)

  2. Мұң бұралған бишілер.

  3. Аналармен ойын

  4. Көрініс.

  5. Мақал – мәтелдер.

Мағынаны тану.

Постер қорғау

Аналар топқа қосылып тапсырма орындайды. Балаларының қастарына отырып, топтың атының мағынасын постер арқылы қорғайды.

Аналарымен бірге топтарының атын постер арқылы қорғап шығады.


Ашық хаттар

Оқушылар дайындаған ашық хаттары мен сыйлықтарын аналарына сыйлайды.





Сынып сағатының тақырыбы: РУХАНИ БАЙЛЫҚ – ИГІЛІК КӨЗІ

Мақсаты:
— оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.
Міндеттері:
— рухани байлық көздерін ұғындыру;
— рухани байлықты бағалай білуге үйрету;
— рухани байлыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
— Байлық дегеніміз не? (Байлық сөзіне ассосация құру)
Байлық адами, материалдық, табиғи, рухани болып бөлінеді екен!
Ең басты байлық туған жер, туған ел екен. Сондықтан да бәріміз бірге шаттық шеңберін құрып, Н.Тілендиевтің Қ.Мырза Әлидің сөзіне шығарған «Өз елім» өлеңін орындайық.
Ойланайық, пікірлесейік
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де – байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді , бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата – бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз. Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір-қасиетіміз де рухани байлықтарымыз.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңі оқылып , талдау жасалады.
— Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым»,деп толғанады?
— Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар?
— «Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес,
Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!- деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние»
Рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта , тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат-мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен , ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.
Назар аударыңыздар!
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Іс бітірмес жамандар,
Жүз болса да бірмен тең.
Шал ақын
— Шал ақынның мына өлең жолдарынан адамның рухани әлемін нұрландыратын қандай адами қасиеттер көріп тұрсыңдар?
Шығармашылық тапсырма
(Оқушыларды тез топтап жіберіп, тапсырмалар беру)
1-тапсырма. Ә Асылбековтің мына өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, «Туған тілім-рухани асыл қазынам» тақырыбына өлең құрастырту.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен , Қазақ тілім!
2-тапсырма. Ұлт мақтаныштарының халық игілігі үшін жасаған еңбектерін айту.
Мысалы, өзіміз оқып жатқан мектебіміз Мұхит Мералыұлы  атындағы орта мектеп. Ол кісінің игілікті ісі жөнінде айту: Мералыұлы Мұхит (1841. қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Акбақай ауылы -1918, сонда) — халык композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы. Ауқатты отбасынан шыкқан. Мералыұлының туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз (әнші, күйші әрі скрипка да тартқан) адамдар болған. Өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор. Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе. Арал, Атырау облыстарын аралап, әнші даңкы шықты: «әнші Мұхит», «сал Мүхит» атанды. Мұхит уакыт, коғам, өмір туралы «Дүние-ай», «3әуреш» әндерін толғады. «Паң көйлек», «‘Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері Мұхиттың әншілік еиерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, аскақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лиризмге түнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің өншілік дәстүрін жасады. Мералыұлы сұлу ат мініп, сәнді киінді; касына ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері көп болды. Мералыұлы тек өнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сөулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мералыұлының бір күйін Затаевич нотаға түсірген. Мұхиттың әншілік, акындык, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары — Шоң мен Нәу; немерелері — Шайқы, Лұкпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып. хадықарасына насихаттаушы — Ғ.Қүрманғалиев, Т.Ибрагимова, Н.Әбілова. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын ездерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Мұхиттың «Алу-аш» әнін Е.Г.Брусиловский «Жалбыр», «Үлкен Оразын», «Қыз Жібек», «Дүние-ай» әнін «Ер Тарғын» операларында пайдаланды. Б.Г. Ерзакович «Айнамкез» әнін өзінің ішекті аспаптар квартетіне, ал «3әуреш» әнін Л.М. Шаргородский мен С.И. Шабельский » Симфоньеттасына» тақырып етіп алды.[1]
3-тапсырма. Сахналап көрсету . Түркістанда
Жолбасшы: — Түркістан екі дүние есігі ғой,
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңір берген несібі ғой…- деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай,
Сіздер Қожа Ахмет ибн Ибраһим Махмуд ибн Ясауи кесенесіне келіп тұрсыздар.
Кесене 1978 жылдан бастап Республикалық мұражай болып қызмет істейді. 2003 жылдан бастап кесене ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұралар» тізбесіне енгізілді. Ол әлемдік сәулет өнері жауһарларының бірі, еліміздің мақтанышы. Мешітті 1397 жылы Әмір Темір салдырған,сонымен бірге мешіттегі Тайқазанды көріп тұрсыздар. Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі – Тайқазан 1399 жылы құйылған . Салмағы – 2 тонна,7 түрлі асыл металдан құйылған .
1935 жылы Тайқазан Санк-Петербургтегі Эрмитажға алынып кетіп, жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-де Отанымызға оралды.
«Рухани тірегіміз – Қожа Ахмет Ясауи» деп ,Н.Ә.Назарбаев баға берген кесене -бүгінгі күнде біздің ұлттық рухани байлығымыз.
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атында Халықаралық қазақ-түрік университеті бар. Мұнда 16 мемлекет пен 30-дан астам ұлт пен ұлыстан тұратын жастар білім алуда. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.
Оқу ақпараты
Игілікке қалай қол жеткізу керек?
Игілікке қол жеткізу қашан да екі шартты қатаң сақтауға байланысты.Алдымен қызметтің кез келген түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет. Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым. Ол табиғи және қоғамдық — әлеуметтік болып сараланады. Игілік,тұтастай алғанда,адам өмірінің қажетін өтейтін құндылық болып саналады. Ал игілікті адам деп игі іс-әрекет жасай алатын еңбек сүйгіш жандарды айтады.Істің игілікті болуы адамның жауапкершілігіне байланысты.
Дәйексөз
Әрқашанда таза болсын ар-ожданың жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсаң өзгелерге — өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп,қорлықпенен өлерсің.
Мұхаммед Бабыр
Жүректен жүрекке
Оқушылар бір — біріне жақсы тілек айтып төмендегідей берілген ойды жалғастырады:
— Адам – ең жоғарғы құндылық, оның өмірі бәрінен де қымбат, …
— Ұлттық ұлағат рухани мұраларда көрініс табады, …
— Ата-баба дәстүрін құрметпен ұғынам, …
— Игіліктің ерте-кеші жоқ, …
— Туған жердің қымбат маған әр тасы, …
— Атадан қалған асыл сөз, нұр құяды көңілге, …












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
т?рбие са?аты: "Ана тіршілікті? - тірегі" 6 сынып

Автор: Дюсенбаева Айгул Еламановна

Дата: 16.03.2016

Номер свидетельства: 306635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства