kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ФИНАНСОВО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ имени РЫМБЕКА БАЙСЕИТОВА"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәлеметсіздерме, оқушылар және оқытушылар! «Үздік информатик» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!  

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.  (Әділ қазылар алқасымен таныстыру).

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер сайысымызды бастайық.

Сайыстың кезеңдері:  Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын таныстырады)

ІІ кезең.  «Білімділер сайысы»

ІІІ кезең.  «Тіл – өнер»

ІV кезең.  «Жеті жұмбақ»

V кезең.  «Өлеңім-өнерім»

VІ кезең.  «Мақал –сөз мәйегі»
VІІ кезең.  «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ФИНАНСОВО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ имени РЫМБЕКА БАЙСЕИТОВА"»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
















«Үздік информатик»

интелектуалды ойын











Дайындаған: оқытушы Н.К.Мырзагужинов















2016-2017 оқу жылы

Арнайы пәндер циклдық комиссия-1 отырысында қаралып, талқыланды


Хаттама №_____ «___­_­»____________2016 ж.


Циклдық комиссия төрайымы __________ Л,А.Мукушева









































«Үздік информатик» интелектуалды ойын


Өткізу мерзімі: 15.12.16 жыл Көрнекілігі: интерактивті тақта, тараптама тапсырмалар Қатысушылар: 2 қысқ. ИС, 2 қысқ ПО және 2 негізгі ВТ-1 топтары

Өткізілу барысы: Сайыс 7 кезеңнен тұрады:

Мақсаты:

Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын,  белсенділігін арттыру,   шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу.



Барысы:

Сәлеметсіздерме, оқушылар және оқытушылар! «Үздік информатик» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділ қазылар алқасымен таныстыру).

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер сайысымызды бастайық.


Сайыстың кезеңдері: Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын таныстырады)

ІІ кезең. «Білімділер сайысы»

ІІІ кезең. «Тіл – өнер»

ІV кезең. «Жеті жұмбақ»

V кезең. «Өлеңім-өнерім»

VІ кезең. «Мақал –сөз мәйегі»
VІІ кезең. «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт»


І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын таныстырады)

Бұл кезеңде әрбір команда өзін үш минут көлемінде таныстыру қажет. Таныстыру барысында команданың аты, ұраны, эмблемасы міндетті түрде болуы шарт. (Ескерту: команда атаулары информатика саласына байланысты болуы керек)


ІІ кезең. «Білімділер сайысы»

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 2-ші кезеңі «Білімділер сайысы» сайысын бастаймыз. Сайыскерлерге 15 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

  1. Орта ғасырларда оларды тау хрусталінен және арнайы үгітілген мраморлардан жасаған. Олардың кейбірлерін тізеге байлап жүрген. Қазіргі кезде олар тұрмыста кездеспейді деуге болады, бірақ компьютермен жұмыс істейтін адамдар оларды өте жиі көреді. Олар не? (Құм сағат)

  2. Ағылшынның бір қаласы мен 30/30 калибрлі қару және компьютердің бір элементінің арасында қандай байланыс бар? (Олардың барлығы «Винчестер» деп аталады)

  3. «Тышқан» типіндегі манипулятор пайда болған кезде орыс тілінде оны басында белгілі орыс ертегісінің персонажының атымен атаған болатын. Ос персонажды атаңыз. (Бауырсақ)

  4. Салмағы 2 г бұл микроқұрылғыны жасау үшін 1,6 кг мұнай, 72 г әр түрлі химикаттар және 32 л су қажет. Бұл қандай құрылғы? (микропроцессор)

  5. Бұл құрылғының 9 немесе 24 тігінен орналасқан инелері бар. Жұмыс істеу кезінде инелері бар зат солдан оңға және керісінше қозғалады және қажетті инелерді басып отырады. (матрицалық принтер)

  6. Папирус, қағаз және дискетаға ортақ не нәрсе? (Ақпаратты сақтау)

  7. Балықшы, өрмекші және юзердің (user) қандай ұқсастықтары бар? (Өрмекпен (сеть) жұмыс)

  8. Папирус, қағаз және дискетаға ортақ не нәрсе? (Ақпаратты сақтау)

  9. Компьютердің қай құрылғысы ағылшын тілінен аударғанда «Көңілді таяқша» деген мағына береді? (джойстик)

  10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  11. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  12. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)

  13. Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  14. Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)

  15. Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)

  16. Компьютер ауруы (вирус)

  17. Windows деген не? (терезе,ОЖ)

  18. Компьютердің атасы (Ч. Бэббидж)



ІІІ кезең. «Тіл – өнер»

Ана тілім арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» Сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

  1. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)

  2. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)

  3. «Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, currend)

  4. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)

  5. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)

  6. Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

  7. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)

  8. Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)

  9. Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)

  10. Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge)

    ІV кезең. «Жеті жұмбақ»

Келесі кезең: «Жеті жұмбақ» 1 мен 10 арасындағы бір санды таңда

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (кактус)

2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)

3. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

4. Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)

5. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

6. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)

7. Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн барда,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті. (Пернелер)

8. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «F» (эф) әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)

9. Ұзынтұра Жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды (бос орын)

10. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)

V кезең. «Өлеңім-өнерім».

«Өлеңім-өнерім» бұл бөлімде әр топ берілген сөзден бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып, дұрыс құралған болса, сол топқа 5 ұпай беріледі.

(Word мәтіндік бағдарламасы туралы)

(Ехсеl кестелік бағдарламасы туралы)

(Paint графикалык бағдарламасы туралы)


VІ кезең. «Мақал –сөз мәйегі»

«Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

  2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

  3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

  5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

  6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

  7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

  9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

  10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


VІІ кезең. «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт»

3 минут уақыт ішінде әр топқа мамандық бойынша сөз беріледі, сол сөздің әріптеріне мамандық бойынша қандай дағдылар болу керек екеніне байланысты сөздер құру керек.

1 – ші топ. «БАҒДАРЛАМАШЫ»

2 – ші топ. «ТЕХНИК ОПЕРАТОР»

3 – ші топ. «ОҚЫТУ ШЕБЕРІ»


Қорытынды: Бүгінгі сайыстың әсем де әсерлі, әдемі де көркем, есте қаларлықтай етіп өтуіне үлес қосқандарыңыз үшін топ оқушыларына рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ФИНАНСОВО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ имени РЫМБЕКА БАЙСЕИТОВА"

Автор: Мырзагужинов Нурсултан Келдигазыевич

Дата: 30.01.2017

Номер свидетельства: 385520


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства