kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?тан тыс іс шара материалы «Интеллектуалды кафе» ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Интеллектуалды кафе» ойыны

Ма?саты:

Білімділік: Студенттерді ?здері та?да?ан маманды?ын ??рметтеуге, с?юге ?йрету ар?ылы,білім алушыларды?информатика п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру, ой-?рісін ж?не танымды? ?абілетін дамыту, шы?армашылы??а баулу, ?з ойын еркін жеткізе білу ж?не ?ткенді жылдам еске т?сіру да?дыларын ?алыптастыру.

Дамытушылы?: Есте са?тау мен с?йлеу м?нерін, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік: Білім алушыларды? танымды? ж?не шы?армашылы? ??ндылы?тарын арттыру?а, бір-бірімен досты?та, ынтыма?тасты?та болу?а, бір-бірін ты?дау?а, сыйлау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? ?дісі: Интеграциялы? саба? (п?наралы? байланысты жетілдіру ма?сатына байланысты. 2 ?стелде 6 ?она?, даяршылар ж?не жанк?йерлер)

К?рнекілігі: слайдтар, шар, мейрамхана?а лайы?ты жасал?ан кабинет, ?сыныл?ан та?амдар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?тан тыс іс шара материалы «Интеллектуалды кафе» ойыны»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

















Сабақтан тыс іс шара материалы

«Интеллектуалды кафе» ойыны












Дайындаған: М.Ж. Аубакирова











2015-2016 оқу жылы

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы отырысында қаралып талқыланды


Хаттама №_____ «_____»____________________2016 ж.


Циклдық комиссия-1 төрайымы__________ Мукушева Л.А.




«Интеллектуалды кафе» ойыны


Мақсаты:

Білімділік: Студенттерді өздері таңдаған мамандығын құрметтеуге, сүюге үйрету арқылы,білім алушылардыңинформатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Есте сақтау мен сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Білім алушылардың танымдық және шығармашылық құндылықтарын арттыруға, бір-бірімен достықта, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интеграциялық сабақ (пәнаралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты. 2 үстелде 6 қонақ, даяршылар және жанкүйерлер)

Көрнекілігі: слайдтар, шар, мейрамханаға лайықты жасалған кабинет, ұсынылған тағамдар.


Әкімшілік

Тойлайық маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба өлеңдетіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық мейрамханамызға келген қонақтармен амандасып.

Қайырлы күн! Ханымдармен мырзалар. Барлықтарыңызға уақытты жақсы өткізулеріңізге тілектеспін. Бүгін сіздер мейрамханамыздың ашылу салтанатына келіп тұрсыздар. Сол үшін сіздермен шағын ғана ойын ойнасақ деп едім. Ал ол үшін мейрамхана қонақтармен танысып алайық! Алдымен өздеріңізді аты-жөндеріңізді айтып өтсеңіздер.

1__________________________ 3____________________________

2____________________________4___________________________

5_____________________________6________________________________

Әкімшілік

Рахмет ханымдармен мырзалар! Ойнымызды бастамас бұрын сіздер топтарыңызға ат қойып, аз уақыттың ішінде ұран және эмблема жасауларыңыз керек.Cіздер дайын болғанша әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін.

Болады дейміз жарасымыз жемісті,

Озып шығар кім білімді, кім күшті.

Әділқазы алқасына жүгінсек,

Берер дейміз әділдікпен жеңісті - деп ортадағы үстелде біздің мейрамхана- мыздың ашылуына себепкер болған демеушілеріміз. Сіздерге әділ бағасын беретін әділ - қазы алқалары болады, таныс болыңыздар!

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Администратор

Ал әділ қазы алқасымен танысып алдық. Бүгінгі күннің мәзірімен таныстырып өтетін мейрамхананың бас аспазшысын ортаға шақырайық.


Бас аспазшы:

Сәлеметсіздер ма құрметті қонақтар! Біздің интеллектуалды мейрамханамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі күннің ас мәзірде

  1. Шай-Таныстыру(5-10 ұпай)

  2. Салаттар:

Тон астындағы тышқан -(сұрақ-жауап, дұрыс жауапқа 1 ұпай)

Тарихи винегрет -(ұлы ғұламалар 3-ұпай дұрыс жауапқа, дұрыс емес жауаптан 1 ұпай шегеріледі)

Компьютерлік краб түймебұршақ - (ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіру дұрыс жауапқа 10 ұпай, қонақтардан көмек сұрағанға 5 ұпай)

  1. Десерт:

Логика коктейль - (сұрақтарды таңдай отырып жауап беру, сұрақтың жауабын дұрыс тапса жасырылған ұпайды қоржынына алады)

Интеллектуал -(жасырылған сөздерді құрастыру 5 ұпай)


Бас аспазшы:

Құрметті қонақтар, бүгін дәмханамыз жаңадан ашылуына байланысты, бүгінгі мәзірдегі тағамдарымыз сіздерге тегін ұсынылады. Ол үшін сіздерге берілген тапсырмаларға жауап берулеріңіз керек. Егер сұраққа қай топ нақты әрі дұрыс жауап берсе және қай үстел көп жауап берсе онда ұсынылатын тағам сол топқа беріледі. Ал егер 2 үстелдің жауаптары бірдей болса, онда тағамсарапшылардың үстеліне беріледі. Бірінші кезең шай үстінде танысу.


Әкімшілік

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңіздер- дей отыра бірінші «Таныстыру» кезеңімізді бастайық (таныстыру үшін 2 минут уақыт беріледі).

Бірінші менің он жағымдағы үстелден бастайық. Келген қонақтар сіздерді көру үшін ортаға шығып ұрандарыңызбен эмблемаларыңызды таныстырып өтіңіздер.


№1 үстелде ....тобы

№2 үстелде .... тобы


Бас аспазшы:

Рахмет сіздерге енді екінші ұсынатын тісбасар ретінде біздің дәмхананың фирмалық салаты «Тон астындағы тышқанды» ұсынамыз. Салаттың құрамында

  • сельдь - 2 дана,

  • қызылша - 2 дана,

  • картошка 2-3 дана,

  • сәбіз - 1-2 дана,

  • жұмыртқа - 2-3 дана,

  • пияз – 1 дана

  • майонез - 150-200 грам


Әкімшілік

Информатика болашаққа бастайды.

Компьютер ортаға сұрақтарды тастайды.

Бисмиллә деп ой қозғауды бастайық

Сұрақтарға жауап беріп тастайық.

Әр топ 10 сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер жауабын білмесеңіздер уақытты өткізбей «келесі» деп айтуларыңыз керек. Сұрақтарды екінші үстелге қоюдан бастайық.

Тышқаның ағылшынша аталуы (маус).

8 биттен тұратын компьютер жадының немесе ондағы деректердің адрестелетін ең кіші көлем бірлігі (байт)

Адам мен компьютер арасындағыбайланыс (интерфейс)

Себеттің қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі (диск).

Таңбалар мен сигналдаржиыны(ақпарат)

0 мен 1 нені құрайды ? (битті )

Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема (процессор).

Аналық тақшада орналысатын құрылғылардың бірі (слоттар).

Таңбашаны орысшасы. Ол объектіге нұсқағыш қызметін атқарады (ярлык)

Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама(калькулятор)

Жойылғаннысандарорналасатынқапшық(себет)

Графикалықақпараттардыңкөшірмесінкомпьютергеенгізетінқұрылғы(сканер)

Жадтың көлемі немен өлшенеді (байт)

Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан (информация).

Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)

Компьютер деген не?(ақпаратты өңдеу құралы)

Қатқыл диск қайда орналасқан?(жүйелік блоктың ішінде)

Функционалдық пернелер(F1- ден F12-дейін)

Ақпараттықпроцестізерттейтінғылым(информатика)


Әкімшілік Қонақтарымыз сіздер зерікпес үшін, сіздерге арналған тағы бір тісбасарымыз бар! Кімге ұнаса рецепт беремін.

Бас аспазшы: Сонымен сіздер үшін «Тарихи винегрет» салатын дайындадым.

Салаттың құрамында

  • Орташа қызылша 2 дана.

  • Қақталған капуста 150 грам

  • Орташа сәбіз 1 дана.

  • Картошка 3 дана

  • Мариантталған бәдірен - 2 дана

  • Пияз 1 дана.

  • Консерленген горох 150 грам

  • Тұз

  • Қара бұрыш

  • Күнбағыс майы

Салатқа тапсырыс беру үшін, сіздерге ұлы ғұламалар туралы сұрақтар беріледі. Дұрыс жауап берген үстелге 3 ұпайдан беріледі. Ал дұрыс емес жауапқа жинаған ұпайларынан 1 ұпай алынып тасталынады.


Әкімшілік

  1. Қазіргі таңда бұл адам атақты «Microsoft» компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған. (Б. Гейтс)

  2. 1939-1942.Электрондышамдыкомпьютердің алғашқыүлгісі (Джон Атанасофф)

  3. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. (Блез Паскаль)

  4. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. (Ада Лавлейс)

  5. «Марк-I» (1944)АҚШ-тағыалғашқыавтоматты компьютер:

ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна, 75 000 электрондышам, 3000 механикалық реле, көбейту – 3 секунд, бөлу – 12 секунд.Құрастырушы(ГовардАйкен)


Әкімшілік

Әр жүйріктің жететін мәресі бар,
Биіктерге жете алмас өресі тар.
Үшеуінен сүрінбей өтіп кеттік,
Қалғандарың ойнауға қалайсыздар.

Сіздерге біздің тісбасарымыз ұнады ма? Біздің ендігі салатымыздың дәмін татуға дайынсыздар ма?

Бас аспазшы:

Маған сіздердің тәбеттеріңіз ұнайды, сондықтан сіздерге өзімнің сүйікті тағамым «Компьютерлік краб түймебұршақты» ұсынамын.

Салаттың құрамы:

  • Түймебұршақ

  • Краб

  • Жұмыртқа

  • Қаймақ

  • Укроп

  • Тұз

  • Қара бұрыш

Ол үшін информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі, қонақтардан көмек сұрағанға 5 ұпай.

Мысалы Вирусты антивирус өлтірер, Антивирусты уақыт өлтірер. (Ерді намыс өлтірер,Қоянды қамыс өлтірер) деп.

Ақпараттық мақал – мәтелдер

Мақал – мәтел

1

Бес компьютербiрдейемес

(Бес саусақ бiрдей емес)

2

Жігітті компьютерге қарап, бағала

(Жігітті досына қарап, бағала)

3

Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

4

Компьютердің жұмысы иесіне мәлім

(Аттың сыры иесіне мәләм)

5

Интернетте мегабайт болмаса қадірі жоқ

(Қолдағы бар алтынның қадiрi жоқ)

6

Веб – дезайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)

7

Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі

(Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі)

8

Компьютер білмеген, сотканы білер

(Бiреубiлмегендi, бiреубiлер)

9

Компьютер процессорымен мықты

(Ағаш тамырымен мықты)

10

Білмесең «анықтамадан» сұра

(Білмесең білгеннен сұра)

11

Бір ядро процессор жақсы, екі ядролы одан да жақсы

(Өзіңмен өзің болған жақсы, досыңмен болған одан да жақсы)

12

Күлсең ескі компьютерге күл

(Күлсең кәріге күл)

13

Компьютерге пәле – вирустан

(Басқапәле – тілден)

14

Ескі компьютерге сенбе, жаңасына сен

(Білегіңесенбе, біліміңе сен)


Бас аспазшы:Ал енді десертке көшейік! «Логикалық коктейль» дәмін көруге шақырамын! Құрамында

  • Банан -1дана

  • Сүт - 200 мл

  • Қант - 1 қасық

  • Балмұздақ - 100 гр

Сіздер сұрақтарды таңдай отырып жауап беру, сұрақтың жауабын дұрыс тапса жасырылған ұпайды қоржынына алады.

  1. Асты сызылған, курсивті, жартылай қалың, типографиялық, пиктографиялық (қаріп)

  2. Сұр, ақ қара, графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді,түрлі түсті, оптикалық, сымсыз, үш кнопкалысы (тінтіуір)

  3. Aй, автоматты, әйгiлi, музыкалық магниттiк, иiлгiш, қатты, лазер, жүйелi, виртуалдысы (диск)

  4. Төмендегі дөңгелектерде көпшілігімізге белгілі компьютерге қатысты сөз жасырулы тұр. Дөңгелектердің әр қайсысы екі бөліктен тұрады. Дөңгелектің жоғарғы бөлігіндегі сөзді құрайтын әріптер жеке – жеке жазулы тұр. Ал осы тарыдай шашылған әріптерді белгілі бір ретпен орналастыру үшін дөңгелектердің астыңғы бөлігінде орналасқан нөмірлерге қарауымыз керек. Ал нөмірлер өзімізге үйреншекті ондық санау жүйесінде емес, екілік санау жүйесінде жазылған. (Компьютердің ең негізгі құрылғысы-жүйелік блок)
































  1. Мына гүлдің өсу ретіне мұқият қарайық. Әуелі гулдің бір жапырағы пайда болады, кейін екіншісі. Сәл кейінірек гулдің түйнегі мен басқа жапырақтары пайда бола бастайды. Өсе келек бұл гулдің жапырақтары мен түйнегінен екілік санау жүйесіндегі бір сан көріне бастады. Егер осы екілік сандарға мұқият қарап шығып, оны ондық санау жүйесіне аударсаңыз, гүлдің толық өсіп шығуына неше күн уақыт кеткенін анықтайсыз.

(00101001=0*27+0*26+1*25+0*24+1*23+0*22+0*21*1*20=32+8+1=41 Гүл 41 күн бойы өскен)



















Бас аспазшы: Сіздерге рахмет.


Әкімшілік Менде өнерімді көрсетсем бас аспазшы мағанда десерт беретін шығар деп ойлаймын.

Бас аспазшы: ия, бүгін барлық тағамдар тегін, бірақ өз білімін көрсеткендерге. Ал кәне тыңдайын.

Әкімшілік

О, махаббат сегіз әріп, бір арман
Барлық адам сол арманнан жаралған
– деп ақын ағамыз М. Мақатаевтың поэзиясына келтіріп, мен де компьютерге деген өз сезімімізді білдіргім келеді.
Компьютер!
Менімен егіз бе едің.
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім.
Мультимедиядан, физикадан сені іздедім.
Сені іздедім ұстаздардан,
Колледждегі кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
Сені іздедім контак, WhatsApp, Tbitter-ден

Е - mаіl - дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім,
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба.

Бас аспазшы: Қандай поэзия десеңші.Біздің әкімшілік компьютерге деген қажеттіліктің жоғары екендігін өлең жолдарымен айтып көрсетті. Қазіргі заман ақпараттық технологияларға тәуелді болған соң менде компьютерге ғашық екендігімді білдіргім келеді.

«Компьютерге ғашықпын»

Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,

Үйден шықсам колледждегі компьютерге асықтым.

Күні – түні көз алдымнан кетпес бейне,

Сезімімнің толқындарын тасыттым.

Мен ғашықпын, компьютерге ғашықпын,

Сезімімді білдіре алмай діріл қағып,

Махаббаттың шыңдарынан асыппын.


Әкімшілік біздің бас аспазшымыз ақын болып кетпей тұрғанда ойынымызды жалғастырайық. Сіз келесі мәзірді айтып жіберсеңіз.


Бас аспазшы:Сіздерге «Интеллектуал» атты десерттік ұсынамын. Ол үшін үстелдеріңізде компьютерге қатысты сөздер жасырлған қай үстел бірінші және көп сөзді құрастырса сол үстелге беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

ФАРМИНОАКИТ (информатика)

ИМНОТРО (монитор)

ИСТЕДК (дискет)

ТРААҚПА (ақпарат)

ЮТКПОРМЬЕ (компьютер)

АКИВЛУТААР (клавиатура)

РТПИРНЕ (принтер)

НЕСРКА (сканер)

НЕИТРТНЕ (интернет)

ДМАҒААБЛАР (бағдарлама)

Әкімшілік

Өрбітіп ойлар ойда қала берер,

Білім сана толастап жана берер.

Әділ қазыларды ортаға шақырайық,

Кафе қонақтарына әділ баға берер.

Бас аспазшы: Құрметті қонақтар! Біздің интеллектуалдық мейрамханамыз- дің экзотикалық тағамдары сіздердің ойларыңыздан шықты деп үміттенеміз! Дәмханамыз жабылады. Назарларыңызға рахмет!

Әкімшілік

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет! Қош сау болыңыздар!


Бағалау парағы

Кезеңдер

Топ таттары

Ақ-1


Ақ-1/ ком

Таныстыру(5-10 ұпай)



Тон астындағы тышқан -1 ұпай




Тарихи винегрет3-ұпай дұрыс жауапқа, дұрыс емес жауаптан 1 ұпай шегеріледі



Компьютерлік краб түймебұршақдұрыс жауапқа 10 ұпай көмек сұрағанға 5 ұпай



Логика коктейль – сұрақтағы ұпайлар



Интеллектуал -5 ұпай



Барлығы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Саба?тан тыс іс шара материалы «Интеллектуалды кафе» ойыны

Автор: Аубакирова Меруерт Жанабыловна

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320664


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства