Сыныптан тыс-шара «Информатикалық эрудит» ойыны
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа , терең ойлана білуге, бірігуге, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация
Сабақтың барысы:
1кезең: “Бәйге”
2 кезең: “Кім жүйрік” (Капитандар сайысы)
3 кезең: Теңіздегі шабуыл
4 кезең: Шығармашылық жұмыс
6 кезең: Қорытынды
1кезең: “Бәйге” Екі топқа екі түсті шаршы таңдатылады, таңдаған шаршының астында 10 сұрақ жасырылған барлығына дұрыс жауап берген топқа 10 ұпай беріледі.
Сары шаршының астындағы сұрақтар:
1. ДК құрамына кіретін негізгіқұрылғыларды атап шық
(Жүйелік қорап, монитор, пернетеқта, тінтуір)
2. Қосалқы құрылғыларды атап шық
(Колонка,құлаққап,модем,сканер, принтер, т.б)
3. Ақпаратты тасымалдау құралдарын ата
( Компакт-диск, дискета, касета, флэш-жады)
4. Компьютерде құжаттар қай жерде сақталады? (Менің құжаттарым )
5. Уақытша жойылған құжаттар қайда тұрады? (Себетте)
6. Қандай графикалық редакторды білесің? (Paint т.б)
7. Компьютерді қосқандағы ең алғашқы бет қалай аталады? (Жұмыс үстелі)
8. Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай таңбашалар тұрады?
(Менің құжаттарым,Менің компьютерім, Себет, Желілік орта,Интернет)
9. Пернетақтадағы қатені кетіру пернелерін ата ( Delete, Backspace)
10. Тінтуірдің сол жақ тетігі қандай қызмет атқарады?
( 1 рет шерту-ерекшелейді, 2 рет шерту- файлды ашады )
Қызыл шаршының астындағы сұрақтар:
1. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер қалай аталады? (Ақпараттық процесс)
2. Телеграф қандай кодта жұмыс жасайды? (Морзе әліппесі)
3. Екілік санау жүйесі қалай аталады? (Бит)
4. Американдық ASCII коды неше символдан тұрады? (0-255)
5. Есептеуіш құрылғылар мен машиналардың даму барысын ата (Есепшот, логорифм сызғышы, Паскаль машинасы, Арифмометр, қалта калькуляторы, Бэббидж машинасы, Холлерит машинасы, Марк, ENIAC т.б)
6. Ақпараттық өлшембірлікті ата (Бит,байт,килобайт,мегобайт,гигобайт,)
7. Пернетақтада бас әріптерді басу пернесін ата (Caps Lock, +Shift)
8. Тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет басқанда қандай әрекет орындалады?
(Мәтінмәндік мәзір шығады)
9. Пернетақтадағы символды енгізу пернесі қалай аталады? (Enter)
10. Пернетақтадағы цифрларды енгізу пернесі қалай аталады? ( Num Lock )
«Кім жүйрік»(Капитандар сайысы) Әр капитанға 8 сұрақтан беріледі дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1 капитанға:
Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)
HTML тілінің негізі тэгтарын ата (html,head,titl,body)
Жалпы желіге қосылу үшін не керек?(модем)
Калькулятордың неше түрі бар?(2)
Ақпарат қай тілден шыққан? (латын)
Вирусқа қарсы программа(антивирустық программа)
Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)
Бос орын қалдыру пернесі(пробел)
2 капитанға:
Офистің құрамына кіретін бағдарламаларды ата (word, exsell, power point, access, publisher)
Вирус деген не (Адам ойлап тапқан компьютерді бүлдіретін бағдарлама)
Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғыларын ата (пернетақта, сканер)
Бос орын қадыру пересі (пробел)
Power point бағдарламасы не үшін қажет? (презентация жасау үшін)
Адамның денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
Слайдтарды деманстрациялаудың неше әдісі бар? Атап шық (2)
Үлкен әрәпті шығару үшін сол әріппен бірге қандай пернені басу керек? (shift)
«Теңіздегі шабуыл» кезеңі - бұл кезеңде оқушылар тақтадағы жұлдызшаның асытнда жасырылған сұрақтарға жауап береді әр сұрақ 5 ұпайдан бағаланады.
Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы
Ақпаратты енгізуге арналған қрылғы
Бас әріппен жазу батырмасы
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал
ЭЕМ-нің ең аз құрамы
Ақпаратты қағаздан компьютер бетіне шығаратын құрылғы
Адам мен компьютердің ара қашықтығы қанша болуы керек?
ДК тіл өзгерту пернелер комбинациясы
Сыртқы жадыға қандай құрылғылар жатады?
Принтер түрлерін ата
Келесі кезең «Шығармашылық жұмыс » бұл кезеңде топ капитандары жеребе бойынша тақырыптар таңдайды сол тақырыптар бойынша презентация жасайды.
Қазақ елімнің тәуелсіздігі мәңгілік...
Ұлы жеңіске 69 жыл