kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МИФ жэне спорт

Нажмите, чтобы узнать подробности

МИФ ж?не спорт атты сайыс МИФ апталы?ында 7-8 сыныптар арасында ?тті. Сайыс?а екі команда ?атысты.  Сайыс шарттары бойынша берілген тапсырмалар ?р т?рлі ба?ытта болды. О?ушылар физика ж?не инфоорматика п?ні бойынша ал?ан білімдерін практикада ?олдану?а арнал?ан тапсырмаларды жылдам ?рі д?л орындауда шеберліктерін к?рсете білді. Сайыс барысында Семейден шы??ан "?аза?стан барысы" А.Н??ымаров туралы т?саукесер к?рсетілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МИФ жэне спорт »

«МИФ және спорт» атты

көңілді сайыстың жүру барысы


1-ж:

Математика- ғылым негізі

Математика –білім көзі

Математиканы білгендерге

Ғажайыптың бәрі өзі.

2-ж:

Компьютер сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың

Керек емес демессің

Аздаған болса хабарың

Үйрену керек бәрің де

Ақпараттық заманын.

1-ж:

Жету үшін табысқа

Ұшу үшін алысқа

Қатысу керек достарым

Физикалық сайысқа.

2-ж

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дегендей бүгінгі ғажайып үштік математика, информатика, физика, қысқаша айтқанда «МИФ және спорт» атты сайысыымызға қош келдіңіздер!

1-ж:

Сайысты салтанатты түрде ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мират Далеловичке беріледі.

2-ж:

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Математика пәнінің мұғалімі Рай Ержанович

  2. Мектеп тәлімгері Балжан Балташевна

  3. 11 сынып оқушысы

  4. 1


1-ж:

Бүгінгі сайысқа 7 «А» сыныбынан «...................................» командасы, 8 «А» сыныбынан «.........................................................» командасы қатысады. Олай болса ортаға сайыскер командаларды шақырайық!


2-ж: Сайысымыздың 1 шарты бойынша әр команда өздерін таныстырады. Бірінші кезекті 8 «А» командасына береміз.

1-ж..

Бүгінгі ойын эстафета түрінде өтеді. Яғни бүгінгі сайыстың ұраны «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

2-ж:

1-эстафета «Көңілді сөзжұмбақтар» деп аталады. Екі командаға бірдей сөзжұмбақ беріледі. Команданың әр мүшесі доппен секіріп столға келіп, сөзжұмбақтың өзіне ұнаған сұрағына жауап береді. Қай команда бірінші келсе сол команда жеңімпаз атанады. сөзжұмбақтың әрбір дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан, бірінші болған командаға қосымша 1 ұпай беріледі.

/Жүргізушілер сөзжұмбақты жюриге апарады/

2-ж:

Халқымыздың ұлттық спорт ойын түрлері өте көп. Көкпар тарту, аударыспақ денеге күш жинаса, теңге алу ептілікке, жамбы ату мергендікке баулиды. Келесі «Көңілді ойын» атты эстафетада сендердің мергендіктерін сыналады.

1-ж:

«Ақылы асса - аға қой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса - сақа қой,
Қой асығы демеңіз», - деген қазақпыз ғой. Бұл жолы «Асық ату» ойыны ойналады. Ортаға әр топтан бір оқушыдан шығады. Олар «Асық ату» ойынын ойнайды. Ойын шарты бойынша ойыншы ортада тұрған асықтарды көздеп, шеңберден шығару керек. /3 рет көздейді./

1-ж:

Ал, енді құрметті көрермендер «Ақпараттық сәтке» көңіл бөліңіздер. Экранда қазақша күрестен «Қазақстан Барысы-2013» жерлес балуанымыз Айбек Нұғымаров туралы ақпарат ұсынылады.

2-ж:

Апталық басталғалы

Талай сұрақ талдалды

Талай есеп шығарылып

Талай бала жүлде алды.

2-ж:

Онкүндікте әрбір істен құр алақан қалмайық,

Жарысымызды жандандыра-жаандандыра жалғайық, - деп келесі «Көңілді есептеулер» атты эстафетамызды бастаймыз.

Эстафетаға команда толық қатысады. Команда мүшелері бір бірден қағаздағы ізді баса отырып , столға келеді, столда жатқан тапсырмалардың біреуін ғана орындап, жүгіріп орнына қайтады, ойын топ мүшелері толық шығып болғаншы жалғасады. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін 1 ұпай, бірінші келген командаға қосымша 1 ұпай беріледі


/Жүргізушілер жауаптарды жюриге апарады/

1-ж:

Құрметті көрермендер! Сіздерде ақыл-ойларыңызға гимнастика жасай отырыңыздар: Сіздерге сұрақтар қойылады, қол көтеріп жауап берулеріңізді сұраймыз.

2-ж:

1-сұрақ. Қазақта тұңғыш «Дүниежүзінің чемпионы» атағын алған палуан?   /Қажымұқан Мұңайтпасов/


2-сұрақ. Грек-рим күресінің палуаны, спорт шебер, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980) /Жақсылық Үшкемпіров/


3-сұрақ. Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. /Бекзат Саттарханов/






1-ж:

Келесі эстафета «Көңілді басқатырғыштар» деп аталады. Команданың екі мүшесі біреуі обручты айналдырады, екіншісі арасынан өте отырып, тапсырмалар столына жету керек. Столда тұрған тапсырмаларды екеуі бірлесе отырып орындайды.Бұл сайыста команда мүшелері 2 тапсырмадан орындайды. Бірінші әріптерге математикалық амалдарды орындай отырып, сөзді табады, екінші тапсырмада орны көрсетілуі бойынша сәйкес ұяшықтарды бояды.. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға 1 ұпайдан, бірінші келген командаға қосымша 1 ұпай беріледі.


/Жүргізушілер жауаптарды жюриге апарады/


1-ж: Көрермендермен жұмыс. «Бес тас» ойыны.


2-ж:

Құрметті сайыскерлер экранға назар аударайық! Экранда орналасқан түймедақ гүлінің әр күлтесіне нөмер жазылған. Команда мүшелері өз қалаулары бойынша нөмірді таңдап, сол нөмерге сәйкес тапсырмаға жауап береді. Команда мүшесі номерді таңдаған соң экранда сөздер шыға бастайды, осы сөздерге қарай отырып,сол сөздерге ортақ сөзді табу керек. Команда әрбір дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан, барлық тапсырманы дұрыс орындағаны үшін қосымша 1 ұпай алады.


1-ж: /Музыкалық салем/


1-ж:

Ойынымыздың қорытындысын айту үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.


2-ж:

Құрметті ойынға қатысушылар, көрермендер сіздермен біз әлі қоштаспаймыз. Мектепте өтіп жатқан әр шарада сіздерді күтеміз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
МИФ жэне спорт

Автор: Азимбаева Нурпан Мусабайкызы, Кыдыралина Жаннат Толеугалиевна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175923


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства