?азіргі уа?ытта интерактивті технологиялар ?мірімізге тере? еніп, о?уда ж?не ж?мыста табысты жетістіктерге жетуге ?лкен м?мкіндік беруде. Интерактивті ??ралдар к?мегімен м??алімні?, о?ушыны? шы?армашылы?пен ж?мыс істеуіне жол ашып отыр. Интерактивті ??ралдар о?ыту формасын ?йымдастыруды? т?рлендіруге, д?ст?рлі о?ыту ?дістеріне жа?а элементтер енгізуге м?мкіндіктер жасайды. Б?л о?ушыны? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттырады. ?арапайым ??ралдар мен к?рнекіліктерден бастап интернет желісіне дейінгі саба??а ?ажетті барлы? материалдарды? шо?ырлан?ан жері- интерактивті та?та ж?не ол уа?ыт ?ткен сайын жетілдірілуде. Сонды?танда интерактивті та?таны? дидактикалы? м?мкіндіктері шексіз. Б?л жерде сіздерді? назарлары?ыз?а интерактивті та?таны? со??ы ба?дарламасы туралы а?парат ?сынба?пын.
?аза?стан Республикасында бірт?тас білімдік а?паратты? ортаны ??ру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жа?а а?паратты? технологияны пайдалану?а, ?аза?стан Республикасында?ы а?паратты? ке?істікті ?лемдік білім беру ке?істігімен саба?тастыру?а м?мкіндік береді.
Егеменді елімізді? мектептері, соны? ішінде Батыс ?аза?стан облысыны? мектептері интерактивті та?тамен 2007 жылдан бастап жабды?талуда. 2008 жылы Интерактивті та?тамен жабды?тал?ан физика, химия, биология ж?не ?мбебап кабинеттер жал?асын тапты.
Облыс бойынша 233 мектепте 771 Интерактивті та?та бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
А.Қ.Берниязова – ББҮҰҚ зертханасының әдіскері, Орал Болашақ көпсалалы колледжінің информатика пәні оқытушысы
Құрметті әріптестер!
Қазіргі уақытта интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік беруде. Интерактивті құралдар көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастырудың түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер жасайды. Бұл оқушының пәнге қызығушылығын арттырады. Қарапайым құралдар мен көрнекіліктерден бастап интернет желісіне дейінгі сабаққа қажетті барлық материалдардың шоғырланған жері- интерактивті тақта және ол уақыт өткен сайын жетілдірілуде. Сондықтанда интерактивті тақтаның дидактикалық мүмкіндіктері шексіз. Бұл жерде сіздердің назарларыңызға интерактивті тақтаның соңғы бағдарламасы туралы ақпарат ұсынбақпын.
Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Егеменді еліміздің мектептері, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының мектептері интерактивті тақтамен 2007 жылдан бастап жабдықталуда. 2008 жылы Интерактивті тақтамен жабдықталған физика, химия, биология және әмбебап кабинеттер жалғасын тапты.
Облыс бойынша 233 мектепте 771 Интерактивті тақта бар.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламалары арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не? Aктивті қалам (ACTIVwandуказкасы) – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwand указкасы Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып: «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламаларында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламалары арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл бағдарлама ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio, Activinspirе бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Тақтамен жұмыс істеуде негізінен екі сұрақ туындайды:,біріншісі тақтаны не үшін пайдалануға болады?екіншісі қалай пайдалануға болады?
Не үшін пайдаланылады дегенде:
-үйреншікті тақтадағы жұмыстың бәрін де орындауға болады;
-жазба, сызбаларды флипчарт ретінде сақтап, келесі сабақтарға, басқа сыныптарға пайдалануға болады;
-сабақ жазылған флипчартқа бейнефильм, суреттер және аудио дыбыстар қосуға болады;
-Microsoft Word –тан немесе тура Интернет желісінен де мәтін көшіріп алуға болады. Сол сияқты кез келген жазуыңызды өзі түсінігі бойынша баспа мәтінге айналдырады және қажет болған жағдайда қателерін түзетуге де мүмкіндігіңіз болады;
-флипчарттарыңызды интернетке жариялауға болады, сол сияқты жарияланған флипчарттарды пайдалануға болады;
-барлық оқушылардан алдын ала дайындалған сұрақтарға бір мезгілде жауап алып, оның қорытындысын дереу шығарып, сараптама жасап береді;
-қажеттілікке қарай флипчартты дереу өзгертуге болады;
-қарапайым құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады .
Екінші сұраққа көшетін болсақ, алдымен тақтаға калибровка жасап тұру керектігін айту керек, қаламның қызметі компьютердегі тышқанның қызметімен бірдей.
Тақтамен жұмысты бастау.
Тақтаны ашқанда бірден «Басқару панелі» және «Аспаптар панелі» шығады. «Басқару панелі» жұмыстың басталуын тездету үшін ыңғайлылыққа жасалған. «Аспаптар панелі» профессионал түрінде шығады, оны қолданушы өзіне ыңғайлап, персонал түрге келтіруге болады. Енді ретімен панельдегі аспаптармен танысайық.
Бас мәзірде 6 бөлім бар: 1)Файл ,2)Редакциялау, 3)Көру, 4)Қою, 5)Аспаптар, 6)Анықтама. Әрқайсысына тоқталайық:
І.Файл.Компьютермен жұмыс істейтін мұғалімдердің бәрі де файлдың не екенін біледі.Тақтадағы флипчарт дейтініміз сол файлдар. Флипчарттар саны шексіз болады. Флипчартқа дыбыс,анимация,қимылдарды қоса алған интерактивті функцияларды орындайтындай түрлі объектілерді жазуға болады.
2) Бір мезгілде бірнеше флипчартпен жұмыс жасауға болады.
3)Кез келген қалтарыста флипчарт құруға болады.
4)Флипчарттарды импорттауға да,экспорттауға да болады.
ІІ.Редакциялау.Атынан-ақ атқаратын функциясы белгілі болып тұр.Не өзгерткіңіз келсе,соны орындай аласыз.
ІІІ.Көру.Көрініске не қойғыңыз келсе,соны қоюға болады.
ІV.Қою.Флипчартқа не шығарып қою керек болса,соны қоюға болады.
V. Аспаптар.Аспаптар қалай жұмыс істейтіндігіне толығырақ тоқталайық.
- жұмыс столында белгілер қалдыру;
-жұмыс столының құралдары;
-екі қалам;
-экспресс-опрос;
-қалам;
-маркер;
-өшіргіш;
-бояу;
-сиқырлы сия;
-қолмен жазуды мәтінге айналдыру;
-фигураларды түзету;
-шымылдық;
-прожектор(дөңгелек,квадрат және біртекті прожекторлар,яғни бір облысты жасырады және бір облыстан басқаның бәрін жасырады);
Осы жерде тағы да 5 профиль бар: авторлық, математикалық, мультимедиалық,тақтада және тілдер. Әркім өзіне ыңғайлы профильде жұмыс істейді.
Тақтаның сол жақ бұрышында шолушылар жеке орналасады.Олар:беттер шолушысы,қорлар шолушысы,нысандар шолушысы,ескертпелер шолушысы, қасиеттер шолушысы,амалдар шолушысы,дауыс беру шолушысы.
- Беттер шолушысында барлық флипчарттар слайдтағыдай көрініп тұрады.
- Қорлар «менің» және «жалпы» болып 2-ге бөлінеді.Бұл жерде пәнге керектінің бәрі бола алады.
- Нысандар шолушысы олардың орналасу тәртібін реттейді.
- Ескертпелер шолушысы жаңа редакцияларды орналастыру үшін пайдаланылады.
- Қасиеттер шолушысында құрамында контейнер,шектеушілер болатын қасиеттер түріне,орналасуына қарай топталған.
- Амалдар шолушысында алдында аспаптар туралы айтылғандардың бәрі қайталанады.
- Дауыс беру шолушысында «экспресс-опростағыдай» Activoteге қатысты керектің бәрі осы жерден табылады.Олар: оқушылар туралы мәліметтер базасы,сұрақтар шебері, тестілеуші қондырғыларды тіркеу, жауап беру нұсқасын таңдау, жауап беру, жауаптарды қорытындылау және сараптау.
Аспаптар панелін персонал түрге келтіру үшін амалдар шолушысындағы құралдардың бәрін де осы панельге орналастыруға болады.Сонымен тақтаның ActivInspire бағдарламасының жетістігі - барлық құралдардың және барлық амалдардың кез келген жерден табылатындығын көрдіңіздер,сондай-ақ қазіргі тақталар дыбыс шығарушы қондырғылармен толықтырылған. Тақтаның пультінің де бірнеше функциялары бар.Олар дыбыс реттегіш,уақытқа таймер болуы мүмкін,сол сияқты тақтаның бетіне фиксация жасауға болады,осы уақытта компьютерде басқа жұмыстар істеуге мүмкіндік туады.Тақтамен толық танысып шықтыңыздар.