kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Информатикалы? бестік" сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды? шы?армашылы? іскерлігін, логикалы? ойлау ?абілеттерін арттыру, ?ой?ан ма?сатына жете білуге да?дыландыру, білімдерін шы?дау.
Жоспары: 
І тур. Топты таныстыру
ІІ тур. Тосын сый
ІІІ тур. Шебер ??растырушы
І? тур. С?здік домино
? тур. Бетпе – бет (Тир ойыны)
?І тур. Шы?армашылы? ж?мыс 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Информатикалы? бестік" сайыс»

"Информатикалық бестік" сайыс

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық іскерлігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білімдерін шыңдау.
Жоспары: 
І тур. Топты таныстыру
ІІ тур. Тосын сый
ІІІ тур. Шебер құрастырушы
ІҮ тур. Сөздік домино
Ү тур. Бетпе – бет (Тир ойыны)
ҮІ тур. Шығармашылық жұмыс
Барысы:

Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуальдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам,

- дей отырып, барлықтарыңызды «Информатикалық бестік» сайысын көріп тамашалауға шақырамыз!

Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.


Қазылар алқасымен таныстыру: ____________________________________
І тур. Топты таныстыру: 
Компьютерде келешек,
Ұғып, білгіш елгезек.
Әр кластың білгірлері,
«Принтерге» бер кезек,- деп ортаға «Принтер тобын» шақырамыз.
Информатика пәнінен,
Көрсетер бізге алғырлық.
Ой толғайтын жүйелі
«Сканер» тобын шақыралық,- ортада «Сканер» тобы.
Ендігі сөз кезегі топтардың таныстыруларында.
1. Топтың аты: «Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон» әнімен)
Топтың ұраны:
Сәттілік тілейміз біз жарыста.
Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!
«Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,
Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.

Топтың әні:
1. Армысыңдар ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
Әділ - қазы алқасына мың сәлем,
Хабары бар есеппенен өнерден!
2. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика – ғылымдардың патшасы
Ой - сананың түсінетін астарын.
Қайырмасы:
Ех, «Принтер» атқарасың жұмысты.
Сенсіз бастамаймыз бір істі.
Драйверлік бағдарлама боламыз,
Орнатылған компьютерге келісті.

3. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика - ғылымдардың патшасы
Ой – сананың түсінетін астарын.
4. Болашаққа бірге қадам басамыз,
Білімменен асулардан асамыз,
Жарыстарға үмітпенен қарап - ап,
Сәттілікті жолдас қылып аламыз!

2. Топтың аты: Сканер
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

Тотың әні: (Қ. Нұртас «Сағыныш моншақтары» әнімен)
1. Жүректің жалынымен,
Қал сұрап амандасып,
Сіздермен қауыштырған,
Информатика апталығы.
Принтер мен Модем топтары
Қарсылас емес бізге.
Достармыз біз әрқашан
Жазылмас жұбы мүлде.
Қайырмасы.
Сен барда ұмытпаймыз біз.
Мектептің қызық шақтарын.
Сканер тобы ұмтыл алға,
Шыға бер биік шыңға.

2. ХХІ ғасыр
Технология заманы.
Ақпараттар Бүгінде
Информатика саласы.
Ұмтылыңдар сендер де
Информатиканы білуге.
Кибернетикасы атасы
Норберт Винер ізімен.

I тур. Тосын сый

Компьютер қолданушыларының арасында Билл Гейтстің есімі кең таралған. Иә, қазіргі заманауи компьютерлердің жұмыс істеуі сол кісінің арқасында десек те, артық емес. Бірақ қазіргі заманауи компьютердің пайда болуына тек бір адамның еңбегі түрткі болмады. Сонымен комьютердің құрылғыларының бірі, ол компьютердің жұмысын басқару үшін пайдаланылады.

1.Құрылғыға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан - код жіберіледі.
2. Скан - код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар құрылғының буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде бұл құрылғын 5 - бөлікке бөлуге болады

Бұл қораптың ішінде қандай құрал?

ІІ тур. Шебер құрастырушы

ІІІ тур. Сөздік домино 

Ақпараттану күнбе-күн,
Тез - ақ дамып келеді.
Таппай іздеп жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың,-

деп ІІІ - турымызды бастаймыз. «Сөздік домино» деп аталатын бұл турда 5минуттың ішінде таңдап алынған әріптен басталатын информатикалық терминдер жазу керек.


ІҮ тур. Бетпе-бет.

Ақпараттандыру ғылымы,
Информатика жайында.
Сұрақтар қойсақ нақтылы,
Жауабыңды дайында,-

дей келе, «Бетпе-бет» турына кезек берейік.

Ү тур. Шығармашылық жұмыс
Аспан ашық, жер мамық жастанарға,
Біздің қазақ ұқсамас басқаларға.
Ақылшысы атойлап алда тұрса,
Арыстандай ерлері жасқанар ма?,- деп жас ақынымыз жырлағандай, еліміздің ертеңі, болашағы болар мына жастарымыздың Елбасы жолдауын қалай насихаттайтынын тыңдалық.
(PowerPoint - та жасаған презентацияларын қорғайды.)

Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырың – болашағың,
Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-

дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.
Сайыс қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Арнайы осы кеш үшін жасалған мақтау қағаздарымен марапаттау рәсімі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Информатикалы? бестік" сайыс

Автор: Урашева Айнур Алдонгаровна

Дата: 12.11.2015

Номер свидетельства: 252260


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства