kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатика пәнінен «Фортуна дөңгелегі» атты интерактивті ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика пәнінен «Фортуна дөңгелегі» атты интерактивті ойыны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатика пәнінен «Фортуна дөңгелегі» атты интерактивті ойыны»

41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейі















МИФ апталығында

Информатика пәнінен өткізілген сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Фортуна дөңгелегі» интерактивті ойыны





Пән мұғалімі: Саймова Ф.Б.

Сыныбы: 7 сыныптар

























2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Фортуна дөңгелегі»

Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты: сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, смайликтер.
Ұйымдастыру:

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңіл-күйлерің қалай?! Балалар, бүгін біз сіздермен компьютерлік сауаттылықты, танымдық, логикалық қабілеттеріңді арттыру мақсатында «Фортуна дөңгелегі» сайысын өткізгелі отырмыз. Бұл сайыста сендер өздеріңнің білімдеріңді сынайсындар және көптеген ақпараттармен танысып олардың шешу жолдарын жасап айқындайсыңдар. Ендеше сайысқа қош келдіңіздер! 

Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, ойынымызды бастайық. Балалар сынып бойынша 4 топқа бөлініп отырамыз, және өздерін араларынан топ басшысын сайлап аласыздар.


«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І-тур: «Тапқырлық» кезеңі

ІІ-тур: «Фортуна дөңгелегі» ойыны

ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі»

ІV-тур: «Теңіз шайқасы ойыны»


І-тур: «Тапқырлық!» Сайыстың бұл кезеңінде араларынан сайлап алған топ басшысы шығып мына столдан дайын тұрған конверттерді ашамыз, ішіндегі карточкаларды алып топтарына қарап оқисыңдар жұмбақтарды , бірге жауап бересіздер. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 3 ұпайдан беріледі (қазақша, орысша, ағылшынша атауы бойынша 1 балдан).

1-топ.

1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)

2. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз?(Көшіру, Копировать, Сору)

2-топ.

1. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)

2.Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа? (Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system )

3-топ.

1. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус)

2. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?

( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu)

4-топ.

1. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)

2. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pensl)

ІІ-тур: «Фортуна дөңгелегі». Бұл сайыста төрт топқа сұрақтар беріледі. Сайысты балы көп топ бастайды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)



ІV-тур: «Теңіз шайқасы» ойыны. Сайыстың бұл кезеңінде сұрақтар берілген. Әрбір дұрыс шешілген

сұрақтың қасында ұпай саны берілген. Сайысты бірінші болып бастайтын ұпайы көп топ.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы қай топ екенін анықтау, үшін әділ-қазылар алқасының жалпы ұпай санау уақытына бөлінеді.

Әділқазылар алқасы дайын болғанша мен сендерге логикалық сұрақтар қоя тұрайын:


1. Ағашта саңырауқұлақ кепті,

Жаңбыр жауып,оны жұмсартып кетті.

40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді,

Тышқан мен тиін 7-н жедің,

Қалды екен нешеу, айта ғой?

Жауабы: (61саңырауқұлақ)

2. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының 

қарындасы бар. Үйде неше бала  бар ?

Жауабы 8 бала  )

3. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын

арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ?

Жауабы ( 5 бұрыш қалады )

4. Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды

атып алды. Неше торғай ағашта қалды ?

Жауабы 10 торғай )


1.Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

2.Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

1.Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (кактус)

2.Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді... (принтер)


1.Саусақтарды билететін

Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)

2.Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын

Қорқақ компьютердің кенже баласы ? (тышқан)

1.Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған... (монитор)

2.Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.

Осымен «Фортуна дөңгелегі» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Информатика пәнінен «Фортуна дөңгелегі» атты интерактивті ойыны

Автор: Саймова Фариза Бисембаевна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 400001


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства