kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ИНФОРМАТИКА ДАРАБОЗЫ" САБА?ТАН ТЫС ІС-ШАРА (7 СЫНЫП)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: о?ушыларды? информатика п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, танымды? іс - ?рекеті мен а?паратты? м?дениетін ?алыптастыру.

Дамытушылы?: ойлау ?абілеттерін дамыту, с?з м?дениетін жетілдіру, шы?армашылы? ізденістерін арттыру.

Т?рбиелік: ?з білімдерін дамыту?а, бір – бірін ??рметтеуге, информатика тарихын білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ИНФОРМАТИКА ДАРАБОЗЫ" САБА?ТАН ТЫС ІС-ШАРА (7 СЫНЫП) »

Сынып 7. Мерзімі ______________

Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Сынып оқушыларын түгендеу.

2. Сабақ жоспарын таныстыру.

3. Жетон арқылы оқушы тандау. 10 оқушыға дейін. (алғашқы 1-10 дейінгі сандар алған оқушылар ойынға қатысушылар).

Жарыс кезеңдері:

І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).

ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).

ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).

ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).

V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)

VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 – нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.

VII. Марапаттау.


Әділқазы алқасын сайлау.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика дарабозы» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Енді қазір алдарыңызға жеребе тасталды, барлығымыз бір-бір жеребе алайық. 1-10 дейінгі сандары бар жеребе алған оқушылар сайысқа қатысушылар. ал қалған оқушылар артқы орындарға жайғаса беріңіздер.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)

  2. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).

  3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).

  4. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)

  5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)

  6. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)

  7. Компьютердің миы. (процессор)

  8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)

  9. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)

  10. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)


Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады.


  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)


  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)


  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)


  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)


  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)


  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?

(он екі, двенадцать, twelve)

  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың

(тышқан, мышь, mouse)

  1. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.

(терезе, окно, windows)


Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Көкпар” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай. Және осы бөлімнің қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.


1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
неше стакан қалды? - 3 стакан

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

(15км/сағ)

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары–

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.


Жарысайық сайыста,

Кімнің ойымықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шықты екен деп, ІІІ кезең бойынша ұпайы аз 3 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. Енді әділқазылар алқасына сөз беріледі.


Жүргізуші. Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Нимотор ----------- Монитор

  2. Пьюромтек ------- Компьютер

  3. Енрепатқат -------- Пернетақта

  4. Лайф ---------------- Файл

  5. Рльоукятакл ------ Калькулятор

  6. Атқсуа -------------- Сақтау

  7. Аэкторикелн ----- Электроника

  8. Дңеөу -------------- Өңдеу


ІV кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушыға «Ойын да жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. Әділ қазы алқасына сөз берейік.


Жүргізуші.

  1. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?





М

К

А

К

О

М

П

О

Н

К

С

Т

Н

Ь

В

И

Т

У

Ы

А

Ю

И

Т

О

Р

Ш

Қ

Т

Р

П

С

К

А

Р

Е

У

Е

Е

Т

Н

Е

Р

С

Р

Н

А

Қ

Т

А









Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)

Енді әділқазылар алқасына сөз беріп, осы кезеңнен аз ұпай жинаған 2 оқушының ойыннан шығарып салайық.


Жүргізуші. VI. “Жорға” қалған 2 оқушыға 10 - 10 – нан сұрақтар оқылады көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.

1 оқушы.

  1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)

  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

  3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)

  4. Терезенің орысша атауы? (Окно)

  5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)

  6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)

  7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

  8. Бір байта неше бит бар? (8)

  9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)

  10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)

2 оқушы.

  1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)

  2. «Paint» қандай редактор? (графиктік)

  3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

  4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)

  5. Дүние жүзілікжелі? (Интернет)

  6. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)

  7. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)

  8. Компьютердің миы (Процессор)

  9. Вирусты жоятын программа (антивирус)

  10. Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон)


Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.


Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты ьсайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"ИНФОРМАТИКА ДАРАБОЗЫ" САБА?ТАН ТЫС ІС-ШАРА (7 СЫНЫП)

Автор: БЕРГЕНЖАНОВА МАНСИЯ ОРАЗГАЗЫНОВНА

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196443


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства