Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Информатика ал?ырлары" »
«Информатика алғырлары»
интеллектуалдық ойыны
Д.М.Бейсекова
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі
Оқушылардың информатика пәнінен деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойларын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында 5-6 сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткіздім.
Төменде осы сайыстың жоспарын ұсынып отырмын.
Сайыстың жоспары:
1-кезең: «Бәйге»
2-кезең: «Пернетақта»
3-кезең: «Адасқан әріптер»
4-кезең: «Тіл-өнер»
5-кезең: «Алтын ұпай»
Қорытынды. Марапаттау
Ортаға үш топқа бөлінген қатысушыларды шақырдым. Сайыста ұпай есептеу үшін әділқазылар алқасын сайлаймыз.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға.
1-кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде асық лақтыру арқылы оқушылар тақырыпты кезек-кезек таңдап сұрақтарға жауап береді.
Ақпарат
Paint
ЭЕМ-нің даму тарихы
Аралас
Ақпарат:
Адам ақпаратпен не істейді? /сақтайды, жеткізеді, өңдейді/
«Ақпарат» сөзі латыннан аударғанда нені білдіреді? /түсіндіру, мәлімет, баяндау/
Адам ақпаратты қалай қабылдайды? /көру, есту, иіс сезу, дәм сезу мүшелері арқылы/
Paint:
Paint графикалық редакторының құралдар тақтасында неше құрал орналасқан? /16/
Paint қандай редактор? /графикалық/
Палитраның неше түсі бар?
Аралас:
Сигнал деген не? /адамға немесе белгілі бір құрылғыға ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс/
Компьютердің негізі құрылғылары? /пернетақта, монито, жүйелік блок/
ЭЕМ-нің ІІ буыны /транзисторлар/
ЭЕМ-нің даму тарихы:
Паскалина машинасын жасаған ғалым /Блез Паскаль/
Аналитикалық машинаны ойлап тапқан ғалым /Чарльз Беббидж/
Алғашқы программалау тілін ойлап тапқан кім? /Ада Лавлейс/