Просмотр содержимого документа
«Джентельмен информатик 5 сыныптар?а арнал?ан сайыс саба?»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
№54 жалпы орта мектеп
Тақырыбы:«Джентельмен- информатик»
Орындаған: информатика
пәні мұғалімі А.Х.Сенгирова
2015 оқу жылы
Күні: 21.01.2015жыл
Сынып:5
Тақырыбы: «Джентельмен-информатик» Мақсаты: 1.Информатика пәнінен білімдерін бағалау. 2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. 3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар. Байқауға қатысатындар: 5 сынып оқушылары Байқау барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру. 1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Джентельмен-информатик» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші. 1 – жүргізуші: Нағыз кәусар жігітті, Нағыз қайсар жігітті, Нағыз бұлбұл жігітті, Нағыз дүлдүл жігітті, Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық! Ата жолын жалғамақ Ел дәстүрін қолдамақ Ел намысын қорғамақ. Ұлдар шықсын ортаға, Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Джентельмен-информатик» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық!
Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады) 1. 5-А сынып Базарбай Абай
2. 5-Ә сынып Аманқұлов Қуаныш
3. 5-Д сынып Турапов Ахмеджан
4. 5-Е сынып Амангелді Рамазан
5. 5-Б сынып Расулов Дияр
6. 5-В сынып Сматуллаев Розакбар
2 – жүргізуші: «Джентельмен-информатик» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар! 1._______________________________________________________________
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру. ІІ бөлім «Білімді информатик» білім сайысы. ІІІ бөлім «Джентельмен суретші » сурет салу сайысы. ІV бөлім . «Көркіне ақылы сай» мақал-мәтелдер сайысы информатикаға байланысты болады V бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
1 – жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
2 – жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Джентельмен-информатик» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1 – жүргізуші: Ақыл – көрік бойларында жетеді, Әлі талай сынақтардан өтеді. Мына отырған баршыңызды өзімен Тез арада таныстырып өтеді – деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді. Өнер қуып жігіттер өтер деймін, Бір басына өнері жетер деймін. Бәсекеге түскен алты жігіт кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін.
2 – жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен Туып өскен мекені, еліменен. Бәрі де ақын көрінеді, Таныстырып кетті ғой төгіп өлең. Парасатты ер жігіт, Ақылымен әр іс біледі. Өнерің барда жігіттер, Тоқталып сірә, іркілме. Жұрт қарасын қызығып, «Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Білімді информатик» бөлімін бастаймыз./10 сұрақ қойылады «иә» немесе «жоқ» деп жауап берулері тиіс/
Ойынның шарты: Әр жігітке 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап
5 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.
1 үміткерге:
1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
2 үміткерге:
1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия) 4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
3 үміткерге:
1. Баспа құрылғысыпринтер (ия)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. Зиянкес бағдарлама вирус (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. Paint мәтін жазуға арналған бағдарлама(жоқ)
7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. Дыбыс естілетін қораптышқан. (жоқ)
4 үміткерге:
1. Paint ағылшын тілінен аударғанда бояу деген мағынаны білдіреді?(жоқ)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. Ақпаратты біз кітап, журнал, компьютер, интернеттен аламыз. (ия)
5.Файлдың атын өзгертуге болады. (ия)
6. ЭЕМ — нің даму тарихы 6 буыннан тұрады. (жоқ)
7. Видеокарта— ол компьютердің миы. (жоқ)
8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10.Компьютермен монитордың арақашықтығы 60-70 см болу керек. (ия)
5 үміткерге:
1. Компьютер сыныбында жүгіруге рұқсат етілген (жоқ)
2. Адам ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі есту мен көру. (ия)
3. Ақпаратты сақтау үшін адамдар суды қолданбайды (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
7.1байт 8 бит . (ия)
8. Пернетақта енгізу құрылғысына жатады. (ия)
9. Тышқан— ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (жоқ)
10. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек файл деп аталады. (ия)
6 үміткерге:
1. «Paint» сөзі ағылшын тілінен аударғанда сурет, сурет салу дегенді білдіреді (жоқ)
2. Компьютермен жұмыс істегенде ережелерді міндетті түрде сақтау керек пе. (ия)
3. Адам үшін ұялы телефон – ол байланыс құрал. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. 1 Кбайт – ол: 1024 байт. (ия)
7.Дербес компьютердің 5 негізгі құрылғысы бар. (жоқ)
8. Монитор, жүйелік блок ДК — дің негізгі құрылғыларына жатады. (ия)
9. Сканер— ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (жоқ)
10.Коланка дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы. (ия)
2 – жүргізуші: «Джентельмен суретші» сурет салу сайысына да жеттік. Сайыскерлеріміздің PAINT графикалық редакторында еркін тақырыпта сурет салу қажет. Сол салып келген суреттерін түсіндіріп өтеді.
1 – жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер, Келді кезек тапқырлықты танытар. Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей, Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Мақал-мәтелдердің дұрыс жауаптарын берулерыңыз керек. Әр дұрыс жауабына 5 балл.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала(Жігітті досына қарап, бағала)
2.Байт биттен құралады(Теңге тиыннан құралады)
3.Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
Ал кімнің өнері бар қаншалықты, Би билеп, ал біреуі ән салыпты. Сұлтандар жарысынан бәйге алуға, Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
2 – жүргізуші: Осымен, «Джентельмен-информатик» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, 5-«Е» сынып аруларымыздың «Әдемі-ай» биін тамашаласақ. Қарсы алыңыздар. 1 – жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар! Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз. Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші, Сұлтаны деп мектептің жүрейікші. Қазыларға тек қана әділдікті, Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
2 – жүргізуші: «Жүзден – жүйрік» күшімен, «Мыңнан – тұлпар» шықты шың Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын! Құттықтайық ал енді Джентельмен болған баланы Өрге жүзіп өнері, Тауға өрлесін талабы. Қуанышты жанары, Шоқтай болып жанады. /Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. / Марапаттау:
1– жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Бағалау парағы
№
Оқушының аты-жөні
Сыныбы
КЕЗЕҢДЕРІ
Таныстыру
Білімді -джентельмен
Джентельмен- суретші
«Көркіне ақылы сай» мақал- мәтелдер сайысы
«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы
1
Базарбаев Абай
5-«А»
2
Аманқұлов Қуаныш
5-«Ә»
3
Турапов Ахмеджан
5-«Д»
4
Амангелді Рамазан
5-«Е»
5
Расулов Дияр
5-«Б»
6
Сматуллаев Розакбар
5-«В»
БАРЛЫҚ БАЛЛЫ
Бағалау парағы
№
Оқушының аты-жөні
Сыныбы
КЕЗЕҢДЕРІ
Таныстыру
Білімді -джентельмен
Джентельмен- суретші
«Көркіне ақылы сай» мақал -мәтелдер сайысы
«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы
1
Базарбаев Абай
5-«А»
2
Аманқұлов Қуаныш
5-«Ә»
3
Турапов Ахмеджан
5-«Д»
4
Амангелді Рамазан
5-«Е»
5
Расулов Дияр
5-«Б»
6
Сматуллаев Розакбар
5-«В»
БАРЛЫҚ БАЛЛЫ
Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми
Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген
Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз
Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы