Мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал. Қатысушылар:5-6 сынып оқушылары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Best the best group" Сыныптан тыс шара»
№44 мектеп гимназиясы
«Best the best group»
Сыныптан тыс шара
Өткізген: Байхан Б.Ж
Кинешов А.С
Орал 201 8 жыл
«Best the best group»
информатикадан сыныптан тыс шара
(5-6 сыныптар арасында)
Мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал. Қатысушылар:5-6 сынып оқушылары. Әділқазылар мүшелері: математика мұғалімдерінен құралған мүше. Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Best the best group» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 6 оқушы қатысады.
Жоспар:
І. Таныстыру
ІI. Адасқан әріптер IІI. Қылқалам сайысы IV. Жұмбақ шешу V. Топ басшылар сайысы
І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады).
Жүргізуші: Жан достарым, мұны жақсы ұғайық Информатика, құрметтеуге лайық Тартысайық сайыста, күш жігермен Тартысайық қимас біз, дос көңілмен - деп ІІ – кезең«Адасқан әріптер» Бұл тапсырмаға 2-3 минут беріледі.
Монитор --------- Торнимо Компьютер -------- Пьютерком Тышқан ------------ нтыашқ Колонка ---------- Каколо Интернет --------- Тенинтер Сурет --------- Терус Бояу -------- Уяоб Наушник --------- Никнауш
Жүргізуші: Ең қиынын жарыстың Жеңіп алда жарыссың - деп ІІІ – кезең«Қылқалам сайысы» 7 минут уакытберіледі.
1) adobe fhotoshop бағдарламасында «ЖАЗ» тақырыбында сурет салу 2) Google sketchup 3d бағдарламасында үйдің модельін жасау.
Жүргізуші: Көңілді ойын жасайық Жұмбақ шеруін шашайық Мұнда қызық табылар Қиын жұмбақ бәрі бар Бүгінгі кеште біз бастайық, Сайыста көңілмен қол соғайық – деп IV - кезең «Жұмбақ шешу» жауабын үш тілде жауап беру
Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын, Ең қажетті құралмын... (тышқан, мышка, mouse)
Жұртты өзіне қаратқан Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер,компьютер, computer)
Егер білсең, айта қойшы Бұл қандай құрылғы Ақпаратты қағаздағы Компьютерге енгізеді....(сканер, сканер,scanner)
Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі, Бір күн бар да, бір күн жоқ. Соны есепке алсақ. Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта, клавиатуре , keyboard)
Бұтақ орнында мың бір инесі Компьютер жаны мекені...(кактус, кактус, cactus)
Жүргізуші:
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма Мәреге таяп қалды бұл жарыста - деп V - кезең «Топ басшылар сайысы»
3.Компьютердің негізгі құрылғылары? (жүйелік блок, монитор,пернетақта)
4.Ең алғашқы програмисс кім? (Ада Лавлейс)
5. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (пуск - все программы - стандартные - paint)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
7. Дыбыс шығару құрылғысы? (колонка)
8.Шығару құрылғыларын атаңыз?(принтер - басып шығарғыш)
9. Компьютердің миы деп нені айтады?(Процессор)
10. Пернетақтада қанша перне бар? (106)
Қорытынды: Әділқазылар жеңімпаз болған оқушыларды I, II, III орынмен марапаттау.
Жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке, Келгендерге көп рахмет! Шын сезінген көрермендерге, Мың рахмет, мың рахмет!
Хаттама №
Күні,айы,жылы:14.02.2018
Қатысқан: МИФ бірлестігі
Қатысқан оқушылар саны:27
Күн тәртібінде:
1.Сабақтың тақырыбы: «Best the best group» инттеллектуалды ойын
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды информатика пәні бойынша білімдерін жүйелеу.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың қарым-қатынас мәдинетін қалыртсатыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.
2.Информатика пәні мұғалімі:Қажиахметова Д.А.Өткізіліп отырған сыныптан тыс шараның құрылымы жақсы. Оқушылар сабаққа жоғары белсенділікпен қатысты. Ойын тартысты да. Қызықты өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты деп есептеймін. Бұл ойында оқушылар алған білімдерін жан-жақты көрсете алды.
Қаулы: «Best the best group» тақырыбы бойынша өткізіліп отырған интелектуалды ойын өз мақсатына жетті.
Төрайымы: Батыргалиева Б.Х
Хатшы: Нурмуханбетова Д.У
«Best the best group» инттеллектуалды ойын сайысындағы фото суреттер