kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

2015 жыл - информатигі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды?  информатика  п?нінен  ал?ан білімдерін  жина?тау, ой-?рісі мен танымды? ?абілеттерін дамыту, шы?армашылы??а баулу, ?з ойын еркін жеткізе білу да?дыларын ?алыптастыру ма?сатында 9-10 сыныптар арасында ?ткізілген сайысты? ?ту жоспарын ?ріптестерімізге ?сынып отырмыз.

Та?ырыбы: «2011 жыл – информатигі».

Ма?саты:

  • О?ушыларды компьютерді пайдалана отырып шы?армашылы?ын, ойлау 

        ?абілетін дамыту;

  • О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын, белсенділігін арттыру.
  • О?ушыларды? логикалы? сауаттылы?ын  ж?не компьютерлік іскерлігін дамыту.

??рал жабды?ы:

Проектор, слайд?а жазыл?ан тапсырмалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«2015 жыл - информатигі»

«2015 жыл – информатигі».


К.Қ.Қайназарова,

Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің математика және информатика

пәндері мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы


Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында 9-10 сыныптар арасында өткізілген сайыстың өту жоспарын әріптестерімізге ұсынып отырмыз.


Тақырыбы: «2011 жыл – информатигі».


Мақсаты:

  • Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып шығармашылығын, ойлау

қабілетін дамыту;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  • Оқушылардың логикалық сауаттылығын және компьютерлік іскерлігін дамыту.

Құрал жабдығы:

Проектор , слайдқа жазылған тапсырмалар.


Барысы:


Жүргізуші: Сәлематсыздар ма , құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!

Сіздермен бірлесе отырып «2015 жыл – информатигі» атты ойынымызды

бастауға рұқсат етіңіздер.


Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.


Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде жеңілсеңде қалма жасып.


Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 4- оқушы қатысады. Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады:

( Ойыншылар өздерін таныстырып өтеді)


1 –ші тур: «Бәйге»

2-ші тур: «Полиглот».

3-ші тур: «Ғажайып алаңы».

4-ші тур: «Қиял әлемі».

5-ші тур: «Жорға».


1-тур: «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ 10 сұрақ беріледі.

( Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)


  1. Аталған байттар тізбегі? (файл)

  2. Windows жұмыс атқара алатын барлық мүмкіндігі? (объект)

  3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас ? (интерфейс)

  5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)

  6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)

  7. Компьютердің ақыл – ойы? (процессор)

  8. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)

  9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (антивирус)

  10. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел).


Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2-тур: «Полиглот»


  1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді.

( дыбыс, звук, sound )

  1. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп – кішкене күн көзін.

( шам, лампочка, lamp )

  1. Ақпараттың қайнар көзі.

( табиғат, природа, nature )

  1. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы.

( тышқан, мышь, mouse )

  1. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы ....

( тоқ, ток , currnt )

  1. Өнер алды қызыл ...

( тіл, язык, landuade )


3- тур: « Ғажайып алаңы».


Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын.

( Пән бойынша және аралас сұрақтар болады.Сұрақтар сандар арқылы

ұяшықтарда көрсетіледі).


« Операциялық жүйе» бойынша мынадай сұрақтар беріледі:

  1. ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай? (30 ұпай)

( Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа.ОЖ компьютер жұмысын басқарады.Ms dos, Windows 2000,

Windows 2007/XP, Windows NT)

  1. Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не? ( 40 ұпай)

( Бастау менюінен кейінгі орналасқан ұзын жолақ)

  1. Стандартты программалар. ( 50 ұпай)

( Блокнот, Калькулятор, WordPad, Paint )

«Есептеуіш техника негіздері» бойынша мынадай сұрақтар беріледі:

  1. Алгоритм деген не және оның түрлері қандай? ( 30 ұпай )

( Орындаушының қандайда бір мақсатқа жетуі.

Түрлері: сызықты, тармақталған, циклдік)

  1. Интернет желісі . ( 40 ұпай )

( Бүкіл әлемдік желі)

  1. Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай? ( 50 ұпай )

( Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту.

Түрлері: WinRar, WinZip, ARJ)

«Аралас сұрақтар» бойынша мынадай сұрақтар беріледі:

  1. Операциялық жүйе қызметі...

(компьютердің барлық ресурстарының жұмысын басқарады)

  1. Утилиттер деген не ?

( көмекші программалар)

  1. Microsoft фирмасын құрған адам?

( Билл Гейтс).


( 3-турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады)

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар.

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.


4-тур: « Қиял әлемі».

Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс.

1. Егер мен робот болсам...

2. Егер мен хаккер болсам...

Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.Кезекпен өнерін ортаға салады.


5-тур: «Жорға».

Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.


  1. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)

  2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы. (модем)

  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы. (процессор)

  4. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа. (калькулятор)

  5. Дыбыс жазу құрылғысы. (микрофон)

  6. 7 екілік жүйеде қандай сан. (111)

  7. Дискілерді оқу құрылғысы. (диск енгізгіш)

  8. Кең тараған монитор түрлері ( EGA , VBA)

  9. Дискета түрлері. ( 3,5 және 5,25 дюмдік)

  10. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы. (монитор)

  11. Компак дискіні оқуға арналған құрылғы. ( CD-ROM)

  12. Дыбыс шығаратын құрылғы. (колонка)

  13. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)

  14. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы.(интернет)

  15. Информация өлшем бірлігі. (бит,байт)

  16. Windows сөзінің аудармасы. (терезе)

  17. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (файл)

  18. Деректерді сақтауға арналған құрылғы. (жады)

  19. Сурет салуға арналған программа. (графиктік редактор)

  20. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі. ( Delete)

  21. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны. (жұмыс үстелі)

  22. Тышқанның атқаратын қызметі. (жұмысты жеңілдету)

  23. Пернетақта қандай құрылғы. (енгізу)

  24. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан (латын)

  25. Жад нешеге бөлінеді. (2)


Бүгінгі көріп тамашалаған шоу «2015 жыл – информатигі» атты ойын өз мәресіне жетті. Жеңіп шыққан жеңімпазды марапаттау. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Келесі кездескенше Сау саламат болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
2015 жыл - информатигі

Автор: Кайназарова Кунжамал Калкозовна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312517


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства