kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зертханалық тәжірибе №4.1. Карбон қышқылдары мен бейорганикалық қышқылдардың қасиеттерін салыстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың қасиеттеріне оқушылардың көңілін аудару.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зертханалық тәжірибе №4.1. Карбон қышқылдары мен бейорганикалық қышқылдардың қасиеттерін салыстыру»

Сабақтың реті: Күні

Сабақтың тақырыбы: Зертханалық тәжірибе №4.1. Карбон қышқылдары мен бейорганикалық қышқылдардың қасиеттерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың қасиеттеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.

Дамытушылығы: есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдырысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемалар.

Сабақтың көрнекілігі: құралдар мен реактивтер: сірке (құмырсқа) қышқылы, фосфор (немесе басқа бейорганикалық) қышқыл ерітінділері, әмбебап (көк лакмус) индикатор және фенолфталеин ерітінділері (не қағаздары), сілті ерітіндісі, магний (мырыш) түйірлері), натрий (кальций) карбонаты, сынауықтар мен тұрғы, шыны таяқшалар.

Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі. Балаларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын /жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері/ тексеру.

мақсат қою кезеңі.

Оқытушының баяндауы мен оқулықтағы мазмұн бойынша ондағы басты мәселеге көңіл аудару одан әрі жалғасады және есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдылары қалыптастырылады.


Жұмыстың орындалуы.

  1. Қышқылдардың физикалық қасиеттері және индикаторға әсері,

Екі сынауыққа 1 мл-ден сірке (не құмырсқа) қышқылы мен фосфор (не басқа бейорганикалық) қышқыл ерітінділерінен құйып алыңдар.түсіне көңіл аударып, абайлап иісін байқаңдар. Берілген ерітінділердің ортасын индикатор қағазымен (не ерітіндісімен) тексеріңдер. Не байқалады? Карбон қышқылдары күші жағынан қандай қышқылға жататынын түсіндіріңдер.

  1. Қышқылдардың сілті ерітіндісімен әрекеттесуі.

Алдыңғы тәжірибедегі индикатормен тексерілген қышқылдардың екі сынауықтағы ерітінділеріне индикатордың түсі өзгергенше сілті ерітіндісін тамшылатып құйып, қышқылдарды бейтараптаңдар.

  1. Қышқылдардың белсенді металдармен әркеттесулері.

Екі сынауыққа қышқылдар ерітінділерінен 1-1,5 мл-ден құйып, әрқайсысына берілген металдың түйірінен салыңдар. Реакция баяу жүрсе қыздырып жіберіңдер.

  1. Қышқылдардың тұздармен әрекеттесулері.

Екі сынауыққа 1-1,5 мл-ден қышқыл ерітінділерінен өұйып алып, әрқайсысына натрий карбонатының ұнтағынан салып, газ бөлінгенін бақылаңдар. Берілген қышқылдар мен көмір қышқылының күші туралы тұжырым жасаңдар.

Байқаған құбылыстарыңды түсіндіріп, сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.


Үйге тапсырма: қайталау










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Абдигапарова Гульбану Нурлановна

Дата: 15.11.2016

Номер свидетельства: 359085


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства