kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жемірілу ж?не онымен к?ресу жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?О ?арат?бе ауданы.

Ханк?л жалпы орта білім беретін мектебі.

Химия п?ні м??алімі Кулекеева Акдания Ергалиевна.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жемірілу ж?не онымен к?ресу жолдары»

Сабақтың тақырыбы: Жемірілу және онымен күресу жолдары

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау (тест).

  3. Өткен материалдарды қорыту (сұрақ-жауап)

  4. Жаңа сабаққа кірісу кезеңі

  5. Жаңа сабақ

  6. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

  7. Оқушыны бағалау

  8. Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырма: Темір және оның қосылыстар

Сабақтың тақырыбы: МЕТАЛДАРДЫҢ ЖЕМІРІЛУІ. Жемірілумен күресу жолдары

Қазақ тілінде жемірілу деген сөз қандай мағына береді?

Жеміру – жемір етістігінің қимыл атауы. Бірте-бірте құртып тауысу, қыспаққа алу, қажыту.

Қазір біздің қызыл батырлар жер жүзінің байларының, патшаларының тілеуі болып отырған Врангель лағнаттың әскерін қамап, күннен-күнге қысып жеміруде. (С.Сейфуллин, шығ)

Жемірілу = етістік, мүжілу, қажалып түсу.

Жалынмын мен, келме жақын, жаңарсын,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсын.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.

(М.Жұмабаев. Шығ)

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

  1. Жемірілу туралы түсінік

  2. Жемірілудің зиянды әсерлері

  3. Жемірілудің түрлері

  4. Жемірілу жүру үшін қажетті факторлар

  5. Жемірілу процесінің химизмі

  6. Жемірілумен күресу жолдары

АҚПАРАТТЫҚ КЕЗЕҢ

  • ЖЕМІРІЛУ- қоршаған орта факторларының әсерінен (химиялық, электрохимиялық) металдардың бүліну құбылысы

  • Бұл – тотығу-тотықсыздану реакциясына жатады, металл атомы ионға айналады. Металл неғұрлым белсенді болса соғұрлым тез бұзылады.

  • Тотығу процесіне атмосферадағы оттегі мен су буы әсер етеді.


Металдардың жемірілуі жүретін жерлер:

  1. Оттегі және сулы атмосфера

  2. Көмірқышқыл және күкіртті газдың атмосферада кездесуі

  3. Теңіз суы

  4. Қалдық сулар

ХИМИЯЛЫҚ – металдар мен оның құймаларының жемірілуі электр тогын өткізбейтін ортада болады.

Ол металдардың әртүрлі бейэлектролиттермен, газдармен, сұйықтармен әрекеттесуінен пайда болады

Химиялық коррозияның реакция теңдеулері:



  • ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ электролит ортада (қышқыл, сілті, мұхит суы) электр тогы пайда болуы арқылы жүреді.

  • Химиялық процесс – бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді

  • Электрохимиялық процесс – бір металдын электроны басқа металға ауысуы арқылы жүреді

Электрохимиялық коррозияның жүруін тездететін жағдайлар:

  1. Екі белсенді металдың қатар орналасуы;

  2. Металдардың белсенділігі;

  3. Металда пайда болған жарықшақтар;

  4. Лас сулар, теңіз суы, электролит орта;

  5. Температураның жоғарылауы;

  6. Микроорганизмдердің әсері (саңырауқұлақтар мен бактериялар).

ЖЕМІРІЛУДІҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ

  1. Мұнай-газ тасымалын, басқа да химиялық өнімдерді бүлдіреді.

  2. Көптеген химиялық өңдірістерді жарамсыз етеді: авиациялық, химиялық, машина жасау.

  3. Адамдардың өмірі мен денсаулығына кері әсер етеді.

Жемірілуден қорғану жолдары:

  1. Металдарды қорғаныштық беттік қабаттармен қаптау (лактау, сырлау);

  2. Металдың бетін басқа металмен қаптау (мырыш, қалайы, никель, хром) ;

  3. Жемірілуге тұрақты құймалар алу (болат)

  4. Сүйенішті (протекторлық) қорғау;

  5. Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен (пластмассалар, шыны пласиктер т.б.) алмастыру.

Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

  • Жемірілу дегеніміз не?

  • Жемірілудің қандай түрлері бар?

  • Химиялық жемірілу дегеніміз не?

  • Жемірілуден қорғанудың қандай жолдары бар?

Үй тапсырмасы:

  • §34 Металдардың жемірілуі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жемірілу ж?не онымен к?ресу жолдары

Автор: Кулекеева Акдания Ергалиевна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327309


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства