Просмотр содержимого документа
«Жалынның металл тұздарымен боялуы»
Күні: 17.01.2012ж.
Пәні: Химия
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: §6.3 Натрий және калий
З. ж. №8 Жалынның металл тұздарымен боялуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: натрий және калийдің атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттерімен, алынуы және қолданылуымен таныстыру.
Дамытушылық: металдар туралы білімін дамыту және қалыптастыру.
Тәрбиелік: дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Өткізу әдісі: түсіндірмелі - көрнекілік.
Көрнекіліктер: оқулық, периодтық жүйе т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
ІҮ. Бекіту сұрақтары
Ү. Үйге тапсырма
ҮІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу
Б) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
В) сыныптың тазалығына қарау
Д) оқушылардың назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
§6.1 s-элементтердің жалпы сипаттамасы Сілтілік металдар
а) сұрақ-жауап
ә) түсінік айту
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру
§6.3 Натрий және калий
Натрий калийден кейін, Менделеевтің периодтық кестесінің 3-периодында, ІА тобында, 11-орында орналасқан. Осыған байланысты натрий атомының 11 теріс зарядты электроны бар. Оның 3-периодта болуына қарай 11 электроны үш электрон қабатында мынадай заңдылықпен бөлінген: 1-период 2 электронмен біткен. 2-период 8 электронмен аяқталған болса, оның 1А топтағы орнына сай сыртқы электрон қабатында топ нөміріне тең 1 теріс зарядты электроны бар (2, 8, 1).
1. Натрийдің аталуы арабша «сода» сөзіне байланысты алынған.
2. Агрегаттық күйі – қатты зат. Бірақ саусақпен мыжғылауға болады. Алмазбен салыстырғанда қаттылық өлшемі 0,4 шамасында.
3. Жер қыртысындағы мөлшері 2,64 пайыз.
4. Өзіне тән спектрлік ерекшеліктері болады. Сары түсті жалын шығарып жанады.
5. Химиялық қасиеті бойынша нағыз металл.
6. Салыстырмалы атомдық массасы – 23.
7. Тұрақты бір валентті болып келеді.
8. Оттегімен қосылып Na2О оксидтерін түзеді. Металдық қасиетіне байланысты натрий негізін NaOH түзеді. Нағыз металл болғандықтан қышқыл түзбейді.
Калий – табиғатта таралуы бойынша 7-ші элемент. Тас тұздың шөгындыларының жоғарғы қабатында калий тұздары болады. калий қосылыстары өзіне тән өзгешеліктерімен ерекшеленеді – олар топыраққа жақсы сіңеді, сондықтан теңіз суында калий атомы натрийге қарағанда 40 есе аз болады. Құрғап қалған ертегі көлдер мен теңіздердің орнынан сильвинит, сильвин, карналлит минералдарын өндіреді. Калий тұздарының кен орындары Батыс Қазақстанда шоғырланған.
Натрий мен калий табиғи қосылыстарының тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы ерекше. Калий иондары клетканың ішінде, ал натрий ионы клеткааралық кеңістікте клетка функциясының процестеріне қатысады, олар жетіспеген жағдайда бұл процестер бұзылады. Сондықтан адам сұйықтықпен бірге көп тұзды жоғалтқанда оған аздап тұз қосқан су ішу ұсынылады.
Калий өсімдіктер үшін қоректік элемент.
Физикалық қасиеттері. Натрий мен калий – күмістей ақ түсті металдар. Сұйық күйінде жылу және электр тогын жақсы өткізеді, сондықтан натрийді ядролық реакторда жылу тасымалдағыш ретінде қолданады.
Химиялық қасиеттері. Натрий мен калий – типтік белсенді металдар. Азот және салғырт газдардан басқа барлық бейметалдармен әрекеттеседі. Оттекте, фторда, хлорда бұл металдар жанады, ал күкіртпен үйкелгенде тұтанады. Бұл элементтер сутекпен қосылып гидридтер түзеді. Натрий және калий сумен шабытты әрекеттеседі.
Натрий, калий және олардың қосылыстарын анықтау. Натрий иондары жалынды сары түске бояйды, калий және оның қосылыстары жалынды күлгін түске бояйды.
Өнеркәсіпте алынуы. 1807 жылы ағылшын ғалымы Г. Дэви металл натрийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы алды. Қазір тұздардың балқымаларын электролиздеп натрийді және басқа сілтілік металдарды да алады. Калийді қазіргі өнеркәсіпте калий хлоридін натриймен әрекеттестіріп (8000С) және калий гидроксидін натриймен әрекеттестіріп (4400С) алады.
З. ж. №8 Жалынның металл тұздарымен боялуы
ІҮ. Бекіту сұрақтары
Калий мен натрийге салыстырмалы сипаттама беріңдер?
Темір мен алюминий сияқты неге калий мен натрий техникада кеңінен қолданылмайды?