kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Усербаева Бакытгул Зиятбековна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Усербаева Бакытгул. Бұл химия пәні бойынша үйірме жинағы. Мектеп және колледж оқытушыларына қажетіне жарайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Усербаева Бакытгул Зиятбековна»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Химияның негізгі сатылары жаңа ғасырдағы химия.

































Шымкент 2018ж

Күні: 14.09.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Химияның негізгі сатылары жаңа ғасырдағы химия.

Жалпы мәліметтер.

Химия элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді. Химиялық жеке заттар бір-бірінен химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша ажыратылады. Әр зат белгілі жағдайдағы физикалық қасиеттері (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді.

Заттар құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Олардың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп, химиялық қосылыстар деп атайды. Химиялық элементтер жерде шашыранды түрде таралған, әрбір химиялық элемент – атомдардың, ал химиялық қосылыс молекулалардың белгілі бір түрі. Материя қозғалысының химиялық өзгеру процесі химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакцияға атомдармолекулалар қатысып, оның нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Реакцияға қатысқан атомдардың тек сыртқы қабаттарындағы электрондардың тығыздығы өзгеріп, ішкі қабат пен ядро өзгеріссіз қалады.

Зерттелетін нысанына қарай химия негізгі екі топқа бөлінеді:

  • органикалық химия;

  • бейорганикалық химия.

Органикалық химия негізінен көміртек атомдарынан тұратын заттардың құрылысын, химиялық қасиеттерін, құрамын, қолданылуын, табиғатта таралуын, тағы басқа зерттейді.

Бейорганикалық химия немесе анорганикалық химия барлық қалған химиялық элементтер түзетін қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді.

Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері.

Химия дамуының барлық тарихы оның негізгі алдыға қойған мәселесін шешу жолында әдістеме-тәсілдердің ауысып отыруымен сипатталады. Химия ғылымының даму деңгейіне байланысты материя құрылымы, табиғаттағы заттардың құрамы, олардың бөлшектері - молекулалардың құрылымы туралы ұғымдар да өзгеріп отырды.

XVIII ғасырға дейінгі химияның даму кезеңінде қажетті қасиеттері бар заттарды алу мәселелері көп жағдайда оңды нәтиже бере қойған жоқ. Табиғаттағы денелердің қасиеттерінің пайда болуы туралы екі ұдай пікір айтылған болатын. Антикалық уақыттың ұлы ғұламалары Демокрит (б.э.д. 470-380 ж.), Эпикур (б.э.д. 341-270 ж.) атомистік теорияны ұсынды. Олардың көзқарасы бойынша, барлық денелер көлемдері мен формалары әр түрлі атомдардан тұрады, ал бұл атомдар олардың сапалық өзгешеліктерін түсіндіреді деген данышпандық көзқарасты ұстады.

Ал Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.) мен Эмподокл (б.э.д. 490-430 ж.) табиғатта кездесетін денелердің әр түрлілігі олардың қасиеттерінің: жылу мен суықтыңқұрғақтық пен ылғалдыңжарық пен қараңғының тағы басқа тіркесіп келуі арқылы түсіндіріледі деп айтты. Кейінірек осы көзқарасты ортағасырлық алхимиктер де дамытты. Бул кезеңде табиғат туралы білім жүйесін құраған — натурфилософия мен кәсіптік химия жеке-жеке дамыды.

Өзінің екінші даму деңгейінде химия аналитикалық ғылымнан синтетикалық ғылымға айналды. Бул кезең органикалық синтез химиясының дамуымен байланысты.

Осы кезде тоқыма өнеркәсібіне арналған бояулар шығару, дәрі-дәрмек, жасанды жібек алу мүмкіндігі туды.

Бұл кезең — құрылымдық химия кезеңі деген шартты атауға ие болды, оның басты жетістігі — молекула құрылымы мен заттардың функционалдық белсенділігінің арасындағы байланысты анықтау болды.

Химия дамуының үшінші кезеңі — XX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.

XX ғасырдың алғашқы жартысындағы автомобиль өндірісінің, авиацияның, энергетикалық, құрал-жабдық шығарудың дамуы материалдар шығаруға жаңа талаптар қойды.

Жоғары октанды мотор отынын, арнаулы синтетикалық каучук пен пластмасса, беріктігі аса жоғары изоляторлар, органикалық және бейор-ганикалық полимерлер, жартылай өткізгіштер шығару қажеттілігі туды. Бұндай материалдарды алу үшін бұрыннғы заттың құрамы мен құрылымы туралы химиялық білім жеткіліксіз болды. Құрылымдық химия зат қасиеттерінің температураның, қысымның, еріткіштердің тағы басқа факторлардың әсерінен өзгеретіндігін есепке алмаған болатын.

Осыған байланысты, осы кезеңде химия ғылымы процестер мен заттардың езгеру механизмі туралы ғылымға айналды. Осының нәтижесінде қурылыс жумыстарына қажетті ағаш пен металдың орнына синтетикалық материалдар, тамақ шикізаттарын, олиф, лак, жуғыш заттар тағы басқа өндіруді қамтамасыз етті. Ал каучукэтил спирті, жасанды талшық өндіру мұнай шикізатына, азот тыңайтқыштарын алу — ауа азотына негізделді.. Енді үздіксіз жүйемен жумыс істейтін мұнай-химия өнеркәсібі дамыды.

Егер 1935 жылы тері, резина, талшық, жуғыш заттар, лактар, олиф, сірке қышқылы, этил спирті толығымен тек жануарлар мен өсімдіктер шикізатынан алынатын болса, ал XX ғасырдың 60-шы жылдарында техникалық спирттің 100%-ы, жуғыш заттардың 80%-ы, олиф пен лактың 90%-ы, талшықтың 40%-ы, каучуктың 70% және тері материалдарының 25%-ға жуығы газ және мұнай шикізаттарынан алынды. Сонымен бірге химия жылына мыңдаған тонна малға азық-түлік ретінде қолданылатын мочевина мен белок және миллиондаған тонна тыңайтқыш берді.

Сонымен, химия өзінің дамуының үшінші кезеңінде заттар туралы ғылым емес, заттардың өзгеруі мен өзгеру механизмдері туралы ғылым болды.

Химия ғылымы дамуының төртінші кезеңі — XX ғасырдың екінші жартысы. Бұл кезеңді эволюциялық химия кезеңі деп атайды.

Химиялық жүйенің негізінде әлемнің химиялық картинасы қалыптасады, яғни табиғатқа химиялық көзқараспен қарау. Оның негізгі мазмұны мынандай:

  • тірі және өлі табиғатты химиялық мағанада қарастыра келгендегі сол дәуірдегі химиялық білімнің қортындысы;

  • табиғат обьектілерінің барлық негізгі түрлерінің пайда болуы мен эволюциясы туралы түсінік;

  • табиғат обьектілерінің химиялық қасиеттерінің оның құрылымына байланыстылығы;

  • табиғат процестерінің химиялық қозғалыс процесі ретіндегі жалпы заңдылықтары;

  • тәжірбиелік жағдайда синтезделетін ерекше обьектілер туралы білім.

50-60 жылдарға дейін эволюциялық химия туралы ештеңе белгілі болған жоқ. Жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегін Чарлз Дарвиннің зволюциялық теориясы арқылы түсіндіруге тырысқан биологтардан айырмашылығы, химиктерді заттардың шығу тегі туралы мәселе толғандырмады. Ал, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, химиктерге өз обьектілеріне байланысты эволюциялық мәселелерді шешу мүмкіндігі туды. Эволюциялық химияны-химиялық жүйелердің өздігінен ұйымдасуы мен өздігінен дамуы туралы ғылым деп те атайды. Бұл жерде химия биологиямен тығыз байланыс жасайды. Тірі организмдерде жүретін барлық процестерді химия тілімен, химиялық процестер арқылы беруге болады екен.

Расында, егер денедегі зат алмасу процесіне таза химиялық көзқараспен қарасақ (А.И.Опариннің тәжірибесін), біз уақыт тәртібін сақтайтын, өзара бір-бірімен байланысты бірнеше химиялық реакцияларды байқаймыз.

Тірі организмдердегі ереше кейбір қасиеттер, мысалы квбею, қозғалғыштық, қозу, сыртқы ортаның әсеріне жауап беру — барлығы химиялық реакциялар арқылы түсіндіріледі.

Әрине, тіршіліктің барлық құбылыстарын химиялық жолмен түсіндіру қателік болар еді, бұл тіпті дөрекі механистикалық көзқарас ретінде қарастырылатын еді. Бұған химиялық процестердің тірі және өлі жүйелердегі жүруінің ерекшеліктері дәлел бола алады.

Қазіргі кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды болып саналады. XX ғасырдың өзінде биологиялық процестер үшін биокатализдің үлкен әсері бар екендігін ғалымдар түсінген. Сондықтан химиктер тірі табиғатқа катализаторлар қолдану төжірибесін жасайтын жаңа химияны шығаруды мақсат етіп қойды. Ұқсас молекулалар синтездеу принциптерін, әр түрлі қасиеттері бар, ферменттер принципімен жұмыс істейтін катализаторлар қолданылатын химиялық процестерді басқарудың жаңа түрі шықты. [1]

Негізгі түсініктер

Қарапайым бөлшектер

Толық мақаласы: Қарапайым бөлшектер

Қарапайым бөлшектер - өз құрылымы мен құрамы болмайтын бөлшекті элементар бөлшек дейміз. Заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым деп есептелетін бөлшектер.

Атом

Толық мақаласы: Атом

Атом - Химиялық элементтерді құрайтын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сақтайтын ең кішкене бөлшек.

Молекула

Толық мақаласы: Молекула

Молекула - жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек.

Басқа ғылымдармен байланысы.

Химия физика және басқа да жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Химия мен биология арасынан шыққан биохимия, химия мен геология арасынан геохимиякосмохимиягидрохимия салалары, өнеркәсіп пен химияның барлық салаларында талдау әдістері үшін қолданылатын аналитикалық химия қалыптасты. Кейбір химиялық мәліметтер ерте заманнан белгілі болған.

Салалары.

  • Агрохимия

  • Аналитикалық химия

  • Биоорганикалық химия

  • Биохимия

  • Геохимия

  • Фотохимия

  • Электрохимия

  • Коллоидтық химия

  • Фотохимия

  • Радиохимия

  • Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы

  • Аналитикалық химия

  • Биохимия

  • Кванттық химия

  • Физикалық химия

  • Астрохимия

  • Кристаллохимия

  • Органикалық химия



Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998













ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Атом-молекулярлық ілім.Химияның негізгі

стехиометриялық заңдары.





























Шымкент 2018ж



Өтілген күн: 28.09.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Атом-молекулалық ілім. Стехиометриялық заңдар. 


Ежелгі атомистика теориясы Ломоносовтың атомдар туралы көзқарасынан тым алыстау екені анықталды. Химияның даму тарихының бір дәуірі алхимиямен байланысты.Алхимия өз заманына керек болды.Алхимияның негізгі міндеті-философиялық тастың көмегімен,жай заттарды алтынға айналдыру еді. Олардың негізгі мақсаты-жай металдардың құрамына асыл қасиеттерді кіргізу арқылы алтын алу.Алхимия Аристотельдің жалған теориясына негізделгенімен,зерттеу барысында көптеген химиялық заттар және сол заттарды алу әдістерін ашуға мүмкіндік жасады.Неміс ғалымы Шталь 17 ғасырда флогистон теориясын ұсынды.Бұл теория бойынша , барлық жанатын заттардың және металдардың құрамында ерекше зат-флогистон болатындығын айтты. Мысалы,металдарды қақтағанда флогистон бөлініп шығады деп санады:темір-темір қағы+флогистон.Демек,флогистон теориясы бойынша ,темір(күрделі зат) қаққа(жай зат) және флогистонға ыдырайды.Бұл қате теория химияның даму тарихында пайдалы ықпалын жасады.Ф.Энгельс былай жазды:химия флогистон теориясы арқылы,алхимиядан құтылды.2-нші кезеңі Ломоносовпен Дальтонның жұмыстары жатады.Химияның жекелей ғылым болып дамуы,17ғ-дың 40жылдары басталды.Осы кезде,Ломоносовтың «Математикалық химияның элементтері» деген жұмысында,молекулярлық-атомистикалық көзқарас бірінші рет ұсынылды.Дальтон 1808ж «Химиялық философияның жаңа жүйесі » деген жұмысында атомдық-молекулярлық көзқарасты мазмұндады.Химиядағы стехиометриялық заңдар деп, құрам тұрақтылық ,еселі қатынастар,эквиваленттер ,газдар,Гей-Люссактың көлемдік қатынастар және Авогадро заңдарын айтады.1.Құрам тұрақтылық заңы. Прусттың 1801ж ашқан құрам тұрақтылық заңы:Әрбір таза заттың элементтік құрамы әрқашанда тұрақты,ол заттардың алу әдісіне байланысты емес.мысалы әр түрлі жолмен алынса да көміртек диоксидінде 27,29 процент көміртек және 72,71 оттек бар.19ғасырдың басында Бертолле кейбір заттардың құрамы ауыспалы болатындығын ескертіп,заңға күмән келтірді.Пруст пен Бертолле арасындағы таласты,орыс ғалымы Курнаков шешті. Курнаков құрамы тұрақты қосылыстарды дальтонидтер деп,дальтонидтерге қарсы құрамы тұрақсыз қосылыстарды бертолидтер деп атады.2.Эквиваленттер заңы. Эквиваленттер заңы-химиялық заңдардың ең бір негізгісі .Олар химиялық элементтер бір-бірімен өздерінің химиялық эквиваленттеріне сай ,белгілі сандық қатынаста әрекеттесетінін белгілейді.Эквивалент дегеніміз бағалары тең деген сөз.Эквивалент деп берілген қышқылдық негіздік реакцияда сутектің 1 катионына ,немесе берілген тотығу-тотықсыздану реакциясында 1 электронға сәйкес шартты немесе нақты бөлшекті айтады.Зттың эквивалентінің 1 моль мөлшерінің массасын оның эквивалентінің молярлық массасы деп атайды.оның өлшем бірлігі-г/моль.3.Еселі қатынас заңы.Дальтон 1803ж еселі қатынастар заңын өрнектеді: егер екі элемент өзара бірнеше химиялық қосылыстар түзсе,онда бір элементтің массасы осы қосылыстардағы екінші элементтің массаларына бүтін сандар ретінде қатынасады.Дальтон айтуы бойынша,атомның абсолюттік массасын анықтау мүмкін емес, сутектің атомдық массасын бірге тенестіріп,салыстырмалы атомдық масса туралы түсінік енгізді.Сутекте,оттекте изотоптар бар болғандықтан оны көміртекке өзгертті.Химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы-өлшеусіз шама,олар көміртек бірлігімен өлшенетін атомдық масса болады. Атомның массасы көміртек массасы бірлігінің оның салыстырмалы массасының көбейтіндісіне тең.4.Авогадро заңы. Моль-заттың мөлшері. Көміртектің С12 изотопының 6,02*1023 атомдары бар.Мына сан 6,02*1023 Авогадро тұрақтылығы деп аталады.яғни,моль-заттың мөлшері ,ол құрылыстық бірлікке 6,02*1023 дискретті.Авогадро заңы-бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемінде молекулалар саны да бірдей болады. Авогадро заңынан мына салдар шығады:молекулалық сандар бірдей газдардың ,бірдей жағдайда,көлемі де бірдей болады.

2.Салыстырмалы масса.Моль және молярлык масса. Элементтердің салыстырмалы атомдық массасы дегеніміз көміртектің бірлікпен көрсетілген оның атомының массасы.Элементтің атомдық массасын табу үшін,оның атомының көміртек атомы массасының 1/12бөлігінен неше есе ауыр екендігін көрсететін сан,ды табу керек.Зат массасынын сакталу занына сәйкес хим-к реакциалар кезінде реакцияға қатысатын заттардың массаларының қосындысы өзгермейді.Ал,заттың ең кіші бөлігі атом болғандықтан,реакция кезінде атомның массасы өзгермейтін болу керек.Хим-к қосылыстар тузгендегі элементтердін массалык қатынастары жайындағы заңдарды түсіндіру үшін,әсіресе атомдық гепотезаны дәлелдеу үшін,атомдардың массасын білу керек болды.Мұны Дальтон өзінің негізгі міндеті деп есептеді.Бірақ атомдардың абсолюттік массасын тікелей өлшеп табудын мүмкіншілігі болмағандықтан,олардың салыстырмалы атомдық массасын іздеді.Салыстыру үшін атомдардың ең жеңілі сутектуң атомдық массасын бірге тең деп алынды.Атомдық массаны табу үшін бір элементтің сутекті қосылысының химиялық талдауының нәтижесін пайдаланды.Бұл қасылыстың құрамындағы элементтердің масса қатынасы күрделі атом құрамындағы сутек пен екінші элементтін атомдарының массасчы сутек атомдарының массасынан неше есе ауыр екенін көрсетелі.Яғни күрделі атом құрамындағы екінші элемент атомдарының массасы сутек атомдарынан неше есе ауыр екенін көрсетеді.Мысалы, ол кезде талдауы белгілі қосылыс су болатын.Ондағы сутек пен оттектің массаларының қатынасы 1:8.Демек,судың күрделі атомындағы сутек пен оттектің атомдарының массалары да сондай қатынаста балады.Оттектін атомдық массасын табу үшін оттектің бір атомынан неше есе ауыр екенін білу керек.Заттың салыстырмалы молекулалық масасы дегеніміз көміртектің бірлікпен көрсетілген оның молекуласын массасы.Заттың малекулалық массасын табу үшін оның молекуласының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екендігін көрсететін санды табу керек.Қазіргі өлшемдердің халықаралық жүйесіәнде заттың өлшемдерінің өлшем бірлігі ретінде моль қабылданған.Моль-көміртектің 12Сизотопының 0,012килограмындағы атомдар санына тең құрылым бірліктері(молекулалар, атомдар,электрондар,т.б.)болатың заттың мөлшері.Авогадро тұрақтысы(6,02*10 23 л/моль)-кез келген заттың 1 моль мөлшеріндегі құрылым бірліктерінің санын көрсетеді.Молярлық масса-зат массасының оның мөлшеріне қатынасымен анықталады.Сондықтан молярлық массаның өлшем бірліктері кг/моль,г/моль болып,Мәрпімен белгіленеді.Егер бір молекуланың массасы белгілі болса,оның молярлық массасын Авогадро санына көбейтіп табуға болады.Жалпы алғанда заттың молярлық массасы сан жағынан заттың массасына тең болады,ал өлшем бірлігі г/моль. 
3.Эквивалент.Эквиваленттер заңы. ЭКВИВАЛЕНТТІК ФАКТОР.Эквиваленттік молярлық масса..Эквиваленттер заңы. Эквиваленттер заңы-химиялық заңдардың ең бір негізгісі .Олар химиялық элементтер бір-бірімен өздерінің химиялық эквиваленттеріне сай ,белгілі сандық қатынаста әрекеттесетінін белгілейді.Эквивалент дегеніміз бағалары тең деген сөз.Элементтің химиялық эквиваленті деп сутек массасының 1,008 бөлігі немесе оттек массасының 8,0бөлігі қосылатын осы элементтердің мөлшерін немесе қосылыстарында орнын басатын осындай мөлшерді айтады.Эквивалент деп берілген қышқылдық негіздік реакцияда сутектің 1 катионына ,немесе берілген тотығу-тотықсыздану реакциясында 1 электронға сәйкес шартты немесе нақты бөлшекті айтады.Бөлшектің берілген қышқылдық- негіздік реакцияда сутектің бір катионына сәйкес ,немесе берілген тотығу-тотықсыздану реакциясында 1 электронға сәйкес келетін үлесін эквиваленттік фактор fэкв деп атайды.Заттың эквивалентінің 1 моль мөлшерінің массасын оның эквивалентінің молярлық массасы деп атайды.оның өлшем бірлігі-г/моль.Күрделі заттың эквиваленттік массасын есептеу негізіне оның массалық бірлікпен алынған г/мольмолярлық массасы алынады.Оксидтің экв.массасы массалық бірлікпен алынған оның молярлық массасының ,металдың валенттілігі мен оның атомдар саны арасындағы көбейтіндіге бөлінген теңдеуге тең.Гидроксидтің экв. Массасы оның молярық массасының металдың валенттігіне немесе гидроксил топтарының санына бөлінген теңдеуге тең.Қышықылдың экв.массасы оның молярлық массасының қышқылдың негіздік санына бөлінген теңдеуге тең. Тұздың экв.массасы оның молярлық массасының,металдың валенттігі мен атомдар саны арасындағы көбейтіндіге бөлінген теңдеуге тең.
4.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық системасы.Атомдардың периодты түрде өзгеретін қасиеттері.Атом-молекулалық теориядан кейінгі химия тарихындағы ерекше маңызды ірі табыс Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң болды.Осы заң негізінде элементтердің периодтық жүйесі жасалы. Периодтық заң-жаратылыстың негізгі заңдарының бірі,оның ашылуы химияда жаңа дәуір туғызды.Периодтық заң химиялық элементтерді,олардың қосылыстарын зерттеуге,заттың құрылысының қалай екенін іздеуге теориялық негіз болды. Осымен бірге атом құрылысының күрделілігін теория жүзінде жәнетәжірибе арқылызерттеу процесіндегіашылған жаңалықтар периодтылықтың мазмұның терең түсінуге мүмкіншілік туғызды.Химия тарихында ерекше табысты ғасыр,химияның теориялық негіздері атом-молекулалықтеория жәнеэлементтердің периодтық жүйесі ашылған – XIXғ-да химияда элемент жайындағы білім аса көбейді.Осы кезде белгілі болған элементтер саны 28 болса,Д .И.Менделеевтің заманыңда 63,ғасырдың аяғында 83

Болды.Осы кезде 109 элемент белгілі.Период ішіндегі элементтердің қасиеттерікүшті сілтілік металдан басталып,бірте-бірте металдық қасиеті кеміп,амфотерлі қасиеті артып,ақыры,бейметалдардың ең күштілерігалогендерге келіп.яғни инертті газбен бітеді.Горизонталь бағыт,период бойымен солдан оңға қарай.Бұл бағытта атомдық салмақ, ядро заряды, э лектрон саны біртіндеп өседі,осы ған сай металдық қасиет әлсіреп,бейметалдық қасиет күшейеді.Мундай өзгеру алғашқы периодтарда айқынырақ, кей інгі периодтарда баяуырақ болады.Мысалы,C мен Nқарағанда Sn менSb айырмашылығы аз.Вертикаль бағыт,негізгі және қосымша топшалар бойымен жоғарыдан төмен қарай.Бұл бағытта атомдық салмақ,ядро заряды,электрон саны сылыстырмалы түрде өзгереді,бірақ электрондық кұрылымының ұқсастығына байланысты және квант қабаттары санының артуына сай элементтердің қасиеті өте баяу өзгереді,айырмашылықтан ұқсастық көп.Гортизонталь жәнне вертикаль бағыттағы өзгерушілікті ұластыра қарасақ,кестенің сол жақ төменгі бұрышында негізгі топшаларда нағыз күшті металдар,оң жақ бұрышындағы негізгі топшаларды нағыз бейметалдар орналасқан.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998









ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Химиялық заттарды синтездеу кезіндегі зертханалық

жұмыстардың техникасы.





























Шымкент 2018ж



Өтілген күн: 05.10.2018ж

Сабақтың тақырыбы:Химиялық заттарды синтездеу кезіндегі зертханалық жұмыстардың техникасы.

Химиялық реакциялар стакандарда, пробиркаларда, колбаларда, арнайы шынылар мен пластиктерде жүргізіледі.

Зертханалық құралдар: зертханалық арнайы үстелдер, тартқыш шкафтар, реактивтер тұратын шкафтар, дистилляторлар, центрифугалар, моншалар, кептіргіш шкафтар, муфель пеші, таразылар, микроскоптар, Кипп аппараты, эксикаторлар, реактивтер, спирт шамы, химиялық ыдыстар т.б.

Зертханалық арнайы үстелдерді таза ұстау қажет, артық заттарды үстелге қоймау керек!

Зертханада қолданылатын ыдыстар негізінен:

а) жалпы қолданылатын ыдыстар;

б) арнайы қолданылатын ыдыстар;

в) өлшегіш ыдыстар;

г) фарфор және отқа төзімді ыдыстар болып бөлінеді.

Химиялық зертханалық ыдыстар шыныдан, кварцтен, фарфордан, платинадан, пластикадан (полипропиленнен, полиэтиленнен, фторопластардан), алтын мен күмістен жасалады.

Кварцтен жасалған ыдыстар көбінесе аса таза заттармен, сонымен бірге 12000С – қа дейін қыздыру үшін, вакуум астында жұмыс орындағанда қолданылады.Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстар негізінен фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстарды оңай тотықсызданатын заттармен жұмыстарда, мысалы PbSO4, PbO2, SnO2, Bi2O3, Sb2O3, сонымен бірге құрамында күкірт, фосфор бар заттармен, темірі көп заттарды қақтағанда, галогендер бөлінетін жағдайларда қолданбаған дұрыс. Алтын мен күмістен жасалған тигельдерді 900—1000°C температурада әр түрлі заттарды сілтілермен қақтағанда қолданады. Фарфордан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда берігірек және термотұрақты, бірақ мөлдір емес және ауыр. Пластикадан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар көбінесе фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Пластика ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда арзан және ұзағырақ қолданылады. Полипропилен қышқылдарға, сілтілерге берік, тез жуылады және тез құрғайды, бірақ пластиктен жасалған ыдыстарды тек 1300С төмен температураларда ғана қолданады.

Жалпы қолданылатын ыдыстар: пробиркалар (5-25мл); воронкалар (жай, сұйықтарды құю үшін қолданылатын, фильтрлеуге және бөлуге қолданылатын); стакандар(5-1000мл); колбалар(10-1000мл) жайдақ түпті, жұмыр түпті, конус тәрізді колбалар (Эрленмейер колбасы), Бунзен колбасы; суытқыштар, реторталар, крандар, кристаллизаторлар, сифондар (сұйықтарды құю үшін), бюкстер.

Арнайы қолданылатын ыдыстар: дистилляцияға қолданылатын колбалар; аллонждар – ілмекті түтіктер (суытқышты сұйықтықты қабылдағышпен қосады); дефлегматорлар (фракционды айдауда қолданылады); Кипп аппараты(газдар алу үшін қолданылады); Кьельдаль қондырғысы (азотты анықтау үшін қолданылады); Тищенко шынысы; пикнометрлер; ареометрлер; дөңгелек түпті колбалар; арнайы суытқыштар; заттардың қайнау және балқу температураларын анықтайтын құралдар; эксикаторлар (баяу суыту үшін және ауадан ылғалды, газдарды жұтып алатын заттарды сақтау үшін қолданылады). Бұл ыдыстар тек белгілі бір мақсаттар үшін ғана қолданылады.

Өлшегіш ыдыстар: цилиндрлер, мензуркалар, пипеткалар, бюреткалар және өлшегіш колбалар. Өлшегіш химиялық зертханалық ыдыстар дәл градуирленген, сондықтан оларды қыздыруға болмайды. Өлшегіш ыдыстар да барлық химиялық зертханалық ыдыстар сияқты көлемдері, диаметрі және пішіндері бойынша ажыратылады. Оларға: пипеткалар – сұйықтықтарды (0,1-100мл) және газдарды (100мл жоғары) алу үшін; бюреткалар (1-100мл) – титрлеу үшін және дәл көлемді өлшеу үшін (микробюреткалар, көлем өлшейтін, салмақ өлшейтін, поршенді және газды бюреткалар болады); өлшегіш колбалар (10-2000мл) – сұйықтардың көлемін өлшеуге және сұйық заттардың белгілі көлемін сақтау үшін; өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер (градуирленген, бірақ дәлдігі төмен) жатады.

Жалпы қолданылатын ыдыстар

Пробиркалар – мөлшері аз заттармен химиялық тәжірибелер жасағанда қолданылады.Оларды штативтерде сақтайды

Пробиркалар әр түрлі өлшемді, әр түрлі шынылардан жасалады, олар жай (қарапайым), градуирленген және центрифугада қолданылатын (конус тәрізді) пробиркалар болып бөлінеді. Пробиркаларды ағаштан, пластмассадан, металдан жасалған штативтерде сақтайды.

Реакциялар жүргізу үшін пробирканың ¼ не 1/8 бөлігіне дейін ғана ерітінділер құю қажет.

Пробиркалардағы ерітінділерді оның аузын саусақпен жауып араластыруға болмайды!

Пробиркадағы ерітіндіні қыздыру үшін арнайы ұстағыштар қолданылады (3-сурет).

Пробирка ұстағыш.

Тәжірибелерді жасап болған соң, пробиркаларды жақсылап ершпен жуады да, дистилденген сумен шайып, штативтерде қалдырып, кептіреді.

Құйылған заттарды пробиркаларды бірнеше рет төңкеріп, сілкілеп (аузы тығынмен жабылған болуы керек), сонымен бірге пробиркалардың төменгі жағынан саусақпен ақырындап қағып, араластырады.

Воронкалар (4-сурет) әр түрлі пішінді және өлшемдері әр түрлі болады. Олардың қолданылуы да әр түрлі: конус тәріздес воронкалар арқылы сұйықтарды құюға, фильтрлеуге болады. Олардың жоғарғы диаметрі 35, 55, 70, 100, 150, 200 және 300мм өлшемді болады. Фильтрлеуге қолданылатын воронкалар бұрышы 600 (аналитикалық воронкалар) және ұзын ұшы қиғаш кесілген болады. Фильтрлеу үшін воронкаларды арнайы штативтерге орналастырады.

а –конус тәрізді (фильтрлеуге және сұйықтықтарды құюға арналған) воронка; б - тамшыланатын воронка; в - бөлгіш воронкалар.

Сұйықтарды құйғанда мына ережелерді сақтау керек:

1. воронкаларды ернеулеріне дейін толтыруға болмайды (ерітінді 0,5мм төмен тұрады);

2. воронканы колбаларға қойғанда, колбалардың мойыны мен воронка арасы өте тығыз болмауы керек, себебі ыдысты толтырғанда одан ығыстырылған ауа шығуы қажет (воронка арқылы ерітінді құйғанда, воронканы қолмен аздап көтеріп тұру қажет).

Тамшыланатын воронкалар реактивтердің аз мөлшерлерін құйғанда қолданылады.

Бөлгіш воронкалар өзара араласпайтын екі сұйықтарды (сұйықтықтарды) бөлу үшін қолданылады. Олар 50 мл-ден бірнеше литрге дейінгі сыйымдылықта болады.

Қорғағыш воронкалар сұйықтарды қыздырған кезде шашырап кетпес үшін қолданылады.

Әр түрлі құралдарды, колбаларды, суытқыштарды т.б. бекіту үшін сақиналар және қысқыштар жиыны бар штативтер қолданылады.

Егер фильтрлеуді тез жүргізу қажет болса, қысым астында фильтрлейді: төменгі қысымды қабылдағышта туғызады. Қабылдағыш ретінде Бунзен колбасын қолданады. Бунзен колбасының бірнеше түрі болады және оның көлемі де әр түрлі болады. Оны қалың шыныдан жасайды, себебі атмосфералық қысым әсерінен жұмыс істеп тұрған уақытында сынып кетуі мүмкін. Жұмысты бастамай тұрып қолданылатын ыдыстарды (9-сурет) – фарфордан жасалған Бюхнер воронкасын (1), Бунзен колбасын (2), сақтандырғыш шыныларды (суретте көрсетілмеген) және вакуум сорғышты (3) - тексеру керек, шытынаған, сынған жерлері болса, вакуум әсерінен олар жарылып кетеді.

Фарфор Бюхнер воронкасына екі дөңгелек қағаз фильтрін орналастырады (астындағы фильтр воронка диаметріне дәл келеді, үстіндегі фильтр қағаз үлкендеу болады), алдын ала фильтр қағаздарды сумен сулайды да воронкаға тығыз орналасқандықтарын тексереді.  қабылдағышқа өтеді. Тұнба үстіндегі сұйықтықты біртіндеп воронкаға құйып отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998

















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Заттың салыстырмалы малекуласының массасы оның формуласы бойынша есептеу.





























Шымкент 2018ж





Өтілген күн: 19.10.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Заттың салыстырмалы малекуласының массасы оның формуласы бойынша есептеу.



Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы[.

Элементтердің таңбалары əліппенің әріптері тәрізді. Әріптерден сөз құрауға болатыны секілді элементтердің таңбаларын қолданып кез келген молекуланың құрамын өрнектеуге болады. Химиялық формулалар заттың сапалық және сандық құрамын көрсетеді, сандық құрамы индекстер аркылы белгіленеді (бір саны жазылмайды). Жай заттар үшін элементтің таңбасы - формуласы да болады: Ғе, Cu, Ag, Ar.
Мысалы, Н20 (аш екі о) судың формуласы, су молекуласы сутек пен оттек элементтерінен (сапалык құрамы) және сутектің екі атомы мен оттектің бір атомынан (сандық құрамы) тұратынын көрсетеді.
Формуланың алдындағы коэффициенттер молекулалар санын көрсетеді. Мысалы, 5S02(бес эс о екі), Р20. (рэ екі о бес), т.б.

1. Формулалар бойынша зат күрделі немесе жай зат екенін анықтай аламыз: 02 - жай зат; Н20 - күрделі зат.

2. Молекула құрамына кіретін элемент атомдарының сандарының ара қатынасын анықтауға болады. NaOH - Бұл қосылыста атомдар сандарының қатынасы 1:1:1 болады, ал CuS04 молекуласында бұл қатынас - 1:1:4

3. Заттың формуласы бойынша оның молекулалык массасын аныктауға болады.

Салыстырмалы молекулалық масса деп зат молекуласы массасының атомдық масса бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін шаманы айтады, ол МRдеп белгіленеді.

Бұл шама молекуланың абсолюттік массасы деп аталады. Зат молекуласы атомдардан тұратындықтан, оның салыстырмалы молекулалық массасын табу үшін зат құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын (АR) индекстеріне көбейтіп қосамыз.

Мысалы, CuS04 молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы:
Mr(CuS04)=Ar(Cu)+Ar(S)+4Ar(0) Mr(CuS04)=64+32+4 • 16=160
Енді осы заттың бір молекуласының массасын табу үшін формуланы пайдаланамыз.
mM(CuS04) = 160 • 1,66 • 10−27 = 2,66 • 10-25 кг.[1]

Атомдар мен молекулалардың массалары тым аз болғандықтан, химияда осындай салмақтарды белгілейтің арнайы шама - массаның атомдық бірлігі (м.а.б) бар, бұл көміртегі атомының массасының 1/12 бөлігіне (1,66057.10-27 кг) тең шама.

Бұл өте кіштентай шама!

Молекулалық масса

Молекулалық масса бұл молекула салмағының м.а.б-мен есептелінген массасы. Бұл шаманы m әрпімен белгілейді.

Молекулалық масса молекуланың құрамына еңетің атомдардың массаларының қосындысына тең.

Судын молекулалық массасын есептейік:

m(H2O) = 2*1 + 16 = 18 (м.а.б)

Салыстырмалы молекулалық масса

Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз молекула массасының неше рет 1 м.а.б-нен көп екендігін көрсететің шама. Бұны Mr деп белгілейді.

Молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы, молекуланың құрамына еңетің барлық атомдардың массаның атомдық бірліктерінде есептелінген салмақтарының қосындысына пропорционал, және таңбасы жоқ.

Мысалы судын салыстырмалы молекулалық массасың есептейік.Mr(H2O) = 2*1 + 16 = 18Оттегінің молекулалық массасың есептейік.Mr(O2) = 2*16 = 32Молекулалық масса мен салыстырмалы молекулалық массаның айырмашылығы неде?Тек өлшем бірліктерінде. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз шама, бұл молекула массасының м.а.б-нен неше рет үлкендігін ғана көрсететің жай сан ғана.Ал молекулалық масса м.а.б-мен есептелінген масса.

Жаттығу:

Ас тұзының салыстырмалы молекулалық массасы неге тең? Ас тұзының формуласы NaCl. Ал молекулалық массасы ше?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеулер.





























Шымкент 2018ж

Өтілген күн: 09.11.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеулер.



 1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Мr(H2O)  = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18

                          2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары  массаларының  қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1 =15

                           Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы:  m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

                          3.  Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий  гидроксиді А1(ОН)3  құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1)         массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2)         пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:    

   78 - 100 %,

   3 •16 – у         

3) Сутектің массалық үлесін z десек:       78 - 100 %,

                                                                       3 • 1- z                     

                                                                                    Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) =  3,9%.

 1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Мr(H2O)  = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18

2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары  массаларының  қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1 =15

Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы:  m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

  Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий  гидроксиді А1(ОН)3  құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1)         массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2)         пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:    

   78 - 100 %,

   3 •16 – у         

3) Сутектің массалық үлесін z десек:       78 - 100     3 • 1- z                     

  Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) =  3,9%.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеулер.























Шымкент 2018ж

Өтілген күн: 22.11.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеулер.



1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Мr(H2O)  = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18

                          2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары  массаларының  қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1 =15

                           Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы:  m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

                          3.  Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий  гидроксиді А1(ОН)3  құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1)         массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2)         пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:    

   78 - 100 %,

   3 •16 – у         

3) Сутектің массалық үлесін z десек:       78 - 100 %,

                                                                       3 • 1- z                     

                                                                                    Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) =  3,9%.

 1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Мr(H2O)  = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18

2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары  массаларының  қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1 =15

Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы:  m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

  Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий  гидроксиді А1(ОН)3  құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1)         массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2)         пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:    

   78 - 100 %,

   3 •16 – у         

3) Сутектің массалық үлесін z десек:       78 - 100 %,

                                                                       3 • 1- z                     

  Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) =  3,9%.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998



















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Берілген зат мөлшерін бойынша заттың массасын есептеу.





























Шымкент 2018ж



Өтілген күн: 13.12.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Берілген зат мөлшерін бойынша заттың массасын есептеу.

Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеп шығарудың өзіндік реті:

Ол үшін есептің шартын жазып алады да әрі қарай:

  1. Ең алдымен, химиялық реакция теңдеуін құрып, тиісті

коэффициенттерін қойып теңестіреді;

  1. Реакцияға қатынасқан қажетті заттардың массасын немесе зат

мөлшерін есептеп шығарады;

  1. Есептің шартында берілген заттың массасын не мөлшерін

формуласының астына жазып, іздеп отырған заттың формуласының астына х деп белгілейді;

  1. Іздеп отырған заттың массасын немесе мөлшерін пропорция арқылы

есептеп шығарады.

  1. Есеп.

20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің CaO массасы қанша?

2 – есеп.

20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің зат мөлшері қанша?

3 – есеп.

Кальций металымен 4 г оттек әрекеттескенде шығатын заттың массасы мен зат мөлшері қанша?

4 – есеп.

Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г CaO түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?

Бекіту тапсырмалары

1 – топқа. Химиялық реакция өнімінің массасын есептеу.

30 г магний ауада жанғанда түзілетін магний оксидінің массасы қанша?

2 – топқа. Зат мөлшері бойынша газдың көлемін есептеу.

Зат мөлшері 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж) есептеңдер.

3 – топқа. Химиялық реакция өнімінің зат мөлшерін есептеу.

Массасы 6,5 г мырыш оттекпен әрекеттессе мырыш оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

4 – топқа. Массасы бойынша молекула санын есептеу.

Көмірқышқыл газының 66 грамында CO2 қанша молекула саны болатынын есептеңдер.





Қорытынды.

Тест сұрақтары

  1. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы қай

реакция типіне жатады?

А) Айырылу

В) Қосылу

С) Орынбасу

Д) Алмасу

2. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі

А) моль

В) грамм

С) литр

Д) г ∕ моль

3) 10 г барий оттекпен әрекеттесенде түзілетін барий оксидінің массасы қанша?

А) 12,5г

В) 13,4г

С) 11,2г

Д) 15,2г

4) CaCO3→CaO+COреакция типі қандай?

А) қосылу

В) айырылу

С) орынбасу

Д) алмасу

5) Al2O3→ Al + Oреакция теңдеуіндегі оттегінін алдындағы коэффициент қандай?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 199

ҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Берілген масса бойынша оның мөлшерін есептеу.





























Шымкент 2018ж



Өтілген күн: 25.12.2018ж

Сабақтың тақырыбы:Берілген масса бойынша оның мөлшерін есептеу.



Зат мөлшері. Авогадро саны. Молярлық масса.



Химия ғылымында сандық қатынастар жиі колданылады. Мысалы, затта қанша моллекула бар, ал молекулаларда қанша атом болады деген сұрақтардың шешімін табу үшін химияда «моль» деген түсінік қолданылады.

Зат формуласы

C

Сu

H2O

CO2

ν, моль

1

1

1

1

Құрылымдық бірлігі

атом

молекула

N

6,022*1023

6,022*1023

Mr'

12

64

18

44

M, г/моль

12

64

18

44

m, г

12

64

18

44

Моль - зат мөлшерінің өлшемі, ол ν ("ню") грек әрпімен белгіленеді. Сендер физика курсынан «Авогадро саны» деген түсінікпен таныссыңдар: NA = 6,022 141 29(27)×1023 моль−1


{\displaystyle m={M}\cdot {\nu }}

{\displaystyle \nu ={\frac {N}{N_{A}}}}

{\displaystyle N={\nu }\cdot {N_{A}}}

Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай құрылымдық бірліктер (атом, молекула) болады. Олай болса «моль» дегеніміз Авогадро санындай құрылымдык бірлігі бар зат мөлшері.

Олай болса 64 г мыста, 18 г суда, 44 г көмірқышкыл газындағы құрылымдық бөлшектердің саны 12 г көміртекте болатын атомдар сандарымен бірдей, сондықтан моль дегеніміз - құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар) болатын заттың мөлшері.

Заттың 1 молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол М әрпімен белгіленеді, өлшемі г/моль. Оның сандық мәні салыстырмалы молекулалық массаға тең



{\displaystyle M={\frac {m}{n}}} {\displaystyle n={\frac {M}{m}}} Массасы  33,3  г кальций  хлориді бар ерітінді мен массасы  16,4 г натрий фосфаты бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі?

 Берілгені:

m (СаСl2) = 33,3 г

m (Nа3РО4) = 16,4 г

Т/к  m (Са3РО4)2)

Шешуі:

1-әдіс.

1) Реакция теңдеуін жазып, есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

ЗСаСl2 + 2Nа3РО4  = Са3(РО4)2↓+ 6NаСІ

М (СаСl2) = 111 г/моль

М (Nа3РО4) = 164 г/моль

М (Са3РО4)2) = 310 г/моль

2) Реакция теңдеуі бойынша :

З•111г  СаСl2   ––––––––––  2 •164 г  Nа3РО4

33,3 г  СаСl2     ––––––––––     х г  Nа3РО4

 

         33,3 •328

х =  ––––––––––  = 32,8 г

            33,3 

  3)  33,3 32,8  болғандықтан, кальций хлориді артық мөлшерде алынған. Әрі қарай есептеуді натрий фосфаты бойынша жүргіземіз:

2 •164 г Nа3РО4  ––––––––––   310 г  Са3(РО4)2

  16,4 г   Nа3РО4   ––––––––––    х г  Са3(РО4)2

 

         310 •16,4

х =  ––––––––––  = 15,5 г

             328 

 

2 -әдіс.

1) Есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

М(СаСl2) = 111 г/моль

М(Nа3РО4) = 164 г/моль

М(Са3РО4)2) = 310 г/моль

2) Есептің шарты бойынша реакцияға түсетін заттардың зат мөлшерін есептейміз:

           m                                           33,3 г

 = –––––   ;      (СаСl2) =  –––––––––––  =  0,3 моль

           М                                       111  г/моль

 

                                  16,4 г  

  (Nа3РО4) =  –––––––––––  =  0,1 моль

                              164 г/моль

 

3) Реакция теңдеуін жазып, заттардың формулаларының үстіне анықтаған зат мөлшерін, ал астына теңдеу бойынша реакцияға түсетін зат мөлшерін жазамыз:

 

0,3 моль      0,1 моль          ? моль

 З СаСl+ 2Nа3РО=  Са3(РО4)2↓+ 6NаС1

  3 моль        2 моль             1моль

Реакция теңдеуі бойынша 3  моль кальций хлориді  2 моль натрий фосфатымен әрекеттеседі. Бастапқы заттардың мөлшерін салыстырамыз:  v (3СаСl2) v (2Nа3РО4)

3) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалатын болғандықтан, есептеуді натрий фосфаты бойынша жүргіземіз:

 

               

                    0,1моль             х моль

ЗСаСl+ 2Nа3РО= Са3(РО4)2↓+ 6NаСІ

                   2 моль             1 моль

 

2 моль  Nа3РО4   ––––––––––   1 моль  Са3(РО4)2

0,1 моль Nа3РО––––––––––   х  моль  Са3(РО4)2

 

        0,1 •1

х = ––––––  = 0,05 моль

           2 

m = М •;      m(Са3(РО4)2) =  0,05 моль•310 г/моль  = 15,5 г                                                       

                                                                                Жауабы:  15,5 г.  


{\displaystyle m={M}\cdot {\nu }} Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.



{\displaystyle \nu ={\frac {N}{N_{A}}}}


{\displaystyle N={\nu }\cdot {N_{A}}}


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу.

























Шымкент 2019



Өтілген күн: 03.01.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу.

Газ[1](фр. gas, гр. chaos – бей-берекет) — заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. «Газ» атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген. Газ молекулаларының соқтығысу уақыты олардың еркін жолға кететін уақытынан әлдеқайда аз болады. Химиялық элементтердің өте кіші бөлшекке бөлініп, бейтарап ұшуы. Негізгі тұрмыстағы газдар пропан, бутан, неон және тағыда басқа Газ қатты дене мен сұйықтық тәрізді еркін бет түзбейді және ол берілген көлемді толық толтырып тұрады. Газ тәрізді күй – заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар, планеталардың атмосферасы, тағыда басқа) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден – фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де жатқызылады.


Газ күйінің бөлшектері (атомдар, молекулалар, және иондар) электр өрісі жоқ кездегі еркін қозғалысы.

Нақты (реал) газдар. Газдың тығыздығы артқан сайын оның қасиеттері идеал газ күйінен ауытқи бастайды. Бұл жағдайда соқтығысулардың рөлі артып, молекулалардың мөлшерлері мен олардың өзара әсерлерін ескермеуге болмай қалады. Мұндай газды нақты (реал) газ деп атайды.



Газ алмасу, биологияда – ағза мен оны қоршаған орта арасындағы газ алмасу процесі. Адам мен жануарлар ағзасы тыныс алу кезінде сыртқы ортадан оттекті сіңіріп, өзінен көмі қышқыл газын және зат алмасу нәтижесінде пайда болатын әр түрлі газ қоспаларын сыртқа шығарады. Газ алмасусыз тірі ағзада зат және энергия алмасуы дұрыс жүрмейді. Зат алмасу процесінің нәтижесінде ағза сіңірген қоректік заттардың (белок, көмірсу, май) құрамындағы химиялық энергия бөлініп, ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергияға (мысалы, 1 литр оттек 4,7 – 5,0 ккал жылу береді) айналады. Организм пайдаланатын оттек пен одан бөлініп шығатын көмір қышқыл газдың мөлшері адамның жасына, тіршілік әрекетіне, атқаратын қызметіне, сыртқы ортаның температурасына және тағамның құрамына байланысты өзгеріп тұрады. Адам жұмыс істегенде, ауа райы салқындағанда, калориялы тамақ ішкенде ағзадағы газ алмасу күшейе түседі. Демалыс кезінде, ұйықтағанда газ алмасу төмендейді. Газ алмасу арқылы ағзадағы энергия мөлшерін анықтауға болады. Газ алмасу процесі кезінде ағза оттекті көп мөлшерде пайдаланса, барлық дене мүшелерінің қызметі артып, тыныс алу және қан айналысы жақсарады, осыған байланысты қанның физикалық-химиялық құрамы да өзгереді. Газ алмасу бір клеткалы қарапайымдыларда, олардың бүтіндей денесі арқылы, көп клеткалы жануарларда арнаулы тыныс мүшелері (кеңірдек, желбезек, өкпе) арқылы жүреді. Өсімдіктердегі газ алмасу жануарлар мен адам ағзасындағыдан өзгеше болады. Тірі азғалар сияқты өсімдіктер де барлық мүшелері арқылы тыныс алады, тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелері мен тіндерінде, әсіресе, жапырақтарында күшті, ал сабағы мен тамырында баяу жүреді. Өсімдіктер тыныс алған кезде, керісінше, ауадан көмір қышқыл газ сіңіріліп, оттек бөлінеді. Химиялық заттардың кейбіреулері газ күйінде болады, мысалы, Н2, O2, N2, Сl2, т.б. Бұлардан басқа күрделі заттар да газ күйінде бола алады: СO2, SO2, СН4, HCl, H2S, т.б. Газ күйіндегі заттар газ заңдарына бағынатыны белгілі, оларды сендер физика курсынан білесіңдер.
Газдардың күйін сипаттайтын шамалар: қысым, көлем, температура. Газдарды сипаттағанда көбінесе қысым мен температураны тұрақты етіп алып, көлемнің өзгерістерін қарастырамыз, көлемнің өзгерісі газдар үшін деңгейлес болады, себебі олардың молекулааралық қашықтықтары шамамен бірдей.

Физика курсынан тығыздық дегеніміз газдың көлем бірлігінің массасы екендігін білесіңдер:

Біз осыған дейін қарастырған газдардың тығыздықтары бойынша олардың 1 молінің алатын көлемін есептейік:

Газ

H2

O2

N2

O3

CO2

{\displaystyle \rho }, г/л

0,089

1,43

1,25

2,143

1,946

M, г/моль

2

32

28

48

44

m , г

2

32

28

48

44

N , молекула

6,02•1023

6,02•1023

6,02•1023

6,02•1023

6,02•1023





Газдардың салыстырмалы тығыздығы- дегеніміз бір газдың тығыздығының екінші газдың тығыздығының қатынасына тең сан. Бұл сан екі газдың молярлық массаларының қатынасына тең:

D = M1/M2

Мысалы оттек газының сутек газымен салыстырғандағы тығыздығын есептейік:

Dсутек(оттек) = M(O2)/M(H2) = 16*2/2 = 16

Сонымен оттек газының сутек газы бойынша алынған салыстырмалы тығыздығы 16 тең болады. Бұл оттек газының тығыздығы сутек газының тығыздығынан 16 есе рет көп болады дегенді білдіреді.

Dсутек(хлор) нешеге тең? Ал Dоттек(сутек) неге тең?Газдардың тығыздығын табу

Физикада заттын тығыздығы массаның көлемге тең қатынасы болатының білеміз. Ал газдардың тығыздықтарын мына формула арқылы есептей аламыз:ρ = M/Vmмұндағы Vm = 22,4 газдың молярлық көлемі ал M газдың молярлық массасы.Авогадро заңына сәйкес, әрбір газдың бір молі қалыпты жағдайда (00 С температура мен 101,325 кПа қысым) 22,4 литр көлем алады.Мысалы сутегі газының тығыздығын есептейік.

ρ = M/Vm

M(H2) = 2*1

M(H2) = 2

ρ = M/Vm = 2/22,4

ρ = 0,089 г/л

Жауабы сутек газының тығыздығы 0,089 г/л.

Жаттығу ретінде оттегінің және хлордың тығыздықтарын аңықтандар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998









































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Белгілі мөлщерде берілген газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.





























Шымкент 2019ж



Өтілген күн: 03.01.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Белгілі мөлщерде берілген газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.



І Химиялық есептерді шығарудың жалпы әдістемелік талаптары

Химиядан есеп шығару, жаттығу орындауда химиялық ұғымдар қайталанып, алынған білімдер тереңдей түседі, оқушылардың ой – өрісі дамиды, бұл орайда оларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді.Есеп шығару арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік артады, мақсатқа жету үшін табандылық пайда болады. Есеп шығаруда пәнаралық байланыста іске асады, ғылым мен білімнің өмірдің байланысын ұштастырады. Табиғаттың тұтастығы туралы көзқарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен іс әрекеті дамиды.Олар ойға тоқу, дәлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді. Игерген білімдерін болашақта мамандық таңдауда пайдалануға бейімделеді.

Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады.

  • Пәнге қызығушылығы артады

  • Болашақ мамандық таңдауына жол ашады

Мектеп курсында химиялық есептер негізгі 2 топқа бөлінеді:

  1. сандық есептер

  2. сапалық және сынақ – тәжірибелік (эксперименттік) есептер.

Сандық есептерді 3 – ке топтастыруға болады:

  1. Химиялық формула бойынша есептер шығару;

  2. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;

  3. Ерітіндіге байланысты есептер шығару;

Әр топтың есептерінің бірнеше түрлері болады.

Бірінші топқа 15 түрлі есеп кіреді:

  1. Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;

  2. Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынастарын есептеу;

  3. Қосылыстардағы элеметтердің массалық үлесін анықтау;

  4. Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;

  5. Элементтің массасы арқылы заттың массасын табу;

  6. Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық формуласын табу;

  7. Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;

  8. Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын табу;

  9. Заттың белгілі массасына сәйкес зат мөлшерін есептеу;

  10. Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым формуласын табу;

  11. Газдардың тығыздығы мен элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;

  12. Газ тәрізді заттың мөлшері бойынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;

  13. Газ тәрізді заттың массасы боынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;

14.Жану өнімдерінің массалары мен көлемдері, олардың буларынан салыстырмалы тығыздықтары бойынша заттың молекулалық формуласын табу;

15.Газ тәрізді заттың қалыпты жағдайдағы көлемі бойынша массасын есептер.

Сандық есептерді С.Г. Шаповаленко бойынша мынадай (7)типтерге бөлуге болады:



1 – Моль ұғымы бойынша есептер шығару;

2 – Элементтердің массаларының арақатынасы мен химиялық формула арқылы есептеу;

3 – Зат құрамындағы элементтердің массаларын формуласы арқылы есептеу;

4 – Салыстырмалық тығыздыққа байланысты және газдың көлемі арқылы салыстырмалы молекулалық массасын анықтау

5 – Химиялық теңдеулер арқылы есептеу;

6 – Ертінділерге арналған есептер;

7 – Қарапайым молекулалық формула құрастыру:




Ю.В.Плетнер,В.С.Полосин бойынша сандық есептер 8 типке бөлінеді.

1- Формула арқылы есептеу

2-Ертіндіге байланысты есептер

3-Реакцияға қатысқан газдардың көлемдік қатынасын анықтауға байланысты есептеулер

4-Заттың салыстырмалы молекулалық массасын табуға байланысты есептер

5-Реакция өнімінің шығымына байланысты есептер

6-Реакцияға қатысқан заттың біреуі артық мөлшерде алынған жағдайда заттың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер

7- Қоспаға байланысты есептер

8-Реакцияға қатысқан газтәрізді заттардың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер

Сапалық есептер де бірнеше типтерге бөлінеді.

  1. Заттарды алу әдістері

  2. Заттың сапалық құрамын анықтау әдістері

  3. Химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білу

  4. Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру

  5. Заттарды жеке кластарға жатқыза білу

  6. Берілген мөлшердегі ерітінділерді дайындау

  7. Берілген заттарды қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту

II Химиялық есеп бөлімдері

Есептің мазмұны,яғни химиялық бөлімі және математикалық,яғни есептеу бөлімі болады.Есеп шығарғанда оқушылар есептің химиялық бөліміне көңіл бөлмей бірден математикалық есептеу жағына көңіл бөледі,сондықтан есептер жаттанды шығарылады. Оқушыларға заттардың сандық құрамымен қоса сапалық құрамы болатынын ескеру керек.

Мысалы: Мына қосылыстардың

5H2O, O2 , 2Cu, H2SO4, 3NaOH, CaCO3

сандық,сапалық құрамын анықтаңдар.

Шешуі: Сандық құрамы 5H2O

  1. 5 молекула су

  2. Қандай элементтен құралған (H, O)

  3. Заттың типі ( күрделі)

  4. Қосылыс түрі (оксид)



Сапалық құрамы:

1.Салыстырмалы молекулалық массасы Mr(H2O)=18

2.Молярлық массасы М(H2O) =18г/моль

3.Зат мөлшері V(H2O)=5моль

4.Зат массасы m=M×V m=18г/×моль×5моль=90г

5.Элементтердің массалық үлестері (W)

W(H)=×100% =11% W(O)=×100%=89%

6.Элементтердің массалық қатынасы

m(H)/m(O)=2/16=1/8

Есеп шығарғанда ең бірінші есептің химиялық мазмұнына мән беру керек,содан кейін есептің есептеу бөліміне ауысу қажет.

III. Химиялық есепті талдау

Есепті шығарарда оны мұқият оқып және есепте химиялық процесс туралы айтыла ма немесе тек қана зат туралы айтыла ма соны анықтап алу керек.Химиялық процесс болса реакция теңдеуі,ал зат туралы болса химиялық формуласы жазылады.

Есепті талдау арқылы оқушылардың ойлау іс-әрекеттері дамиды.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998



























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Қалыпты жағдайда белгілі бір көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу.Массасы бойынша газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.





























Шымкент 2019ж

Өтілген күн: 07.02.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Қалыпты жағдайда белгілі бір көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу.Массасы бойынша газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.



1-кезең. Диагностикалық:

  • Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,

  • Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;

  • ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.

2-кезең. Практикалық:

  • Тест жинақтарымен жұмыс

  • Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

  • Топтық және жеке дайындық;

  • Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):

  • Тақырыптар бойынша бақылау тестілері;

  • Мониторинг;

  • Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

  • Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.



Алғашқы химиялық ұғымдар

  1. Атомның құрылысы. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс.

  2. Ауа. Оттегі. Жану

  3. Сутегі. «Тотығу-тотықсыздану реакциялары»

  4. Су. Ерітінділер.

  5. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары

  6. 8-сыныптың негізгі мәселесін қайталау.

  7. Электролиттік диссоциациялану теориясы

  8. Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары

  9. Металдар және олардың қосылыстары. «Металлургия!

  10. Көміртектің органикалық қосылыстары

  11. Қайталау

  12. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң, химиялық байланыс және зат құрылысы

  13. Химиялық байланыс және құрылысы

  14. Химиялық реакциялар және олардың жүру заңдылықтары

  15. Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы

  16. Маңызды s - элементтер жіне олардың қосылыстары

  17. Маңызды d - элементтер және олардың қосылыстары

  18. Маңызды p - элементтер және олардың қосылыстары

  19. Бейорганикалық заттарды өндіру

  20. Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы

  21. Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері

  22. Оттекті органикалық қосылыстар

  23. Азотты органикалық қосылыстар. «Гетереоциклді қосылыстар», «Нуклеин қышқылдары»

  24. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар «Химия және адам денсаулығы.

Химия пәнінен есептерді шығару жолдарының жоспары

І. Химиялық формулалар бойынша жүргізілетін есептеулер

Газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтау

  1. Қалыпты жағдайда белгілі бір көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу

  2. Газ тәрізді заттың молярлық массасын Клапейрон-Менделеев теңдеуі бойынша есептеу

  3. Белгілі массалық үлестері бойынша белгісіз заттың қарапайым формуласын табы

  4. Жану өнімдерінің массасы мен көлемдері, буларының салыстырмалы тығыздықтары бойынша органикалық заттардың молекулалық формуласын табу



ІІ. Ерітінділер дайындауға байланысты есептер

  1. Еріген заттың массалық (көлемдік) үлесін есептеу

  2. Еріген заттың массалық үлесі бойынша ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массасын есептеу

  3. Еріген заттың концентрациялары әртүрлі ерітінділерін араластыруға байланысты есептеулер

  4. Еріген заттың эквивалентінің молярлық концентрациясына байланысты есептер

  5. Еріген заттың молярлық концентрациясына байланысты есептеулер



ІІІ. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Реакцияға түсетін заттың біреуінің массасы бойынша реакция өнімінің массасын есептеу

  1. Біреуі артық мөлшерде алынған бастапқы заттың белгілі массасы бойынша реакция өнімдерінің массасын есептеу

  2. Басқа газдың белгілі көлемімен қалдықсыз әрекеттесуге қажетті газ көлемін есептеу.

  3. Реакция өнімінің теориялық мүмкіндігіне қарағандағы шығымын есептеу

  4. Құрамында белгілі бір қоспасы бар бастапқы заттардың массасы бойынша реакция өнімінің массасын есептеу

  5. Қоспаның құрамын табуға есептеулер

  6. Химиялық реакция жылдамдықтары және химиялық тепе теңдікке байланысты есептеулер

  7. Тотығу, тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері

  8. Электролизге байланысты есептеулер

  9. Эквивалент ұғымына байланысты есептер

IV. Беиорганикалық химия негіздері

  1. Авогадро заңы және одан шығатын салдарлар

  2. Моль. Молярлық масса

  3. Атом құрылысы. Кванттық теория

  4. Паули принципі, Хунд ережесі

  5. Ядролық реакциялар

  6. Электр терістілік, электрон тартқыштық тотығу дәрежесін есептеу

  7. Тотығу-тотықсыздану реакция коэффициенттерін электрондық балама әдісімен табу

  8. Химиялық байланыстар теориясы

  9. Комплексті қосылыстар

  10. Ион алмасу реакциялары

V. Химиялық тәжірибе, реакцияның жүру жағдайлары

. Катиондар мен аниондарды анықтау

2. Сапалық және сандық анализ

3. Ерітіндінің PH көрсеткішін табу

4. Тұздар гидролизі

5. Диссоциялану дәрежесін табу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998









































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Белгілі массалық үлестері бойынша белгісіз заттың қарапайым Эмпирикалық формуласын табу.



























Шымкент 2019ж



Өтілген күн: 21.02.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Белгілі массалық үлестері бойынша белгісіз заттың қарапайым Эмпирикалық формуласын табу.



Құрамындағы элементтердің массалық қатынастары бойынша қосылыстың формуласын анықтау                                                                                                                                 Құрамында фосфор мен  оттектің массалық қатынасы  31 : 40  болып келетін заттың молекулалық формуласын анықтаңыздар.                                                                                            Берілгені:

m (Р) : m (О) = 31 : 40

Т/к  РхОу

Шешуі:

1) Фосфор мен оттегінің мольдік массалары:                                                                                                    М (Р) = 31 г/моль

М (О) = 16 г/моль

2) Зат құрамына кіретін элементтердің атом сандарының қатынасын табамыз: Индекстерді х пен у арқылы белгілеп, заттың формуласын  РхОу   деп жазамыз.



Зат құрамының тұрақтылық заңы бойынша:

31х : 40у =3 : 1 тең болады.

31            40

Бұдан  х у  =  ––––– :  –––––  =  1 : 2,5 =  2 5

31            16

х = 2,   у = 5

Яғни, заттың формуласы  Р2О5

Жауабы:  Р2О5.

ІІ. Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.                                                                                                                     Азот пен сутегінен тұратын қосылыстың құрамында  12,5 %   сутек бар. Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 16-ға  тең. Қосылыстың қарапайым формуласын анықтаңыздар.                                                                                                                                                    Берілгені:

ω (Н) = 12,5 %

Д Н2 = 16

Т/к  N х Н у

Шешуі:

1-әдіс.

1) Берілген заттың құрамы 100 % . Қосылыстағы азоттың мөлшерін есептейміз:

100 — 12,5 = 87,5 %                                                                                                                                               Берілген заттың  100 г үлгісін қарастырамыз. Ондағы азот пен сутектің массалары олардың массалық үлестеріне тең болады.                                                                                                                        m (N) =  87,5 г                                                                                                                                                                 m (Н) =  12,5 г                                                                                                                                                                            2) Зат құрамындағы элементтердің әрқайсысының зат мөлшерлерін табамыз:

m (N)               87,5

=  –––––––– = ––––––––  =  6,25 моль

М (N)                14

 

m (Н)                12,5

=  ––––––––  =  ––––––––  =  12,5 моль

М (Н)                1

 

3) Заттың эмприкалық формуласындағы индекстер осы заттың құрамына кіретін атомдардың зат мөлшерлерінің қатынастарын көрсетеді. Табылған сандарды бүтін сандарға айналдырамыз:

(N) :(Н) = 6,25 : 12,5 = 1 : 2   х = 1,  у = 2  NН2

М (NН2) = 14 + 2 = 16

4) Есептің шартын қанағаттандыратын заттың формуласын табу үшін оның сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы арқылы мольдік массасын есептейміз:

М= М Н2 • Д Н2  = 2•16  = 32 г/моль

5) Заттың молекулалық массасы есептеп тапқан қарапайым формулаға сәйкес (NН2)  молекулалық массадан екі есе көп. Демек, заттың қарапайым формуласы   N2Н4                              

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Электробейтараптың шартын пайдалана отырып, иондық қосылыстардың эмпирикалық формулаларын табу.



























Шымкент 2019ж



Өтілген күн: 12.03.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Электробейтараптың шартын пайдалана отырып, иондық қосылыстардың эмпирикалық формулаларын табу.



Органикалық қосылыстардың құрамында көміртек пен сутектен басқа элементтер кездесуі мүмкін .Оларды анықтаудың арнайы әдістері бар.Азотты анықтағанда құрғақ пробиркага натрий гидроксидін және аз мөлшерде зерттелінетін затты (шпатель ұшында) салып,пробирканы мақтамен жауып, үстіне ылғалды лакмус қағазын қоямыз.Алдымен пробирканы спирт шамымен әлсіз, содан кейін қатты қыздырғанда лакмус қағазының көк түске боялуы, азоттың барын көрсетеді. Тәжірибе шартында азот аммиакқа айналады.

Хлор, бром, йод Бейльштейн сынамасымен оңай анықталады. Бұл реакция галогентуындыларды мыспен қыздырғанда, ұшқыш мыс галогенидтері түзіліп, жалынды жасыл түске бояуына негізделген.

Заттың эмпирикалық формуласы оның құрамындағы элементтердін, атомдарының өзара мелшерлік қатынасын көрсетеді. Оны мөлшерлік анализдің қорытындысы бойынша табады. Мөлшерлік анализде табылған элементтердің. процент мөлшері, сол элементтердің атомдық салмақтарына бөлінеді және бұл бөлшектер бір-біріне элементтердің өзара қатынасы ретінде жазылады. Бұлардан шыққан бөлшек қорытындылары, сол қорытын-дылардың ішіндегі ең кіші санға бөлінеді. Сөйтіп, келесі қатынаста бүтін сандар шығарылады. Бұл шыққан бүтін сандар зат құрамындағы элементтердің, атомдарының өзара қатынасьшың мөлшерлік белгілері болып табылады.

Мысал келтірейік: этил спиртінін. құрамында 52,14% С және 13,13% Н бар, олай болса, онын, қүрамында оттегі 100- (52,14+ 13,13) =34,73% болады. Енді осы процент мөлшерін этил спиртінің құрамындағы элементтердің атомдық салмағына бөліп, ол элементтердін бір-біріне өзара мөлшерлік қатынасын табамыз:

С :Н : О = 4,3: 13,03:2,17; қатынастың сан жағын осы сандардың ең кішісі 2,17-те бөлеміз:

Сонда молекула құрамындағы элементтердің өзара бір-біріне қатынасы:

С : Н : 0 = 2 : 6 : 1 болып шығады. Осыдан барып этил спиртінің құрамында оттегінің әрбір атомына екі атом көміртегі және алты атом сутегі сәйкес келіп отыратынын байқаймыз. Егер осы алынған бүтін сандарды әрбір элемент атомының индексі етіп жазсақ, этил спиртінін. эмпирикалық формуласы С2Н6О — деп жазылуға тиіс. Егерде біз заттың формуласын табуда тек қана элементтің анализдік қорытындысына сүйенетін болсақ, онда көрсетілген мысалымыздағы этил спиртіндегі әрбір жеке түрлі атомның бір-біріне өзара мөлшерлік катынасын сақтай отырып, оған тағы да бірнеше эмпирикалық формула жазуға болады. Мысалы: С4Н12О2; С8Н24О4 немесе тіпті (С2Н6О)п деп алсақ та барлығында С:Н:О қатынасы 2:6:1 қатынасындай болып қала береді. Басқа сөзбен айтқанда, эмпирикалық формула бойынша заттың құрамындағы элементтердің, атомдарының осы зат үшін шын мәніндегі тұрақты санын анықтау мүмкін емес. Оны табу үшін заттын, молекулалық салмағын табу қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Сарамандық сабақ «Төрт сынауықта берілген химиялық заттарды анықтау.»



























Шымкент 2019ж



Өтілген күн: 28.03.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Сарамандық сабақ «Төрт сынауықта берілген химиялық заттарды анықтау».



САРАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Зерттеудің мақсаты:
Биологияны оқыту процесін ұйымдас-
тырудың негізгі формаларына сипаттама және
зертханалық сабақ құрылымы, қауіпсіздік
ережесінің маңызы. Биологиядан сарамандық
және зертханалық сабақтар өткізу әдістемесі
және зертханада қолданылатын техникалық
құралдар, оны пайдалану жолдарын негізі.

Зерттеудің міндеттері:
•Сарамандақ және зертханалық сабақтың
құрылымы және қауіпсіздік ережелеріне тоқталу.
• Биологияда сарамандақ және зертханалық
сабақты өткізудің әдістемесі түсіндіру.;
• Биологиялық зертханада қолданылатын
техникалық құрал – жабдықтарына тоқталу және
зертханалық сабақты өткізу үлгісі көрсету.


Зерттеудің болжам: Биологиядан
техникалық құралдарды пйдаланып
зертханалық сабақтарды өткізуге толық түсінік
беру.
Зерттеу әдісі : тақырыпты зерттеу
барысында оқу құралдарынан және бұқаралық
ақпарат құралдарынан мәліметтер алынды,
және де интернет желісінің көмегімен қосымша
мәліметтер берілді.
Биологияны оқыту кезінде оқу процесін
ұйымдастырудың мынадай
формаларын пайдалануға болады:

•Сабақ.
•Зертханалық сабақ.
•Экскурсия.
•Оқу – тәжірибе учаскесіндегі тәжірибе
жұмысы.
•Сыныптан тыс жұмыс.
Зертханалық сабақтарда тақырып бойынша
жаңа оқу материалын ұғыну үшін мынадай
тәсілдер ескеріледі:
Зертханалық сабақ тақырыбы және сабақтың
міндетін анықтау.
•Сабақты өткізу тәртібін түсіндіру.
•Сабақтың нәтижесін жинқтап қорытындылау.
•Сабақтың нәтижесін талдау.
Зертханалық жұмыстардың түрлері:
бақылау, тәжірбиелер, эксперименттік есептер
шығару, өлшеу жұмыстары т.б.
Демонстрация әдісі. Тәжірбиелерді, прибор-
ларды, препараттарды табиғи обьектілерді, кино-
фильмдерді т.б. демонстрациялауға байланысты.
Мысалы, сабақта кинофильмді пайдалану үшін
оны алдын-ала қарап, қандай мәселелерді
фрагменттерге бөліп, оқушыларға түсіндіру анықтау
қажет.
Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға
иллюстративті құралдарды (плакаттар, карталар,
суреттер, портреттер, картограммалар, слайдтар)
көрсетуге болады.
Практикалық әдістер тобы: лабораториялық,
практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі
жаттығулар.
Зертханалық құрал-жабдықтармен қолданғанда
келесі ережелерді сақтау керек:
•қолданған құрал-жабдықтарды жылы сабынды сумен
жуады;
•жуылған саймандарды және ыдыстарды кептіру
шкафта кептіріп зертханалық шкафтарға жинайды;
•саймандарды тот басудан сақтау керек;
•заттарды кесуге арналған саймандардын кесетін
жүздері өткір болу керек;
•инъекциялық инелерді жуып, инелердің ішіне
мандреналарын салып, эфирмен спирт араластырылып
құйылған сауттарда сақтайды;
•шприцтерді жиналмаған түрінде сақтайды;
•кетгутті 4 пайыздық формалиннің су ерітіндісінде
сақтайды;

ҚОРЫТЫНДЫ
Зертханалық жұмыстарды мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы
құралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық
құралдар т.б.) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен
табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Мұндай зерттеу жұмысы
оқушылардың физика, химия және биология пәндерінен қабылдайтын
білім терең және берік игеруді талап етеді.
Зертханалық сабақтар – оқушылардың өздігінен көбірек жұмыс
істеуін қамтамасыз етіп, олардың көру арқылы ақыл – ойын толықтыру
нәтижесінде зерттелетін обьекті мен құбылыстары туралы айқын
ұғынуына мүмкіндік беретін оқу процесін ұйымдастырудың тиімді
формаларының бірі.
Зертханалық сабақтардың тиімділігі сондай – ақ , өткізуде
тәжірибе жасалып, бақылау жүргізілетінділігімен, зерттелетін
обьектілерге әр түрлі операциялар жасалатындығымен қамтамасыз
етіледі. Егер мұғалім оқушылардың өздігінен қортындылауына қажетті

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: 1. Теңіз және мұхит химиясы.

2.Су –өмір нәрі.

3. Су –еріткіш.



























Шымкент 2019ж



Өтілген күн: 17.04.2019ж

Сабақтың тақырыбы: . Теңіз және мұхит химиясы.

2.Су –өмір нәрі.

3. Су –еріткіш.



Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

Сулы орта

Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады. Жарық 200 м тереңдікке өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршітк ететін ағзалар жарьмсыз ортада өмір сүруге бейімделеді. Теңіз және тұщы су құрамьндағы тұздар мөлшері біркелкі болмайды. Мәселен, теңіз суы натрий хлориды мен магний сульфатының тұздарына бай, ал тұщы су құрамында кальций және карбонат иондары көп мөлшерде болады. Сулы ортаны мекендейтіп ағзалар сан алуан, олар бір биологиялық топқа — гидробионттарға бірігеді. Олардың барлығы сулы орта факторларының әр түрлі құбылуына бейімделді.[2] Сулы ортада ауаға қарағанда дыбыс тезірек тарайды. Сондықтан гидробионттарда көру мүшелеріне қарағанда есту мүшелері жақсы дамыған. Кейбір түрлер тіпті өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыс) толқындардың ырғақтарының өзгеруін дер кезіңде сезіп, дауыл тұрардың алдында су тереңдігіне қарай төмендейді Кейбір гидробионттардың (кит тәрізділерде) бағыт-бағдар алуы, қорегін іздеп табуы — толқындардың шағылған дыбыстарын қабылдау (эхолокация) арқылы жүзеге асады. Көпшілігі жүзу кезінде әртүрлі жиіліктегі электр зарядтарын тудырып, шағылған электр импульстарын қабылдайды. Электр зарядтарын тудырып, оны өзінің бағыт-бағдар алуында және сигнал үшін пайдаланатын 300-ге тарта балық түрлері белгілі Мысалы, тұщы суда тіршілік ететін су пілі балығы (Моrrуtus kannume) секундына 30 импульс жіберіп, су түбіндегі тұнбадан өзі қоректенетін омыртқасыздарды оңай табады. Импульстары секундына 2000-ға дейін жететін теңіз балықтары да бар. Кейбір қорғану көптеген шұңқырлы, ойық жерлерінде өзендердің тасуынынан, қатты нөсер жауыннан соң, қардың еруінен және тағы басқа жағдайларда уақытша көлшіктер, тоғандар пайда болады. Мұндай көлшіктерде де қысқа уақытта тіршілік ететін әт-түрлі гидробионттар кездеседі. Бұлардың ерекшелігі сол, аз ғана уақыт ішінде көбейіп, өзінен соң көптеген ұрпақтарын қалдырып келесі ылғал болатын уақытқа дейін тұнбаға көміліп иабиоз жағдайға түседі (кейбір шаяндар, планариилер, аз қылтанды құрттар моллюскалар, тіпті кейбір балықтар — африка протоптерусы және оңтүстік америка лепидосирені). Көптеген майда организмдер құрғақшылық жағдайда циста түзеді (инфузорилар, тамыраяқтылар, кейбір ескекаяқты шаяндар, турбеллярий және т.б.).

Су ортасының өзіндік оттегі режимі де бар. Суда оттегі атмосферамен салыстырғанда 21 есе аз. Судың температурасы, терендігі, тұздылығы артқан сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын оттегі мөлшері көбейеді. Басқа орталармен салыстырғанда судың температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда тұщы сулардың температурасы 0,9°С-25°С аралығында (ыстық су көздерін есептемегенде, онда су температурасы 100°С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың терең қабатында температура 4°С-5°С-ты құрайды.

Су ортасының айырмашылықтары

Су ортасының жарық режимінің әуе-құрылық ортасынан айырмашылықтары көп. Жарықтың су бетінен шағылысуына және су ішінен өтуі кезінде сіңірілетін болғандықтан суда жарықтың мөлшері аз болады. Сондықтан терең суларды үш аймаққа: жарық , алакөлеңке және толық қараңғы бөліктерге бөледі.

Мұхиттың қараңғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс биолюминесценция деп аталады. Мысалы, кейбір балықтардың арқа жүзу қанаттарының алғашқы сәулесі жоғарға жақ сүйегіне жақын майысқан, қармақша тәрізді болып орналасқан. Осы қармақшаның ұшында шырышты жарық беретің бактериялары бар. Оттегімен бактерияларды қамтамасыз етуі арқылы жарық беріп, қорегін өзіне еліктіреді. Үнемі қараңғылықта тіршілік ету немесе жарықтың жетіспеуі гидробионттардың көру мүмкіншіліктерін шектейді.

Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды

Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларга антропогендік қысым көп түсуде. Теңіз жағалауларының өсімдіктер жамылғысы тозып (Индонезия, Филиппин, Тайланд), күріш алқаптарын кеңейту және асшаяндар өсіру үшін тоғандар жасалып, мангра тоғайлары жойылуда. [3]

Суды зерттеу

Гидрология

Су — бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Ғалымдардың зерттеуінше су жер бетінде ең көп кездесетін сұйықтыққа жатады. Судың қазіргі кезде қаупі бар. Адамдардың суды үнемдемей құртуының әсерінен тұщы судың жойылу төтенше жағдайлар қатарында. Ал жер шарына қауіптілігі су басу жағдайы. Антрактида мұзының еруі Су[4]

Жер асты сулары

Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефіненжауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.

Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады.[5]

Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында — су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады — жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.

Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.

  • Бірінші түрі жетекші деп аталады.

    • Бұл — жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.

  • Екінші атауы — артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.

  • Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.

Табиғаттағы су айналымы

Толық мақаласы: Табиғаттағы су айналымы

Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдермұхиттар мен теңіздермұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен қар күйінде қайтып отырады.

Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Химия - 8 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3.Химия - 9 кл оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

4. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998

















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі









Үйірме тақырыбы: Еріген заттың массалық үлесін көлемдік үлесін есептеу.



























Шымкент 2019ж





Өтілген күн: 30.04.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Еріген заттың массалық үлесін көлемдік үлесін есептеу.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Усербаева Бакытгул Зиятбековна

Автор: Усербаева Бакытгул Зиятбековна

Дата: 04.06.2019

Номер свидетельства: 513295


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1650 руб.
2350 руб.
1830 руб.
2620 руб.
1660 руб.
2370 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства