?зара энергиясы жуы? электрондар атомны? электронды? ?абатын т?зеді.
Электронды? ?абаттар рет н?міріне ?арай 1,2,3,4… деп белгіленеді.
?р ?абатта?ы орбитальдарды? ?зіндік энергиясы мен пішіндері болады.
Шар т?різді электрон б?лтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.
Кейбір электрондар ядро ма?ында гантель т?різді б?лт т?зіп ?оз?алады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Ке?істікте координаттарды? 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатынды?тан рx,рy,рz орбитальдары деп б?лінеді
К?птеген атомдарда?ы бірінші электронды? де?гейіні? орбитальды диаграммасы жо?арыда к?рсетілген.
Электронды? б?лттарды толтыру ережесі келесі:
1. Е? алдымен элемент атомында ?анша электрон бар екендігін аны?тап алу. Ол ?шін сол элементті? ядро зарядын білсек бол?аны, ол Д.И. Менделеевті? периодты? ж?йедегі элементті? реттік н?міріне те?. Реттік н?мірі (ядрода?ы протон саны) барлы? атомда?ы электрон санына те?.
2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ?яшы?тарды толтырамыз. ?рбір ?яшы?та 1 не 2 электрон бола алады. Бір ?яшы?та орналас?ан екі электронды ?арама – ?арсы ба?даршамен белгілілейді .
Просмотр содержимого документа
«урок на тему энергетикалы? де?гей »
Сабақтың тақырыбы: Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергетикалық деңгейлер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру .
Дамытушылық : Атом құрылысы туралы білімдерін тереңдетіп, білім – білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетімен білім алуға және алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге, пәнге деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары
3. Жаңа тақырып
4. Сабақты бекіту
6. Бағалау . Үйге тапсырма беру.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сендер Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы бойынша толық мағлұмат алдыңдар.
Өткен тақырыптарға пысықтау сұрақтары:
Период дегеніміз не ?
Периодтар таблица бетінде қалай орналасқан?
Периодтық жүйеде неше период бар?
Периодтың қандай түрлері бар?
Әр периодтағы элементтер саны?
Үлкен периодтар қандай қатардан тұрады?
Топ дегеніміз не ?
Қанша топ бар , олардың түрлері?
Изотоптар дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Сендер атом ядросының құрамымен таныстыңдар, енді сол ядроның айналасында электрондар қалай орналасқандығымен танысамыз. Атомдағы энергиясының мәні өзара жақын электрондар электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер түзеді.
Электрондық қабатдеп– бір энергетикалық деңгейдегі электрондардың жиынтығын айтады.
Энергетикалық деңгейде орналасқан электрон саны
Егер
n = 1 болса N = 2
n = 2 болса N =2*22=8
n = 3 болса N =2*32=18
Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.
Электрондық қауыз:
Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.
Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.
Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.
Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.
Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.
Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді
Көптеген атомдардағы бірінші электрондық деңгейінің орбитальды диаграммасы жоғарыда көрсетілген.
Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:
1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.
2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілілейді .