kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрондық баланс әдісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тотығу дәрежесі –өзгере жүретін реакциялар ретінде түсінеді. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиеттеріне анықтама бере отырып,  ажырата алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрондық баланс әдісі.»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Электролиттік диссоциация

Мектеп: Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Аухатова

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрондық баланс әдісі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі –өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;

9.2.2.6 тотығу- процесін электронды беру, ал тотықсыздану процесін –электронды қосып алу деп түсіну

9.2.2.6 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тотығу дәрежесі –өзгере жүретін реакциялар ретінде түсінеді. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиеттеріне анықтама бере отырып, ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Электрондық -баланс теңдеуі нәтижесінде беріп жіберетін немесе қосып алатын электрон санын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қойып, күрделі теңдеулерді теңестіре алады.

Бағалау критерийі

Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қойып теңестіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: тотығу-тотықсыздану реакцияларының тотығу дәрежесі –теңдеуін құрастырады

Негізгі сөздер мен тіркестер: тотығу дәрежесі, электртерістілік, тотығу, тотықсыздану

Сыныптағы диалог \ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Аралық нәтижені көрсететін реакциялар ........

Электронды беру процесі...............

Электронды қосып алу процесі..........

Электрондарын беретін атомдар, молекулалар немесе иондар........

Реакцияларда тотықсыздандырғыштар ................

Электрондарын қосып алатын атомдар, молекулалар немесе иондар........

Реакцияларда тотықтырғыштар ................

Электронды баланс әдісі..............

ТТР –тіршілік негізі .......................

Құндылықтарды баулу

Достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, ынтымақтастық, ашықтық,өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыс

Қоршаған орта, математика

Алдыңғы оқу

8.1.3.6 «нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин





























1. Сыныпты ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Көңіл күй» тесті арқылы алдыңғы білімдерін еске түсіру және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (электртерістілік ұғымын еске түсіру үшін) Сурет арқылы электртерістілік үғымын қорытындылау.

  1. «Мен таңдаған суреттер» әдісі арқылы сыныпты топқа бөлемін. Бұл әдісте оқушылар қайсы топқа баратынын алдын ала анықтай алмайды. Тотығу дәрежесі тақырыбына байланысты берілген сұрақтар жазылған қағаз қиындыларындағы суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1 – топ Тотықтырғыш

2 – топ Тотықсыздандырғыш

3 – топ ТТР



2. «Дұрысын таңда » әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау. Мұнда оқушылар қате тұжырымдарды тауып, түзетеді, сұраққа жауап береді. (анализ жасау дағдысы қалыптасады)

Сұрақтар:

  1. Жай заттардың тотығу дәрежесі тұрақты +1...

  2. Тотығу дәрежесі ығыспаған электрон санымен анықталады.......

  3. Электронды өзінен ығыстырған элемент электронды береді......

  4. Электронды өзіне тартқан элемент электронды қосып алады......

  5. Егер атом электрондарын берсе, тотығу дәрежесі теріс......

  6. Егер атом электрондарын қосып алса, тотығу дәрежесі оң.........

Дескриптор:

-тотығу дәрежесінің мағынасын сипаттайды.

-тотықтырғыштың жіне тотықсыздандырғыштың мағынасын анықтайды.

ҚБ: «Жапондық бағалау әдісі» Сабақ барысында орындалған тапсырмалар бойынша «дұрыс келісемін», «толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «менің сұрағым бар» тұжырымдары арқылы оқушылардың жауабын бағалаймын.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін:

«Миға шабуыл» (brainstorming) 

-Осы суретті көргенде алғаш келетін ой немесе пікірлерің....


Қиынды қағаздар






Слайд сурет

Интерактивті тақта






















Интерактивті тақта


Сабақтың ортасы

30 мин































































Жаңа сабақты меңгеру үшін «Ой күмбезі» әдісін қолданамын.

  • Мұғалімнің түсіндірмесі (тыңдалым дағдысы қалыптасады)

Бұл әдіс тақырыпты сатылай, деңгейлеп орындауға негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

1.«Ой қазығы» әдісі арқылы тақырыпта айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды. Бұл әдісте тотығу-тотықсыздану реакциялары- аралық нәтижені көрсететін реакциялар екенін айқындайды.

2.«Ой желісі» әдісі арқылы негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл әдісте тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы қосылыстардың тотығу дәрежесін анықтайды және ТТР түрлерін ажыратады.

1.Молекулааралық немесе молекулалар арасындағы реакциялар - әр түрлі екі зат әрекеттескенде екеуінің де тотығу дәрежесі өзгереді

6KI + 2KMnO4 + 4H2O → 3I2 + 2MnO2 + 8KOH

2.Молекулалардың ішіндегі реакциялар – бір заттың ішінде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады:

2KClO3→ 2KCl + 3O2

3.Өзіндік ТТР немесе диспропорциялану реакциясызаттағы бір элементтің атомдары әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады:Cl2 + H2O → HCl + HClO.

1. Атом аралық молекула аралық тотығу – тотықсыздану реакцияларына тотықтырғышы мен тотықсыздандырғышы әр затта болатын реакциялар жатады.

2. Молекула ішілік реакция бір ғана молекулалардағы екі түрдің атомның бірінен біріне электрон бұлтының ауысуынан болады немесе тотықтырғышта, тотықсыздандырғышта бір затта болатын реакциялар жатады.

3. Өзіндік тотығу, тотықсыздану немесе диспорпоциялану бұл реакциялар жүргенде 1 элемент атомының тотығу деңгейі бір мезгілде жоғарылап әрі төмендейді. Мұндай реакция жүру үшін – тез пропорцияланатын атомның тотығу дәрежесі аралық күйде болуы шарт, сонда ғана ол өзі тотығып , тотықсыздана алады.

3.«Ой өрімі» әдісі оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу, ізденіске бағдар беруді көздейді; Бұл әдісте Тотығу – тотықсыздану реакцияларының (ТТР) теңдеулерін құрастыру ережелері мен электрондық баланс әдісін түсінеді.

Тотығу – тотықсыздану реакцияларының (ТТР) теңдеулерін құрастыру ережелері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын әдетте екі түрлі әдіс арқылы теңестіреді: электрондық баланс әдісі және жартылай реакция әдісі.

Электрондық баланс әдісі. Бұл әдіс арқылы реакция теңдеуін құру үшін реакцияға кіретін заттар мен түзілетін заттарды, олардың құоамындағы атомдардың тотығу дәрежелерін білу керек:

1.Реакцияға кіретін және түзілген заттар құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелерін анықтайды.

2.Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесін өзгерткен атомдарды бөліп жазып, электрондық теңдеу құрады. Тотықсыздандырғыш берген электрон мен тотықтырғыш қосып алған электрон сандарын тауып, оларды ортақ коэффициенттер арқылы теңестіреді. Бұл коэффициенттерді электрондық теңдеудің алдына, сызықтың сыртына жазады. Электрон алмасу процесі бойынша қай заттың тотықтырғыш және қайсысының тотықсыздандырғыш екенін табады.

3.Электрондық теңдеуден шыққан коэффициенттерді негізгі реакция теңдеуіндегі атом құрамына кіретін заттардың алдына қойып, қалған элементтерді теңестіреді.

2KMnO4 + 5Na2SO3 + 3H2SO4→ 2MnSO4 + 5Na2SO4 + 5K2SO4+3H2O

 2| Mn+7 + 5e- → Mn2+ - тотықсыздану; тотықтырғыш

  • 5| S+4 – 2e- → S+6 – тотығу; тотықсыздандырғыш

4.«Ой күмбезі» әдісі шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді. Бұл әдісте электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қойып теңестіреді.

1. «Жазушының қойын дәптері» әдісі арқылы оқушылардың тотығу-тотықсыздану реакцияларын -тотығу дәрежесі –өзгере жүретін реакциялар ретінде қаншалықты түсінгенін білу мақсатында ТТР теңдеуін құрастыра алуы тексеріледі. Бұл әдіс оқушыларды жұппен жұмыс істеуге, теориялық білімін қолдануын, электрондық баланс теңдеулерін құрастыра алуын дамытады. Өз бетінше қолдану дағдыларын қалыптастырады. Бұл әдісте жұп оқушы Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қойып теңестіреді.Мысалы: Са+Н2SO4

H2S+O2

HNO3+Cu → Cu(NO3)2+NO2+H2O

Na23+KMnО4+H24 → Na24 + MnSО4 + K24 + H2О

Дескриптор:

-Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қойып теңестіреді.

ҚБ: «Жақсылық тамшысы»

Әр оқушы өзі жасаған немесе өзгенің жасаған жақсы жұмыстарын стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына жария етеді.

Сабақты қорытындылау: «Quizizz» ойыны арқылы топтық жұмыс жасау. Мысалы:

1. Азоттың қай айналымының сызбасы мына реакцияға сәйкес келеді? 4NH3+5O2→ 4NO+6H2O

а) N+3→ N+2 в) N-3→ N-2

с) N+3→ N-2 д) N-3→ N+2

Үйге тапсырма: Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрондық баланс әдісі.



Мұғалімнің түсіндірмесі

Интерактивті тақта







https://vk.com/video213938682_456239031






https://youtu.be/BdXH9vszJHg






































































Кеспе қағаздар










Оқулық

9- сынып «Мектеп» баспасы

Сабақтың соңы

2мин



Рефлексия

«Көңіл- күй таразысы» әдісі арқылы оқушылар «күн» және «бұлт» суреттерін таразыға орналастырады. Көңіл күйдің күнді немесе бұлтты болуына байланысты таразы басы сабақтың соңында солға, оңға немесе теңесуі мүмкін.

Кеспе қағаздар

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

А деңгейі

жай заттардың тотығу реакция теңдеулеріне мысал келтіруге, реакция теңдеулерін теңестіруге тапсырма беріледі.

В деңгейі

Калий перманганатының тұз қышқылымен

әрекеттесу реакция теңдеуін теңестіруге тапсырма беріледі.

С деңгейі

Хлордың суық сілтімен әрекеттесу реакция теңдеуін теңестіруге тапсырма беріледі.


  1. «Көңіл күй» тесті арқылы психологиялық жағымды ахуал туғыза отырып, алдыңғы білімдерін еске түсіремін және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.

Сабақ бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі «Жапондық бағалау» әдісі арқылы сабақ барысында орындалған тапсырмалар бойынша «дұрыс келісемін», «толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «менің сұрағым бар» арқылы оқушылардың жауабын бағалаймын. коэффициенттерін қойып теңестіреді. «Жақсылық тамшысы» әдісінде әр оқушы өзі жасаған немесе өзгенің жасаған жақсы жұмыстарын стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына жария етеді. ҚБ тапсырмаларын орындауда оқушыларды жетелеу мақсатында дескриптор бойынша ынталандырып отырамын. Мақсатым оқушыларды алға қарай жетелеу.

Quizlet ойыны арқылы топтық жұмыс жасай отырып сабақты қорытындылайды. Сабақ соңында «Көңіл- күй таразысы» әдісі бойынша рефлексия аламын.

Химия кабинетінде тазалық пен қауіпсіздік ережесін сақтау. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да оқудыда ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрондық баланс әдісі.

Автор: Аухатова Гулзейнет Тастемировна

Дата: 16.05.2020

Номер свидетельства: 549950


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства