Көрнекілігі : Кесте, топшамалар, үлестірмелі қағаз, формула
жазылған плакат.
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Сәттілік тілеу – психологиялық дайындық.
Сабақтың жоспары:
І кезең.
Қызығушылықты ояту
Танымдық сұрақтар беру
«Кім жүйрік»
ІІ кезең. «Бәрін білгім келеді» (жаңа ақпартпен танысу)
ІІІ кезең. Бекіту бөлімі. Жаңа білімді игеру деңгейін анықтау.
а) «Кім жылдам» ә) «Ойлан тап» в) «Миға шабуыл»
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
І. Қызығушылықты ояту. Танымдық сұрақтар беру
Тотығу дәрежесі дегенміз не?
Жай заттардың тотығу дәрежесі нешеге тең?
Қосылыстарда материалдар қандай тотығу дәрежесін көрсетеді
«Кім жүйрік».
Тотығу дәрежесі +4 ке тең?
а) CO2 ә) KO2 б) HF в) H2O
Қай қосылыста тотығу дәрежесі нөлге тең?
а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2
Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта
а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2
Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
а) үнемі оң ә) үнемі теріс б) бірде оң, бірде теріс в) нөльге тең
Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0
Тотығу дәрежесі +5 ке тең элемент
а) H2S ә) KMnO4 б) SO2 в) HNO3
KClO3 формуласында Cl-дың тотығу дәрежесі нешеге тең?
а) +2 ә) +3 б) +6 в) +5
Тотығу дәрежесі қосылыстарда теріс болатын элемент
а) Na ә) Ca б) O2 в) Fe
Электртерістігі ең үлкен элемент
а) Cl ә) F б) B в) N
Күкіртте қандай тотығу дәрежесі болмайды?
а) +2 ә) +4 б) +5 в) +6
ІІ кезең.«Бәрін білгім келеді». Жаңа ақпаратпен таныстырылады. Оқушыларды шығармашыққа баулу мақсатында тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат бере отырып, бүгінгі сабақтың өзектілігін ашуға тырыстым.
Тотығу – тотықсыздану реакциясы процесіне
Электорлиз Жану Коррозия Фотосинтез
Бұған дейін біздер коррозия мен фотосинтез процесімен таныстық.
Коррозия металдардың ауада өздігінен тотығып бүлінуі, тат түзуі.
Фотосинтез процесінде өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп сумен әрекеттесіп, органикалық затпен оттегі бөліп шығарады. Ал адамдарда тыныс алу процесі кезінде фотосинтезге кері процес жүреді. Тотығу – тотықсыздану реакциясын анықтауда А.Л.Лавуазьенің еңбегі көп. 1920-1930 жылдар химияда электрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қатыспайтын реакциялардыңда тотығу – тотықсыздану реакциялары көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін тотығу – тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады.
Сабақты бекіту мақсатында деңгейлік тапсырманы ойын элементтері түрінде бердім.