kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ТҚЕ бойынша алғашқы нұсқаулықтар. Атом құрамы, изотоптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа сабақ түрі. Атом құрылысы туралы  алған білімдерін нақтылау және толық мәлімет  беру. 10 сынып оқушыларын өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ТҚЕ бойынша алғашқы нұсқаулықтар. Атом құрамы, изотоптар»

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: ТҚЕ бойынша алғашқы нұсқаулықтар. Атом құрамы, изотоптар.

Сабақтың мақсаты: Атом құрылысы туралы білімді нақтылау.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік. атом құрылысы туралы толық мәлімет беру.

2.Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілік: өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтары: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу.

Жаңа сабақ:1911 жылы ағылшын физигі Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады. Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер Белгісі Салыстырмалы заряды Салыстырмалы массасы

Протон р + 1

Нейтрон п 0 1

Электрон е − 0

1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.

А = Z + N; A – атомдық масса; Z – протон; N – нейтрон;

Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор элементінің массасы 35 және 37 болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі. Олар изо- топтар. Изотоптар – ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп – бірдей орында деген мағнаны білдіреді.

Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:

1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей – оттегі изотоптары.

2. - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .

Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор эле- ментінің с.а.м. 35,5. Бұл ұғымдардың айырмашылығын түсіндіру үшін мынадай мысал- дар келтіріледі. Табиғатта изотобы 75%, ал изотобы 25% таралған.Осыдан хлор элементінің орташа с.а.массасы шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5

Бекіту :

1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

2. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

3. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

4. Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

Үйге тапсырма: атом құрылысы – оқу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ТҚЕ бойынша алғашқы нұсқаулықтар. Атом құрамы, изотоптар

Автор: Куанышбекова Жазира Ахметовна

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396286


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства