kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тірі а?залар тіршілігіндегі металдарды? биологиялы? ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тірі а?залар тіршілігіндегі металдарды? биологиялы? ма?ызы. Негізгі кен орындары,?ндіру мен ?ндеу кезінде туындайтын экологиялы? м?селелер, ?орша?ан ортаны ?ор?ау шаралары.

Ма?саты: ?ш п?н – химия, биология, география- п?наралы? байланыстарды ?олдана отырып, о?ушыларды металдарды? биологиялы? ма?ызымен, кен орындарымен ж?не  ?ндіруді? экологиялы? м?селелерімен таныстырып, білімдерін кенейту.

Білімділік ма?саты: адам а?засында?ы металдарды? ?ызметтерімен, ?аза?стан Республикасында?ы металдарды? кен орындарымен, ?ндіру кезіндегі туындайтын экологиялы? м?селелерімен  таныстыру.

Дамытушылы? ма?саты: п?наралы? байланыстарды ж?не ?ш тілді саба?та ?олдану ар?ылы  о?ушыларды? ой ?рісін дамыту. Ал?ан білімдерін к?нделікті ?мірде ?олдану- функционалды сауаттылы?ты дамыту.

Т?рбиелік ма?саты: о?ушыларда салауатты ?мір салтын са?тау, д?рыс тама?тану машы?ын ?алыптастыру. Экологиялы? сауаттылы?, экологиялы? м?дениет пен этикасын т?рбиелеуге ы?пал ету.

Саба?та ?олданылатын ?діс-т?сілдер, технология: м?селелік с?ра? шешу жолдарын табу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«10 сынып ашық сабақ»



«Қарасу орта мектебі» КММ



Политехникалық-жаратылыстану пәндер бірлестігінің

«Білімді ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» атты апталығында

10 сыныпта химия пәнінен өткізілген

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдардың биологиялық маңызы. Негізгі кен орындары,өндіру мен өндеу кезінде туындайтын экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау шаралары»



Өткізген: биология, химия пәні мұғалімі Керейбаева Салтанат Жумагалиевна







2016 ж.

















Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдардың биологиялық маңызы. Негізгі кен орындары,өндіру мен өндеу кезінде туындайтын экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау шаралары.

Мақсаты: үш пән – химия, биология, география- пәнаралық байланыстарды қолдана отырып, оқушыларды металдардың биологиялық маңызымен, кен орындарымен және өндірудің экологиялық мәселелерімен таныстырып, білімдерін кенейту.

Білімділік мақсаты: адам ағзасындағы металдардың қызметтерімен, Қазақстан Республикасындағы металдардың кен орындарымен, өндіру кезіндегі туындайтын экологиялық мәселелерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: пәнаралық байланыстарды және үш тілді сабақта қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану- функционалды сауаттылықты дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларда салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану машығын қалыптастыру. Экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет пен этикасын тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер, технология: мәселелік сұрақ шешу жолдарын табу.

Сабақ ұраны: «Көп білген - жетістік емес, білімді қолдана білу керек»

Сабақ жоспары:

-сабақтың ұраның айту

-оқушыларды тақырыппен таныстыру, мақсат қою. Бүгінгі сабақтың мақсаты: металдардың адам ағзасындағы маңызын анықтау, негізгі кен орындарынмен танысу және өндіру, өндеу кезіндегі туындайтын экологиялық мәселеллерін талқылау.

-жылулық шеңбер: металдардың қасиеттерін сыныптастарына тілеп айту. Айбота- өмірдің қиын жағдайларына хром сияқты төзімді бол.

.....-достарымен қарым-қатынастарын темір тәріздес мықты болсын.

.....- ар-намысын күмістей таза болсын.

...- жүрегін алтын болсын.

...- сабақта қиындықтардан литий тәріздес женіл өтуге тілектеспін.

...- достарынды мырыш сияқты қорғай біл.





Сабағымыз негізгі үш бөлімнен тұрады:

І.Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдардың маңызы.

ІІ. Металдардың негізгі кен орындары.

ІІІ. Металдарды өндіру, өндеу кезінде туындайтын экологиялық мәселелер.

Осы тақырып сіздер үшін жаңа тақырып емес, үш пән қиылысында – биологияда, географияда, химияда- металдар тақырыбымен таңысстыныздар.

Адамзат тарихында металдардың маңызы соншалықты, тіпті ғасыр, дәуірлер олардың атымен атанған- мыс,темір, қола дәуірі. Металдарсыз адам өмірі мүмкін бе? Жоқ шығар. Метал үшін атақты жихангездер жорықтарын бастап, дүниежүзілік соғыстар жүргізген. Ал өндірістік революциялар адамның өмірін жеңілдетіп, сонымен бірге ғарышты зерттеуге бағыттады. «Тамаша жеті» метал адамға көне заманнан бастап белгілі болған. Ал қазіргі таңда Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде -88 метал бар. Ал адамның ағзасында оның 50-ге жуығы кездеседі. Кейбір металдардың ағзадағы қызметі сіздерге таныс. Сондықтан осы білімдерінізді қолдануға мүмкіндік беріледі. Сабақтың ұраның еске түсіру. Ситуациялар беру.

Дәрігер кабинеті:

  1. Жағдаят. 16 жастағы вегетариандық науқас қабылданды. Басы айналып, көзі қараутып, тез шаршайды. Тәбеті жоқ, өзін үнемі әлсіз болып сезінеді. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныныз. / темір/ ЕСЕП: Адам ағзасында орташа алғанда салмақтың әр килограмына 0,08 гр. темір бар. 65 %-ы гемоглобин құрамына кіреді. Өз денелерінде неше грамм темір бар екенін есептеңіздер.

  2. Жағдаят. Дәрігердің қабылдауында 1 жастағы баламен ана отыр. Баласының аяғы О-тәріздес қисайған, қарыны үлкейіп, басындағы райы жабылмаған. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныныз. /д-дәрумені мен кальций/

  3. Жағдаят. Науқас ер адам аяқтың сінірлерінің тартылғанын және ұсақ жарақаттардан қан көпке дейін тоқтамайтынын айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныныз./кальций- сүт тағамдары/

  4. Жағдаят. 50 жастағы науқас аяқтын ісініп кететінін, буындардың қақсап ауыратының және ішек жұмысының бұзылғаның дәрігердің қабылдауында айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныныз. /калий- өрік, банан/

  5. Жағдаят. Дәрігердің қабылдауына жас жігіт жазылды. Жүректің анда-санда қысып ауырғаны және стресстік жағдайдаларға төзімділігінің төмендегенің мазалайтынын айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныныз. /магний/

  6. Жағдаят. Қан қысымы жоғарылап, тұз алмасуы бұзылады. Және жүйке жүйесінің импульстары дұрыс жүрмейді./ Натрий /





Басқа да металдардың маңызы:

  • Магний -хлорофилл молекуласының құрамында.

  • Кобальт – витаминдердің түзілуіне қатысады.

  • Барий – көздің торлы қабықшасында.

  • Молибден – мидың ақ затында

  • Қалайы – тілдің сілемейлі қабықшасында.

  • Кадмий - бүйректе.

  • Никель – ұйқы безінде.



Тіршілікке қауіпті :

-Қажет мөлшерінен артық металдар.

- Сынап

- Қорғасын

  • Стронций

  • Басқа да радиоактивті металдар.

Үштіліділікті дамыту жұмыстары:

Пайдалы қазбалар

полезные ископаемые

Minerals resurs



Металдар

Металлы

Metals



Экологиялық сауаттылық

Экологическая грамотность

Enviromental leteracy

Қазақстанның пайдалы қазбалары:

  • Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде

  • вольфрам, қорғасын хромит, барийдің қоры бойынша бірінші орында,

  • күміс және цинк бойынша екінші,

  • марганец және молибден — үшінші,

  • мыс — төртінші,

  • уран — бесінші,

  • алтын — алтыншы,

  • темір кені — жетінші,

  • қалайы мен никель — сегізінші.

  • Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

  • ТОПТЫҚ ЖҰМЫС. Екі оқушыдан туратын топтарда. Қазақстанның картасына металдардың /темір, вольфрам, мыс, мырыш, қорғасын, хром, никель, алтын, алюминий/ кен орындарын белгілеу.

  • Пайдалы қазба байлықтардың картасын көрсетіп , тексерту.

  • Негізгі металдардың кен орындарына жалпы шолу.

ТЕМІР

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді.

Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды.

Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.

Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.

Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.

Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.



Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.

Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.

Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалба алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.

Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.



Алдын ала берілген тапсырма –ізденіс жұмыстары. Металдар туралы қызықты мәліметтер табу.



Күміс иондарында суды залалсыздандыру қасиеті бар. 1 литр суға грамның бірден миллиардтты бөлігі ғана жеткілікті. Осы қасиетіне байланысты күміс ыдыстарды пайдаланатын греция әскерлерінің басшылары алыс жорықтарда ішек ауруларымен ауырмаған.



2000 жыл бұрын әйел адамдар көздерін жасылмен бояу үшін таттанған мысты қолданған екен. Өйткені мыс таттанған кезінде жасылға боялады.



Серенкенің басындай алтыннан бірнеше километр сым тартуға болады. Немесе ауданы 50 м2 –ге тен жұқа тақташа жаюға болады.



Мырыштың адамға қажеттілігі- тәулігіне 5-20мг. Әсіресе ішімдікке салынған адамдарға ол көбірек мөлшерде керек екен, өйткені алкоголь адам ағзасынан мырышты ығыстырады.



19-шы ғасырдың басында алюминий аз мөлшерде өндірілгендіктен оның бағасы алтыннан, күмістен қымбат болған.



Рим патшалығының қирағанының бір себебі- су құбырлары қорғасыннан жасалғандықтан деп айтады ғалымдар. Қорғасын адам ағзасына сумен кіріп, кальцийдің орнын басады және ағзадан шықпай зат алмасуды бұзады.





ЕСЕП. ПИЗА-2015 есептері. ІІ деңгейлік тапсырма.

8. Металдардың формуласын олардың атомдарының металдық қасиеттерінің азаю (әлсіреу) реті бойынша орналастырыңыз:   Cа   Al   Cu   Na   Pt   Mg   Ag

ІІІ деңгейлік тапсырма

3. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз. (Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,17.01.2014ж.) Атом электрстанциясын орналастыруда қандай факторларды ескеру қажет?

ҰБТ ЕСЕПТЕРІ.

Алюминий сульфаты ерітіндісінде лакмус индикаторының түсі.



Массасы 22г мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы сутекпен толық тотықсыздандырылғанда түзілген мыстың массасы.



0,2 моль темір 35 г 20%-ті мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісімен әрекеттескенде түзілетін мыстың массасы.



Металдарды өндеу, өндіру кезіндегі туындайтын экологиялық мәселелер.



Ең бірінші қандай мәселелер туындау мүмкін деп анықтап алайық. Ол үшін ассоциация құрастырсақ.





Өндеу кезінде улы заттардың бөлінгені

металдар



Ауаның ластануы Көбінесе ашық әдіспен алынғандықтан

жердің жарамсыздығы



Денсаулыққа зиянды әсері

Диспут. Екі топ бір-бірден металдардың жақсы және зиянды жақтарын айтады. Бір оқушы спикер- екі топты талдап, бағалайды.





Блум таксономиясы бойынша рефлексия.

Сабақ қорытындысы:

  • Металдар табиғатта маңызды ролді атқарады. Бірақ артық мөлшерде тіршілік үшін қауіпті.

  • Мемлекетіміз металдарға өте бай, сондықтан осы байлықты біз қолдана білуіміз керек, Қазақстанға жаңа өндірістер, жаңа технологиялар, білімді мамандар қажет.

  • Қоршаған ортаның химиялық, металлургиялық өндіріс қалдықтарының ластануымен күресу жолдарын дамыту;

  • химиялық сауаттылық пен экологиялық мəдениет – ғылыми- техникалық прогрестің алғышарты;

  • Бағалау парағы

Сабақ кезендері

Бағалануы


Жағдаяттарды шешу


Топтық жұмыс-кен орындары


Қызықты мәлімет


ПИЗА есептері


ҰБТ есептері


Диспут



Орташа баға


Өздерінді қаншалықты сезінесіздер? Энергияларын көп, көніл күйлерін жақсы болса күнге жақын, ал керісінше болса күннен алыс.





Бағалау парағы

Сабақ кезендері

Бағалануы


Жағдаяттарды шешу


Топтық жұмыс-кен орындары


Қызықты мәлімет


ПИЗА есептері


ҰБТ есептері


Диспут



Орташа баға




Бағалау парағы

Сабақ кезендері

Бағалануы


Жағдаяттарды шешу


Топтық жұмыс-кен орындары


Қызықты мәлімет


ПИЗА есептері


ҰБТ есептері


Диспут



Орташа баға




Бағалау парағы

Сабақ кезендері

Бағалануы


Жағдаяттарды шешу


Топтық жұмыс-кен орындары


Қызықты мәлімет


ПИЗА есептері


ҰБТ есептері


Диспут



Орташа баға






























Просмотр содержимого презентации
«аш сабақ хим»

САБАҚ ҰРАНЫ: КӨП БІЛГЕН -ЖЕТІСТІК ЕМЕС,  БІЛІМДІ ҚОЛДАНА БІЛУ КЕРЕК .

САБАҚ ҰРАНЫ:

КӨП БІЛГЕН -ЖЕТІСТІК ЕМЕС,

БІЛІМДІ ҚОЛДАНА БІЛУ КЕРЕК .

Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдардың биологиялық маңызы. Кен орындары. Өндіру, өндеу кезіндегі туындайтын экологиялық мәселелер.

Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдардың биологиялық маңызы. Кен орындары. Өндіру, өндеу кезіндегі туындайтын экологиялық мәселелер.

Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты

  • Үш пән бойынша - химия, география, биология- білімдерін ұштастырып, металдардың тіршілік үшін маңызы, кен орындары және өндіру, өндеу кезіндегі туындайтын экологиялық мәселелер туралы білімді тереңдету.
ЖЫЛУ СӘУЛЕЛЕРІН ТАРАТУ Металдардың қасиеттерін достарына тілек түрінде айту

ЖЫЛУ СӘУЛЕЛЕРІН ТАРАТУ

Металдардың қасиеттерін достарына тілек түрінде айту

Металдар - Ферменттік жүйелердін жұмысын белсендіреді. Гормон, дәрумендермен әрекеттесіп, зат алмасуға қатысады Қанқаны қатайтады Жүйке-бұлшықет жұмысын реттеп күшейтеді Органиқалық құрылыстарды біріктіреді

Металдар -

Ферменттік жүйелердін жұмысын белсендіреді.

Гормон, дәрумендермен әрекеттесіп, зат алмасуға қатысады

Қанқаны қатайтады

Жүйке-бұлшықет жұмысын реттеп күшейтеді

Органиқалық құрылыстарды біріктіреді

Дәрігер боламын.

Дәрігер боламын.

Темірдің жетіспеушілігі ЕТ, қара нан, алма, қарақұмық 1-жағдаят 16 жастағы вегетариандық науқас қабылданды. Басы айналып, көзі қараутып, тез шаршайды. Тәбеті жоқ, өзін үнемі әлсіз болып сезінеді. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Темірдің жетіспеушілігі

ЕТ, қара нан, алма, қарақұмық

1-жағдаят

16 жастағы вегетариандық науқас қабылданды. Басы айналып, көзі қараутып, тез шаршайды. Тәбеті жоқ, өзін үнемі әлсіз болып сезінеді. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Есептеу:

Есептеу:

  • Адам ағзасында орташа алғанда салмақтың әр килограмына 0,08 гр. темір бар. 65 %-ы гемоглобин құрамына кіреді. Өз денелерінде неше грамм темір бар екенін есептеңіздер.
Кальцийдің, D-дәруменінің жетіспеушілігі Сүт тағамдары 2-жағдаят Дәрігердің қабылдауында 1 жастағы баламен ана отыр. Баласының аяғы О-тәріздес қисайған, қарыны үлкейіп, басындағы райы жабылмаған. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Кальцийдің, D-дәруменінің жетіспеушілігі

Сүт тағамдары

2-жағдаят

Дәрігердің қабылдауында 1 жастағы баламен ана отыр. Баласының аяғы О-тәріздес қисайған, қарыны үлкейіп, басындағы райы жабылмаған. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Кальцийдің жетіспеушілігі Балық, жұмыртқаның сарысы 3-жағдаят Науқас ер адам аяқтың сінірлерінің тартылғанын және ұсақ жарақаттардан қан көпке дейін тоқтамайтынын айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Кальцийдің жетіспеушілігі

Балық, жұмыртқаның сарысы

3-жағдаят

Науқас ер адам аяқтың сінірлерінің тартылғанын және ұсақ жарақаттардан қан көпке дейін тоқтамайтынын айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Калий элементінің жетіспеушілігі 4-жағдаят Дәрігердің қабылдауында 50 жастағы науқас ішек жұмысының бұзылғаның, аяғының ісініп кететінін, буындардың қақсап ауыратының айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Калий элементінің жетіспеушілігі

4-жағдаят

Дәрігердің қабылдауында 50 жастағы науқас ішек жұмысының бұзылғаның, аяғының ісініп кететінін, буындардың қақсап ауыратының айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз.

Қарбыз Кофе Үрмебұршақ Қарақұмық 5-жағдаят Дәрігердің қабылдауына жас жігіт жазылды. Жүректің анда-санда қысып ауырғаны және стресстік жағдайдаларға төзімділігінің төмендегенін мазалайтынын айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз .

Қарбыз

Кофе

Үрмебұршақ

Қарақұмық

5-жағдаят

Дәрігердің қабылдауына жас жігіт жазылды. Жүректің анда-санда қысып ауырғаны және стресстік жағдайдаларға төзімділігінің төмендегенін мазалайтынын айтты. Себеп- салдарын анықтап, емдеу жолдарын ұсыныңыз .

Вставка рисунка Тәулігіне 4-6 гр. қажет. Ас тұзында натрийдің жеткілікті мөлшері бар. 6-жағдаят Осы металдың артық мөлшері қан қысымын жоғарылатып, тұз аламасуын бұзады. Жүйке жүйесінің импульстары дұрыс жүрмейді.

Вставка рисунка

Тәулігіне 4-6 гр. қажет.

Ас тұзында натрийдің жеткілікті мөлшері бар.

6-жағдаят

Осы металдың артық мөлшері қан қысымын жоғарылатып, тұз аламасуын бұзады.

Жүйке жүйесінің импульстары дұрыс жүрмейді.

Басқа металдардың маңызы:

Басқа металдардың маңызы:

  • Магний -хлорофилл молекуласының құрамында.
  • Кобальт – дәрумендердің түзілуіне қатысады.
  • Барий – көздің торлы қабықшасында.
  • Молибден – мидың ақ затында
  • Қалайы – тілдің сілемейлі қабықшасында.
  • Кадмий - бүйректе.
  • Никель – ұйқы безінде.
Тіршілікке қауіпті: - Қажет мөлшерінен артық металдар. - Сынап - Қорғасын

Тіршілікке қауіпті:

- Қажет мөлшерінен артық металдар.

- Сынап

- Қорғасын

  • Стронций
  • Басқа да радиоактивті металдар .
Үштілділікті дамыту   Қазақ тілінде Пайдалы қазбалар Орыс тілінде Ағылшын тілінде Полезные ископаемые Металдар Minerals resurs Экологиялық сауаттылық  Металлы Metals Экологическая грамотность Enviromental leteracy

Үштілділікті дамыту

Қазақ тілінде

Пайдалы қазбалар

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Полезные ископаемые

Металдар

Minerals resurs

Экологиялық сауаттылық

Металлы

Metals

Экологическая грамотность

Enviromental leteracy

Қазақстанның қазба байлықтары Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын, хромит және барийдің қоры бойынша бірінші орында, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші,.

Қазақстанның қазба байлықтары

  • Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын, хромит және барийдің қоры бойынша бірінші орында, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші,.

  • Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Алған білімінді қолдан

Алған білімінді қолдан

  • Қазақстан Республикасының картасына негізгі металдардың кен орындарын химиялық таңбалар арқылы белгіле /темір, вольфрам, мыс, мырыш, қорғасын, хром, никель, алтын, алюминий /
  • Жұптық жұмыс, 2 мин.
Темір Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді.

Темір

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді.

Хромит Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.  .

Хромит

Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.

.

Алюминий Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.  Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.

Алюминий

Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.

Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.

Мыс Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Балқаш маңында , Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ. Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.  Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, мырыш, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.

Мыс

Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Балқаш маңында , Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ. Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.

Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, мырыш, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.

Алтын  мен  күміс Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалба алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған. Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.

Алтын мен күміс

Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалба алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.

Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.

Металдар туралы қызықты мәлімет

Металдар туралы

қызықты мәлімет

PISA 2015 тапсырмасы II деңгей

PISA 2015 тапсырмасы II деңгей

  • 8. Металдардың формуласын олардың атомдарының металдық қасиеттерінің азаю (әлсіреу) реті бойынша орналастырыңыз:   Cа   Al   Cu   Na   Pt   Mg   Ag
Дұрыс жауабы

Дұрыс жауабы

  • Na Ca Mg Al Cu Ag Pt
PISA 2015 тапсырмасы IІI деңгей

PISA 2015 тапсырмасы IІI деңгей

  • 3 . Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз. (Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,17.01.2014ж.) Атом электрстанциясын орналастыруда қандай факторларды ескеру қажет?
ҰБТ-де кездесетін есептер

ҰБТ-де кездесетін есептер

  • Алюминий сульфаты ерітіндісінде лакмус индикаторының түсі.
  •  
  • Массасы 22г мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы сутекпен толық тотықсыздандырылғанда түзілген мыстың массасы.
  •  
  • 0,2 моль темір 35 г 20%-ті мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісімен әрекеттескенде түзілетін мыстың массасы.
  •  
Экологиялық мәселелер

Экологиялық мәселелер

  •  
  • Өндеу кезінде улы заттардың бөлінгені
  •   Ауа, топырақ, судың ластануы
  • Көбінесе металдардың ашық әдіспен алынғандықтан жердің жарамсыз болып қалатыны
  •  
  • Метал өндірісінің адам денсаулығына зиянды әсері
БАҒАЛАУ ЖИНАҚТАУ ТАЛДАУ ҚОЛДАНУ ТҮСІНУ БІЛУ

БАҒАЛАУ

ЖИНАҚТАУ

ТАЛДАУ

ҚОЛДАНУ

ТҮСІНУ

БІЛУ

Қорытынды

Қорытынды

  • Металдар табиғатта маңызды ролді атқарады. Бірақ артық мөлшерде тіршілік үшін қауіпті.
  • Мемлекетіміз металдарға өте бай, сондықтан осы байлықты біз қолдана білуіміз керек, Қазақстанға жаңа өндірістер, жаңа технологиялар, білімді мамандар қажет.
  • Қоршаған ортаның химиялық, металлургиялық өндіріс қалдықтарының ластануымен күресу жолдарын дамыту;
  • химиялық сауаттылық пен экологиялық мəдениет – ғылыми- техникалық прогрестің алғышарты;
Плутон Нептун Уран Сатурн Юпитер Марс Жер Шолпан Меркурий

Плутон

Нептун

Уран

Сатурн

Юпитер

Марс

Жер

Шолпан

Меркурий


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тірі а?залар тіршілігіндегі металдарды? биологиялы? ма?ызы

Автор: Керейбаева Салтанат Жумагалиевна

Дата: 14.03.2016

Номер свидетельства: 305510


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства