kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Темір ж?не оны? ?осылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

В начале урока я разделила учеников на две группы при помощи цветных карточек. Провела химический диктант. Каждая группа защищала свою работу. Были вопросы и ответы. На закрепление дала соединительный тест. в итоге оценила по методике "Светофор". Урок достиг своей цели. На уроке еще была лабороторная работа, и конечно же ученикам было очень интеренсно, и коллеги оценили мой урок на отлично. Хочу сказать, что мой предмет не легкий, но используя такие методы, которые я использовала ваш урок достигнет своей цели, как и мой урок

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Темір ж?не оны? ?осылыстары »

Пән: химия

9в.г-сынып

Күні: 28.01.2015ж

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы:

Темір және оның қосылыстары (темірдің оксидтері мен гидроксидтері (ΙΙ, ΙΙΙ) ).

Жалпы мақсаты

Темір және оның қосылыстарындағы (темірдің оксидтері мен гидроксидтерінің (ΙΙ, ΙΙΙ) ) мағнасын түсіндіру

Күтілетін нәтижелер

А.Темірдің d-элемент екендігін анықтау

В.Темір қосылыстарының химиялық қасиеттерін жазып, машықтану

С.Темір(ІІІ) оксидінің екідайлығын дәлелдеу

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс тәсілдер

Химиялық диктант ,топқа бөлу,кестемен жұмыс, «Темірдің қосылыстары»арналған есептер шығару

Керекті жабдықтар

Оқулық,түрлі түсті бояу, Fe шеге, CuCl2


Сабақ барысы:


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Кіріспе




Негізгі бөлім














Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгелдеу (30 секунд)




Үй тапсырмасын сұрауды химиялық диктант беру

  1. Алюминий оксидімен гидроксидінің екідайлығын түсіндіру.....

  2. Алюминий оксидінің екідайлығын дәлелдеу Al2O3+HCl=

Al2O3+ NaOH=

  1. Алюминий гидроксидінің екідайлығын дәлелдеу

Al (OH)3+HCl=

Al (OH)3+ NaOH=

  1. .Мына айналымдарды іске асырып химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар

Al2(SO4)3 → AlCl3 Al(OH)3

Мұғаліммен амандасады.

Психологиялық дайындықтан кейін оқушылар жақсы көңіл-күймен сабақты бастайды.

















Тұсаукесер


Орал қаласы Мұхит көшесінің 8-ші үйдің 4 –ші пәтерінде тұрамын

Fe Темір

1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2


Қойылған жұмбақтың шешімін тауып , жаңа сабақтың тақырыбын ашуға мүмкіндік берді.

Жаңа сабақ























Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:

Fe0 – 2e = Fe2+

Fe0 – 3e = Fe3+

Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 – калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі

1-топ. Өнеркәсіпте алынуы:

Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен:

  • оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

  • соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

  • және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

2-топ. Темір жай және күрделі заттармен әрекеттесуі:

Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:

Fe + O2 =?

Fe+ Cl2=?

Fe+S=?

Fe+ H2O=?

Fe+ H2O+ O2 =?

Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:

Fe+ CuCl2=?

3-топ.Темір оксидтері. FeO-қара түсті ұнтақ суда ерімейді. Негіздік қасиет көрсетеді

FeO + H2SO4=?

Fe2O3 - қызыл күрең ұнтақ, суда ерімейді, оған да негіздік қасиет көрсетеді

Fe2O3 + H2SO4=?













Өткен диограммадағы алюминий және кальцийдің табиғатта таралу массасын біле отыра темірдің 4,2% құрайтынын біледі





Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Жылтырлығы металл типтес. Түсі қара-қоңыр. Магниттік қасиеті бар.

Темірдің қаттылығы 4—5; меншікті салмағы 7—8. Куб формасы бойынша жымдастығы бар. Сынығы созылыңқы.

Тығыздығы 7, 864 г/см3, балқу t ═1539 С.Темірдің 769 С градусқа

дейін магниттік қасиеті сақталады.





Физикалық қасиетін басқа металдармен салыстырып айта алады.

Бекіту

Үш топқа есеп беріледі

1.Темірдің табиғатта кездесетін минералдарының:1-топ Магниттің ,2-топ Гематиттің 3-топ пириттің құрамындағы темірдің массалық үлесін есептеу

2. Құрамында 80% бар массасы 100кг магнитті теміртасты өңдегенде 50кг темір алынды. Темірдің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын есептеңдер?

Қосылыстардың қасиеттері

Fe2+

Fe3+



Бекітуге берілген есептерді шығарып , темір қосылыстарының қасиеттерін анықтай алады . кестені толтырып айырмашылықтарымен ,ұқсастықтарын ажырата біледі.

Қорытынды

Fe2+ қосылыстары негіздік қасиет көрсетеді, тұрақсыз келеді. Ауада оңай тотығады. Fe3+ аздаған екідайлық қасиет көрсетеді.

Жаңа сабақтан алған білімдерін қорытындылап айта алады

Үйге тапсырма

Темір және оның қосылыстары

11-15,11-16 (109-бет)

Бағалау

Мұғалімнің бағалауы






























Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Жылтырлығы металл типтес. Түсі қара-қоңыр. Магниттік қасиеті бар.

Темірдің қаттылығы 4—5; меншікті салмағы 7—8. Куб формасы бойынша жымдастығы бар. Сынығы созылыңқы.

Тығыздығы 7, 864 г/см3, балқу t ═1539 С.

Темірдің 769 С градусқа дейін магниттік қасиеті сақталады.

Платинадан айырмашылығы, мұны HN03 жақсы ерітеді. Сингониясы куб; гексаоктаэдр формасында. Оның түйірлері кейде уақ тұтас форма түрінде байқалады, сирегірек болса да үлкен кесектері де кездеседі. Темірдің бірнеше полиморфтық модификацияда болатыны анықталған, олардың жоғарғы температуралы модификациясы — ү-Ғе (906°-тан жоғарырақ ) . Ішкі құрылысы жақ орталықты куб. Төменгі температурасы — а-Ғе (906°-тан төменірек). Ішкі құрылысы жабайы орталықты куб.

Химиялық қасиеттері

  • Темір атомының құрылысы: 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон, 4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2),

  • Электрондық конфигурациясы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

  • Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.

  • Жай заттармен және күрделі заттармен реакцияға түседі. Таза темір магниттелуге, тез магниттік қасиеттерін жоюға бейім. Сондықтан оны трансформаторлар, электромоторлар, электромагниттер, және микрофон мембраналарын жасауға қолданады. Темір көбінесе болат және шойын құймалары түрінде пайдаланылады.

Темір элементі астрономияда

Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90%темір құрайды. Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5%темір бар.

Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған, салмағы 60т. 1895 жылы Гренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған, қазір Нью-Йоркте сақталуда.

Темір элементі геологияда

Темір кендерінің ең үлкен қоры Орал тауларында орналасқан (онда кейбір таулар толық темірден құралған). Курск, Кольск жартылай аралында, Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің үлкен қорлары бар. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов - Cарыбай).

Темірдің табиғи минералдары:

  • Fe3O4 (магнитті темір немесе магнетит - 72% Fe)

  • Fe2O3 (қызыл теміртас немесе гематит - 70% Fe)

  • Fe2O3 • 3H2O (лимонит - 50% Fe)

  • FeS2 (пирит немесе күкірт колчеданы - 52% Fe)

  • FeSO4• 7H2O (темір купоросы)

Темірдің биологиялық маңызы[өңдеу]

Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері — пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүрізетін цитохромдық ферменттер құрамы на енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент, гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).

Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті.

Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.

Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.

  • Адам денесінде темір құрамы 3 - 7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11 - 30 мг құрайды.

  • Бұлшықет ақуызы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.

  • Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Темір ж?не оны? ?осылыстары

Автор: Сулейменова Айдана Ниязбековна

Дата: 03.05.2015

Номер свидетельства: 207808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства