kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Темір ?осылысыны? генетикалы? ?атары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:     

  • Темірді? ма?ызды ?осылыстары,темір оксиді, темір гидроксидтері,оларды? +2,+3 тоты?у д?режелері туралы білім беру. Темір оксидтері мен гидроксидтеріні?  химиялы? ?асиеттерін ?арастыра отырып,о?ушыларды? біліктіліктерін дамыту.Темір иондарына сапалы? реакция жайлы ма?л?мат беру.
  • О?ушыларды? ж?йелі ойлау, есте са?тау ?абілетін дамыту, білім к?кжиегін ке?ейту.
  • Топты? ж?мыс ар?ылы бір-бірін сыйлай білуге, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

К?тілетін н?тиже:     1. темір оксидтеріні? ?асиеттерін айта алады

                                          2. химиялы? ?асиеттерін жаза алады

                                       3. ?олданылатын жерлерін біледі

                                          4. темір ?осылыстарыны? ?олданылатын жерлерін

                                              біледі

Не ар?ылы ба?аланады:

  1. Лездемелік с?ра?тар
  2. Семантикалы? карта
  3. Есептер шы?ару
  4. Толы?тыру кестесі

Саба?ты? ?дісі:       с?ра?-жауап, баяндау, топты?  ж?мыс     

Саба?ты? т?рі:  таным саба?ы

К?рнекілігі:  периодты? ж?йе, интерактивті та?та

П?наралы? байланыс: биология

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Темір ?осылысыны? генетикалы? ?атары »

Жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі









Тақырыбы:















Өткізген: Қарағойшиева Ә.М













2014-2015 оқу жылы

Күні: 02.02.2014ж

Пән мұғалімі: ЖББ Көгеріс негізгі мектебі, химия пәні мұғалімі

Қарагойшиева Әсем Маратқызы



Сабақтың тақырыбы: Темір қосылысының генетикалық қатары

Сабақтың мақсаты:

  • Темірдің маңызды қосылыстары,темір оксиді, темір гидроксидтері,олардың +2,+3 тотығу дәрежелері туралы білім беру. Темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін қарастыра отырып ,оқушылардың біліктіліктерін дамыту.Темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат беру.

  • Оқушылардың жүйелі ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, білім көкжиегін кеңейту.

  • Топтық жұмыс арқылы бір-бірін сыйлай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 1. темір оксидтерінің қасиеттерін айта алады

2. химиялық қасиеттерін жаза алады

3. қолданылатын жерлерін біледі

4. темір қосылыстарының қолданылатын жерлерін

біледі

Не арқылы бағаланады:

  1. Лездемелік сұрақтар

  2. Семантикалық карта

  3. Есептер шығару

  4. Толықтыру кестесі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс


Сабақтың түрі: таным сабағы


Көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақта


Пәнаралық байланыс: биология



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасып, түгендеу.

  • Кезекшіні анықтап, назарларын сабаққа аудару

  • Оқушыларды 3 топқа бөліп, топ басшыларын сайлау және әр топқа ат қою





ІІ. Қайталау

а) ой қозғау(лездемелік сұрақтар)

1. 10000С-тан жоғары температурады балқитын металдар қалай атаймыз (қиын балқитындар)

2. ең оңай балқитын металл (сынап)

3. ең жеңіл металл (литий)

4. ең қатты металл (хром)

5. ең қиын балқитын металл (вольфрам)

6.ең ауыр металл (осмий)

7. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын ұсынғаг ғалым? (Н.Н.Бекетов)

8.адам организмінде қанша кальций бар (1кг)

9. Суда кальций және магний гидрокарбонаттары болса онда ол (уақыташа кермектілік)

10. Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ ( көмірқышқыл газы)

б) Семантикалық карта



Ғе2О3

ҒеS2

ҒеСО3

АІ2О3

АІ2О3*nН2О

СаҒ2

Са SО2*2Н2О

Пирит


+






Гематит

+







Сидерит



+





Боксит





+



Корунд




+




Флюорит






+


Гипс







+


В)Толықтыру кестесі

Темір -күміс- түстес --ақ- металл.

Темір иілімді,--магниттелетін қасиеті бар,тығыздығы-7,87-,балқу температурасы-1539--.

Темір қосылыстарында --+2,+3-тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Темір құймалары -шойын--және-болат-түрінде қолданылады.

ІІІ. Мағынаны тану

  • Күннің жадын, тақырыпты тақтаға жазу



Fe

FeO Fe2O3

Fe(OH)2 Fe(OH)3

FeSO4 Fe2(SO4)3

Темір(ІІ) оксидтері: FeO қара түсті ұнтақ,суда ерімейді,негіздік қасиет көрсетеді.

FeO + H2SO4→Fe SO4+H2O

Fe2O3 қызыл түсті ұнтақ,суда ерімейді,минералы гематит.



Fe2O3 +3 H2SO4→ Fe2(SO4)3+3 H2O

Темір (ІІ)гидроксидтері. Темірдің суда ерімейтін гидроксидтерін олардың сәйкес тұздарына сілтімен әсер ету арқылы алуға болады.

FeSO4+ 2KOH→ Fe(OH)2 ↓+ K 2SO4

Жасылдау тұнба

FeCL3 +3 NaOH→ Fe(OH)3+3NaCL

Қызыл-күрең тұнба

Темір ( II) гидроксиді типтік негіз ,сондықтан көптеген қышқылдарда ериді.

Fe(OH)2+2HCL→ FeCL2+2H2O

Темір ( II) гидроксиді тұрақсыз ,оны ауадағы оттек баяу тотықтырады.

4Fe(OH)2+ O2+2H2O →4 Fe(OH)3

Темір (III) гидроксиді екі дайлық қасиет көрсетіп , қыздырғанда қышқылдарда және концентірлі сілтілерде ериді.

Fe(OH)3+3 HNO3→ Fe (NO3)3 +3H2O

Fe(OH)3+ NaOH→NaFeO2 +2H2O

Темірдің ( II) және (III) валентті гидроксидтері қыздырғанда ыдырайды.

Fe(OH)2→ FeO + H2O

2Fe(OH)3→ Fe2O3+3H2O

Темір тұздарын сілтілермен әрекеттескенде жүретін сапалық реакциялары бойынша анықтауға болады.

Fe2+ + 2OH-→ Fe(OH)2

Fe3++ 3OH-→ Fe(OH)3

Үш валентті темірдің иондарын анықтау үшін калий тиоцианаты атты реактивті қолданады.Ол алмасу реакциясына түсіп , қан қызыл түсті ерітінді түзеді.

FeCL3 +3 KSCN→Fe(SCN)3+3 KCL

Түссіз калий тиоцианаты Қан қызыл темір тиоцианаты

3-топқа. Темір қосылыстарының қолданылуы.

Темір купорасы (ҒеSО4*7Н2О)-ағаш сүрлеуде, цементит – Ғе3С шойында қолданылады.

(NН4)24* ҒеSО4*6Н2О-мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.

Ғе(NН4)2*( SО4)2*12 Н2О – темір аммонилі аудас, тері илеуде қолданылады

Ғе2О3 – темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық тегістеуде қолданылады.

Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.

Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.

Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.

Адамдарда темір жетіспеген жағдайда анемия ауруы байқалады, оның алдын алу үшін ешкінің шикі сүтін ішу керек.

Көкбауырдың құрамында 24% темір бар ферритин деп аталатын зат болады, сондықтан бауырды көп жеу керек.

ІV. Толғаныс

А) 3 топ басшыларына есеп беремін.

1)Темір (ІІІ) оксидінен массасы 16,8гр темір алу үшін қанша (қ.ж.) сутегі қажет (10,08л)

2) массасы 32г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет (10,8г)

3)массасы 1т темір алу үшін қанша алюминий керек?(482кг )

Ә) Толықтыру кестесі

1)Fe(OH)2→ ____ + H2O

2)2Fe(OH)3→ Fe2O3+3____

3) Fe(OH)2+____→ FeCL2+2H2O

4)_____ +3 NaOH→ Fe(OH)3+3NaCL

5) Fe2O3 +3 H2SO4→ ________+3 H2O

6) _____ +3 KSCN→Fe(SCN)3+3 KCL

Ә) Толықтыру кестесі

1)Fe(OH)2→ FeO + H2O

2)2Fe(OH)3→ Fe2O3+3H2O

3) Fe(OH)2+2HCL→ FeCL2+2H2O

4) FeCL3 +3 NaOH→ Fe(OH)3+3NaCL

5) Fe2O3 +3 H2SO4→ Fe2(SO4)3+3 H2O

6) FeCL3 +3 KSCN→Fe(SCN)3+3 KCL



Бағалау

Үйге тапсырма §38 №6,7 есеп.













































Р/с

Мұғалім әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

  • Оқушылармен амандасып, түгендеу.

  • Кезекшіні анықтап, назарларын сабаққа аудару

  • Оқушыларды 3 топқа бөліп, топ басшыларын сайлау және әр топқа ат қою


2

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Семантикалық карта

  3. Толықтыру кестесі

3

Мағынаны тану

1 – топқа тапсырмалар беріледі



2 – топқа темір (ІІ)оксидтері мен гидроксидтерінің физикалық, химиялық қасиеттері


3 – топқа темір қосылыстарының қолданылуы.

4

Толғаныс.

  1. Топ басшылары есеп шығарады

  2. Толықтыру кестесі орындалады

5

Бағалау

Үйге тапсырма Үйге тапсырма §38 №6 есеп

Топ басшылары тобындағы оқушылардың бағаларының арифметикалық ортасын тауып, қорытынды баға шығарады.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Темір ?осылысыны? генетикалы? ?атары

Автор: Карагойшиева Асем Маратовна

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 180943


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства