kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Т?здарды? жіктелуі, алынуы химиялы? ?асиеттері мен ?олданылуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Т?здарды? жіктелуі, алынуы химиялы? ?асиеттері мен ?олданылуы. Саба?ты? ма?саты: Т?здар жайлы ал?ан білімдерін одан ?рі ?арай дамытып, оларды? аталуы мен жіктелуін, суда еритін, ерімейтін т?здар жайлы толы? ма?л?мат алуды іске асырады. Т?здарды? формуласын, реакция те?деулерін жазу да?дысын жетілдіру. Саба?ты? к?рнекілігі: т?здар коллекциясы NaOH, H 2O индикаторлар HCI, H 2SO4, H 3PO4 кестелер, ерігіштік кестесі. Саба?ты? т?рі: Аралас ?діс-т?сілдер: ??гімелеу, практикалы? жа?а технология элементтері Саба?ты? барысы: 1. ?йымдастыру б?лімі 2. ?й тапсырмасын тексеру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Т?здарды? жіктелуі, алынуы химиялы? ?асиеттері мен ?олданылуы. »

Батыс Қазқстан облысы

Ақжайық ауданы

Мерген орта жалпы білім беретін мектебі

Өткізген: химия пәні мұғалімі

Сұлтанғалиева К.Ш.



Тақырыбы: Тұздардың жіктелуі, алынуы химиялық қасиеттері мен қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: Тұздар жайлы алған білімдерін одан әрі қарай дамытып, олардың аталуы мен жіктелуін, суда еритін, ерімейтін тұздар жайлы толық мағлұмат алуды іске асырады. Тұздардың формуласын, реакция теңдеулерін жазу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: тұздар коллекциясы NaOH, H 2O индикаторлар HCI,

H 2SO4, H 3PO4 кестелер, ерігіштік кестесі.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, практикалық жаңа технология элементтері

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Үй тапсырмасын тексеру

І. Ой - қозғау. Жалпы сынып оқушыларымен жұмыс.

1) Оксидтер дегеніміз не?

2) Қалай жіктеледі

3) Қышқылдар дегеніміз не?

4) Негіздер дегеніміз не?

5) Қалай жіктеледі

6) Суда еритін негіздер қалай аталады?

7) Магнитті тақтан күрделі заттардың формуласын құрастыру.

1-оқушы - оксидтер

2-оқушы - қышқылдар

3-оқушы - тұздар


ІІ. Жеке оқушымен жұмыс.

1) Қышқылдарды құрамына қарай жіктеудің сызбанұсқасын сызып, мысал келтіру.

2) Қышқыл құрамындағы сутек атомдарының санына байланысты жіктеудің сызбанұсқасын сызып, мысал келтіру.

3) Қышқылдардың алыну әдістерінің реакция теңдеулерін жазу


ІІІ. Эксперименттік жұмыс.

Екі сынауықтың біреуінде-су, екіншісінде -күкірт қышқылы берілген. Қай сынауықта күкірт қышқылының ерітіндісі бар екенін қалай анықтауға болады?


ІV. Эксперименттік жұмыстар бойынша қорытындылау.

1) Индикаторлар дегеніміз не?

2) Индикаторлардың қандай түрін білесіз, олар қышқыл ерітінділерінде түсін қалай өзгертеді?

V. Семантикалық картамен жұмыс.


1.Қышқылдардың құрамынан сутекті

Na K Cu Zn Ag Mg Au Ca

1. ығыстырады + + + + +

2. ығыстырмайды + + +



2. Берілген оксидтердің формулаларын аталуымен жұптастырыңыз.

NO мыс (І) оксиді CuO темір (ІІІ) оксиді

NO2 азот (ІV) оксиді CrO3 хлор (VII) оксиді

P 2O5 хром (VI) оксиді CI2O7 фосфор (V) оксиді

Cu 2O азот (ІІ) оксиді Fe 2O3 мыс (ІІ) оксиді


"Ойлан тап" жұмбақ шешу.

1) Фосфор жақсақ будақтап,

Ақ түтінін түзеді

Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді?

4Р + 5О2 =2Р 2О5

Р 2О5 + 3Н 2О = 2Н 3РО4


2) Су бетінде безектеп

Металл натрий жүзеді,

Ең соңында жоқ болып

Қандай қосылыс түзеді?

2Na + 2H 2O = 2 NaOH + H2


3) Денесіне су тисе бұрқылдап, ашуланар

Әркім оны өз үйінде пайдаланар



Химиялық эстафета: "Генетикалық байланыс"

І - топ.

а) Mg ___ MgO ____ MgCI2 ___ Mg(NO3)2

ІІ - топ.

Zn ____ ZnCI2____ Zn(OH)2____ ZnO

III - топ.

AI ____ AI 2O3 _____ AI2(SO4)3____ AI(OH)3


3. Жаңа сабаққа көшу.

Сұрақ: Жалпы тұздар туралы біз не білеміз?

"ББҮ" кестесін толтыру.

Білемін

Білгім келді

Үйрендім

Анықтамасы

Құрамы

Физикалық қасиеттері


Түрлері:


Тұздардың қолданылуы

химиялық қасиеттері


Алынуы





Тұздардың алу әдістерін


тұздардың металдармен,


сілтілермен

қышқылдармен тұздар әрекетесуі


Тұздар дегеніміз - молекуласы металл атомы және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар екенін білесіңдер. Табиғатты тұздар көп тараған, олар көптеген әйгілі минералды құрайды. Мысалы, кальций карбонаты алуан түрлі минералдарды түзсе, натрий хлориді- галит - калий, хлориді - сельвинить. Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл атомдары немесе негіздегі гидроксотоптардың орнын қышқыл қалдықтары басқан өнім деп қарау қажет. Сол себепті де тұздарды төмендегідей жіктеуге болады.

1) Орта тұздар - қышқыл құрамындағы барлық сутек атомы металымен орын алмасады KNO3, K 2PO4 т.б.

2) қышқыл тұздар-сутек атомдарын металдар түгле алмастырмаған. Ондай тұздарды екі, үш негізді қышқылдар түзе алады.

3) Негіздік тұздар - негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырылған өнім деп қарастыру керек.

Тұздардың аталуы алуан түрлі. Соның ішінде көбінесе халықаралық атау кең тараған. Орта тұзды атағанда металл айнымалы валенттік көрсетсе, валенттігі жақша ішіне жазылып: FeSO4 темір (ІІ) сульфаты, Fe 2(SO4)3 темір (ІІІ) сульфаты деп айтылады. Қышқыл тұздарды атау үшін қышқыл қалдығының алдына гидро сөзі қосылып айтылады. Тұздардың түстері әр түрлі, көбіне ақ түсті қатты заттар.

Суда жақсы еритін тұздар - NaCI, KCI, KNO3 т.б. аз еритіндер – PbCI2, CaSO4,

Ag 2SO4 т.б. және іс жүзінде ерімейтіндер- BaSO4, PbSO4, CaCO3 т.б. болып бөлінеді.

Тұздарды алу жолдары. Оксидтер, негіздер, қышқыдар және тұздардың қасиеттеріне сүйене отырып, тұз алудың 10 тәсілін ұсынуға болады.

1. Металл мен бейметалдан: Mg + CI2 =MgCI2

2. Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтен: MgO + SO2 = MgSO4

3. Негіздік оксид пен қышқылдан: CaO + 2HCI = CaCI2+H2 O

4. Қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуінен: CO2 + Ca(OH)2 = CaCO2+H 2O

5. Қышқыл мен негіздің бейтараптануынан: H2SO4 + 2NaOH = Na2SO4 + 2H 2O

6. Тұз бен қышқылдың әрекеттесуінен: BaCI2 + H 2SO 4 = BaSO4 + 2HCI

Тұз бен қышқылдың әрекеттесуінен: Na 2CO3 + H 2SO4 = Na 2SO 4 + H 2O + CO2

7. Тұз бен тұздың әрекеттесуінен: NaCI + AgNO3 = NaNO3 + AgCI

8. Тұз бен сілтінің әрекеттесуінен: CuSO4 + 2NaOH=Na2SO4 + Cu (OH)2

9. Металдың қышқылмен әрекеттесуінен: Zn + 2HCI= ZnCI2+ H2

10. Металл мен тұз әрекеттесуінен: Cu + HgCI2 = CuCI2 + Hg

Бұлардан басқа да тұздарды алу жолдары бар.

Тұздардың химиялық қасиеттері. Тұздарды алу әдістерін өткенде кейбір химиялық қасиеттерімен таныстыңдар.

Тұздардың химиялық қасиеттері олардың металдарға, сілтілерге, қышқылдар мен тұздарға қалай әсер етуіне байланысты іске асады.

Тұздарға ортақ бес түрлі химиялық қасиет бар.

1. Тұздар металдармен әрекеттесу үшін бос күйдегі металл тұздың құрамына кіретін металдан белсендірек болу шарт:

Zn + Hg(NO3)3 = Zn(NO3)2 + Hg

2. Тұздардың сілтімен әрекеттесуі.

Мыс (ІІ) хлоридінің көгілдір ерітіндісін сынауыққа құйып үстіне 1-2 тамшы натрий сілтісін тамызса, көк ірімтік тұнба пайда болады:

CuCI2 + 2NaOH = 2NaCI + Cu(OH)2

3. Қышқыл мен тұз әрекеттесіп, жаңа тұз және жаңа қышқыл түзеді:

CuSO4 + H 2S = CuS + H 2O

4. Тұздар өзара бірімен-бірі әрекеттеседі, нәтижесінде ерімейтін тұз түзіледі:

CaCI2 + Na 2CO3 = CaCO3 + 2NaCI

5. Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады: CaCO3 = CaO + CO2

Тұздардың қолданылуы. Адам организмінде 5,5 процент тұз болады және организм үнемі тұз болуын қажет етеді. Тірі клеткаларда, жүйке, сүйек және ет тканьдерінде тұз ертіндісінің маңызы зор. Өсімдіктер мен жануарлардағы зат алмасу процесінде тұздардың алатын орны ерекше. Табиғи суларда, яғни өзен, көл, мұхит, теңіз суларында тұздар еріген күйде 0,1 -3,5 процентке дейін болады.

Тұздардың ішінде көп қолданылатын ас тұзынан сода, хлор, натрий, т.б. алады. Өнеркәсіпте натрий карбонаты бірнеше миллион тонна мөлшерде өндіріледі, себебі ол шыны, желім, қағаз, сабын алуға көп жұмсалады.

Құрылысқа қажетті материалдарға: әктас, мрамор, басқа да карбонаттар мен силикаттар жатады. Сульфаттар мен хлоридтер медицинада, дәрі-дәрмек, бояу, улы химикаттар алу үшін кеңінен қолданылады. Өсімдік үшін де тұздардың маңызы зор. Нитраттар, фосфаттар негізінен тыңайтқыштар ретінде жұмсалады. Кейбір тұздардың топырақта тым аз болуы өсімдіктер үшін зиян.

Өнеркәсіпте тұздардан таза металдар тағы басқа химиялық заттар алынады.

Қолданылуы: Сіз білесіз бе? сұрақ жауап арқылы танысу.

Бекіту. 1) Тұздар дегеніміз не?

2) Тұздардың қалай жіктеуге болады

3) "Бұлтардан сұрақ жауғанда" атты сондықтан сұрақ алады. Әр сұрақтың артында жазылған реакция теңдеуін теңестіріп, реакция типін көрсетеді, жай заттың формуласын жазуы қажет.


Кім жылдам? Fe + CI2 = FеCL2

Na + CI2 =NaCI

AI + O2 =AI 2O3

AI + S =AI 2S3

Zn + HCI =ZnCI2 + Н2

І. Мақал - мәтелдер.

Астың дәмін тұз келтіреді,

Тұзсыз май татымсыз

Шаш бастың көркі,

Тұз астың көркі

Дәмсізді дәмді қылған тұз әулие,

алысты жақын қылған қыз әулие

"Еңбегі ештің тұзы сор"


ІІ. Химия тұрмыста.

1) Шарап дағын қалай кетіруге болады? Киімге, дастарханға төгілген шарап дағының үстіне тұз сепсе, ол шарапты өз бойына тартады. Бұдан соң киімді немесе дастарханды мүсәтір спирті қосылған салқын сумен шаяды.

2) Жұмыртқа дағын қалай кетіруге болады? Ол дақты 30 градус дейін ысытылған, глицеринге салып, 15 минуттан кейін сабындап жылы сумен жуады.

3) Шәйнек қабырғасындағы дақты қалай кетіруге болады? Концентрлі тұз қышқылының бір бөлігін бес бөлік суға араластырып, оны қақ тұрған ыдысқа қайта құйса, ыдыс қабырғасындағы тұздар еріп кетеді. Қышқыл әбден нейтралданған соң, оны төгіп тастап, 2-3 рет қайталайды.

4) Пышақты өткір етіп қалай қайрауға болады?

Пышақты қайрақ алдында ас тұзының әлсіз ерітіндісіне батырып, біраз ұстаңыз да, одан шығарысымен сүртіп тастап, бірден қайрасаңыз, пышағыңыз өткір болады.


Есеп. Ас тұзының массасы 450 г, еріген заттың массалық үлесі 10 процент ерітіндісінде қанша грамм тұз ерітілген.

Бер.

т(ериді) - 450 г шешуі:

w (NaCI) =10 w = т(ер.) / т (еріді) . 100 процент

т/к: т(NaCІ)-? т (ер.) =w . т (ериді) /100 = т (NaCI) = 10 процент . 450 г / 100 процент =45 г

Жауабы: ер. - 45 г NaCI ерітілген.


Сұрақ.

1. Қай элемент таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (S)

2. Отынсыз, электр қуатынсыз жұмыртқа пісіруге бола ма?

3. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратар

4. Аспен келеді тамаққа дәм береді

5. Металл


Ақша қардай түсім бар,

"Тұз" деген мен боламын

суға ерітсең егер де

Түсімді мен жоямын

Тамаққа салсаң егер де,

Тамағынның дәмін келтірем,

Ұмытып кетсен мені сен

Аузыңнын дәмін кетірем

Бағам менің жоғары,

Қолданады жас -кәрі

Үйге тапсырма: 48, №8 есеп.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Та?ырыбы: Т?здарды? жіктелуі, алынуы химиялы? ?асиеттері мен ?олданылуы.

Автор: Султангалиева Куми Шарухияновна

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167951


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1420 руб.
2370 руб.
1570 руб.
2620 руб.
1570 руб.
2620 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства