kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" та?амдарды? пайдасы мен зияны" та?ырыбында?ы жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі кезде ?рт?рлі ?діс-т?сілдерді ?олдана отырып, ты?даушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру ар?ылы белсенді о?ыту м?мкіндіктеріне ?ол жеткізуге болады. Жалпы кез келген адамны? белсенділік ?ырын ашу ?шін о?ан ?зіндік ж?мыс тапсырып, соны? н?тижесін талап еткен ж?н. Білім алушыларды? белгілі бір б?лігі ?ана ?з бетінше е?бек ету ж?не е?бек ету м?дениеті да?дыларын ме?гереді. О?у ?рекеті да?дыларын ме?гермеген білім алушылар ?з ж?мысын жоспарлап, уа?ытты д?рыс, тиімді пайдалана алмайды. Сонды?тан да ?л-Фараби атында?ы ?аза? ?лтты? университеті жанында?ы дайынды? курсыны? ты?даушыларыны? химия п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын, ынта-жігерін, білім алу?а деген ??штарлы?ын арттыру ?шін химия п?ніні? ?азіргі заманда адам денсаулы?ы ?шін ат?аратын р?лін ашып к?рсету ма?сатында, тама? ?німдеріні? ??рамында?ы химиялы? элементтер ж?не оларды? адам денсаулы?ы ?шін ?аншалы?ты ?ажеттігі туралы зерттеулерімізді осы ма?алада беріп отырмыз.Тама? ??рамында иод, темір мырыш сия?ты химиялы? элементтер жетіспеушілігінен немесе д?рыс тама?танбау салдарынан к?птеген аурулар туындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" та?амдарды? пайдасы мен зияны" та?ырыбында?ы жоба »

Қазіргі кезде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тыңдаушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы белсенді оқыту мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады. Жалпы кез келген адамның белсенділік қырын ашу үшін оған өзіндік жұмыс тапсырып, соның нәтижесін талап еткен жөн. Білім алушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген білім алушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды. Сондықтан да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы дайындық курсының тыңдаушыларының химия пәніне деген қызығушылығын, ынта-жігерін, білім алуға деген құштарлығын арттыру үшін химия пәнінің қазіргі заманда адам денсаулығы үшін атқаратын рөлін ашып көрсету мақсатында, тамақ өнімдерінің құрамындағы химиялық элементтер және олардың адам денсаулығы үшін қаншалықты қажеттігі туралы зерттеулерімізді осы мақалада беріп отырмыз.Тамақ құрамында иод, темір мырыш сияқты химиялық элементтер жетіспеушілігінен немесе дұрыс тамақтанбау салдарынан көптеген аурулар туындайды. Йод тапшылық аурулары және теміртапшылық анемия адам ағзасының дұрыс дамуына бөгет жасап, туберкулез, рак сияқты маңызды және тағы да басқа жетіспеушілікпен байланысты аурулардың пайда болуына себебін тигізеді.

Бұл элементтердің тапшылығы – ми дамуының ақауларын туғызады, жұқпалы ауруларға қарсы қорғау механизмдерін төмендетеді, балалардың ақыл-ой мен физикалық дамуының бұзылуы және соның салдарынан халықтың интеллектуалдық потенциалының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да соңғы кезде йод – теміртапшылығы мәселелеріне жоғары назар аударылады.  Йод көптеген теңіз өнімдерінің құрамында, темір – бауыр, қоян етінде, тауық етінде, қара құмықта, қара жидекте, шабдалыда т.б. бар. Тағамдарға аскорбин қышқылын қосу темірді соруды жақсартады. Ол көбінесе итмұрын, лимон, тәтті бұрыш, қарақат, укроп құрамында болады. Негізгі тағам өнімдерін йод, темір қоспаларымен, дәрумендер кешенімен байыту. Сондықтан тағам өнімдерін таңдау кезінде, әсіресе, нан, сүт, тұз сияқты әрдайым пайдаланатын өнімдердің таңбалауына назар аударып, йодталған тұз сатып алуды ұсынамыз. Бұл теміртапшылық анемия және йодтапшылық ауруларының алдын алуға көмектеседі. Ал мидың жақсы жұмыс жасауына мынадай тағамдардың түрлері мен құрамы ма­ңызды роль атқарады.

Қырыққабат, саумалдық (шпинат) және қызылша. Бұл көкөністер ағзадағы зиянды, улы заттармен күресіп, әл­сіреуден, түрлі дерттерден сақтайды. Сау­малдық жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.

Балық және теңіз өнімдері. Ба­лықтың құрамы фосфорға, омега-3 қыш­қылына бай екені көпшілікке белгілі. Міне, осы екеуі мидың жұмысына жауап беретін және өте қажетті минералдар болып та­былады. Әсіресе, тунец, лосось, иваси, май­шабақ (кильки) балықтарын атауға бо­лады.

Сұлыдан жасалған ботқа. Жас ағзаға күш-қуат беріп, Е, В дәрумендерімен, ка­лий, мырыш элементтерімен толықтырып отырады.

Жаңғақ. Шығыс данышпандары жаң­ғақты «ақылды өнім» деп атаған. Өйткені, жаңғақтың қай түрі де ең алдымен ми қызметін жақсартып, оны қажетті ми­нералдармен «қоректендіреді». Бас-ми қызметіне қатысатын қан тамырлары үшін грек жаңғағының құрамындағы заттардың зәрулігі ерекше. Ұмытшақтықтың алдын ала­тын да бірден-бір жидек осы грек жаңғағы. Жаңғақ дәнінде калий, каль­ций, магний, фосфор, темір, тағы басқа химиялық элементтер өте көп. Күніне бес жаңғақ жеу керек, бұл С дәруменінің тәуліктік нормасы.

 

Бал мен қара шоколад-екеуі де ми мен жүйке жүйесінің жұмысына пай­далы.

Жидектер-қан та­мырларын тазалап, оның құрамындағы хо­лес­теринді жоятын өнім. Егер ағзада қан ай­налымы жақсы болса, онда ми­ға да қанмен бірге оттектің қа­жетті мөл­шері ба­рады деген сөз. Барлық жидектер есту, көру, есте сақтау мүшелерін жақсартып, оларды түрлі сырқаттардан сақтайды. Жидекті үнемі пайдаланған жағдайда баланың әдеттегіден көңілді әрі сергек жүретіндігі байқалады. Оқуға деген құлшыныстары арта түседі.

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:

Сәбіз-мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жатар алдында бір тәрелке ұнтақталған, маймен араластырған сәбіз жеу керек.

Асқабақ дәндерінің құра­мында мырыш бар, ол мидың ойлау жыл­дамдығын ұлғайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Зейінді жақсарту үшін:

Пияз-мидың мөлшерден тыс, психикалық шаршаған кезінде кө­мектеседі. Қанды сұйылтады, миды оттекпен қамтамасыз етеді.

Қара жүзім–есте сақ­тау қабілетін жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стақан шы­рын, ал кешке жүзімнің 1 талын жесе әр түрлі ми қатырғыш сөзжұмбақтарды оңай шешуге көмектеседі.

Мейіз–құрамында бордың қо­сын­дысы бар, бұл есте сақтау қабілетті арттырады.

Ұсы­нылған кеңестерді ұстанымыңызға айналдырсаңыз екі-үш ай көлемінде өз нәтижесін берері сөзсіз.

Ал бұдан басқа кейбір тамақтардың, сусындардың құрамына көңіл аударып, дұрыс пайдаланған жөн. Себебі, олардың құрамындағы химиялық заттар денсаулыққа кері әсерін де тигізуі мүмкін. Мысалы, Кока-коланың құрамындағы ортофосфорқышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатыны дәлелденген. Кока-коланың құрамынан бояғыш қоспаларын алып тастаса, ол жасыл түсті болады. Өйткені, ол «кармин қышқылы» деп аталатын, шұбалшаң құртынан жасалатын экстрактіден (қоспадан) дайындалады. «Кока-Кола» ХХ ғасырдың аясында Америкада шығып, кейін бүкіл әлемге тараған әйгілі сусын. Ол 1886 жылдан бастап тұтынушыға жол тартты. Сол уақыттан бері үздіксіз сауда сөресінен түспей келе жатыр. Әлемде оның құпия құрамы туралы аңыз жиі айтылатын. Жақында бұл сусынның сол сыры белгілі болды. «Кока-Кола» құрамында белгілі қоспалардан өзге кептірілген жәндіктерден алынған бояуы бар екен. Экстракт құрамына экзотикалық майлардан басқа кошениль деген жәндіктің кептірілген денесінен алынатын кармин табиғи бояғышы кіретіндігі белгілі болды. Бұл жәндік Армения, Әзірбайжан, Польшада тіршілік етеді. Ал бұлардың ең көп көбейетін түрлері Мексикада кездесетін көрінеді. Карминмен киімдерді бояу інжілдік кезеңнен бері белгілі болса, ал тамақ өнеркәсібінде ол бір ғасырдан астам уақыттан бері пайдаланылады. Карминмен тек газды сусындарды ғана емес, кондитерлік тағамдарды және сүт өнімдерін де бояйтындығы анықталды. 1 г кармин алу үшін жүздеген жәндікті кептіруге тура келеді екен. Соңғы жылдарда «Кока-Кола» жұртшылық арасында тек сусындық қана емес, мүлде тосын, басқа да тұрмыстық қасиеттерімен танылып қалды. Ауылдық жерлерде аталмыш сусынмен сойылған малдың қарнының түгін кетіру, шәйнектің қағын түсіру, машинаның шайнасқан болтын босату сияқты тәсілдер қарапайым жұртшылыққа белгілі. Ал «Кока-Кола» сусынына бір түйір шикі ет салса, 3-4 сағатта іріп кететіндігіне аспаздар куә болған.

Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
Тағамның химиялық қүрамының өр түрлілігі адам денсаулы-ғының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті био-лоиялық белсенді заттармен (витаминдермен) А, С, Д, Е, В1, В2, В6, В12, В15, В5, В3 (РР – никотин, қышқылы), инохин,холин, парааминобензой қышқыл (туберкулезді емдейді) қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер-кальций (Са), фосфор (Р), темір (Ғе), кобальт (СО), қалайы (Zп), мыс (Си), мышьяк (Аs), Ванадий (В), йод (1), кремнезем (Sі), өте үлкен физиологиялық-биохимиялық роль атқарады.

Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне, немесе олардың жетіспеуіне байла-нысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу етеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Витаминдер ағзаның ? ішкі физиологиялық-биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.
Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод (і) жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы) аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті Базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл-ой нашарлайды.
Сондықтан да тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде:
Натрий — оны адам ас тұзынан қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да тұз аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты (диетаны) дәрігерлердің ұйғаруы бойынша пайдаланған дұрыс. Жалпы алғанда тұссыз тамақ ішу пайдасыз. Натрий ағзадағы Осмос қысымын реттеп тұрады.
Калий. Нерв жүйелерінің қальшты жұмыс істеуіне қажетті минералды элемент. Ол негізінен ағзаға жеген картофель арқылы келеді. Сондай-ақ калий фруктылар мен көк өністердің (овощтар) химиялық тамақ ретінде пайдаланғанда ағзаға қажетті калий келіп түсіп отырады. Сондықтан да әр түрлі тамақтар ішкен жөн.
Кальций. Сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальцииді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да оларға қүрамына калтьцииі кеп тамақтар беріп отыру керек. Немесе кальций препаратын беру қажет. Кальций сүтте, суттен жасалған тағамдарда өте көп болады.
Фосфор. Сүйек пен тіс құраудың негізгі құрылыс материалы ретінде саналады. Фосфор сүтте, сүттен жасалған тағамдарда көп болады. Сондай-ақ бұршақ, соя, фосольдарда көп кездеседі. Көптеген овощтарда фосфор өте көп болады.
Темір. Адам ағзасына ол қан түзеу үрдісіне қатысады. Қанның қызыл түйіршігі — эритроциттер темірсіз түзілмейді. Ағзаға темір жетіспесе ағзада бірнеше қатерлі аурулар пайда болады. Адамның қаны азаяды (малокровие) дамытады. Сондықтан да құрамында темірі көп тамақтар ішу қажет. Темір сиыр, жылқы, қой, шошқа еттерінде көп болады. Алма, алмұрт, шие және тағы басқа көк-өністер мен фруктыларда көп. Осыларды үнемі үздіксіз жеу керек. Ауру дамымайды, адам тез серігіп жазылып кетеді. Малокро-виемен қыз балалар көп ауырады.
Йод. Ең қажет ететін орган щитовид безі йод жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді, адамның зәресін ұшырататын жағдайға алып келеді. Құдай сақтасын деп сыйынып жүрген дұрыс. Бұл ауру түрі дер кезінде емдетсе адам ағзасына онша қатерлі емес. Адам тез арада айығып кетеді. Химиялық құрамында йод бар азық-түлікгі пайдалану керк. Йод теңіз капустасының құрмада көп болады. Алматыда ол көп сатылады. Онша қымбат емес. Теңіз капустасында (ламинария) деп аталатын балдыр өсімдігінде иод көп болады.
Ол да Алматы да сатылады. Сатып алып пайдалануға болады. Теңіз балықтарында йод көп кездеседі. Әдетте астұзына қосып береді. Арал-тұзын сатып алған адам байқайды (солъ йодированная) деген жазу болады. Мұндай тұзды көпшілік халық қолданады. Нәтижесі жаман емес сияқты. Уланған адамдар кездеспейді. Зоб пен ауыратын адамдардың саны күрт азаяды.
Фтор. Тістің эмалын түзеуге және сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін. Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жақсы деп айту қиын. Тіс жолақ -жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын қатты тарттырады. Фтор жетіспегендіктен тістерді кариес қаптап кетеді. Ал суларында фторы көп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерін де кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардьщ тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фтор аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттарды беріп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылдры деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз.

Тағам- организмінің қоршаған ортадан алып, қорек ретінде пайдаланатын бейорганикалық және органикалық заттарының жиынтығы. Адам тағамының негізгі құрам бөліктері: нәруыздар, майлар, көмірсулар, микроэлементтер мен витаминдар.

Нәруыздардың тағамдық құндылығы- олардағы амин қышқылдарының құрамымен анықталады.

Көмірсулар мен майлардыі организмдегі қызметі негізінен энергетикалық қажеттілікті қамтамасыз ету.

Микроэлементтер мен витаминдер, т.б.заттармен бірге алмасу процестеріне қатысып, катализдік және реттеуші қызметтерді атқарады.

Организмнің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін тиімді тамақтану қажет. Тағамның құндылығы құрамында жеткілікті мөлшерде лның негізгі құрам ьөліктері (алмасатын және алмаспайтын амин қышқылдары, қанықпыған, қаныққын қышқылдар, фосфатидтер, стеариндер, майлар, көмірсулар, витаминдер, т.б) болуымен анықталады.

Тағамның химиялық құрамы біршама дәрежеде қоршаған ортаның жағдайын көрсетеді.

Қазіргі кезеңде БҰҰ-да адамзаттың ғаламдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 4 негізгі бағдарлама құрылған;

  1. Адамзатты тағаммен қамтамасыз ету;

  2. Энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру;

  3. Шикізатпен қамтамасыз ету;

  4. Қоршаған ортаны қорғау.

Әсіресе ет нәруыздары жетіспесе, адам ауыр физикалық күш жұмсайтын қимылдарда әлсіздік көрсетіп, ақыл- ой әрекеті төмендеп, организмі жұқпалы аурулармен күресе алмайтын халге жетеді.

Химиктер жасанды тағамдар әзірлеу міндетін биотехнологтармен бірлесе отырып шешеді. Біздің ғалымдарымыз биотехнологиялық әдіспен қазіргі күні қара уылдырық, лосось еті, сорпалар, мармелаттардың түрлі сортын, шырындарды көпшілікке ұсынып та үлгерді.

Тағам өнімдері мәселесін шешудің жолдары:

  • Тағамдық шикізатты өңдеуді іс жүзінде қалдықсыз өндіріс түрінде құру;

Техникалық мақсатқа пайдаланып жүрген тамақтық заттарды тамақтық емес басқа заттармен алмастыру.

Тағам өнімдерінің сапалығы мен қоректілігін бұзылудан саақтаудың зор мәні бар. Тағамдық заттардың бұзылуының басты себептерінің бірі- оның құрамындағы әртүрлі органикалық заттардың тотығып деструкциялануынан болады. Осыған қоса тамақтың ашып, иістеніп кетуіне саңырауқұлақтар мен бактериялардың да дамуы әсер етеді.

Майлардың тотығуынан тамақ өнімдерінде альдегид, кетон, кіші молекулалы қышқылдар пайла болады. Олар тамақтың дәмін бұзып қана қоймайб уландырады.

Сөйтіп, ашыту, ірімшік қайнату, қымыз дайындау, айран ұйыту, нан пісіру және бізге ата- бабаларымыздан жеткен тамақ өнімдерін дәстүрлі микробиологиялық өңдеудің басқа да әдістері қазір өнеркәсіптік негізінде қайта құрылды. Халықтың тұтынуына қажетті тағамдар жоғарыда айтылғандай биотехнологиялық әдістер арқылы өңделеді.

Қорыта айтқанда дұрыс тамақтану адам денсаулығын сақтаудың бірден- бір кепілі.

Ал, тағамның құндылығы адам организміне қажетті биологиялық маңызды қосылыстар- көмірсулар, майлар, нәруыздар, витаминдер және микроэлементтердің болуымен бағаланады






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
" та?амдарды? пайдасы мен зияны" та?ырыбында?ы жоба

Автор: Дайрабай Н?рай Дайрабай?ызы

Дата: 04.04.2015

Номер свидетельства: 197062


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства