kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сутек. Сутекті? таби?атта таралуы, алынуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік:Сутекті? химиялы? элемент ж?не жай зат ретіндегі т?сінігін ?алыптастыру ма?сатында элементті сипаттау?а ерекше м?н беріп, білімдерін дамыту, таби?атта таралуы ж?не алыну жолыны? ерекшеліктерін ?ткен саба?пен байланыстыра отырып т?сіндіру.

Дамытушылы?:  Экзо, эндотермиялы? реакцияларды ?айталай отырып о?ушыларды? д?рыс шешім ?абылдай білу да?дыларын жетілдіру, белсенділік икем да?дысын ?алыптастыру.

Т?рбиелік: Экологиялы? т?рбие беру.

Саба?ты? т?рі:  Жа?а  білім ме?герту

Саба?ты? ?діс-т?сілдері:  СТО стратегиялары, зертханалы? ж?мыс  ЭО 8 сынып

??рал-жабды?тар,к?рнекі ??ралдар:Газ жинайтын ??рал (т?р?ы,сынауы?, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш, т?з ?ыш?ылы, к?кірт ?ыш?ылы,кальций,су, периодты? кесте.

П?наралы? байланыс:   ?дебиет, тарих

К?тілетін н?тиже:О?ушылар эксперименттік т?жірибелерді? орындалуын м??ият ?ада?алап, ?ауіпсіздік ережесін еске т?сіреді, зертханалы? т?жірибелерден ?орытынды жасап,реакция те?деулерін жазып,реакция типтерін ажырата біледі.

САБА?ТЫ?  Ж?РУ  БАРЫСЫ:

І. ?йымдастыру б?лімі

ІІ. ?ткен материалдарды ?айталау:          «?ызы?ушылы?ты ояту»

      1.    « Ми?а шабуыл»

1.Заттар нешеге жіктеледі?  Жай ж?не к?рделі заттар дегеніміз не?

Химиялы? элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп к?релік( аты, та?басы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодты? кестеде орны бар,аллотропиялы? т?р ?згерісі бар)

3.Химиялы? реакцияны? неше типі бар? Ата?ыз

4.Термохимиялы? реакция дегеніміз ?андай реакция,ол нешеге жіктеледі?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сутек. Сутекті? таби?атта таралуы, алынуы »

Күні-------------- Сынып--------------- Пәні: Химия Сабақ реті----------------


Сабақтың тақырыбы: §30. Сутек. Сутектің табиғатта таралуы, алынуы



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, зертханалық жұмыс ЭО 8 сынып

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш , тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Күтілетін нәтиже:Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап,реакция теңдеулерін жазып,реакция типтерін ажырата біледі.


САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:


І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Өткен материалдарды қайталау: «Қызығушылықты ояту»


1. « Миға шабуыл»

1.Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?



2. « Семантикалық карта»



Қосылу реакция

сы

Айырылу реакциясы

Орынбасу реакция

сы

Алмасу

реакциясы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

термия

лық реак

ция

Са + О2 = 2СаО

+






Fe + CuCI2= Cu + FeCI2



+




CaCO3=CaO + CO2 - Q


+




+

HCI + NaOH=NaCI + H2O + Q




+

+


2H 2O = 2H2 + O2- Q


+




+

2H2 + O2 =2H 2O+ Q

+




+






ІІІ. Жаңа білім меңгерту: «Мағынаны тану»


  1. «Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

Ғаламшарда 92 пайызбын.

Бармын газбен көмір,мұнайда,

Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)



  1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сутек.

Сутектің табиғатта таралуы және алынуы, қасиеттері

(тақтамен, дәптермен жұмыс)


Химиялық таңбасы : Н

Ar( Н ) = 1,008м.а.б.

Химиялық формуласы:Н2 ,Mr (Н2) = 2 м.а.б.


Физикалық қасиеті: Н2 - Газ, иіссіз, түссіз, суда АЕ (100Vсуда - 2V Н2 ериді), өте жеңіл (р=0,09 г/л) газ күйіндегі бейметалл, оның қайнау (-252,76°С) және балқу (-259,2°С) температурасы өте төмен.


Табиғатта таралуы:


  • Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы-Н2О

  • Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.

  • Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

  • Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:

Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су.

Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. (Есептеу)

Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі



Минералдар мен тау жыныстарында

Мұнай құрамындағы метан газында

Жануарлар мен өсімдіктер организмінде


Сутектің ашылуы

  • Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС ашқан.

  • 1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап,оны «жанғыш ауа» деп атағанбасқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.

  • Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

  • «Сутек» терминін орыс химигі М.Ф.Соловьев ұсынды (өз тілінде, 1824).

  • Ал 1783 жылы А. Лавуазье мен Ж. Менье суды термиялық айырып, ол оттек және сутек элементтерінен тұратынын анықтаған, казіргі колданылып жүрген атауын (Hydrogenium- су тудырушы) француз ғалымы А. Штон де Морво берген (1787 жылы). Оның орысша да, қазақша да аттары осы мағынаны білдіреді.


Генри Кавендиш Антуан Лавуазье


Сутектің алынуы:

І. Өнеркәсіпте алынуы:


  1. Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

2H 2O = 2H2 + O2

  1. CH4 + 2H2O = CO2 + 4H2 -165 кДж

ІІ.Зертханада алынуы:

Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады.Ол – сутек газы.

Сутек газының бөлінгенін дәлелдеу үшін сутек жиналған сынауықты жанып тұрған спиртшамға жақындатса «пах» деген дыбыс шығарады.

  1. Zn + H 2SO4 = ZnSO4+ H2

  2. Zn + 2 HСІ = ZnСІ2+ H2

Белсенді ме. + қышқыл= тұз + сутек


5. Са + 2 Н2О = Са ( ОН )2 + Н2

6. 2Nа + 2 Н2О = 2 Nа ОН + Н2

Белсенді металл +су= тұз + сутек

Бейметалдардың сутекпен қосылыстарын атау үшін сутекті қосылыс түзуші, элемент атына ды, ді, ты, ті, лы, лі жалғаулары жалғанып, сутек сөзі қосылып оқылады.

Мысалы: HCl - хлорлы сутек; НВr - бромды сутек; H2S - күкіртті сутек; НҒ - фторлы сутек.

Кейбір бейметалдардың сутекті қосылыстарының тарихи қалыптасқан атаулары бар:

  • Н20 - су;

  • NH3 - аммиак;

  • СН4 - метан;

  • РН3 - фосфин;

  • SiH4 - силан.



Зертханада сутекті жинау әдістері:

( оттегін жинау әдісімен салыстыру)

Ауаны ығыстыру арқылы Суды ығыстыру арқылы



Сутегін зертханада алуға арналған құрал - Кипп аппараты


ІҮ. Бекіту кезеңі: «Ой толғаныс»

  1. Оқулықтың 207 бетіндегі лабораториялық тәжірибе:

«Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу»(дәптерге орындау)

Әр оқушының алдына ойықшалар беріліп ішіне мырыш түйіршіктері салынады. Үстіне (өте сақ болу! ) күкірт немесе тұз қышқылдары тамшуырмен құйылады. Бөлініп жатқан газ көпіршіктерін көзбен көреді.Бөлініп жатқан газды сынауыққа жинап жанып тұрған спиртшамға апарып сутек екендігін дәлелдеу.

А.Тақтадан сәйкес теңдеулерін табады.

Ә. Неге сутекті сынауықты төмен қаратып жинайды?

Б.сутек толған сынауықты жалынға жақындатқанда не байқадыңдар?

В. Сутектің жану теңдеуін жазыңдар.

2H2 + O2 =2H 2O - Q


2.Төрт шар әртүрлі газдармен толтырылған.

Қай шарда сутек газы бар?



3.Қай суретте сутек газын алу әдісі дұрыс берілген?







Ү.Қорытындылау:


Тест тапсырмалары:

1.Сутектің химиялық таңбасы:

а) Н ә) Не б) Cu в) Si

2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?

а)25% ә)32% б)24% в)92%

3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?

а) Ломоносов ә) Менделеев б) Кавендиш в) Лавуазье

4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:

а)түтінді газ ә)су тудырушы б)қопарғыш газ в)су тасушы

5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Электр тоғы арқылы ә)белсенді металдан

б)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы

6. Мына реакция Н2+ S = H2S↑ арқылы алынған өнімнің аты:

а) су буы ә) метан газы б) күкіртсутек газы в) фторсутек газы

  1. Метанның құрамында неше пайыз сутегі бар?

а) 75 % ә) 35 % б) 25 % в) 45 %


Жауаптары:


1

2

3

4

5

А






Ә






Б






В










ҮІ. Бағалау: Рефлекция





ҮІІ. Үйге тапсырма: §30 № 1-12 жаттығуларды орындау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сутек. Сутекті? таби?атта таралуы, алынуы

Автор: Ораза?ынова Майг?л Батырхан?ызы

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204304


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства