kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?к?рімні? химия?а ?ос?ан ?лесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?О  Абай ауданы Ке?гірбай би ауылы

"Ш?к?рім атында?ы орта мектебі" КММ

химия п?ні м??алімі

Абылхаева Марзия Абылхаевна

Саба?ты? та?ырыбы: Ш?к?рімні? химия?а ?ос?ан ?лесі

Ма?саты: О?ушылар?а  Ш?к?рім ??дайбердиевті? ?ле?дерінде кездесетін химиялы? заттар мен химиялы?? ??былыстар туралы т?сінік беріп, т?жірибе ар?ылы д?лелдеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рімні? химия?а ?ос?ан ?лесі »

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ

химия пәнінің мұғалімі

Абылхаева Марзия Абылхаевна


Шәкәрімнің асқан жоғары білімдарлығына, Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білгендігіне оның өзінен кейін қалдырған рухани мұрасы куә. Ол қазақтың тұңғыш кәсіби философы ретінде саналады, қазақ философиясының деңгейін кәсіби деңгейге көтере алды. Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында, тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдерінің талай ойшылдарының тек еңбектерінің аттары жазылмай, мазмұнын да аша білген. Соның нәтижесінде, Шәкәрімнің басқасына ұқсамайтын дүниетанымы қалыптасқан. Шәкәрім химия ғылымына да үлкен үлес қосып кеткен екен. Сондықтан, өзімнің аудандық семинарда жақсы баға алған, 9-сыныпта өткен Шәкәрім туралы сабағымды әріптестеріме ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімнің химияға қосқан үлесі.

Сабақтың мақсаты:

а) Атомостикалық көзқарастар, заттар, олардың арасындағы генетикалық байланыстар туралы Шәкәрім еңбектерін қолдана отырып химияға қосқан үлесін оқыту.

б) Дамыту: «Атом», «молекула», «зат», «генетикалық байланыс», «элемент» т.б. ұғымдарын дамыту.

Сабақтың типі: жинақтау

Сабақтың түрі: ғылыми – ізденіс сабақ.

Көрнекіліктер: 8,9,10 – сыныптың электрондық оқулықтары, Шәкәрім шығармаларын әкелу, модельдер қолдану, бейджик.

Сабақтың барысы: Амандасу. Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына тақтадағы тапсырманы орындайық. Бізге 1 ұлы адамның есімі шығады. (Анадан алғаш туғанда әні).

Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін химиялық заттардың дұрыс атауын сәйкестендіру тапсырмасынан басталды. «Шәкәрім» сөзін тауып, сол арқылы сабағымыздың тақырыбы анықталынып алынды.

Әрине, балалар бұл біздің Абай елінің қайталанбас ұлы ақыны, сазгер, аудармашы, қоғам қайраткері Ш. Құдайбердиев. Ш.Құдайбердиевтің биыл 155 жылдық мерей тойы болып отыр, әрі біздің мектебіміз Шәкәрім бабамыздың есімімен аталды, сондықтан бүгін химия сабағымызды Шәкәрімнің жаратылыс туралы ойларына арнаймыз.

Шәкәрімнің химияға қосқан үлесі.

Жоспар:

Шәкәрімнің ақын ретінде қалыптасуы

Шәкәрімнің атомостикалық көзқарастары

Шәкәрімнің дүниетанымының ерекшеліктері.

Жеті жұрттың тілін біл

Қорытынды. «Шәкәрімге ұқсасам»

І бөлім: Шәкерімнің ақын ретінде қалыптасуы.

Шәкерім. Құдайбердиев Туған жері ШҚО Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы шілденінің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі: Құдайберді. Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкерім сонда Абайға немере іні. Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбай тәрбиесінде болған Шәкерім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Ақылды бала өсе келе тез ес жиып жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ереше зеректігін аңғарған Абай өз қасқорлығына алған, орысша үйренеді.

ІІ бөлім. Шәкерімнің атомостикалық көзқарастары.

Көрсетілім электрондық оқулықтан. (Атом – молекула 10 с көрсету)

Сұрақтар:

Иә, балалар сонымен

Атом дененіміз не?

Молекула дегеніміз не?

Мұғалім сөзі: Атом дене ұғымның шыққанына және қалыптасуына 2,5 жылдай кетіпті? Енді, қазақ ойындарының ішінен «атом» ұғымын кім бірінші болып назарына алды, зерттеді деген сұрақ туады. Әрине, атом ұғымына алғаш көңіл аударған философ , ағартушы Шәкерім екен. Ендеше Шәкерімнің ойларына көңіл аударайық.

«Үш анық» еңбегі

ХХ ғасырдың 20 ж аяғында 1928 жылы Шәкерім «Үш анық» атты философиялық еңбегін аяқтады. Ол осы тракатта материед туралы былай дейді:

Тәжірибелік жұмыс:

Төменде берілген заттардың моделін құру

ІІІ бөлім.

Ең басты зат: жаны бар, ақылды зат,

Оны ойлаған адам жоқ осы күнде.

Бар нәрсе жоғалмайды, өзгереді,

Жан жоғалмас деп ойла, соны біл де.

Жан тән жасар,тән жанды жарата алмас,

Терең ойлап сөзімді құлаққа ілде.

Балалар өлеңде не туралы айтылады?


Зат дегеніміз не?

Зат неше түрге бөлінеді?

Жай зат дегеніміз не

Күрделі зат деген не?

Электрондық оқулықтан жай және күрделі затты ажырату (8 – сынып №1 зертханалық тәжірибе)

Б.э.д. 384ж өмір сүрген ғалым, философ Аристотель алғашқы 4 элемент туралы теория ұсынды.

От


Ауа Жер


Су

Әлем 4 элементтен тұрады: ауа, от, жер, су. Егер, осы заттың біреуі өзгерсе, қалғаны бір-біріне айналады деген екен. От-жерге, жер-суға, су-ауаға, ауа-отқа. Сондай-ақ дүние бөлінбейтін түпнегіз атомдардан тұратындығын, оның арабша аты мадда немесе әсер екенін айтады.

«Үш анық» трактатында бес нақты дәлел келтіреді:
«1-дәлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене – атом. Әр нәрсені өсіріп – өндіретін сол дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді.
2-дәлел: жаратылыс жолы. 3-дәлел: тұқымдастықтың жолы.

4-дәлел: дене сезімі.

5-дәлел: әртүрлілік- кез келген зат бір – біріне ұқсамайды, өз қасиеті болады деген.

Бұлбұл тақпақ. Мына маржан – суда өскен,

Тал сияқты, жануар

Адам еді оны кескен,

Тағы өсетін жаны бар.

Тіпті кетпес еш жоғалып,

Байқасаңыз, барша жан

Тағы дене тауып алып,

Тағы өседі қайтадан.

Түрлі жанда дене түрлеп,

Өзгеріп тұр бұл ғалам.

Жоғалатын нәрсе жоқ деп,

Айтты ғылым байқаған.

1)Заттардың бір – біріне айналуын не дейміз?

Генетикалық байланыс. Бұл өлеңде генетикалық байланыс туралы айтқан.

2)Тапсырма: алдарыңда тұрған маркермен ақ бетке генетикалық байланысты құрайық .

Э


Ме Бе



МеО БеО



Негіз Қышқыл

Тұз

Шәкәрім өмірдің мәні мен дүниенің динамикасы жайлы көп жазған. Өмір-дүние, жер мен көк, өткен заман,
Ажал алмай қоймайды ешкімді аман.
Өлмей-өшпей, қартаймай жүргің келсе,
Ол болмай ма тағдырды жамандаған?
Немесе:
Дүние – үлкен көл,
Заман – соққан жел.
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.

Тағы өлеңі заттардың генетикалық байланысы туралы былай дейді.

Шымды жерде көресіз қара топырақ

Шіріген шөп, тозаңнан болған құрақ.

Егер оған дым тиіп, күн жылытса,

Жан кіріп, шөп шығады гүл - жапырақ.

Өлген шөптің күлі еді тозған тозаң

Онан тағы не шықты байқа, бірақ.

Әлемде жоғалатын ешбір зат жоқ.

Өзгеріп, түрленеді, ойла шырақ

Электронды оқулықтан тәжірибе жұмыс (8 – сынып №9)

Сu CuO CuCl2 Cu

ҮІ бөлім « Жеті жұрттың тілін біл!»

Бұл бөлімде оқушылар химиялық элементтер туралы Шәкәрімнің өлеңдері мен жұмбақтарын оқылды және сол элементті қазақша-ағылшынша-орысша атады.

1. Жарықтан бізді бу қылған
Құбылтып буды су қылған
Суынан топырақ қатырып Топырақтан жасыл туғызған
Ие кім сонда денеге.

(Сутек - гидрогениум– водород-hydrogen

Су-вода- water)


2. Сиқырлы тас бар,
Аты –магнит.
Темір оған құл болатын
Бар осындай қасиет

(Темір –феррум- железо –jron)

3. Ән өлшеуіш
Өлең күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.

( Күміс –аргентиум- серебро–silver

Мыс- купрум-медь-copper)

4.

Наршеруан аңда жүріп киік атқан,
Аң етін жемек болып асып жатқан.
Ет піскенше тез кел деп бір жолдасын,
Тұз әкел деп жұмсапты қышлақтан.
(Ас тұзы – натрий хлориді – соль- salt)

5. Радийді бұрын біліп пе ең,
Электр ұстап көріп пе ең?
Бәрінде тапқан таза ақыл
Аспанда ұшып жүріп пе ең?
(Радий – радий – радий- radium)


Ү бөлім қорытынды «Шәкәрімге ұқсасам» деп оқушылар шәкәрім бабамыздың бойындағы қасиеттерін ескере отырып тілек айтып, эмблема тағады.


-Шәкәрімдей дана бол!

-Шәкәрімдей ақын бол!

-Шәкәрімдей философ бол!

Шәкәрімдей химик бол ! .....

«Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің,

Барыңды, нәріңді тірлікке бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің»,- деп Шәкәрімнің жастарға арналған өлеңімен сабақты қорытындыладық.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ш?к?рімні? химия?а ?ос?ан ?лесі

Автор: Абылхаева Марзия Абылхаевна

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 180216


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства