kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Санды? есептер шы?ару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия.8-сыны .Санды? есептер шы?ару
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Санды? есептер шы?ару»

Қарағанды қаласы. Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты .

Химия пәнінің мұғалімі : Сатмолдина Фарида Алиповна

8-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сандық есептер шығару.Химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу;элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтау; химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару. 


Сілтеме:

Химия оқулығы 8 сынып.Есептер мен жаттығулар жинағы .Химия жұмыс дәптері.

Жалпы мақсаты:

Күрделі заттар құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін және элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формулаларын келтіріп  шығару арқылы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару; 
есеп шығару арқылы логикалық қабілеттерін дамыту, білімдерін жүйелеу.

Табыс критерийі

 Оқушылар :

  • элементтерді және олардың салыстырмалы атомдық массасын біледі;

  • күрделі заттардың молекулалық массаларын есептей алады;

  • формулаларды есте сақтап қалады;

  • күрделі заттар құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептеп шығарады;

  • элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтайды;

  • химиялық реакция теңдеулері бойынша пайдаланып есептеу есептерін шығара алады.

  • есеп шығару арқылы логикалық қабілетін дамытады;

  • шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, өзбетінше ізденеді;

  • білімдерінжүйелейді, жетілдіреді.



Түйінді идеялар:

Заттың құрам тұрақтылық қағидасы,зат массасының сақталу заңы,зат формуласын құрастыру,химиялық элементтердің массалық үлестерін есептеу,реакцияның теңдеуін құрастыру,заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу,молярлық масса,зат мөлшері.


Жаттығулар мен тапсырмалар:

1.Топқа бөлу.1 минут

2. Сергіту сәті. 1минут

3.Қызығушылықты ояту.Өткен сабақтардағы білімдерін еске түсіру үшін «Кім жылдам ?» ойыны ойналады.


4.Мағынаны тану –тақырыппен танысу .

8- сыныпқа арналған оқулық бойынша:

§10-30 беттегі күрделі заттар құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін және элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формулаларын анықтау ;

§20-54 беттегі

«Химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептеулер» алгаритімін еске түсіреді ,сондағы шығарылған есептің үлгілерін өзара топта еске түсір

5.Деңгейлі есептер шығару

Стандартты білім деңгейін көрсететін есептер

Алгоритімді деңгейдің есептері.

6.Шығармашылық есеп.

7.Бағалау.

8.«Ой толғаныс – қиялдағы қозғалыс» бөлімі.

9. Топтық жұмыстыңнәтижесін бағалау.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Топқа бөліну.

Тақырып-ты

Химия пәнінен 8-сыныпқа арналған электрон-дық оқулық бойынша топта өзара талқылау.

Түрткі сұрақ қою,көрсе-те түсіндіру Топпен жұмыс, жұптық талқылау


Топта есептердің дұрыс шығарылуын қадағалау.

Топ басшылары бағалау критерийлері

арқылы бағалау

парағына топ мүшелерін бағалау



Топтық жұмыс, жеке жұмыс диалогтық оқыту,СТО,

АҚТ-ны қолдану,


Дереккөздер:



1.Химия.Н.Нұрахметов.К.Сарманова.К.Жексенбина:8-сынып.оқулығы:§20

2.8-сынып.Электрондық оқулық

2. Химия. 8-сынып Н.Нұрахметов.Н.Заграничная.К.Сарманова.Жұмыс дәптері.

3.Химия. 8-сынып Ә.Е.Темирболатова.Есептер мен жаттығулар жинағы.


Оқуға арналған тапсырма:

Оқулықта:§Жұмыс дәптері.83-есеп,Е.Ж.І-тарау 160-165есеп.

















Сабақтың барысы:


уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

мин




1

мин




1

мин

















































7

мин










































30

мин

































































































5

мин





Ұйымдастыру бөлімі




Оқушыларды топқа бөлу




Сергіту сәті


















































Қызығушылықты ояту




































































Мағынаны тану –тақырыппен танысу .









































Химиялық реакциялардың тең

деулері бойынша деңгейлі есептер шығару
















Тақтамен жұмыс




















«Ой толғаныс – қиялдағы қозғалыс» бөлімі















Үйге тапсырма беру

Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөлу, саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру.



Оқушыларды химиялық элементтер арқылы арқылы арқылы 5топқа бөлу.




Оқушылардың жақсы психологиялық ахуал тудыру.

"Бой сергіту" сұрақтары (3 топқа 2 сұрақтан беріліп оларды талдауға уақыт бөлінеді. Әр топтан бір өкіл жауап береді, ал бәсекелес топ дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең дұрыс жауап берген топ ұтады.).
1. Бұл элементтің ең көп концентрациясы көздің қарашығында жинақталған. Рет саны 56, валенттілігі ІІ. Осы элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін ата. (барий - Ва, 137, 33).
2. Солтүстік орхидеясы осы элементке бай топырақта өседі. Салыстырмалы атомдық массасы 40 - қа тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет. (кальций - Са, 20 - ІІ).
3. Бұл элемент жетіспеген жағдайда өсімдіктің бойы өспейді, жемісінің жетілуі тежеледі. Рет саны 15 тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін көрсет. (фосфор - Р - пэ - 15 – 
4. Райхан гүлінің қызғылт гүл күлтешесі бұл элемент көп болған жағдайда көкке, тіпті қара түске боялуы мүмкін. Салыстырмалы атомдық массасы 63, 5 - ке тең. Элементтің атын, рет санын, таңбасын, валенттігін көрсет. (мыс - Cu - купрум - 29 - I, II)
5. Бұл элемент тілдің сілекей безінде жинақталған. Салыстырмалы атомдық массасы 119 - ға тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет. (қалайы - Pb - 50 - II, IV)
6. Ағзадағы қанға қызыл түс береді, гемоглобиннің құрамына кіреді. Рет санын 26 - ға тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасы, валенттігін көрсет. (темір - Fe - 56 - ІІ, ІІІ)


І ( әр топқа 3 тапсырма беріледі)

«Кім жылдам ?» ойыны ойналады


Өткен сабақтардағы білімдерін еске түсіру үшін


1 топқа:
1.Реттік нөмірі №35 болатын элемент периодтық жүйеде:

а) қай периодта, қатарда;

ә) қай топта, топшада орналасқан;

б) сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электроны бар;

2. Н2СO3 көмір қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.

3. 2 моль фосфор (Ү) оксидінің массасы қандай?

ІІ-топқа
1.Күкірттің атом құрылысын және электрондық формуласын жазып көрсетіңдер?

2. АI ( NO3)3 алюминий нитратының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

3.Массасы 16г күкірт ( ІҮ) оксидінің зат мөлшерін есептеңдер.

4.ІІІ топқа:
1. Электродық конфигурациясы мынадай элементтерді анықтаңдар:

1s2 2s2 2p4 және 1s2 2s2 2p6 екі элементтердің қайсысының электр терістігі жоғары болатынын айтыңдар.

4. Калций сульфатының Ca SO4 салыстырмалы молекулалық массасын есепте .

3.3 моль судағы молекула санын есептеңдер.

ІҮ топқа:
1. Атом саны 6,02 * 1023 болатын күкірттің зат мөлшері қанша?

2. Калий сульфитінің K2 SO3 молекулалық массасын есептеңдер.

3. Натрийге периодтық жүйе бойынша сипаттама беріңдер.

Ү топқа:
1. Мына элементтерді электртерістігі кему реті бойынша орналастырыңдар: оттек хлор,күкірт,фтор ,калций ,көміртек

2. Кальцийге периодтық жүйе бойынша сипаттама беріңдер.

3. Магний гидроксидінің Mg (OH) 2 молекулалық массасын табыңдар



8- сыныпқа арналған оқулық бойынша:

§10-30 беттегі күрделі заттар құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін және элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формулаларын анықтау ;

§20-54 беттегі

«Химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептеулер» алгаритімін еске түсіреді ,сондағы шығарылған есептің үлгілерін өзара топта еске түсіріп шығуды ұсыну.












Оқушылардың есптерді шығару білігін бақылап,оларға есеп шығару барысында туындаған сұрақтарына бағыт –бағдар беріп отыру.

Стандартты білім деңгейін көрсететін есептер:

1.Күрделі зат Mn 2O7 молекуласындағы элементтердің массалық үлестерін тап.

Ж: Mn - 49, 5%, О - 50, 4%.
2.Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында 47, 83% - стронций, 34, 78% оттек, 17, 39% күкірт болса, молекулалық формуласы қандай? Ж: 1: 4: 1
3."Барий ботқасы" деп аталатын асқазанды рентген арқылы тексеруде жегізетін препараттың құрамында 58, 80% барий, 13, 73% - күкірт, 27, 47% - оттегі болатыны белгілі болса, формуласы қандай?

Ж: 1: 1: 4
4.
Лабораторияда оқушыға тәжірибе жасау үшін 200г оттек керек болды.Оны алу үшін берілген реакция теңдеуі бойынша :

2KMnO4 = K 2MnO4 + MnO2 + O2

Калий перманганатының KMnO4 қандай массасы қажет болатынын есептеңдер.

5.Ас үйде тамақ пісіргенде газ баллонынан 440г С3Н8 жағылды:

С3Н8 +5O2 = 3CO2 + 4H2O

Бұл химиялық реакцияның нәтижесінде көмірқышқыл газының

CO2 қандай массасы түзілгенін есептеңдер.Бөлінген көмірқышқыл газынан құтылу үшін қандай шаралар қолдану керек екенін айтыңдар.

Алгоритімді деңгейдің есептері:

1.Әктастың 25грамын жоғары температурада қыздырғанда реакция теңдеуі бойынша :

СаСО3 = СаО+ СО2

12г кальций оксиді түзілді.Әктастүгел айырылды ма,жоқпа соны есептеп шығарыңдар. 2.Мыстыцң 16г грамын оттекпен тотықтырғанда 18г мыс (ІІ) оксиді түзіледі:

2Сu + О2 = 2Сu О

Мыстың реакцияға түгел түскен –түспегенін анықтаңдар.

Шығармашылық тапсырма:


2.Адамның тыныс алуына 1кг массаға шаққанда шамамен сағатына 0,285г оттек қажет екен.Салмағы 50 кг адам дем алу үшін ауаның қандай массасы қажет болатынын есептеңдер.Өздерің оқитын сыныпта оқушылардың 45 мин демалуын қамтамасыз ету үшін қанша килограмм ауа керек екенін есептеп дәлелдеңдер.


3.Ас тұзы NaCl адам және жануар ағзасындағы негізгі құрам бөлігі. Ересек адамның денесінде 200г. NaCl тұз болады, оның 45г қанда ериді. Тұз ағза мен ұлпаны құрайтын жасуша қызметін қалыптандырады. Адам тәулігіне 5 - 6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті. Тұз жетіспесе немесе күнделікті мөлшерден артып кетсе ағзаға зиянын тигізеді. артериалдық қысымның көтерілуіне әкеледі.
№1. Тұздың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Ж: 58, 5
№2. Тұздың қандағы массалық үлесін есепте. Ж: 22, 5%
№3. 5г NaCl тұзбен бірге ағзаға түскендегі натрийдің массасын есепте.
Ж: 1, 9г



Бағалау парғы бойынша топ мүшелерін бағалау.

Сабақты қалай түсінгендіктерін білдіретін смайликтерін көрсетуін сұрау.

Бағалау парағындағы қойылған бағаның әділдігіне мән беру.



















Бірдей химиялық элементтер алған оқушылар бір топқа бірігеді.



.

Оқушылардың сабаққа деген көңіл –күйлері көтеріледі.






































Әр топтан оқушылар ойлана отырып,тапсырмаларды орындайды .
















.


































































Оқушылар 8- сыныпқа арналған оқулық бойынша:

§10-30 беттегі күрделі заттар құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін және элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формулаларын анықтау ;

§20-54 беттегі

«Химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептеулер» алгаритімін еске түсіреді ,сондағы шығарылған есептің үлгілерін өзара топта еске түсіріп, шығарылған есептің үлгілерін өзара топта талқылайды.









Оқушылар жұптасу тәсілмен есептерін шығарады.





























Тақтаға оқушылар кезекпен шығып, шығарылған есептерін жазып, шығарылу жолдарын түсіндіріп,талқылайды.






























Өткізілген тақырып бойынша алған әсерінен ой толғайды.

Бағалау парғы бойынша топ мүшелерін бағалайды.

Сабақ соңында көңіл күйлеріне қарай смайликтерді көрсету.




Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Санды? есептер шы?ару

Автор: Сатмолдина Фарида Алиповна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327313


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства