kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары.Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Открытый урок по химии  9 класс. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары.Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары"»

34 Күні сынып 9 химия

Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары.Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары

Мақсаты :  1. Білімділік: Оқушыларға металл кальций туралы ұғындыра отырып, оның қосылыстары жайында мәлімет беру.

2. Дамытушылық: Химия пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып есеп шығаруға қызуғушылықтарын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға кальций қосылыстарының маңызы оның қолдану аясының кеңдігін көрсете отырып,металдарды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Көрнекілік әдіс

Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеев кестесі,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, түгелдеу

  2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

  3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй жұмысын тексеру.  Оқушы білімін жан-жақты тексеру мақсатында сыныпқа өткен металл тақырыбы бойынша жалпы сұрақтар:

1. Металдардың периодтық жүйедегі орны?(периодтық кестеден көрсетіп айту керек)

2. Металдар коррозиясы?(Коррозия деп металдардың және олардың құймаларының айналадағы ортамен химиялық әрекеттесіп бүлінуі.Екі түрге бөлінеді:химиялық және электрохимиялық)

3. Металдарды алудың әдістері?

(Пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық әдіс: пирометаллургиялық әдіс: металлотермия,алюминтермия,сутектермия. Гидрометаллургия:электролиз)

4. Металдардың адам өміріндегі маңызы? (Магний –жүрек жұмысы,темір-қан құрамында,кальций- сүйек құрамында болады.)

Оқушылар кальцийдің биологиялық мәні туралы айтқан кезде ойларын толықтырып, алдағы уақытта металдарға жеке-жеке тоқталамыз дей келе алғашқы металымыз сілтілік жер металл-кальций деп жаңа сабаққа көшемін.

ІІІ. Жаңа сабақ: 

Жоспары:1. Кальцийдің периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы.

2.Ашылуы,табиғатта кездесуі.

3.Алынуы.

4. Физикалық қасиеті.

5.Химиялық қасиеті.

(Өткен материалдарды еске түсіру мақсатында 1-ші сұрақты оқушылардың өздерінен сұрадым,себебі периодтық жүйеге талдау жасай білу керек,8-сынып материалы, интерактивті тақтаға өздері жазады.) 

 1Периодтық жүйедегі орны:Кальций Ivпериод, II топтың негізгі топшасының элементі,реттік нөмірі 20,ядросында 20 протонмен 20 нейтроны бар.Ar =40 электрондарының жалпы саны да 20.Кальцийдің электрондық формуласы 1s22s2p3s23p64s2,валенттілік электрондары 4s2болғандықтан кальций қосылыстарында тұрақты II валентті. 

2.Ашылуы,табиғатта кездесуі: Сілтілік жер металдарының табиғатта кең таралғаны кальций, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 3,63%.Оны 1808 жылы Англияда Гемфри Деви ашқан.Кальций сөзі латын тілінен

«саlx» деген сөзден шыққан,қазақша ізбест деген мағананы білдіреді,сол сөзден периодтық кестедегі №20элементтің атауы шыққан.

Кальцийдің табиғаттағы минералдары кальцит CаCO3 әктастың,бордың және мәрмәрдің құрамына кіреді.Ангидрит CаSO4және гипс (ғаныш) CаSO*2Н2О минералдары түрінде көп кездеседі.Құрамында кальций фосфаты Cа3 (РО4) 2 кіретін фосфорит және апатит минералдары да табиғатта көп таралған, өнеркәсіп үшін аса маңызды қосылыстар.Гранит және басқа тау жыныстарындағы силикат және алюмосиликаттар құрамына да кальций кіреді.Кальций өзен, көл, теңіз,мұхит суларында еріген күйінде кездеседі.Адам ағзасында 2 пайызға жуық кальций болады. Көптеген сүт өнімдерінің құрамында кездеседі. 

3.Кальцийдің алынуы:  - Кальций-белсенділігі жоғары металл болғандықтан, балқыған хлоридінен электролиз арқылы алады.Ең алғаш рет неміс химигі

Вильгельм Бунзен осы әдіспен кальцийден басқа марганец, магний металдарын алған.

CaCL2= Ca + CL2 

  1. Кальцийдің физикалық қасиеті: 

Ауада тез тотығатындықтан керосиннің астында сақтайды.

Кальциий күмістей ақ түсті.

Жеңіл тығыздығы ρ – 1,55г/см3

Балқу температурасы – 851 0С

Қайнау температурасы-1484 0С

Атомдық радиусы – 1,97

Металдық кристалл торы бар.

  1. Кальцийдің химиялық қасиеті: .

 Кальций – белсенді металл. Қалыпты жағдайда оттекпен гологенмен (оқушы кез-келген гологенмен жаза алады) оңай әрекеттесе алады: 
2 Са + О2 = 2 СаО (кальций оксиді); 

Са + Вr2 = СаВr2 (кальций бромиді).

Белсенділігіне байланысты қышқыл (оқушы кез-келген күшті қышқылмен жаза алады)құрамындағы сутегін оңай ығыстырып шығарады:

Са+ 2НCL= СаCL2+ Н2

 кальций қыздырғанда сутегі, азот,күкірт, фосфор,көміртегі(түзілген тұздардын атауы сұралады) сияқты бейметалдармен әрекеттеседі:

Са + Н2 = СаН2 (кальций гидриді);

3 Са + N2 = Са3N2 (кальций нитриді);

Са + S = СаS (кальций сульфиді);

3 Са + 2 Р = Са3Р(кальций фосфиді);

Са + 2 С = СаС(кальций карбиді).

 кальций суық сумен жай,ал ыстық сумен қуатты әрекеттеседі:

Са + 2 Н2О = Са(ОН)2 + Н2.

IVЖаңа сабақты бекіту: - түр өзгеріс реакциясын орындау, тақтаға  орындау

Ca-CaO-Ca (OH)3- CаCO3 – Ca(НСO3)2- CаCO3- Ca(NO3) 2

    1. 2 Са + О2 = 2 СаО

    2. СаO+ 2 Н2О = Са(ОН)2

    3. Са(ОН)2+ Н2CO3= CаCO3+ 2 Н2О

    4. CаCO3+ 2 Н2О= Cа(НCO3)2

    5. Cа(НCO3)2= CаCO3 + Н2О +CO2

6. CаCO3+ НNO3=Cа(NO3)2+ Н2О +CO2

 V. Жаңа сабақты қорытындылау: жеке жұмыс – 1- тапсырма -  есептер шығару

2- тапсырма – топтық жұмыс 5 сөйлеммен Кальций элементіне сипаттама бер .

 VI. Оқушылардың еңбегін бағалау.(бағалау критерийлерін айта кету) 

VII. Үй тапсырмасы:  § 33

 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Іңірбаева Орынша Қабиқызы

Дата: 18.03.2017

Номер свидетельства: 401392


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства